Берекеті мол айлардың бірі – Шағбан айы. Бұл – қасиетті үш айлардың бірі, құлшылықтарымыздың сауабы еселеп жазылатын берекелі айлар. Қамари ай санауы бойынша сегізінші айға жатады. «Көптеген жақсылықтардың бастауы» деген мағынаға ие «шағбан» сөзімен аталған қасиетті ай Ережеп айының бітуінен хабар беріп, Рамазанның жақындағанын сүйіншілейді.
Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Ережептен кейінгі кезекте Шағбан айына өте-мөте көңіл бөлген.
«Алла Тағалам, Ережеп пен Шағбан айларын берекелі ете гөр. Бізді Рамазанға аман-есен жеткіз», – деген дұғасын жиі айтатын.
Қасиетті шағбан айына белгілі бір дайындық жасаудың мәні зор. Өйткені, Әбу Әмәмә әл-Бәһилиден (р.а.) жеткен хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Шағбан айы кіргенде, өздеріңізді тазалаңыздар және ниеттеріңізді дұрыстаңыздар», – деген. Бұл айдағы сауабы көп құлшылықтың бірі − ауыз бекітіп, нәпіл ораза ұстау.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) шағбан айының көбін оразамен өткізетін болған. Шағбан айындағы Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өнегелі өмірінен Айша анамыз былайша баяндайды:
«Алланың елшісі кейбір айлардың көбінде ораза ұстайтын. Тіпті, оны бұл айда мүлдем ауыз ашпады деп те ойлайтынбыз. Кейбір айлардың көбінде ауыз ашатын. Тіпті, біз оны бұл айда ешбір ораза ұстамады дейтін едік. Алла Елшісінің Рамазан айынан басқа айда толық ораза ұстағанын, сондай-ақ, шағбан айындағыдай көбін оразамен өткізгенін көрмедім.»