Жаңалықтар - Qaz365.kz


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿
Жарнама бойынша: @bs2906
@aidananagiyeva

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


Досаев бір жамандықты сезіп отыр ма?

Алматыда жер сілкінісін ерте анықтайтын станциялар көбейеді

Қазір Алматыда 28 жер сілкінісін ерте анықтайтын станция бар. Әкімдік оған қосымша 70 станция сатып алмақшы.

Біз Жапония, Қытай, АҚШ сынды сейсмикалық белсенді аймақтарда орналасқан елдердің тәжірибесі негізінде арнайы бағдарлама әзірлейміз. Біз онда қала тұрғындарына көмек көрсету мәселесіне басымдық бергелі отырмыз

– деді қала әкімі Ерболат Досаев.

Қалада 2017-2018 жылдары 10 525 нысан сейсмикалық тексерістен өткен. 2023–2024 жылдары тағы 10 916 нысанға сейсмоаудит жүргізілген.

Досаев екінші кезең аудитінің нәтижесі 2025 жылдың бірінші тоқсанында дайын болатынын мәлімдеді.


Қасыма жат, бірге фильм көреміз: 12 жасар өгей қызын зорлаған әкеге сот үкімі шықты

Бұл жайында Абай облыстық соты баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

Әйелінің жоқтығын пайдаланып, ол 12 жасар өгей қызына бір стақан шарап ішуге мәжбүрлеген. Біраз уақыттан кейін ол диванда жатып, жас жәбірленушіні қасына жатқызып, фильм көруге шақырған. Осы уақытта ол кәмелетке толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы басқа да әрекеттерді жасауға бағытталған қылмыстық ниетті дамытқан.Зорлық-зомбылық қолданып, белсенді қарсылық көрсетіп, айғайлағанына қарамастан, оның киімін шешіп алып, жәбірленушіге сексуалдық әрекеттер жасаған,

— делінген сот мәлімдемесінде.

Сотта ер адам өз кінәсін толық мойындап, өкініш білдірген. Сот оны кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын төтенше тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтеу туралы үкім шығарды.


«Журналистерден қашып жүрген жоқпын». Досаев «жабық әкім» деп сынағандарға жауап берді

Бүгін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өзін «жабық әкім» деп сынағандарға жауап берді.

Тәуелсіздік күнінде Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойдыңыз. Бірақ тілшілер сұрақ қойғысы келгенде тыңдамай кетіп қалдыңыз. Неге үнемі тілшілердің сауалына жауа бермейсіз?,

– деп сұрады тілші.

Әкім тілшілерден қашпайтынын, ашық екенін айтты.

16 желтоқсан әрбір қазақстандық үшін маңызды мереке. Бұл біздің Тәуелсіздік күніміз. Шынын айтқанда, гүл шоқтарын қойған соң, өз жұмысыма кетіп қалдым. Мен бірақ журналистерден қашып жүрген жоқпын. Осы жылы Алматыда халықпен 32 кездесу өткіздім. Одан бөлек іс-сапарлар бар. Журналистер қасымда жүр. Сұрақтарға ашықпыз. Баспасөз қызметім жұмыс істейді. Алматы әкімдігі жабық деп айта алмаймын,

– дейді Ерболат Досаев.


«Қазақмыс» ереуілге шыққан жұмысшылардың талабына жауап берді

«Қазақмыс» корпорациясы «Жезқазғанцветмет» жұмысшыларының жалақыны көтеру туралы талабына жауап берді.

Берілген жауаптың мәтініне қарағанда «Қазақмыс» ереуілге шыққан жұмысшылардың жалақысын көтеруден бас тартқан.

Кездесу барысында олар «Жезқазғанцветмет» мекемесіндегі ең төменгі жалақы 363 мың теңге екенін, ал медиандық жалақы 650 мың теңге екенін айтты. Ұлытау облысындағы медиандық жалақы — 404 105 теңге, ал Қазақстан бойынша медиандық жалақы бұдан екі есе төмен – 285 677 теңге,

— делінген «Қазақмыс» корпорациясы хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында «Қазақмыс» кеншілері ереуілге шығып, жұмысшылардың жалақысын көтеруді талап еткен болатын.


Түркістанда арақ ішуге және сатуға тыйым салынуы мүмкін

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Түркістан қаласында арақ-шарап сатуға тыйым салуды ұсынды.

Бүгін парламенттің төменгі палатасында Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заң жобасы қаралды. Депутат Ардақ Назаров осы заң аясында қалада арақ сатуға да, ішуге де тыйым салуды ұсынды.

Түркістанды рухани астана деп отырмыз. Бүкіл қазақ осы жерден рух алуы керек, ол жерде бабаларымыз, әулие, батыр билеріміз жатыр. Ертең шетелден көп қонақ келеді. Сол кезде біздің азаматтарымыз арақ ішіп, алдынан шығатын болса, ұят қой. Сондықтан осы заң аясында арақсыз қала, рухани қала деп, араққа тыйым салуға бола ма?,

- деді Назаров.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың айтуынша, облыста "Ішімдіксіз ауыл" жобасы қолдау тапты. Оған бір жылдың ішінде 30 ауыл қосылды.

Аталған мәселе орынды. Алдағы уақытта заң жобасын қабылдап жатқаннан кейін бұл мәселені де тиісті заң нормалары аясында қарастыру қажет деп санаймыз,

- деді Бейсенбай Тәжібаев.


Ұлттық банкерекше стильдегі «Шымбұлақ» және «Тұлпар» коллекциялық монеталарын айналымға шығарды. Бұл жайында Ұлттық банк баспасөз қызметі мәлімдеді.

Монеталар 20 желтоқсаннан бастап сатылымға шығады.

SHYMBULAQ монетасы – еліміздің табиғат сұлулығы мен байлығын дәріптеуге арналған «Қазақстанның інжу-маржандары» сериясын бастайды. Оның аясында таулар мен шатқалдарды, су айдындары мен басқа да табиғи нысаналарды қоса алғанда, әртүрлі табиғи көрікті жерге арналған монеталар шығарылады.

Монеталар түрлі-түсті баспа және интерференциялық құбылмалы қабат технологиясын қолдана отырып, 925 сынамды күмістен дайындалған. Монетаның массасы – 31,1 грамм, көлемі – 45х30 мм, дайындау сапасы – «рrооf», номиналы – 1 000 теңге, дайындау таралымы – 1 000 (бір мың) дана.


Алматы облысында ер адам клиникадан ем алғаннан кейін жағдайы нашарлап кеткен

65 жастағы науқас клиникада жасалған процедурадан соң жағдайының күрт нашарлап кеткенін айтады.

Дәрігерлер науқаста инфаркттың алғашқы белгілерін байқап, ем-шараны бастаудың орнына, жедел жәрдеммен өзге ауруханаға жібере салыпты. 

«Соның кесірінен ажал құша жаздадым» – дейді ер адам. Осы жағдайдан кейін медициналық орталықта тексеріс жүргізіліп, өрескел заңбұзушылықтар анықталған көрінеді. Десе де, бұл клиникадағылар «жұмысымызда мін жоқ» деп отыр. 65 жастағы Бауыржан Құндақбаев қазір дәрісіз қалыпты өмір сүре алмайды. Науқас осыған дейін үш рет инфаркт алған. Соңғы жағдайда, тіпті, өлім аузынан аман қалыпты. Ол мамырда мына медициналық орталыққа электрокардиография жасату үшін барған. Бірақ дәрігерлер коронарография деген процедура жасап, жағдайым күрт нашарлап кетті дейді ер адам.  


СҚО-дағы колледждердің бірінде бопсалау белең алған – Бас прокуратура

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары кәмелетке толмағандар арасында қорқытып алу деректерін анықтады.

Қадағалаушы орган Ленинград ауылшаруашылық колледжінің студенттерімен жеке әңгімелесу барысында бірінші курс студенттерінен ақша қаражатын жүйелі түрде қорқытып алу деректерін анықтады.

Прокуратураның материалдарына сүйене отырып, бұл факт Қылмыстық кодекстің 194-бабы 1-бөліміне сәйкес Ақжар аудандық полиция бөлімімен соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне дереу тіркелді.

Ақжар аудандық сотының биылғы 28 қарашадағы үкімі бойынша, аталған колледждің үшінші курс студенті осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды,

- делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетерлігі, аталған деректі оқу орнының басшылығы білгенімен, құқық қорғау органдарына хабарланбаған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жасалған заңбұзушылықтар үшін колледждің директоры мен жауапты тұлғалары заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылып, болашақта мұндай деректердің орын алуына жол бермеу жұмыстарын ұйымдастыру қайта қаралды


Вайнерлер Төребаев пен Шерниязов бостандыққа шығуы мүмкін

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов жазасын жеңілдетуді сұрады.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәліметті растап, материалдардың аудандық сотқа қарауға түскенін хабарлады.

Олар сотқа өтініш тапсырған.

Түрксіб аудандық сотына жаза түрін ауыстыру (ЖТА) бойынша материал келіп түсті. Өтінішті қарау жақын арада өтеді,

- деп жауап берді соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, 2023 жылдың маусымында Төребаев пен Шерниязов қаржылық (инвестициялық) пирамида құру және оған басшылық жасау бойынша кінәлі деп танылған болатын. Олардың әрқайсына бес жылдан жаза тағайындалды. Бұл іс бойынша басқа фигуранттар 8 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылған болатын.


Алматыда 1986 жылғы
желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алды

Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков, желтоқсан оқиғасына қатысушылар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Гүл шоқтарын қойғаннан кейін жиналғандар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Сонымен қатар дін өкілдері құрбандардың рухына арнап құран бағыштады.


"Хан Шатыр" әкімшілігі халықтан кешірім сұрады

"Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығының әкімшілігі қазақтың ұлттық киіміне қатысты тараған видеоға ресми жауап берді.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде қазақтың ұлттық киімімен "Хан Шатырға" кіруге болмайтыны туралы блогердің видеосы тараған. Орталық осы мәселеге ресми жауап беріп, түсінбеушілік болғанын айтты.

"Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығы ешқашан және еш уақытта қазақтың ұлттық киімін киюге қарсы болған емес, себебі бұл – біздің ұлттық құндылығымыз. Керісінше, алғашқы күндерден бастап бүгінге дейін біз мемлекеттік ұйымдармен тығыз ынтымақтастық орнатып, ұлттық мұрамызды, дәстүрлерімізді және өнерімізді насихаттауға бағытталған іс-шараларға белсенді көрсетіп келеміз,

- делінген хабарламада.

"Хан Шатыр" қазақтың мәдениетін, дәстүрлері мен тілін сақтау мен өркендеуге бағытталған барлық бастаманы қолдауды жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Өкінішке қарай, сауда орталығынын келушісі мен күзет фирма қызметкері арасында түсінбестік пен жағымсыз оқиға болды. Осы жағдайға байланысты біз осы оқиғаға тап болған келушімен кездесіп, мән-жайды толық түсіндіріп, ресми түрде кешірім сұрадық. "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығының атынан осы оқиға салдарынан көңіліне қаяу түскен Қазақстан Республикасы азаматтарынан шын жүректен кешірім сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз және осындай келеңсіздіктер қайталанбайды деп үміттенеміз,

- делінген орталықтың хабарламасында.


Таңертең таксимен кеткен: Алматыда ескі зауыттан әйелдің мүрдесі табылды

Бұл ақпаратты Алматы облысы Полиция басқармасы растады.

56 жастағы әйел таңертең үйінен таксимен кетіп,кейін Қызыл Қайрат ауылындағы қараусыз қалған зауыттың жанынан өлі табылған. Қазір болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр

– деп мәлімдеді Алматы облыстық полициясы.

Тергеу мақсатында бейнебақылау жазбалары тексеріліп, айғақ заттар сот медициналық сараптамалар жүргізілуге жіберілген.


Бокстан Қазақстан чемпионаты қайда, қашан өтетіні белгілі болды

18 желтоқсанда Қарағандыда бокстан Қазақстан чемпионаты басталады. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті мәлімдеп отыр.

Бұл жарыста ұлттық құраманың көптеген көшбасшылары өнер көрсетеді.

Бұл ретте Азия чемпионатынан кейін Қазақстанның ерлер командасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР чемпионатына дайындалуға уақыттың болмауына байланысты республикалық турнирге қатысудан босатылып отыр,

– деді ның ҚР бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сатжанов.

Ел біріншілігінің күндізгі сессиясы 14:00 – де, кешкі сессиясы 18:30-да басталады. Ел чемпионаты 24 желтоқсанда аяқталады.


«Атырау-Астрахань» арасындағы жол жобасының құрылысы аяқталды

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы республикалық «Атырау-РФ шекарасы» жолының 272 шақырымында жұмыстардың аяқталғанын ресми мәлімдеді.

Халықаралық стандарттарға сәйкес жөндеу жұмыстары 2018 жылы басталды. Оны жүзеге асыруға Қазақстан, Италия, Түркия мен Әзербайжан елдерінің компаниялары қатысты. Қайта жаңарту жұмыстарынан кейін жол үшінші техникалық санаттан екінші санатқа ауыстырылды. Әр бағытта ені 3,75 метрден тұратын екі жолақ бар. Жолдың бойында 6 көпір, 1 жолөтпе, 60 су өткізгіш құбыр салын

ып, 10 демалыс алаңы абаттандырылды. Осы уақытта дейін бұл учаске арқылы жол жүру уақыты 5 сағат болса, ал қазір бүкіл маршрутты жүріп өту үшін 2 сағат кетеді,

– делінген «ҚазАвтоЖол» компаниясы мәлімдемесінде.

Жоба Еуропалық қайта құру және даму банкінің несиесі есебінде жүзеге асырылған.


Талғарда тағы да жанжал: полиция екі адамды қамауға алды

Талғарда ер адамдар арасындағы жанжалда пышақ ұстаған адам жұртты шошытты.

Қазір төбелеске қатысушылар қолға түсті.

Талғар ауданының полицейлері видеожазбаға түсірілген оқиғаға қатысушыларды жедел анықтап, заң аясында қажетті шараларды қабылдады. Ауданның 37 және 31 жастағы тұрғындарын жауапқа тарту үшін полицияға жеткізілді,

- деп хабарлады Алматы облысы ПД.

Белгілі болғандай, жанжал туысқандар арасында болған. Дау әйел адамның туыстары – ағасы мен күйеуі арасындағы дау болған.

Қазіргі уақытта қақтығысқа қатысушылардың бір-біріне деген арыздары жоқ, жағдай реттелген.


Марқұм Шерзат Болаттың әпкесін Қазақстаннан депортациялауға тырысып жатырмыз - адвокат

Талғардағы жанжал кезінде қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов жақында 15 тәулікке қамалды. Оның қарындасы Бақыт Реимоваға да «митингке үндегені үшін» деген айып тағылып, 15 тәулікке жабылды. Сонымен қатар Реимованы сот Қазақстаннан депортациялау жөнінде шешім шығарған. Бірақ адвокаты мұнымен келіспейтінін айтты.

Блогер Жан Ахмадиев адвокат Мейірман Шекеевтің пікірін сұраған екен. Ол қазір осы іспен айналысып жатыр.

Бақыт қазір Ұзынағаштағы уақытша ұстау изоляторында отыр. Біз сол жерге барып қайттық. Апеляциялық шағымды дайындап қойдық. Оған Әкімшілік кодекстің 488-бабының 8-бөлігі бойынша айып тағылған. Яғни шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар жасаған әрекет бойынша қамауда отыр. Қазақстаннан депортациялау жөнінде жаза кесілген. Біз мұнымен келіспейміз. Қаулыда бірнеше заңбұзушылық бар. Бақытқа заңсыз демонстрация, пикетке үндеді деген айып тағылған. Бірақ заңдағы анықтамаға сәйкес мұндай заңсыз жиынға шақырудың ұйымдастырушысы болады. Реимованың ондай кінәсі дәлелденбеген. Сосын баласының құжатын сұратқан. Баласы Қазақстанда дүниеге келген. Бала мен ананы ажыратуға болмайды. Қазақстан ана мен баланы ажыратпауға міндетті. Сот осы халықаралық шартты өрескел бұзған. Бақыттың этникалық қазақ екені ескерілмеген. «Қандас» деген құжаты бар. Оларды депортациялауға болмайды. Өйткені баратын жері жоқ. Отаны – Қазақстан. Біз кінәсіздігін дәлелдеп, Қазақстанда қалдыруға тырысып жатырмыз,

- дейді Мейірман Шекеев.


Тоқаев Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бұл – халқымыздың азаттық туралы арманы ақиқатқа айналып, елдік дәстүрлеріміз жаңғырған күн. Осы мерейлі мерекеде бәріміз бабалар аманатына әрдайым адал болудың және ұлт болашағына зор жауапкершілікпен қараудың мән-маңызын терең түсінеміз. Себебі тәу етер Тәуелсіздігіміз – баршаға ортақ құндылық әрі барлық игілігіміздің бастауында тұрған баға жетпес байлық. Тәуелсіздігімізден биік еш нәрсе жоқ. Оны көздің қарашығындай қорғау – әр азаматтың перзенттік парызы

– делінген құттықтауда.

Президент бүгінде Қазақстанның халықаралық деңгейдегі абырой-беделі жоғары, стратегиялық бағдары айқын мемлекет ретінде болашаққа нық сеніммен қадам басып келе жатқанын атап өтті.

Халқымыз бұған еселі еңбек пен ырысты ынтымақтың арқасында қол жеткізді. Біз осы берекелі бірлігімізді, қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтай отырып, қиындықтың бәрінен сүрінбей өтеміз. Тәуелсіз еліміз өркениетті, озық мемлекет ретінде дами береді. Баршаңызға зор денсаулық, мол табыс тілеймін! Қастерлі Отанымыз өсіп-өркендей берсін!

- деп жазылған құттықтау мәтінінде.


🇰🇿 Бүгін – Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде алғаш әлемге танылған тарихи күн. 1991 жылдың 16 желтоқсанында еліміз өзінің егемендігін жариялап, еркін даму жолына қадам басты.

Бұл күн – халқымыздың азаттыққа жету жолындағы қажырлы күресінің жемісі. Бүгінгі тәуелсіздік – кешегі ұлы тұлғалардың арманын жүзеге асырған тарихи жетістік.

Біз үшін тәуелсіздік тек мереке емес, ол – ұлттық рухтың, өз құндылықтарымызды сақтап, келер ұрпаққа жеткізудің жауапкершілігі.

Қазақстанның тәуелсіздігі – бірлік пен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен прогрестің негізі. Оны сақтау мен нығайту – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Тәуелсіздік күні құтты болсын! Еліміз аман, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!


Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Оқиға сағат 23:23-те тіркелген.

Жер сілкінісінің толқындары келесі аймақтарда сезілді:

🔺Қонаев қаласы – 3.0 балл
🔺Алатау қаласы (Жетіген) – 2.0 балл
🔺Құрты ауылы – 2.0 балл

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

❓Алматылықтар, сіздер жер сілкінісін сезіндіңіздер ме?


«Дикий Арманға» сот үкімі қашан шығатыны белгілі болды

Buzyq Telegram арнасының жазуынша, «Дикий Арманның» үкімі 2025 жылдың қаңтар айының басында (қамалған соң 3 жыл өткен соң) жариялануы мүмкін. Бұл туралы оның адвокаты Олег Чернов хабарлады.

38 жастағы Жұмагелдиев «Қаңтар оқиғасы» кезінде бейбіт тұрғындарды ұрлап, азаптады деп айыпталуда.

Еске салайық, «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиев 2022 жылдың 7 қаңтарында ұсталған болатын. Алдағы қаңтар айында 3 жыл болады.

Показано 20 последних публикаций.