🌱Оралдағы Зияткерлік мектеп CIS реаккредитациясынан өтті
Оралдағы NIS Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS) реаккредитациясынан өтті. Бұған дейін мектеп 2018 жылы CIS сертификатын алған. Осылайша оқу ошағы өзінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін дәлелдеп отыр. CIS сарапшылары бір апта бойы білім ұясындағы оқыту, тәрбие беру процесіне, педагогтердің кәсібилігі мен оқушылардың қауіпсіздігі мәселелеріне баса назар аударған.
CIS өкілдері Оралдағы NIS-тің миссиясы мен негізгі құндылықтарды сақтауына жоғары баға берді. Қорытынды хаттамада арнайы комиссия оқушылардың өз-өздеріне сенімі мен жігерлі болмыстарын атап өткен, сондай-ақ мұғалімдердің академиялық сабақтар және тәрбиелік шараларда ерекше бағдарлама қолданатынын жазған. Білім ұясы шәкірттерге сапалы білім беріп қана қоймай, жан-жақты дамуы үшін барлық мүмкіндіктер қарастырып отыр делінген.
Айта кетейік, 2023–2024 жылдары аралығында 14 Зияткерлік мектеп білім берудің жоғары стандарттарына сәйкестігін қайта дәлелдеді.