🌱Тараздағы NIS мұғалімі ең танымал 3 қазақстандық TikTok-креатор қатарына енді
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәні мұғалімі Мирлан Джусамбаев Орталық Азиядағы TikTok өкілдігі білім саласында контент жасаушылар арасында ұйымдастырған байқаудың басты номинациясына ие болды.
Салтанатты шара түрлі салада жетістікке жеткен тұлғалардың құнды ойлары мен ойлы баяндамаларына толы болды. Сонымен бірге жылдың ең жарқын креаторлары марапатталды.
Қазір TikTok желісінде білім беру контентін ұсыну Қазақстанда белсенді дамып келеді. Ал бұл марапатты тәжірибелі педагог өз материалдарының жоғары сапасы мен физиканы тереңдетіп оқытудың әртүрлі әдістерін қолжетімді әрі қызықты етіп таратқаны үшін алып отыр. Оның TikTok (physicsphenom) парақшасындағы материалдар жасөспірімдер мен мұғалімдер арасында физиканы насихаттаудың жарқын үлгісі деуге де болады.
Мирлан Төлегенұлы өз тәжірибесімен бөлісіп, материалдарының оқырмандарына пайдалы болғанына қуанатынын жеткізді.
Еске салайық, Мирлан Джусамбаев 2014 жылдан бастап Тараз қаласындағы NIS-те физика пәнінің мұғалім-сарапшысы болып жұмыс істейді. Сондай-ақ биыл «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының финалисі атанды. CLIL (Content and Language Integrated Learning) бойынша сертификатталған сарапшы ретінде жаратылыстану-ғылыми пәндер мен ағылшын тілін интеграциялау саласында зерттеулер жүргізеді. Оның зерттеу нәтижелері 2018 жылы Италияда және 2022 жылы Арменияда өткен European Conference on Educational Research сияқты халықаралық конференцияларда, сондай-ақ ДББҰ ұйымдастырған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға ұсынылды. Ол – Білім беру саласындағы зерттеушілер қауымдастығының (KERA) мүшесі.
Қазіргі уақытта оның танымдық бейнероликтері миллиондаған қаралым жинайды, осы арқылы TikTok-та ғылымды белсенді түрде насихаттауда.