PARANOIA.KZ


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


Айт қабыл болсын!

3.1k 0 10 46 264

WSJ: Пентагон басшысы Пит Хегсет құпия әскери мәліметтер талқыланатын жиындарға әйелімен бірге келіп, қатысқан. Fox News арнасының бұрынғы продюсері Дженнифер Хегсет кемі екі жабық кездесуде болған. Ұлыбритания басшылығымен және НАТО-мен өткен кездесу барысында Украинаға қару жеткізу, барлау ақпараттары талқыланған еді. Сол жиындарға Пит Хегсеттің жұбайы да қатысқан. Жиынға қатысқандардың көбі оны танымаған және жиында не үшін отырғанын да түсінбеген. Дженнифер Хегсеттің Қорғаныс министрлігінде қандай да бір ресми статусы жоқ, сәйкесінше жиындарға қатысуына болмайды.

4.3k 0 2 43 174

Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Алматы. Көк-Төбе. Қазақстан мен Өзбекстанның туы бейнеленіп, мәңгі достыққа шақырып тұр. Әдемі көрініс.

4.2k 0 4 24 272

Бүгін Алматыда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің бейресми кездесуі өтуде. Жалпы соңғы жылдары екі ел арасындағы байланыс артты, стратегиялық әріптестікті кеңейтуге қатысты бірнеше құжатқа қол қойылды, сауда айналымы ұлғайды. Алдағы жылдары тауар айналымын 10 млрд долларға жеткізу мақсаты бар.

«Орталық Азияда бес ел бар болса, сол бес елдің жүру бағытын қазақ-өзбек тандемі анықтайды» дегенді сарапшылар жиі айтып жүр. Қазақстан экономикалық тұрғыдан аймақтағы ең қуатты ел және географиялық орналасуына байланысты логистикалық мүмкіндігі мол. Ал Өзбекстан аймақтағы халқы ең көп ел. Бұл тиімді әріптестікке жол ашады.

«Мені өзіңіздің туған жеріңіз, атап айтқанда, Алматы қаласында достық пейілмен, екі халықтың дәстүріне сай ілтипатпен қарсы алып жатқаныңызға рақмет. Өзімнің және халқымның атынан ризашылығымды білдіремін. Соңғы жылдары қарым-қатынасымыз мүлдем жаңа деңгейге көтерілді. БІЗ – ОДАҚТАСПЫЗ. Өзара сыйластығымыздың арқасында көптеген мәселе шешімін тауып келеді, екеуара уағдаластықтардың барлығы іске асырылып жатыр. Нақты нәтижелер бар. Сізді Қазақстанның зор табыстарға жетуімен құттықтаймын. Экономикаларыңыз дамып келеді, жетістіктеріңіз жоғары. Бірінші тоқсанды 5,4 пайызбен қорытындылап отырсыздар. Бүгінгі кездесуіміздің сипаты ресми болмаса да, мен үлкен құраммен келдім. Дегенмен әрбір осындай бейресми жүздесулер біздің байланыстарымызға, барлық келісімдеріміздің орындалуына тың серпін береді», – деді Шавкат Мирзиёев.

Бір ақпарат: Сарыағаш – Ташкент бағытында теміржол желісі салынады екен. Жоба 2027 жылы аяқталуға тиіс. Бұл сауда-саттықты күшейтуге үлес қосады деп бағалануда.

4.2k 0 1 29 167

«Медиазона» жобасы мен ВВС соғыста қаза тапқан ресейлік 100 мың сарбаздың есімін анықтады. Бұл некрологтар, анықтамалар мен әлеуметтік желідегі жазбалар арқылы анықталған деректер саналады. Алайда сарапшылар қаза тапқандар саны әлдеқайда көп дейді. Көп жағдайда қаза тапқандарды жария етпейді, ал кей сәтте оларды «жоғалғандар» тізіміне қосады. Сотталушылар мен жеке әскери компанияның (ЧВК) жауынгерлерінің қазасы жайлы сирек айтылады.

Ресей билігі соңғы рет өзінің қаза тапқан сарбаздары жайлы деректі 2022 жылдың, 21-қыркүйегінде айтты. Шойгу сол сәтте «арнайы операцияда 5 937 сарбаз қаза тапты» деді.

Деректерге назар аударсақ, қаза табушылар саны жағынан Башқұртстан көш бастап тұр екен.

4.4k 0 4 33 134

Ресей мен Солтүстік Корея екі ел арасындағы байланысты арттыру үшін алып көпір салмақ. Түмен өзенінде салынатын көпірдің жобасы 2024 жылдан бері талқыланып келеді. Көпірдің ұзындығы 850 метр болмақ. Спутниктік түсірілімдерде көпірдің құрылысы басталғаны байқалады.

4.3k 0 1 12 172

Стамбұл қаласында Экрем Имамоғлыны қолдап, оппозиция бірлескен митинг ұйымдастырды. Митингке жүздеген мың адам жиналды. Акцияда оппозиция өкілдері Ердоғанның әрекетіне қарсылықты тоқтатпаудың маңыздылығын айтты және жастарды биліктің заңсыздығына қарсы белсенді үн қатуға шақырды.

4.3k 0 3 33 200

Forbes Украина дрондары жайлы бірқатар ақпаратты жазды.

- Украина жыл сайын 5 млн дрон шығара алатын қабілетке ие болды. Өткен жылы Украина 2 млн дрон шығарған еді. Дронның санын арттырудағы басты кедергі қаржы және ресурстың жетіспеуі саналады.

- Украина майдан даласындағы техника мен адами шығынның 85%-ын дрондармен жасауда.

- Соғысқа дейін Украина белсенді түрде дрон шығармайтын. Ол сәтте Ресейде дронның бірнеше типі өндірісте еді. Украина бұл мәселеде Ресейді қуып жетті.

- Киевтегі жерасты дрон құрастыру жобасының бірі (атауы аталмайды) күніне 4000 дана FPV-дрон жасап шығуда. Ал жалпы Украинада 150-ге жуық FPV-дрон құрастыратын мекеме бар.


Әлемдік БАҚ президент Трамптың Иран билігіне (аятоллаға) жазған хатының тезистерін жариялауда. Трамп былай дейді:

«АҚШ менің басшылығым тұсында шиеленісті азайтып, бейбітшілікке жол ашатын үлкен қадамды жасауға дайын. Біз Ираннан санкцияны алып, экономикасын күшейтіп, әріптестікке жол ашатын жұмысты бірге атқара аламыз.

Бұл тек қана біздің халықтарымыздың мүддесі емес, сонымен бірге тұтас Таяу Шығыс пен әлемнің тұрақтылығы жолындағы мүдде.

Алайда мен сізге мынаны ескерткім келеді. Егер сіз ұсынылған қолды кері қайтарып, Иран режимі эскалация жолы мен лаңкестік ұйымдарды қолдауды, әскери авантюраны таңдаса, онда біздің жауабымыз батыл әрі жылдам болмақ. Біз сіздің режиміңіздің халқымызға және одақтастарымызға төндіретін қаупіне қауқарсыз қарап тұрмаймыз!» - дейді.

Трамп хатты наурыз айының орта шегінде жолдаған. Ол Иран режиміне ядролық бағдарлама бойынша түбегейлі шешім қабылдауға 2 ай уақыт берген-ді. Бұл туралы Батыстық БАҚ жазды.

4.4k 0 2 18 129

БАҚ: Мьянмадағы жер сілкінісінде көз жұмғандар саны 1002 адамға жетті. Жараланғандар саны 2376 адамды құрайды. Үйінді астында әлі де бірнеше мың адам жатуы мүмкін.

4.7k 0 1 42 126

AP: Ресей әскері ауқымды шабуылға дайындалуда. Бұл туралы Украинаның Бас штабы мен бірқатар батыстық барлау қызметі мәлімдеуде. Шабуыл 6-9 айға жуық уақытқа созылып, 1000 шақырымға созылған майдан шебін тұтас қамтуы ықтимал. Мәскеу ұрыс қимылдарын әзірге тоқтатуға ниетті емес.


АҚШ ұшақтары түнде Йеменге соққы жасады. Йеменнің ондаған елді-мекеніне кемі 70-тен астам зымыран түскен.

4.7k 0 0 20 158

Ресей Днепр қаласына соққы жасауда. Қалада кемі 15 жарылыс болған.

CNN: Ұрыс қимылдарын уақытша тоқтату ұсынысы айтылғаннан кейін, Ресейдің Украинаны атқылауы 3 есеге артқан.

5k 0 4 54 246

Трамп: “Украина соғысында ирандық дрондар қолданылып жатқаны жайлы ақпарат бар.”

5.1k 0 1 36 252

Moldova Liberа: Ғағауыз башқаны Евгения Гуцул 20 күнге қамауға алынды. Сот прокурордың сұранысын қанағаттандырып, тиісті тексеру жұмысын жалғастыруға келісті. Гуцул өзіне тағылған айыпты «саяси тапсырыс» деп атады.

5.1k 0 0 13 197

Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Кеңес-Герман соғысындағы жеңістің 80 жылдығына арнап Ресей билігі Байқоңырдан «Жеңіс Зымыранын» ұшырмақ. «Союз-2.1а» зымыранына тиісті жазуы бар символика жабыстырылды. Зымыран 8-сәуірде ғарышқа аттанады.

5k 0 1 35 318

Трамп АҚШ аумағынан тыс жерде шығарылған көліктерге 25 пайыз салық енгізді. Сарапшылар аталған шешім әсіресе Германия үшін үлкен соққы жасайтынын айтуда. 2024 жылы Германия АҚШ-қа 450 мыңнан астам көлік жеткізген болатын.

Трамптың шешімінен кейін Tesla компаниясының акциялары өсе бастады. Бір апта бұрын 216 еуро болған акциялар, енді 270 еуроға көтерілді. Сарапшылар соңғы уақытта қиын жағдайға тап болған Tesla үшін жаңа мүмкіндік пайда болды деп топшылайды.

5k 0 2 16 151

Ливан президенті: «Халықаралық қауымдастық Израильдің әрекетін қатаң айыптап, келісімді сақтауға мәжбүрлеуі тиіс».

Хезболла: «Израильдің келісімді бұзуына қатаң жауап береміз!»

Израиль: «Біз Бейруттегі Дахия ауданындағы ғимараттарға соққы жасадық. Онда «Хезболла» дрондарын сақтайтын қойма болды. «Хезболла» өзінің әскери нысанын бейбіт тұрғындар тұратын аумаққа орналастырды».

5.2k 0 1 77 128
Показано 18 последних публикаций.