🎓Қазақстанның алты құндылығы: MNU білім алушылары студенттер қатырына қабылдау рәсімінде ұлттық бағдарларды таныстырды
📯2024 жыл 26 қараша күні Астанада Maqsut Narikbayev University білім алушыларына арналған жыл сайынғы студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Іс-шара 5000-нан астам қатысушыны жинап, университет үшін маңызды оқиға болды. Бұл кеш жаңа студенттерді академиялық қоғамдастыққа қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. Төрт мектептің студенттері — Халықаралық экономика мектебі, Жоғары құқық мектебі, Жоғары гуманитарлық мектеп және Халықаралық журналистика мектебі — іс-шараның бас жүлдесі Студенттер қатарына қабылдау кешінің кубогы үшін бақ сынасты.
🔆1995 жылдан бері өткізіліп келе жатқан студенттер қатарына қабылдау рәсімі жыл сайын ауқымын кеңейтіп, университет пен білім беру қауымдастығы үшін маңызды оқиғаға айналды. Биылғы шараның басты идеясы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық Құрылтайда атап өткен қазақстандықтардың алты негізгі құндылығымен үндестік тапты: тәуелсіздік пен отаншылдық, бірлік пен ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық пен жаңашылдық. Осы құндылықтар жастардың азаматтық ұстанымын нығайтып, ел болашағына деген жауапкершілік сезімін арттырудың негізіне айналды.
Студенттер қатарына қабылдау салтанатты шарасын Ғылым және жоғары білім министрі ашты. Ол өз сөзінде америкалық жазушы Фрэнк Герберттің әйгілі сөзін мысалға келтірді:
Жеребе тарту арқылы әр мектепке өз тақырыбы бекітіліп, оларды іс-шара аясында көрнекі түрде таныстыру міндеті жүктелді. Жоғары гуманитарлық мектеп «Тәуелсіздік пен отаншылдық» тақырыбын шебер ұсынса, Жоғары құқық мектебі — «Бірлік пен ынтымақ» құндылықтарын айшықтады.
Халықаралық экономика мектебі «Заң мен тәртіп» ұстанымын, Халықаралық журналистика мектебі «Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік» құндылықтарын ерекше креативпен жеткізді.
Сондай-ақ кеш бағдарламасының аясында ерекше оқиға орын алды — Қазақстанның ең үлкен 🇰🇿туы ашылды. Аумағы 800 шаршы метрді құрайтын, салмағы шамамен 60 килограмм жібек ту – елдің болашағына деген асқақ арманның және Отанға деген шексіз мақтаныштың символын бейнеледі.
🥁Салтанатты рәсім Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтті, онда студенттер театрландырылған қойылымдар мен әлеуметтік жобаларын көпшілік назарына ұсынды. Барлық факультеттер ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан құрметті кубокты иелену жолында қызу бәсекеге түсті.
🏆Биылғы жылы Халықаралық экономика мектебі лайықты жеңісіне қол жеткізіп, құрметті студенттер қатарына қабылдау кубогының иегері атанды.
🎼 Кештің басты хедлайнері танымал Irina Kairatovna тобы болды. Олардың өнері шараға ерекше қуат пен позитив сыйлап, салтанатты кештің жарқын нүктесін қойды.

«Қорқыныш ақылды өлтіреді. Қорқыныш – ол кішкентай ғана өлім, бірақ бәрімізді құртатын сол болмақ». Қазақ мұны «Көз – қорқақ, қол – батыр» дейді. Мен сіздерге бір ғана кеңес берер едім: ештеңеден қорықпаңыздар. Сіздер – ең үздік ұрпақсыздар. Сіздердің барлық мүмкіндіктеріңіз бар. Цифрландырылған платформаларға, жасанды интеллектке, үздік кітапханаларға баруға, пайдалануға бар мүмкіндік жасалған. Осының барлығын пайдаланыңыздар және ештеңеден қаймықпаңыздар! – деп жігерлендірді министр Саясат Нұрбек.