🎓СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласында ел жастары арасында ұлттық құндылықтарды насихаттаудың маңыздылығын атап өтті. Осы идея аясында елімізде «Қазақстанның үздік студенті» атты республикалық байқау өтіп, ол өз қатарластарына үлгі болатын дарынды және белсенді жастарды анықтауға бағытталды.
🏆 Сәтбаев университетінің 1-курс магистранты Хабибуллин Ар-Рауф Берікбайұлы байқаудың жеңімпазы атанып, оқуда да, қоғамдық қызметте те жеткен тамаша жетістіктерін көрсете білді.
🎓 Ар-Рауф осымен төртінші жыл қатарынан «Satbayev Hunterz» студенттік ұйымының президенті қызметін атқарады, сөйтіп Сәтбаев университетінің студенттеріне кәсіптік бағдар беру және оларға арналған іс-шараларды ұйымдастырумен айналысады. Осы уақыт ішінде ол өз ұжымымен бірге Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, 20 мыңнан астам мектеп оқушыларымен кездесті және оларға мамандық таңдауға көмектесті. Сондай-ақ ол Қазақстан ғылымының негізін қалаушы көрнекті ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмір жолы мен ғылыми-ағарту қызметі туралы айтып, оның ғылыми жетістіктерін насихаттайды.
🎉 Біз Ар-Рауфты осы жеңісімен құттықтап, алдағы қызметіне зор табыс пен биік жетістіктер тілейміз!