🎯 Казахский язык ТРЕНАЖЕР


Гео и язык канала: Казахстан, Русский
Категория: Образование


Обучающие материалы по актуальным новостям Казахстана и диалогам. Метод обучения, аналогичный процессу естественного языкового развития у детей, основан на многократных повторениях без зазубривания. Осваивайте казахский язык эффективно и интересно.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Русский
Категория
Образование
Статистика
Фильтр публикаций


🗓Осваиваем казахский язык с помощью мультфильмов

Шаг 1. Смотрим без субтитров
Шаг 2. Читаем субтитры с переводом
Шаг 3. Повторно смотрим без субтитров, чувствуя прогресс в восприятии

📱https://youtu.be/gz2GnlERmeM

Апта күндері
Дни недели
Не болды, Тима?
Что случилось, Тима?
Папам жексенбі күні атам мен әжем келеді деді, бірақ мен оның қашан екенін түсінбедім.
Папа сказал, что в воскресенье придут дедушка и бабушка, но я не понял, когда это будет.
Кел, мен саған көмектесемін.
Давай, я тебе помогу.
Апта - уақыт өлшем бірлігі.
Неделя — это единица измерения времени.
Аптаның жеті күні бар.
В неделе семь дней.
Апта күндерін санап шығайық.
Давай пересчитаем дни недели.
Міне, біз осы аптада не істейміз:
Вот что мы делаем на этой неделе:
Дүйсенбіде доп ойнадық бала боп,
В понедельник мы играли в мяч, как дети.
Сейсенбіде сурет салдық дара боп,
Во вторник мы рисовали, как художники.
Сәрсенбіде суға түссек бәріміз,
В среду мы купались все вместе.
Бейсенбіде тауға шықтық әрі біз,
В четверг мы поднимались в горы,
Жұма күні алма тердік жабылып,
В пятницу собирали яблоки все вместе.
Сенбі күні тәтті алып жиналып,
В субботу купили сладости.
Жексенбіде бас қостық біз сағынып.
В воскресенье мы собрались, соскучившись друг по другу.
Бүгін қандай күн?
Какой сегодня день?
Бүгін сейсенбі.
Сегодня вторник.
Мен жексенбіні қатты күтудемін!
Я очень жду воскресенья!
Бір, екі, төрт, алты... жоқ.
Один, два, четыре, шесть… нет.
Бір, төрт, сәрсенбі.
Один, четыре, среда.
Сонда жексенбіге дейін әлі төрт күн бар ма?
То есть до воскресенья еще четыре дня?
Бес күн, апта енді басталды ғой.
Пять дней, ведь неделя только началась.
Бір, екі, үш, төрт, бес.
Один, два, три, четыре, пять.
Алақай! Бүрсігүні екен ғой.
Ура! Это же послезавтра.
Әже, ата, енді мен апта күндерін толық білемін!
Бабушка, дедушка, теперь я полностью знаю дни недели!
Бәрекелді, балам.
Как здорово, мой мальчик.
Онда бәрін ретімен айтып берші?
Тогда расскажи их все по порядку.
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі…
Понедельник, вторник, среда...
Бейсенбі.
Четверг.
…Бейсенбі, дұрыс!
…Четверг, правильно!
Жұма, сенбі және бүгін – жексенбі!
Пятница, суббота и сегодня — воскресенье
Ақылдым сол!
Вот умничка!
Торт жей ғой.
Ешь торт.

Казахско-русский словарь в комментариях ⬇️


☄️Новости сегодня

1. 6 жасар қазақстандық қыз джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды
6-летняя казахстанская девочка стала чемпионкой мира по джиу-джитсу.
2. Қарағандылық шебер ине көзіне сурет салады
Карагандинский мастер рисует на ушках игл.
3. Ақтауда еліміздің қолөнер шеберлері бас қосты
В Актау собрались мастера народного творчества со всей страны.
4. «Balapan» телеарнасы 2025 жылға арналған анимациялық жобаларды іріктеді
Телеканал «Balapan» отобрал анимационные проекты на 2025 год.
5. «Бауырына салу» фильмі «Оскар» сыйлығының үміткерлері қатарына енді
Фильм «Бауырына салу» вошёл в число номинантов на премию «Оскар».
6. Қазақ тілін 1 жылда үйренген дипломат қазақша сұхбат берді
Дипломат, выучивший казахский язык за год, дал интервью на казахском.
7. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық арнаға сұхбат берді
Государственный советник Ерлан Карин дал интервью на национальном канале.
8. Ресейде қазақ басылымының шығып жатқанына 10 жыл толды
В России исполнилось 10 лет со дня выхода казахского издания.
9. Ғазиза Асабаева 24 жыл бойы әлеуметтік орталықта күтуші болып жұмыс істейді
Газиза Асабаева уже 24 года работает воспитательницей в социальном центре.
10. Алматы облысында зағип балаларға арналған кітап жарық көрді
В Алматинской области вышла книга для слепых детей.
11. Елімізде аутизм диагнозы бар балалар велоспортпен айналыса бастады
В Казахстане дети с диагнозом аутизм начали заниматься велоспортом.
12. Үкімет басшысы Worldskills Kazakhstan чемпионатының қатысушыларымен кездесті
Глава правительства встретился с участниками чемпионата Worldskills Kazakhstan.
13. Елімізде электромобильдердің саны 2 есеге көбейген
В Казахстане количество электромобилей увеличилось в 2 раза.
14. Халықаралық агенттік Қазақстанның кредиттік рейтингісін тұрақты деп бағалады
Международное агентство оценило кредитный рейтинг Казахстана как стабильный.
15. Перизат Қайратқа тағы бір айып тағылды
Перизат Кайрат предъявлено ещё одно обвинение.

Видеоновости с текстом по этой ссылке➡️
https://qazaqstan.tv/news/2024-11-16/

Казахско-русский словарь в комментариях⬇️


🤝Осваиваем казахский язык с помощью мультфильмов

Шаг 1. Смотрим без субтитров
Шаг 2. Читаем субтитры с переводом
Шаг 3. Повторно смотрим без субтитров, чувствуя прогресс в восприятии

📱https://youtu.be/OQ_ql_jfmYk

Амандасу
Здороваться
Әй, Жылан!
Эй, Змея.
Сәлем!
Привет.
Сәлеметсіз бе!
Здравствуйте.
Менімен неге біртүрлі амандастың?
Почему ты так странно поздоровался со мной?
Үлкендердің солай амандасқанын көргем.
Я видел, как так здороваются взрослые.
Бірақ біз кездескенде ылғи «Сәлем» деп айтамыз ғой.
Но мы же всегда говорим «Привет», когда встречаемся.
Шатасып кеттім. Аққудан сұрайықшы!
Я запутался. Давай спросим у Лебедя.
Аққу!
Лебедь.
Бізге сенің көмегің керек!
Нам нужна твоя помощь.
Не болып қалды?
Что случилось?
Аққу, қалай дұрыс амандасу керек екенін білесің бе?
Лебедь, ты знаешь, как правильно здороваться?
«Сәлеметсіз бе» немесе «Сәлем» деу керек.
Нужно говорить «Здравствуйте» или «Привет».
Бірақ қашан «Сәлем», ал қашан «Сәлеметсіз бе» деген дұрыс?
Но когда уместно говорить «Привет», а когда «Здравствуйте»?
Қазір бәрін түсіндіремін!
Сейчас все объясню.
Достар бір-бірімен «Сәлем» деп амандасса болады.
Друзья могут здороваться друг с другом словами «Привет».
Ересектер болса қол алысып, «Сәлеметсіз бе» дейді.
Взрослые же здороваются за руку, говоря «Здравствуйте».
Жастар үлкендерге немесе үлкендер жастарға сыпайы түрде «Сәлеметсіз бе» деп амандасуы тиіс.
Молодежь должна вежливо здороваться со старшими словами «Здравствуйте», и наоборот.
Сонда Алауша Тасбақаға барып «Сәлем» десе, әдепсіздік болып санала ма?
То есть, если Огонек скажет Черепахе «Привет», это будет считаться невежливым?
Достар бір-бірімен ресми түрде амандасуға міндетті емес.
Друзья не обязаны здороваться официально.
Біз екеуіміз доспыз ғой, Жылан.
Мы же друзья, Змея.
Қайтадан амандасып көрейікші!
Давай поздороваемся еще раз.
Сәлем!
Привет.
Сәлеметсіз бе!
Здравствуйте.
Хе-хе, қалжың ғой.
Хе-хе, это же шутка.


👗Осваиваем казахский язык с помощью мультфильмов

Шаг 1. Смотрим без субтитров
Шаг 2. Читаем субтитры с переводом
Шаг 3. Повторно смотрим без субтитров, чувствуя прогресс в восприятии

📱https://youtu.be/cFt4Q1Qe1PQ

Қошемет сөз
Комплимент
Сұлу, көйлегің өзіңе күшті жарасады екен.
Сулу, твое платье тебе очень идет.
Қызым құлпырып кетіпті ғой.
Дочка, ты прям расцвела.
Алақай, таптым.
Ура, я нашел.
Не болды, сұлу?
Что случилось, Сулу?
Мен жай... сасып қалдым...
Я просто… растерялась…
Не айтарымды білмей қалдым...
Не знала, что сказать.
Сол үшін кетіп қалдың ба?
Ты поэтому ушла?
Ештеңе етпейді, қазір үйретем.
Ничего страшного, сейчас научу.
Сыпайылық домино сияқты, дұрыс жауапты таңдай білу керек.
Вежливость как домино, нужно уметь выбрать правильный ответ.
Ондай жауаптар көп болуы мүмкін, тек таңдау жасасаң болды.
Таких ответов может быть много, просто сделай выбор.
Бірақ дұрыс жауапты қалай таңдарымды білмеймін.
Но я не знаю, как выбрать правильный ответ.
Міне, қара: жай ғана рақмет десең болады, соның өзі жақсы жауап.
Вот, смотри: просто сказать «спасибо» — это уже хороший ответ.
Тағы не қосса болады?
Что еще можно добавить?
Немесе «жылы сөздеріңе рақмет» десең де болады.
Или можно сказать «спасибо за теплые слова».
«Жылы сөздеріңе рақмет»;
«Спасибо за теплые слова».
Немесе тағы бір домино қосса болады «байқағандарыңызға ризамын».
Или можно добавить еще одно домино: «благодарю за внимание».
Менде жауап ретінде лебізімді білдіргім келсе ше?
А если я хочу выразить свое мнение в ответ?
Сенің де шашың әдемі болып тұр немесе әшекейің әдемі екен дегендей қошеметпен жауап беруге де болады.
Можно ответить комплиментом, например: «тоже красивая прическа» или «красивые украшения».
«Рақмет, сен де бүгін ерекше әдемі боп тұрсың».
«Спасибо, ты сегодня тоже особенно красива».
«Рақмет, ал маған сенің сырғаң ұнап тұр, сондай әдемі екен».
«Спасибо, а мне нравятся твои серьги, они такие красивые».
Сұлу, енді мұндай жағдайда қалай жауап беру керектігін білесің бе?
Сулу, теперь знаешь, как отвечать в такой ситуации?
Иә, есіме сақтап алған сияқтымын.
Да, кажется, запомнила.
Папа, бүгін Сұлу сондай әдемі боп тұр!
Папа, сегодня Сулу такая красивая!
Айсұлу, қызым, көйлегің өзіңе құйып қойғандай екен.
Айсулу, дочка, твое платье будто на тебя сшито.
Рақмет, сенің де!
Спасибо, и твое тоже!
Бұл жағын әлі де пысықтау керек екен.
Этот момент нужно еще доработать.
Мен жеңдім! Сұлу, көйлегің неткен әдемі.
Я победил! Сулу, какое красивое платье.


☄️Новости сегодня

1. Алматыда теңге мен монеталардың көрмесі ашылды
В Алматы открылась выставка тенге и монет.
2. Еліміздегі реабилитологияның дамуын шетелдік сарапшылар жоғары бағалап отыр
Международные эксперты высоко оценивают развитие реабилитологии в Казахстане.
3. Семейде киберқылмыспен күрес орталығы ашылды
В Семее открыт центр по борьбе с киберпреступностью.
4. Жергілікті мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл
Со дня основани местных маслихатов 30 лет.
5. Ауылдағы қыз-келіншектерге грант берілді
Жительницы сёл получили гранты.
6. Жасанды интеллект мемқызмет жүйесін жақсарта алады
Искусственный интеллект может улучшить систему госуслуг.
7. Вьетнам кәсіпкерлері Өскеменде кәсіпорын ашуға ниетті
Вьетнамские предприниматели намерены открыть предприятие в Усть-Каменогорске.
8. Президент Вьетнам компартиясы саяси бюросының мүшесін қабылдады
Президент принял члена Политбюро Коммунистической партии Вьетнама.
9. БҚО-да игерілмеген жер телімдері қайтарылды
В ЗКО возвращены неосвоенные земельные участки.
10. Ақмола облысында 23 мердігер жауапқа тартылды
В Акмолинской области к ответственности привлечены 23 подрядчика.
11. Екібастұздағы МАЭС-1 стансасындағы электр қуатын өндіру азайды
Производство электроэнергии на Экибастузской ГРЭС-1 сократилось.
12. Қарағанды облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты
В Карагандинской области в результате ДТП погибли 7 человек.
13. Қазақ дәмханасы америкалықтардың сүйікті орнына айналды
Казахское кафе стало любимым местом американцев.
14. Талдықорғанда «Таза Қазақстан» муралы салынды
В Талдыкоргане создан мурал «Чистый Казахстан».
15. Павлодарда көпқабатты 7 үйге жылу күн аралатып беріледі
В Павлодаре теплоснабжение в 7 многоквартирных домах подается через день.
16. Түркістан облысында 87 тұрғынды алдап, несие рәсімдеткен күдікті ұсталды
В Туркестанской области задержан подозреваемый в обмане и оформлении кредита 87 жителей.
17. Әуе компанияларға салынатын айыппұл көлемі ұлғаяды
Размер штрафов для авиакомпаний будет увеличен.
18. Ақмола облысында алимент төлемеген азамат сотталды
В Акмолинской области осужден гражданин за неуплату алиментов.
19. Бүгін ұлттық валюта – теңге күні
Сегодня День национальной валюты – тенге.
20. Шымкент қаласының бас санитар дәрігері парақорлығы үшін сотталды
Главный санитарный врач Шымкента осужден за взяточничество.
21. Шиеліде жанармай құю бекеті өртенді
В Шиели сгорела автозаправочная станция.
22. «СК-Фармация» дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз өсірген
«СК-Фармация» необоснованно завышала цены на лекарства.

Видеоновости с текстом по этой ссылке➡️
https://qazaqstan.tv/news/2024-11-15/

Казахско-русский словарь в комментариях⬇️


🔥Осваиваем казахский язык с помощью мультфильмов

Шаг 1. Смотрим без субтитров
Шаг 2. Читаем субтитры с переводом
Шаг 3. Повторно смотрим без субтитров, чувствуя прогресс в восприятии

📱https://youtu.be/D7-Tk-sTFJI

Әй, достар, біз дастархан жайып қойдық!
Эй, друзья, мы накрыли стол!
Дәмді сияқты!
Выглядит вкусно!
Мәссаған, неткен әдемі!
Вау, как красиво!
Достар, тұра тұрыңдар.
Друзья, подождите.
Алаушаны да шақырайын.
Позову еще Огонька.
Алауша, жүр, тамақ ішейік!
Огонек, пойдем поедим!
Тұра тұрыңдар!
Подождите!
Алауша, тамақ ішеміз!
Огонек, мы будем есть!
Алауша, тыныштық па? Жүр, тамақ ішейік!
Огонек, все в порядке? Пойдем поедим!
Енді түсіндім, Алауша!
Теперь я понял, Огонек!
Тамақ ішкің келмей ме?
Ты не хочешь есть?
Алауша, Ата бізге адамдардың тілін үйреткені есіңде ме?
Огонек, ты помнишь, как Дедушка учил нас языку людей?
Бірдеңеден бас тартқың келсе, «Жоқ» деп айтқан дұрыс.
Если хочешь отказаться от чего-то, лучше сказать «нет».
Әйтпесе адамдар дұрыс түсінбей немесе естімей қалуы мүмкін.
Иначе люди могут неправильно понять или не услышать.
«Жоқ» деп айтқанда тұрған ештеңе жоқ.
В слове «нет» нет ничего плохого.
Түсінген сияқтымын!
Кажется, я понял!
Ауызша «жоқ» деп, нақты жауап айтқан дұрыс!
Нужно четко сказать «нет» вслух!
Сол кезде мені бәрі естиді!
Тогда все меня услышат!
Сен "жоқ" десең біз ренжімейтін едік.
Если бы ты сказал «нет», мы бы не обиделись.
Оның еш әбестігі жоқ.
В этом нет ничего плохого.
Онда менің жауабым «жоқ».
Тогда мой ответ — «нет».
Қазір тамақ ішпеймін. Кішкене ойнағым келіп тұр.
Сейчас я не буду есть. Хочу немного поиграть.
Бірақ ойнап болған соң тамақ ішкің келсе, сені қуана қарсы аламыз!
Но если после игры захочешь поесть, мы будем рады тебе!
Жарайды!
Хорошо!
Алауша, жүр, тамақ ішейік.
Огонек, пойдем поедим.
Жоқ, тойып тұрмын, рақмет!
Нет, я сыт, спасибо!

Казахско-русский словарь в комментариях ⬇️


☄️Новости сегодня

1. Ұлттық құрама Еуроға іріктеу кезеңін сәтті бастады
Национальная сборная успешно начала отборочный этап на Евро.
2. Шымкентте 500 мегаватт энергия өндіретін қондырғы салынады
В Шымкенте построят энергоустановку мощностью 500 мегаватт.
3. Қазақстандық экологиялық жоба әлемде үздік атанды
Казахстанский экологический проект стал лучшим в мире.
4. Қазақ ғалымдары Еуропада зияткерлік меншікті қорғауды үйренуде
Казахские ученые обучаются защите интеллектуальной собственности в Европе.
5. Қазақстан мен Қатар әскері бірге жаттығатын болды
Армии Казахстана и Катара будут тренироваться вместе.
6. Қызылорда облысында көлікті мас айдаған 600 адам ұсталған
В Кызылординской области задержаны 600 человек за вождение в нетрезвом виде.
7. Енді «Сергек» камерасы көліктің түтінін де бақылайтын болады
Теперь камеры «Сергек» будут также контролировать выхлопы автомобилей.
8. Қостанай шаруаларына несиені қайтару қиынға соғуда
Фермерам Костаная трудно возвращать кредиты.
9. Елордалық зауыт жылына шамамен 10 мың тонна пластик құбыр шығарады
Столичный завод ежегодно производит около 10 тысяч тонн пластиковых труб.
10. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлемнің төрт дүркін чемпионы Франция теннисшілерімен кездесті
Юношеская сборная Казахстана встретилась с четырехкратными чемпионами мира по теннису из Франции.
11. Маңғыстауда Құрық портында астық терминалы іске қосылды
В порту Курык в Мангистау введен в эксплуатацию зерновой терминал.
12. Испанияда жауын құйып, 3 мыңдай адам эвакуацияланды
В Испании из-за проливных дождей эвакуировано около 3 тысяч человек.
13. Қазақстан Еуропалық Одақтың ядролық қаруды таратпау және қарусыздану конференциясына қатысты
Казахстан принял участие в конференции Европейского Союза по нераспространению ядерного оружия и разоружению.
14. Трамп пен Байден Ақ үйде кездесті
Трамп и Байден встретились в Белом доме.
15. Ақтөбе облысында жол апатынан қаза тапқандар саны азаймай тұр
В Актюбинской области число погибших в дорожно-транспортных происшествиях не снижается
16. Қостанай облысында жол ережесін 40 рет бұзған жүргізуші ұсталды
В Костанайской области задержан водитель, нарушивший правила дорожного движения 40 раз.
17. Оралда жалған ақша сатқандар ұсталды
В Уральске задержаны торговцы фальшивыми деньгами.
18. Келесі жылы зейнетақы өседі
В следующем году пенсии будут повышены.

Видеоновости с текстом по этой ссылке➡️
https://qazaqstan.tv/news/2024-11-14/

Казахско-русский словарь в комментариях⬇️


🐶Осваиваем казахский язык с помощью мультфильмов

Шаг 1. Смотрим без субтитров
Шаг 2. Читаем субтитры с переводом
Шаг 3. Повторно смотрим без субтитров, чувствуя прогресс в восприятии

📱https://youtu.be/dt2bxZQ8JzA

Лала, маған бантик жасап берші.
Лала, сделай мне бантик.
Жасап берейін, Тима.
Давай сделаю, Тима.
Тағы бір бантик жасап берші.
Сделай еще один бантик.
Бантиктерді қайтесің?
Зачем тебе эти бантики?
Мамам келгенде үйіміз әдемі болсын деп безендіріп жатырмын.
Украшаю, чтобы наш дом был красивым, когда мама придет.
Жарайды, ала ғой.
Хорошо, возьми.
Тима, ештеңе ұмытпадың ба?
Тима, ты ничего не забыл?
Бантигімді…
Бантик…
Жақсы сөз айту керек.
Нужно сказать доброе слово.
Сен ол сөзді білесің.
Ты знаешь это слово.
Өтінемін, берші.
Пожалуйста, дай мне.
“Р” әрпіне басталатын сөз.
Слово, которое начинается на букву "Р".
Ырылдап тұрсың ба?
Ты рычишь?
Рақат?
Наслаждение?
Жоға! Уһ!
Нет! Ух!
Түсінбей тұрмын.
Не понимаю.
Рақмет, Тима!
Спасибо, Тима!
Саған біреу бірдеңе жасап берсе, міндетті түрде алғыс айтып, “рақмет” айту керек.
Если кто-то что-то делает для тебя, обязательно нужно поблагодарить и сказать "спасибо".
Тағы бір рет көрейік.
Давай попробуем еще раз.
Ээ…а, енді есіме түсті.
А, теперь вспомнил.
Рақмет, Лала.
Спасибо, Лала.
Бантиктерді бірге ілейікші.
Давай вместе повесим бантики.
Ммм…жарайды, ілейік.
Хорошо, давай повесим.
Үйіміз әдемі болып кетіпті.
Наш дом стал таким красивым.
Бантиктер неткен сүйкімді.
Какие милые бантики.
Лала маған көмектесті.
Лала мне помогла.
Ақылдыларым менің.
Мои умнички.
Мама, ештеңе ұмытпадың ба?
Мама, ты ничего не забыла?
Рақмет, балалар.
Спасибо, дети.


☄️Новости сегодня

1. Елімізде күрделі көз патологияларын емдеуге мүмкіндік бар
В нашей стране появилась возможность лечить сложные патологии глаз.
2. Қазақстандық семсерлесушілер әлемнің үздік бес құрамасы қатарына кірді
Казахстанские фехтовальщики вошли в пятерку лучших команд мира.
3. Банктерде қауіпсіздік талаптары күшейтіледі
В банках будут усилены требования безопасности.
4. Қостанайдағы жұмысшылар 10 ай бойы жалақы ала алмай жүр
Рабочие в Костанае не могут получить зарплату уже 10 месяцев.
5. Жамбыл облысында интернет алаяқтық 30% артқан
В Жамбылской области интернет-мошенничество увеличилось на 30%.
6. Маңғыстауда мыңға жуық тұрғын алаяққа алданды
В Мангистау около тысячи жителей стали жертвами мошенников.
7. Дональд Трамп Илон Маскке үкіметтен қызмет ұсынды
Дональд Трамп предложил Илону Маску правительственную должность.
8. Испанияда тағы да тасқын болуы мүмкін
В Испании снова возможны наводнения.
9. Түркияда бір үйдің бес баласы түтінге тұншығып қайтыс болды
В Турции пятеро детей из одной семьи погибли от удушья дымом.
10. Мәжілісте «Келешек» бағдарламасы талқыланды
В Мажилисе обсуждена программа «Келешек».
11. «Бауырына салу» фильмі Cinema Heritage фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды
Фильм «Бауырына салу» стал обладателем специального приза на фестивале Cinema Heritage.
12. Қарағандыда «Қазіргі заман қаһармандары» республикалық акциясы өтті
В Караганде прошла республиканская акция «Герои нашего времени».
13. «Жаңа Жібек жолы» бағыты бойынша контейнер тасымалы 20 есе артты
Перевозка контейнеров по маршруту «Новый Шелковый путь» увеличилась в 20 раз.
14. Белградта Қазақстан-Сербия бизнес форумы өтті
В Белграде прошел бизнес-форум Казахстан-Сербия.
15. Түркияда блогерлер мен әншілер тұтқындалды
В Турции арестованы блогеры и певцы.
16. Ақтөбе облысында 5 миллион теңге бопсалаған күдікті ұсталды
В Актюбинской области задержан подозреваемый в вымогательстве 5 миллионов тенге.
17. Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
В 16 регионах страны объявлено штормовое предупреждение.
18. Президент «Әл-Азһар» университетінің жоғарғы имамымен кездесті
Президент встретился с верховным имамом университета «Аль-Азхар».
19. Шекарадан 180 тонна алмұртты өткізбеді
На границе не пропустили 180 тонн груш.
20. Қазақстанның ICAO ұйымы стандарттарына сәйкестігі 82 % жетті
Соответствие Казахстана стандартам организации ICAO достигло 82 %.

Видеоновости с текстом по этой ссылке➡️
https://qazaqstan.tv/news/2024-11-13/

Казахско-русский словарь в комментариях⬇️


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
⚡️⚡️⚡️⚡️В казахском языке падежное окончание ставится к последнему слову в перечислении:

«Қазгидромет» Алматы, Шымкент және 16 өңірде дауылды ескерту жариялады.

«Казгидромет» объявил штормовое предупреждение в Алматы, Шымкенте и 16 регионах.


В этом предложении перечисляются города Алматы, Шымкент и 16 өңірде (16 регионов). Местный падеж -де используется только с последним словом, өңір (регион), обозначая, что штормовое предупреждение касается всех перечисленных мест.

В русском языке падежные окончания добавлялись бы к каждому слову в перечислении: в Алматы, Шымкенте и 16 регионах. В казахском языке же они остаются без падежного окончания, за исключением последнего элемента.


☄️Новости сегодня

1. Елордада Сәкен Сейфулиннің бейнесі құрақтан жасалды
В столице создано изображение Сакена Сейфуллина из лоскутов ткани.
2. АҚШ-та қазақ ғалымдары геология саласын цифрландыру жолын меңгеруде
В США казахские ученые осваивают цифровизацию в области геологии.
3. Мемлекеттік қызметкерлерге гендерлік теңдік бойынша тренинг өтіп жатыр
Для государственных служащих проводится тренинг по гендерному равенству.
4. Атырауда 92 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
В Атырау возвращено государству 92 тысячи гектаров земли.
5. Шымкентте алимент төлемеген 22 азамат сотталды
В Шымкенте осуждены 22 человека за неуплату алиментов.
6. Таразда кембағал жанның үйін алдап алған алаяқ ұсталды
В Таразе задержан мошенник, обманом завладевший домом инвалида.
7. Шығыс Қазақстандағы қарды коммуналдық мекемелер тазалап үлгермей жатыр
В Восточном Казахстане коммунальные службы не успевают убирать снег.
8. Әкімідіктердің жұмысы мардымсыз - Олжас Бектенов
Работа акиматов непродуктивная - Олжас Бектенов.
9. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуге барды
Глава государства Касым-Жомарт Токаев отправился в Баку.
10. Қостанай облысында тұрғындар екі тонна бауырсақ пісіріп, рекорд жаңартты
В Костанайской области жители приготовив две тонны баурсаков, побили рекорд.
11. Қарағандыда қазақ киносының апталығы өтіп жатыр
В Караганде проходит неделя казахского кино.
12. Маңғыстау облысындағы Қаракөлде қоқиқаздар аялдады
На озере Караколь в Мангистауской области остановились фламинго.
13. Қызылордада оқушы қызды бопсалаған күдікті сотталды
В Кызылорде осужден подозреваемый в шантаже школьницы.
14. Букмекерлердің жарнамасына қатысты жаңа шектеулер енгізілді
Введены новые ограничения на рекламу букмекеров.
15. Биткоинның бағасы 90 мың долларға жақындады
Стоимость биткойна приблизилась к 90 тысячам долларов.
16. Филиппиннің солтүстігіне «Тораджи» тайфуны соққы берді
Тайфун «Тораджи» обрушился на север Филиппин.
17. ТЖМ: Қауіпсіздік шаралары сақталмаса, өрт көбеюі мүмкін
МЧС: Если не соблюдать меры безопасности, пожары могут участиться.
18. Риддерде бір айлық мөлшердегі қар жауды
В Риддере выпала месячная норма снега.

Видеоновости с текстом по этой ссылке➡️
https://qazaqstan.tv/news/2024-11-12/

Казахско-русский словарь в комментариях⬇️


☄️Новости сегодня

1. Швецияда «Ұшатын паром» қолданысқа берілді
В Швеции введен в эксплуатацию «Летающий паром».
2. Алматыда инженерлік-технологиялық хаб ашылды
В Алматы открыт инженерно-технологический хаб.
3. Алматы облысында 5 мың түп ағаш екті
В Алматинской области высажено 5 тысяч саженцев деревьев.
4. «Таза Қазақстан» акциясы Павлодар жастарын біріктірді
Акция «Чистый Казахстан» объединила молодежь Павлодара.
5. Пәкістанда болған жарылыстан 25 адам қаза тапты
В Пакистане в результате взрыва погибли 25 человек.
6. Washington Post: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті
Washington Post: Трамп и Путин провели телефонный разговор.
7. Мемлекет басшысы Польша президентіне құттықтау жеделхат жолдады
Глава государства направил поздравительное послание президенту Польши.
8. Қостанай облысында боранда жолда қалған үш адам құтқарылды
В Костанайской области спасены три человека, застрявшие на дороге в метель.
9. Алыс ауылда жас өрендерді баптап, жеңіске жетіп жүр
В отдаленной деревне тренируют юношей, добиваясь побед.
10. Қазақ самбошылары әлем чемпионатында жүлдегер атанды
Казахстанские самбисты стали призерами чемпионата мира.
11. Ақтөбеде жол ережесін екі айда 308 рет бұзған
В Актобе нарушил правила дорожного движения 308 раз за два месяца.
12. Қазақ туы Антарктида шыңына тігілді
Флаг Казахстана поднят на вершине Антарктиды.
13. Таяу Шығыста тұрғындар атысты тоқтатып, кепілдегілерді босатуды талап етті
На Ближнем Востоке жители требуют прекращения огня и освобождения заложников.
14. Ақмола облысында автобус жүргізушісі мас күйінде ұсталды
В Акмолинской области задержан водитель автобуса в нетрезвом состоянии.
15. Испанияда 100 мыңнан астам адам шеруге шықты
В Испании на демонстрацию вышли более 100 тысяч человек.
16. ШҚО-да боранда адасқан тұрғын құтқарылды
В ВКО спасен заблудившийся в метели житель
17. Боран, көктайғақ, тұман: Ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Метель, гололед, туман: объявлено предупреждение в связи с погодными условиями.

Видеоновости с текстом по этой ссылке➡️
https://qazaqstan.tv/news/2024-11-11/

Казахско-русский словарь в комментариях⬇️


☄️Новости сегодня

1. Алматылық спортшы қыз 11 дүркін әлем чемпионы атанды
Алматинская спортсменка стала 11-кратной чемпионкой мира.
2. Астанада «Ауыл ойындары-2024» турнирі өтіп жатыр
В Астане проходит турнир «Сельские игры-2024».
3. Жасанды интеллект мұғалімдердің жұмысын жеңілдетті
Искусственный интеллект упростил работу учителей.
4. Прагада қазақ ертегілері чех тілінде жарық көрді
В Праге вышли казахские сказки на чешском языке.
5. «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы бекітілді
Утверждена концепция развития экологической культуры «Чистый Казахстан».
6. «Әлем және біз»: Трамп әкімшілігінің Орталық Азия елдеріне қатысты саясаты өзгере ме?
«Мир и мы»: Изменится ли политика администрации Трампа в отношении стран Центральной Азии?
7. Берлин қабырғасының құлағанына 35 жыл толды
35 лет со дня падения Берлинской стены.
8. Алматы облысындағы ерекше қорғалатын аумақта қарақұйрықтар көбейіп келеді
В особо охраняемой зоне Алматинской области увеличивается численность джейранов.
9. Елімізде тері өңдеу кәсібі кенжелеп тұр
В нашей стране кожевенное производство находится в упадке.
10. «7-20-25» бағдарламасына өзгерістер енгізілді
В программу «7-20-25» внесены изменения.
11. Маңғыстау облысы Аташ ауылындағы жағалау түгелдей жекеге өтіп кеткен
Побережье в селе Аташ Мангистауской области полностью перешло в частную собственность.
12. Елімізде 15 жылда Ми-8 тікұшақтары 7 рет құлаған
За 15 лет в нашей стране вертолеты Ми-8 потерпели крушение 7 раз.
13. Ақтөбе облысындағы тікұшақ апаты: Бір адам қаза тауып, екеуі ауыр жараланды
Вертолетная авария в Актюбинской области: один человек погиб, двое тяжело ранены.

Видеоновости с текстом по этой ссылке➡️
https://qazaqstan.tv/news/2024-11-9/

Казахско-русский словарь в комментариях⬇️


☄️Новости сегодня

1. Қазақстандық композитор әрі пианист беделді сыйлыққа ұсынылды
Казахстанский композитор и пианист номинирован на престижную премию.
2. Ақтөбеде жас спортшылар су спортымен айналыса алмай отыр
В Актобе молодые спортсмены не могут заниматься водными видами спорта.
3. АҚШ-та зертханадан 43 маймыл қашып кетті
В США из лаборатории сбежали 43 обезьяны.
4. Индонезияда жанартау маңынан 6 мыңға жуық адам эвакуацияланды
В Индонезии около 6 тысяч человек эвакуированы из окрестностей вулкана.
5. Бельгияда 25 мың адам ереуілге шықты
В Бельгии на забастовку вышли 25 тысяч человек.
6. Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасынан 155 жұмысшы эвакуацияланды
В Карагандинской области из шахты «Абай» эвакуированы 155 рабочих.
7. Рудный қаласындағы 55 тұрғын үйде жылу әлі жоқ
В городе Рудный в 55 жилых домах до сих пор нет отопления.
8. Азия даму банкі «Қызылорда – Жезқазған» автожолының құрылысын қаржыландыруы мүмкін
Азиатский банк развития может профинансировать строительство автодороги «Кызылорда – Жезказган».
9. Қызылорда облысының тұрғындары эко-марафон өткізді
Жители Кызылординской области провели эко-марафон.
10. Биыл планетадағы ауа температурасы 1,5 градусқа жоғарылаған
В этом году температура на планете повысилась на 1,5 градуса.
11. Қазақстан ЖИ енгізу бойынша ТОП 50 елдің қатарына кірді
Казахстан вошел в ТОП-50 стран по внедрению искусственного интеллекта.
12. Ғалым Параг Ханнаның Public talk өтті
Ученый Параг Ханна провел Public talk.
13. Ұлыбританияда роботтың картинасы алғаш рет аукционда сатылды
В Великобритании картина, созданная роботом, впервые продана на аукционе.
14. Оңтүстік Кореяда қайық суға батып, 12 адам жоғалып кетті
В Южной Корее затонула лодка, 12 человек пропали без вести.
15. Трамп командасын жасақтауға кірісті
Трамп приступил к формированию команды.
16. Қазақстандағы қызметтік паспорт иелері Бенилюкс елдеріне визасыз бара алады
Владельцы служебных паспортов Казахстана могут ездить в страны Бенилюкса без виз.
17. Кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетуге арналған ақпараттық жүйе іске қосылады
Будет запущена информационная система для облегчения работы предпринимателей.
18. Заңсыз активтер есебінен мемлекетке 525 млдр теңге аударылды
За счет незаконных активов государству перечислено 525 млрд. тенге.
19. Елімізде 17 мыңнан астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелді
В нашей стране зарегистрировано более 17 тысяч фактов интернет-мошенничества.

Видеоновости с текстом по этой ссылке➡️
https://qazaqstan.tv/news/2024-11-8/

Казахско-русский словарь в комментариях⬇️


☄️Новости сегодня

1. Шымкенттен 30 тоннадан аса қоқыс шығарылды
Из Шымкента вывезено более 30 тонн мусора.
2. Еліміз сынық аурулары бойынша үшінші орында тұр
Наша страна занимает третье место по переломам.
3. Түркістан облысында уран қалдығын көрінген жерге төккен
В Туркестанской области слили урановые отходы на видном месте.
4. Шымкентте қарасан ауруының бұрынғы ошақтары тұрғындарға қауіп тудырады
В Шымкенте прежние очаги сибирской язвы представляют угрозу для жителей.
5. СҚО-да көктемде төселген асфальт әр жерден жарылып кеткен
В СКО весной уложенный асфальт потрескался в разных местах.
6. Алматыдағы автобус апаты: Айыпталушы істі прокурорға қайтаруды сұрады
ДТП с автобусом в Алматы: обвиняемый попросил вернуть дело прокурору.
7. Қатты жел астаналықтарды да әбігерге салып жатыр
Сильный ветер создает лишние хлопоты жителям столицы.
8. Павлодарда ағаш құлап, 67 жастаға азаматты мерт қылды
В Павлодаре дерево упало, погиб 67-летний гражданин.
9. Енді өңірлердегі түйткілді мәселелер ескерусіз қалмайды
Теперь проблемные вопросы в регионах не останутся без внимания.
10. Қазақстандықтар бұдан былай әскерге SMS арқылы шақырылады
Казахстанцы теперь будут призываться в армию через SMS.
11. Германия канцлері Олаф Шольц қаржы министрін орнынан алып тастады
Канцлер Германии Олаф Шольц отстранил министра финансов.
12. Камала Харрис сайлауда жеңілгенін мойындады
Камала Харрис признала поражение на выборах.
13. Түркістан облысында жүздеген мигрант сот шешімін күтуге мәжбүр
В Туркестанской области сотни мигрантов вынуждены ждать решения суда.
14. Қызылордада қаржы жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
В Кызылорде осуждены директор школы и главный бухгалтер за хищение средств.
15. Көлік дөңгелегін ауыстырмағандар 18 460 теңге айыппұл төлейді
Водители, не сменившие шины, будут оштрафованы на 18 460 тенге.
16. Астанада оқушылар қашықтан оқып жатыр
В Астане ученики обучаются дистанционно.
17. Ақтөбе облысында жолда қалған 10 адам құтқарылды
В Актюбинской области спасли 10 человек, застрявших на дороге.
18. Қазгидромет: Еліміздің 17 өңіріне дауылды ескерту жарияланды
Казгидромет объявил штормовое предупреждение в 17 регионах страны.

Видеоновости с текстом по этой ссылке➡️
https://qazaqstan.tv/news/2024-11-7/

Казахско-русский словарь в комментариях⬇️


☄️Новости сегодня

1. Алғаш рет симфониялық оркестрмен робот концерт берді
Впервые робот дал концерт с симфоническим оркестром.
2. Жетісу облысында «Жайлы мектеп» ашылды
В Жетысуской области открылась «Комфортная школа».
3. Е.Бөлекпаев: Қарағанды облысы қысқа дайын
Е. Болекбаев: Карагандинская область готова к зиме.
4. Семейде 1,5 млн теңгеден асқан айыппұлы бар жүргізуші ұсталды
В Семее задержан водитель с долгом по штрафам более 1,5 млн тенге.
5. Маңғыстауда 700-дей науқас жәрдемақыдан айырылған
В Мангистау около 700 пациентов лишились пособий.
6. Елімізде ерекше балалар көбейіп барады
В нашей стране растет число особенных детей.
7. АҚШ президентін сайлау: Халық ерекше белсенді
Выборы президента США: высокая активность населения.
8. Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады
Токаев примет участие в саммите Организации тюркских государств.
9. Президент ірі компаниялардың басшыларымен кездесті
Президент встретился с руководителями крупных компаний.
10. АҚШ-тағы президенттік сайлауда Трамп алда келеді
На президентских выборах в США Трамп лидирует.
11. Фернандо Хессель: АҚШ халқы саяси науқанда белсенділік танытты
Фернандо Хессель: Народ США проявил активность в политической кампании.
12. Испаниядағы тасқын кезінде 89 адамның жоғалып кеткені анықталды
Во время наводнения в Испании было обнаружено 89 пропавших без вести
13. Маңғыстауда мектептер мен колледждер онлайн оқуға көшірілді
В Мангистау школы и колледжи переведены на онлайн обучение.
14. Алмасбек Садырбаев алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды
Алмасбек Садырбаев задержан по подозрению в мошенничестве.
15. Тіршілік көзінен тарығып отыр
Нуждаются в жизненно важных ресурсах.
16. Ауылдың үздік тәжірибесі экспортталуда
Лучший опыт села экспортируется.
17. Балаларға вакцина салдыру үшін ата-ана электронды түрде келісім беруі керек
Родители должны дать согласие в электронном виде на вакцинацию детей.

Видеоновости с текстом по этой ссылке➡️
https://qazaqstan.tv/news/2024-11-6/

Казахско-русский словарь в комментариях⬇️


☄️Новости сегодня

1. Францияда «Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары» көрмесі ашылды
Во Франции открылась выставка «Казахстан: Жемчужины Великой Степи».
2. Каспий елдері цифрландыру саласын бірлесе дамытпақ
Страны Каспия будут совместно развивать сферу цифровизации.
3. АҚШ-тағы президент сайлауының басталуына санаулы сағаттар қалды
До начала президентских выборов в США осталось несколько часов.
4. Оралда бұралқы иттер 150-ге жуық қойды қырып кеткен
В Уральске бродячие собаки погубили около 150 овец.
5. Ақтөбедегі маңызды жол құрылысы тоқтап қалды
Строительство важной дороги в Актобе приостановлено.
6. Ақтауда дауыл соғып, 4 адам зардап шекті
В Актау пронёсся шторм, пострадали 4 человека.
7. Жер сілкінісі: Талғар қаласында оқу тоқтатылды
Землетрясение: в Талгаре приостановлены занятия.
8. Қостанай облысында алғашқы жайлы мектеп ашылды
В Костанайской области открыта первая комфортная школа.
9. Жапония ғарыш аппаратын экологияға зиян тигізбейтіндей етіп құрастыра бастады
Япония начала разрабатывать космический аппарат, безопасный для экологии.
10. Ганада жүздеген адам заңсыз алтын кеніштерінің жұмыс істеуіне қарсы шеруге шықты
В Гане сотни людей вышли на демонстрацию против работы нелегальных золотых шахт.
11. LRT пойызы операторларын оқытуға құжат қабылдау басталды
Начат приём документов на обучение операторов поезда LRT.
12. Еліміздің бес өңірінде ауыл әкімдерінің форумы өтті
В пяти регионах страны прошел форум сельских акимов.
13. Ақмола облысында жүзден астам адам жылдар бойы мүгедектігі бойынша есепке қойылмай келген
В Акмолинской области более ста человек не были учтены в течение нескольких лет как люди с инвалидностью.
14. Оралда сот төрағасы Руслан Жұмағұлов пара алып жатқан жерінен ұсталды
В Уральске председатель суда Руслан Жумагулов задержан при получении взятки.
15. Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады
На большей части страны ожидаются осадки.
16. Бокстан Әлем чемпиондары елге оралды
Чемпионы мира по боксу вернулись на родину.

Видеоновости с текстом по этой ссылке➡️
https://qazaqstan.tv/news/2024-11-5/

Казахско-русский словарь в комментариях⬇️


☄️Новости сегодня

1. Халық ипотекалық несиелерге жиі жүгіне бастаған
Население стало чаще обращаться за ипотечными кредитами.
2. Қазақстанда жүк көлігін шығаратын зауыт салынады
В Казахстане будет построен завод по производству грузовых автомобилей.
3. Валенсия тұрғындары корольге шабуыл жасады
Жители Валенсии напали на короля.
4. Шымкент зауыттарына улы қалдықтарды анықтайтын құрал орнатылды
На заводах Шымкента установлены приборы для обнаружения токсичных отходов.
5. Қарағанды облысында 40 жылқы ұрлаған барымташылар ұсталды
В Карагандинской области задержаны скотокрады, укравшие 40 лошадей.
6. Өскеменде қайтыс болған донордың ағзасы 4 адамға салынды
В Усть-Каменогорске органы умершего донора пересажены четырем людям.
7. Израиль – «Хезболла» соғысынан 3 мыңдай адам қаза тапты
В результате войны Израиля с «Хезболлой» погибло около 3 тысяч человек.
8. Ливаннан 41 отандасымыз елге оралды
Из Ливана вернулся на родину 41 наш соотечественник.
9. Францияда қазақ тарихына арналған көрме ашылады
Во Франции откроется выставка, посвященная казахской истории.
10. Астанадағы Maqsut Narikbayev University-де «Болашақ прокурор кеңістігі» бұрышы ашылды
В университете Maqsut Narikbayev University в Астане открыт уголок «Пространство будущего прокурора».
11. Маңғыстауда жұмысшылардың жалақысына бөлінген қаржыны жымқырған компания басшысы ұсталды
В Мангистау задержан руководитель компании, присвоивший средства, выделенные на зарплаты рабочих.
12. Шымкентте мемлекеттік сатып алу конкурстарын жеңген 12 компания күдікке ілінді
В Шымкенте 12 компаний, выигравших конкурсы на госзакупках, оказались под подозрением.
13. Алматы облысында мемлекеттік рәміздерді далаға тастағандар іздестіріліп жатыр
В Алматинской области разыскиваются лица, выбросившие государственные символы на улицу.
14. АҚШ-тағы Президент сайлауына алғаш рет Қазақстанның ОСК мүшелері байқаушы ретінде қатысты
Члены ЦИК Казахстана впервые выступили наблюдателями на выборах президента США.
15. Молдовада президент сайлауында Майя Санду жеңіске жетті
В Молдове на президентских выборах победила Майя Санду.
16. Сайлау қарсаңында Вашингтонда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр
В Вашингтоне усиливаются меры безопасности накануне выборов.
17. Испанияның алапат тасқыннан зардап шеккен Валенсия аймағында тағы да жауын құйды
В пострадавшем от наводнения районе Валенсии в Испании вновь идут проливные дожди.
18. Түркияда газ жарылып, бір адам қайтыс болды
В Турции произошел взрыв газа, погиб один человек.
19. Қарағанды облысында құрылыс алаңында жұмысшы биіктен құлап, қаза тапты
В Карагандинской области на строительной площадке рабочий погиб, упав с высоты.
20. Талғарда Хасан Қасымбаев ұсталды
В Талгаре задержан Хасан Касымбаев.

Видеоновости с текстом по этой ссылке➡️
https://qazaqstan.tv/news/2024-11-4/

Казахско-русский словарь в комментариях⬇️


📱 https://youtube.com/playlist?list=PLcU7Hgeg3yr5dhmbKzv61zljIfbf9hzkv

Продолжаем погружение в казахский язык! Видеоуроки за 3 класс идут в медленном темпе речи и включают частые повторы. Просматривая их, вы начнёте улавливать на слух фразы и обороты автоматически, не задумываясь, что усилит вашу уверенность в освоении языка.

Если какие-то слова или выражения всё же кажутся сложными, есть дополнительный канал, где эти же уроки представлены с русскими объяснениями — вы можете обратиться к ним и улучшить понимание.
📱 https://youtube.com/playlist?list=PLHJDp0gfS3SUkWyCa4S7ArW13wmyNu6ny

🙂 Погружайтесь в казахский язык, чувствуйте его ритм и структуру — с каждым уроком он будет становиться вам ближе!


☄️Новости сегодня

1. Еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов елге оралды
Чемпион мира по вольной борьбе Нуркожа Кайпанов вернулся на родину.
2. Патриотизм және стиль: қазақстандықтар әлемдік трендті бағындырды
Патриотизм и стиль: казахстанцы покорили мировой тренд.
3. Тұңғыш рет оқушылар арасында айтыс өтті
Впервые прошел айтыс среди школьников.
4. Еуропа мен орталық азиядағы көші-қон саясаты талқыланды
Обсуждена миграционная политика в Европе и Центральной Азии.
5. Әкенің тәрбиесін 100 мектеп бере алмайды
Отцовское воспитание не могут дать 100 школ.
6. Дубай полициясы дрондар санын көбейтпек
Полиция Дубая намерена увеличить количество дронов.
7. Ақтөбеде өрт сөндіру көліктеріне кедергі көп
В Актобе много препятствий для пожарных машин.
8. Қарағанды облысында жаңа емхана ашылды
В Карагандинской области открылась новая поликлиника.
9. Қазақстанда дәрігер мамандар жетіспейді
В Казахстане не хватает врачей.
10. ШҚО-да суармалы алқаптардың көлемі артып келеді
В ВКО увеличивается площадь орошаемых полей.
11. Ұлытау облысында ЖЭО мен зауыттардан шығатын зиянды қалдықтар тексеріледі
В Улытаусской области проверят вредные выбросы с ТЭЦ и заводов.
12. Ақмола облысындағы Жібек жолы ауылына газ жіберілді
В село Жибек Жолы в Акмолинской области подан газ.
13. Елде Neo nomad визасы енгізілді
В стране введена виза Neo nomad.
14. Сербияда вокзалдың шатыры опырылып, 14 адам қаза тапты
В Сербии обрушилась крыша вокзала, погибло 14 человек.
15. Испанияда тасқын құрбандарының саны 200-ден асты
Число жертв наводнения в Испании превысило 200 человек.
16. Алматының оңтүстік-шығысында жер сілкінді
На юго-востоке Алматы произошло землетрясение.

Видеоновости с текстом по этой ссылке➡️
https://qazaqstan.tv/news/2024-11-2/

Казахско-русский словарь в комментариях⬇️

Показано 20 последних публикаций.