Фильтр публикаций




Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🌐 Цифровая среда – неотъемлемая часть нашей жизни, но интернет-пространство не лишено угроз! Чтобы защитить себя и свои данные от кибератак, не забывайте соблюдать простые, но важные правила:
1️⃣ Используйте надежные пароли
2️⃣ Включите двухфакторную аутентификацию
3️⃣ Не переходите по подозрительным ссылкам
4️⃣ Не открывайте сомнительные письма и сообщения
5️⃣ Не публикуйте личные данные в открытом доступе
6️⃣ Регулярно обновляйте ПО своих устройств – это поможет избежать вредоносных программ.
❗️Ваши личные данные – это ваша ответственность! Обеспечьте свою безопасность в цифровом мире и защитите себя!

#Киберқауіпсіздік #Кибербезопасность #ЗащитиСебя #БезопасностьДанных


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🌐 Цифрлық әлем – өміріміздің ажырамас бөлігі, бірақ кибер кеңістік қауіп-қатерге толы екендігін естен шығармаған жөн! Өзіңізді және деректеріңізді кибершабуылдардан қорғау үшін мына маңызды ережелерге назар аударыңыз:
1️⃣ Күрделі құпия сөз қолданыңыз
2️⃣ Екі факторлы аутентификацияны қосуды ұмытпаңыз
3️⃣ Белгісіз сілтемелерге өтпеңіз
4️⃣ Күмәнді хаттар мен хабарламаларды ашпаңыз
5️⃣ Жеке деректеріңізді ашық желіде қалдырмаңыз
6️⃣ Құрылғыларыңыздың бағдарламалық жасақтамасын үнемі жаңартып отырыңыз
❗️Сіздің жеке деректеріңіз – сіздің жауапкершілігіңіз!Цифрлық қауіпсіздігіңізді арттырып, өзіңізді қорғаңыз!


📢 Құрметті НМУ студенттері!

👨‍🎓 Сіздерді Абай атамыздың 45 қара сөзі бойынша студенттер байқауына қатысуға шақырамыз! ✨

🚀 Сайыс шарттары:
1. 45 қара сөздің мән-мағынасын білу 📖
2. Қара сөздердің ішінде келген діни тұстарын түсіндіру. Оған аят, хадиспен қосымша ақпарат беру. Әр-түрлі ғұлама-ғалымдардың ойларын келтіру 📜
3. Қара сөзде келген кейбір нақыл сөз, мақал-мәтел, оқиғаларды қазақтың басқа да салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен байланыстыру, соған сай кеңінен түсіндірме беру 🇰🇿

Жеңімпаздарға:
🏆 1-орын: Мұхтар Мағауин аамыздың шығармалары, 26-том, QASYMKITAP баспасы
🥈 2-орын: KITAPAL.KZ баспасының қазақша 10 кітабы
🥉 3-орын: QASYMKITAP баспасының қазақша 6 кітабы

Тіркелу үшін:
Ұлдарға: +7 705 351 5071
Қыздарға: +7 747 265 1170

🕒 Өтетін күні: 17.02.2025
📍 Өтетін орны: Әл-Фараби залы, НМУ

💡 Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз! 📚🎓


📢 ҚОРЫТЫНДЫ ЖҰМА УАҒЫЗЫ!

⚡️ Құрметті НМУ студенттері, Жұма уағыздарын қорытындылау сәті келіп жетті.
❄️ 20 желтоқсанда Исламтанушы, докторант, Исламтану кафедрасының аға оқытушысы, докторант Нұржан Смағұл «ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – БАРШАҒА МІНДЕТ» тақырыбында жұма уағызын оқиды.
💡Маңызды! Бұл қорытынды кеште қатысушы студенттер арасында қасиетті 🕋 УМРА жолдамасының 2 жүлдегері ✈️анықталады!!!
🔹 Кеш қонақтары: Нұрлан Анарбаев, Алау Әділбаев, Ерлан Ақатай, Қуат Қабдолда, Тілекқабыл Амангелді, Шежімбай Бағлан, Әбілқайыр Мәдиұлы


🕒 Уақыты: сағат 18:30, жұма күні, 20 желтоқсан 2024 ж.
📍 Өтетін орны: Әл-Фараби залы, НМУ.


🔰 18 желтоқсан – араб тілінің терең тарихы мен бай мәдениетін дәріптейтін ерекше күн. Нұр-Мүбарак университеті жыл сайын Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының бастамасымен бұл күнді мазмұнды әрі сән-салтанатымен атап өтеді.
Кеш Құран Кәрім аяттарымен басталып, қонақтарға араб тілінің ғаламдық рөлі мен маңыздылығы туралы тағылымды ақпарат ұсынылды.
🔹 Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Ахмад Хусейн Мухаммад Ибраһим мен проректор, PhD доктор Ершат Оңғар құттықтау сөз сөйлеп, араб тілінің тек ғылым мен дін саласындағы емес, жалпы өркениет дамуындағы маңызын атап өтті.


🔗 Толық оқу


🇰🇿 Бүгін Алматыдғы Ұлттық кітапханада Жошы ұлысының 800 жылдығына орай «Алтын Орда өркениеті: рухани мұра және дәстүр жалғастығы» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен алқалы жиынға Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Ахмед Хусейн Мұхаммад Ибраһим мен проректор, PhD доктор Ершат Оңғар қатысты.

🔗 Толығырақ


🇰🇿 Құрметті Нұр-Мүбарак университетінің ұстаздары мен шәкірттері!

Сіздерді 12-13 желтоқсан күндері (9:00-18:00) өтетін "Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым" атты кітап көрмесіне шақырамыз!

📍 Өтетін орны: кітапхана, оқу залы (105 аудитория).
📚 Ұйымдастырушы: кітапхана ұжымы.

Көрменің мақсаты тәуелсіздік жолындағы ата-бабалар ерлігін насихаттап, жастарды отанын сүюге және ел тарихын тереңірек тануға баулу.

Көрменің ерекшелігі:
🔹 1-бөлім: Қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаған "Алаш" қайраткерлеріне арналған.
🔹 2-бөлім: Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен жетістіктері туралы кітаптар ұсынылады.

💡 Сіздерді не күтеді?
• Алаш қайраткерлері мен тәуелсіздік тарихы жайлы қызықты сұрақтар;
• Үздік жауаптар мен ой бөліскен студенттерге арнайы сыйлықтар! 🎁

✨ Бұл шара – тәуелсіздік рухын терең сезініп, еліміздің тарихи жетістіктерімен танысуға тамаша мүмкіндік.


🇰🇿 Құрметті Нұр-Мүбарак университетінің ұстаздары мен шәкірттері!

Сіздерді еліміздің ең ұлық мерекелерінің бірі – Тәуелсіздік күніне арналған «ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ МҰРАСЫ» атты салтанатты кешке шақырамыз! Бұл ерекше кеште ата-бабаларымыздың аңсаған азаттық жолындағы ерлігін еске алып, тарихымызды бірге дәріптейік!

🔹 Күні: 13 желтоқсан, 2024 ж., жұма
🕔 Уақыты: 17:00
🕶️ Дресс-код: заманауи стильдегі қазақи киім

💬 Тәуелсіз елдің жарқын болашағын бірге атап өтіп, ерекше көңіл-күй мен ұлттық рухты бірге сезінуге асығыңыздар!

💫 Баршаңызды осы мерейлі кеште күтеміз!


Елордада Академиялық адалдық форумы өтті

🇰🇿 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнінде БҰҰ ЕҚБ және Академиялық адалдық лигасының жобалық кеңсесімен бірлесіп білім беру саласында парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша республикалық форум өтті.
🔰 Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары бас қосқан форумға Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, PhD доктор Ершат Оңғар қатысты. Ершат Ағыбайұлы өз сөзінде академиялық адалдық қағидаттарының білім беру сапасын арттырудағы маңыздылығын атап өтіп, Нұр-Мүбарак университетінде парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен бөлісті.

💬Толық оқу


💡 Құрметті НМУ ұстаздары мен шәкірттері!

⚡️ Әдебиет пен мәдениеттің ұлы қазынасы саналатын араб тіліне арналған ерекше кешке шақырамыз!

🔰 Нұр-Мүбарак университеті, Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен өтетін "Әлемдік араб тілі күні" мерекелік кеші – тек тіл мерекесі ғана емес, терең тарих пен бай руханияттың тоғысқан сәті.

Араб мәдениетінің ғажайып сырларын ашып, рухани әсемдікке куә болуға шақырамыз.

⚡️ 12 желтоқсан (бейсенбі)
🕑 14:00
📍 Өтетін орны: Әл-Фараби залы


📢 Нұр-Мүбарак студенттерін рухани байлыққа толы кеште бас қосуға шақырамыз!

Тәуелсіздік күніне орай Шейх Ибрахим Шағбанмен бірге "1 мәжілісте 1 кітап"
📚 Оқылатын кітап: "Отанның қадір қасиеті" (Қимату Аль-Уатан)
✍️ Авторы: Шейх Усама Аль-Азһари


📍 Мекенжай: Нұр-Мүбарак мешіті
🕢 Уақыты: Құптан намазынан кейін
🔗 Күні: 5 желтоқсан 2024ж., бейсенбі

💫 Отанды сүю – иманнан. Бұл кеште жүрекктерге рухани нұр құйылып, елге деген сүйіспеншілік сезімі тереңдей түспек. Баршаңызды асыға күтеміз!


💡 Нұр-Мүбарак университетінде 1- ші курс студенттері үшін «Араб тіліндегі сөз тіркестерінің ерекшеліктері» атты арнайы семинар-тренинг ұйымдастырылды.
🎓 Кеш қонағы – Әл-Азхар университетінің түлегі, НМУ докторанты араб тілі пәнінің маманы Жадыра Сариева терең білімін ортаға салып, құнды ақпараттармен бөлісті.

🔗 Толығырақ сілтемеде 💫


🕌 ЖҰМА УАҒЫЗЫНА АСЫҒЫҢЫЗ!

💬 Құрметті НМУ студенттері!
Әр қасиетті жұма сайын өтетін құнды дәрісті еске саламыз!
💡 6 желтоқсан күні “БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ РУХАНИ АХУАЛЫ” тақырыбында өтеді.
Жұма уағызын Исламтанушы, PhD докторант, Исламтану кафедрасының аға оқытушысы Әбілқайыр Мәдиұлы жүргізеді.

🌙 Әр жұмадағы берекелі кездесулерден қалмай қатысқан студенттер арасында 🕋УМРА ҚАЖЫЛЫҒЫНА 2 ЖОЛДАМА 🛫 иелерін таңдауды жалғастыратынын еске саламыз!
Құрметті шәкірт, мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз!

🕢 Уақыты: Жұма күні, сағат 18:30-да, 6 желтоқсан, 2024 ж.
📍Өтетін орны: Әл-Фараби залы, НМУ

#nurmubarak #жұма #Ислам #Білім #Ғылым


📢 Құрметті НМУ студенттері!

🎓 IQ-UP: ҮШ БӘЙТЕРЕКТІҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС!

Нұр-Мүбарак университетінің студенттері арасында ұйымдастырылып отырған тарихи-танымдық ойындарға шақырамыз!

Сіздерді не күтіп тұр? 🧐
📜 Тарихи және әдеби тақырыптағы интеллектуалды, логикалық ойындар.
🌟 Арнайы қонақ – тарихшы Рамазан Ақылбеков, сайыс жеңімпаздарына өзінің авторлық ойынын табыстамақ.
💬 Көңілді орта мен достық атмосфера.
🤝 Жаңа таныстықтар мен ерекше эмоциялар!

📅 Өтетін күні: 5 желтоқсан 2024 ж. (бейсенбі)
🕓 Уақыты: 16:00
📍 Өтетін орны: НМУ

Тіркелу үшін: 8 (708) 988 75 20

Үш бәйтеректің мұрасын жаңғыртып, өзіңді сынап көр! 🌿

📢 постты сториске репост жасап, бөлісуді ұмытпаңыздар!


🔰 Дін саласындағы кәсіби мамандарды даярлау және аймақтық діни ахуалды нығайту мақсатында Түркістан облысы Дін істері басқармасының делегациясы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетіне арнайы сапармен келді.
Делегация құрамында Түркістан облысы Дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, басқарманың «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Халықов Медет Мұзапбарұлы, сондай-ақ, орталықтың директор орынбасары Ағабеков Дархан Керимбайұлы болды.

🔗 Толығырақ


📢 ҚҰРМЕТТІ НМУ СТУДЕНТТЕРІ!

💭 Жұма уағызынан қалып қоймаңыздар!
💎 «ФӘТИХӘ СҮРЕСІНЕН АЛЫНАТЫН ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ» бұл тақырыпта белгілі исламтанушы, НМУ Исламтану кафедрасының оқытушысы, ЕРЛАН АҚАТАЙ ұстаз дәріс өтеді!

🕋 Ұйымдастырушылар жұма уағызына тұрақты қатысушы екі студентке УМРА ҚАЖЫЛЫҒЫНА ЖОЛДАМА ✈️ иелерін іріктеуді жалғастыратынын еске сала кетеміз.

🧑‍🎓 Ал, құрметті білім ізденген, ізгілікке ұмтылушы НМУ шәкірттері! Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз!

🕖 Уақыты: сағат 19:00, жұма күні, 29 қараша, 2024 ж..
📍 Өтетін орны:Әл-Фараби залы, НМУ.


📢 Имам Байқунидің Хадис саласы бойынша Манзуманту ал-Байқуния мәтінін жатқа айту сайысы! 📚
✨ Құрметті студенттер! Сіздерді ғылым мен білімнің шекарасын кеңейтетін ерекше сайысқа шақырамыз. Бұл сайыстың мақсаты — Хадис ілімінің терең мәнін ұғынып, білімімізді шыңдау, рухани өсу мен кемелденуге ұмтылу!

🔑 Жеңімпаздарға:
1-орын: Иғла Ас-Сунан
2-орын: Мажмұғ Роса’ил Камал бин Баша
3-орын: Фатху Ал-Баби Ал-Ғиная

📋 Шарттары:
1️⃣ Мәтінді толық жаттау.
2️⃣ Қазақша және арабша мағыналарын білу.
3️⃣ Араб тілін меңгерген шәкірттер үшін Абдулла Сирожуддиннің шархы бойынша сұрақтар қойылады, тек қазақ тілінде Қайрат Құрманбаевтың «Хадис ілімі» кітабы негізінде.

🕒 Өтетін күні: 02.12.2024

📲 Тіркелу үшін:
Ұлдарға: +7 708 503 7175
Қыздарға: +7 747 265 1170

🚀 Тезірек тіркел, білім әлеміне жаңа қадам жаса!


📢 ЖҰМА УАҒЫЗЫН ТЫҢДАП, УМРАҒА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛ! 🎁

⚡️ Құрметті студенттер!

🕌 Әр қасиетті жұма өтетін құнды дәрістен құр қалмаңыз. Ұйымдастырушылар жұма уағызынан қалмай, белсенділік танытқан екі студентке УМРА ҚАЖЫЛЫҒЫНА ЖОЛДАМА🕋 сыйға тартпақшы!

🍁 22 қарашада Исламтану кафедрасының аға оқытушысы, докторант Нұржан Смағұл «САНДЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ИСЛАМ ЖӘНЕ ДІНИ УАҒЫЗ» тақырыбында жұма уағызын оқиды.

💭 Ал, құрметті шәкірттер! Мүмкіндіктерден қапы қалмаңыз!
🕒 Уақыты: сағат 19:00, жұма күні, 22 қараша 2024 ж.
📍 Өтетін орны: Әл-Фараби залы, НМУ.


💡 ХАБАРЛАНДЫРУ!📢

🇰🇿 Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің «ИСЛАМТАНУ» және «Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер» кафедраларының ұйымдастыруымен студенттер арасында өтетін «ИСЛАМ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ. ТАБИҒАТПЕН ҮЙЛЕСІМДІ ӨМІР СҮРУ» атты студенттік идеялар мен стартап-2 жобалар байқауына шақырамыз! 🌍🌱

Бұл байқау осымен екінші жыл ⚡️ ұйымдастырылып отыр, және биылғы байқаудың ерекше ерекшелігі — исламдағы экология, халал өнімдер және табиғатпен үйлесімді өмір сүру туралы ғылыми жобалар қорғау мүмкіндігі.

📅 Өтетін күні: 22-қараша (жұма), 2024ж.
🕒 Уақыты: 15:00
🏢 Өтетін орны: Тәуелсіздік залы

Барша студенттерді өз идеялары мен жобаларын ортаға салуға шақырамыз! 🌿

#НұрМүбарак #ИсламЖәнеЭкология #Экология #ХалалӨнімдер

Показано 20 последних публикаций.