🌱NIS оқушылары Қазақстанды робототехника бойынша әлемдік аренада таныстырады
Алматыда 10-нан аса елден 3 мыңнан астам қатысушының басын қосқан Орталық Азиядағы робототехника және дрондар чемпионаты – Almaty Tech Cup 2025 мәресіне жетті.
Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушылары ерекше көзге түсіп, екі негізгі номинация бойынша жеңімпаз атанды. «Cristabol» командасы FTC бағытында жеңіске жетіп, АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама алды, ал FLL бағытында үздік нәтиже көрсеткен «Nova Prime» командасы Африкадағы халықаралық турнирде Қазақстан намысын қорғайды. Сонымен қатар Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-тің «PID» командасы да Inspire Award сыйлығына ұсынылып, Хьюстонда өтетін білім бәйгесіне квота алды.
FLL бағыты бойынша Орал қаласының Tidal Tumble командасы «Robot design» аталымында айқын жеңіске жетті, бұл оларға 2025 жылы Австралияның Сидней қаласында өтетін Азия-Тынық мұхиты ашық чемпионатына қатысуға мүмкіндік беріп отыр.
Елордалық физика-математика бағытындағы NIS-тің «Xcellence» командасы FTC бағыты бойынша «Design Award Winner» номинациясын және Қазақстанда өтетін «Zhalyndy International Championship» халықаралық байқауына қатысуға квота алды.
Семейдегі NIS «AIMA.JR» командасы FLL бағытында ерекшеленіп, «Challenge Research Excellence Award» номинациясына ие болды, ал «Innovation Project» аталымында Атырау NIS-тің «ZhasQan» командасы жеңіске жетті. Сондай-ақ FLL бағыты бойынша Ақтау қаласындағы NIS-тің «S7 alpha» және «S7 robo ocean» командалары да номинацияларға ие болды.
Беделді байқауда Қызылорда NIS және Петропавл NIS командалары да қатысып, жақсы нәтиже көрсеткенін айта кеткен жөн.