Репост из: Sayasat Nurbek Live
Құрметті студенттер!
17 қараша – Халықаралық студенттер күні құтты болсын! Бұл күн әлемнің барлық студенттері мен білім алушыларын бір арнаға тоғыстырып, жастардың білім мен ғылымдағы үлесін атап өтетін ерекше күн.
Соңғы жылдары елімізде жоғары білім беру саласында көптеген іргелі өзгерістер мен жетістіктер орын алды.
Мемлекет тарапынан ұсынылған білім беру гранттарының саны мен стипендия көлемі айтарлықтай артты. 2024 жылғы қыркүйектен бастап стипендия мөлшері бакалавриат бағдарламасы бойынша 20%-ға, магистранттар мен докторанттар үшін 15%-ға көтерілді.
Бүгінгі таңда 30 мыңға жуық шетелдік студент елімізде білім алып, біздің жоғары оқу орындары халықаралық білім кеңістігінде өзінің орнын алуда. Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 23 стратегиялық әріптестік пысықталды, оның ішінде шетелдік жоғары оқу орнының филиалдары мен стратегиялық әріптестік жұмыс жүргізілуде. Бұл — Қазақстанның білім жүйесінің тұрақты дамуы мен әлемдік аренада танылуының айқын көрінісі.
Жоғары оқу орындарында цифрлық экожүйе күшейтілді, бұл білім алу процесін одан әрі жетілдіруге ықпал етті. Сондай-ақ студенттердің қоғамдық қызметке қатысу үлесін арттыру және оқу орындарында тәрбие жұмыстарының сапасын жақсарту жолында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінде жоғары білім беру жүйесінде жастардың әлеуметтік жауапкершілік сезімін арттыруға бағытталған көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Студенттердің қоғамдық өмірге, еріктілікке қатысуы, патриотизмді, еңбек адамының идеясын ілгерілету маңызды мақсаттар ретінде белгіленіп отыр. Студенттік өзін-өзі басқару органдарының жұмысын жандандыру, студенттерге қажетті көмек көрсету жастарға қолдау көрсетуде.
Білім мен ғылымға деген қызығушылықты арттыру мақсатында біз ғылыми зерттеулер мен жаңа технологиялар саласында да үлкен қадамдар жасаудамыз. Жас ғалымдарға жеңілдетілген несие беру бағдарламалары, жасанды интеллект және деректерді талдау бойынша жаңа білім беру бағдарламалары жасалып, Қазақстанның жоғары оқу орындары халықаралық деңгейде серіктестік орнатып, әлемдік білім кеңістігіне кіріп отыр.
Құрметті студенттер, сіздер ел болашағының жарқын өкілдері, ғылым мен білімнің жолында жүріп, қоғамымыздың дамуына үлес қосатын азаматсыздар. Осы бағыттағы күш-жігерлеріңіз бен талпыныстарыңызға табыс тілеймін. Білім жолында жетістіктерге жетіп, болашақта еліміздің дамуына зор үлес қосатын күшке айнала беріңіздер.
Баршаңызға қуанышты, сәтті және жемісті оқу жылын тілеймін!
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек