🌱NIS мұғалімдері «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауының жеңімпаздары атанды
Алматыда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 5 мұғалімі «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауында жүлдегер атанды.
Қазылар Қостанайдағы NIS-тің информатика пәні мұғалімі Александр Шерцердің «Қолданбалы мәселелерді шешуде киберқауіпсіздік дағдыларын дамыту» авторлық бағдарламасына жоғары баға беріп, І орынға лайық деп тапты. Сондай-ақ Өскемендегі NIS-тің биология мұғалімі Малика Дүзбаеваның «STEAM оқыту тәсілін қолдану арқылы дифференцияланған сыныптардағы оқушыларды ғылыми зерттеуге тарту» бағдарламасы мен Қызылордадағы NIS-тің ағылшын тілі мұғалімі Айнұр Бекееваның «English for Information and Media Literacy» авторлық бағдарламасы да үздік деп танылды. Осылайша Зияткерлік мектептердің 3 педагогі де І орынға ие болды.
Сонымен қатар беделді байқауда математика пәні мұғалімі Нұрғазы Тұрсынғазин ІІ орын алды. Семейдегі NIS педагогі «Математика әлемі: логика, геометрия, сандар теориясы және алгебра тарауларына шолу» бағдарламасын ұсынған.
ІІІ орын «Кәсіпкерлік негіздері» авторлық бағдарламасы үшін Атыраудағы Зияткерлік мектептің экономика пәні мұғалімі Қазыбек Қаныбековке берілді.
Ақтөбе қаласындағы NIS-тің математика пәні мұғалімі Ләззат Қабақбаева республикалық байқауда «Unity-де мобильді қосымшаны әзірлеу» авторлық бағдарламасы үшін грамота алды.
Байқаудың соңғы кезеңі Алматыда жаратылыстану-ғылыми, физика-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерді қоса алғанда 9 бағыт бойынша өткізілді.