⚡️
Талдыкөлде жергілікті балабақшада ағымдағы жөндеу басталдыМахамбет ауданына қарасты Талдыкөл ауылының "Айналайын" балабақшасында ағымдағы жөндеу басталды.
Қазіргі уақытта бөбекжай - балабақша қызметкерлері кезекті еңбек демалысына кеткен.
"Тасқын кезінде бөбекжай-балабақшамыз зардап шеккен жоқ.
Қазіргі уақытта балабақшада жоспарлы ағымдағы жөндеу басталды.
Жөндеу жұмыстары 45 күнге созылады.
Балаларды қабылдау тамыз айында басталады" деді Талдыкөл ауылындағы "Айналайын" бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Сандуғаш Серікқалиқызы.
Бейбарыс ауылдық округіне қарайтын Талдыкөл елді мекеніндегі тұрғындар саны – 1 200-ге жуық. Ауылда 223 үй, 5 кәсіпкерлік нысаны бар.
Ауылға кірме жолды су шаюына байланысты, Талдыкөл ауылында 13, 25 мамыр күндері екі мәрте эвакуация жарияланған болатын.
Қазіргі уақытта Талдыкөл ауылына кірме жолдың су шайған бөлігі уақытша қалпына келтірілді.
7 маусым күні Талдыкөл ауылының тұрғындары толықтай үйіне оралды.
📍
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы