Nazarbayev University жанындағы ISSAI KAZ-LLM деген қазақ тілінің үлкен тілдік моделін таныстырды
Nazarbayev University-дің (NU) Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының (ISSAI) зерттеушілері оқу орнында өткен брифингте нейрондық желі негізінде әзірленген ISSAI KAZ-LLM деген қазақ тілінің үлкен тілдік моделін таныстырды. Қысқаша, қазақ тіліндегі ChatGPT-дің негізі деуге келеді.
Kaz-LLM-ді қазақ тіліне аударма жасау мен контент жасаудан бастап, көлемді мәтіндерді өңдеуге дейін барлық жерде қолдануға болады.
Елдің көптілділігі мен мәдени сан алуандығын ескере отырып бейімделген ISSAI KAZ-LLM моделі қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне арналып жасалған, сондай-ақ түрік тілін қосымша қолдайды. Бұл тілдік алшақтықтарды жоюға және шектеулі ресурстарға ие тілдердегі генеративті жасанды интеллекттің дамуына мүмкіндік береді.
Модельдің жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ISSAI командасы 150 млрд-тан астам токенді (яғни, сөздер немесе сөз бөлшектерін) жинады, өңдеді, синтездеді және аударды. ISSAI KAZ-LLM-ді оқыту деңгейі өте жоғары, жасанды интеллект саласындағы әлемдік көшбасшылармен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жетістіктермен бәсекеге түсе алады.