Qazaqstan.tv


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.
Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.
@qazaqstantvshare_bot

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


🚨Полиция екі ай ішінде іздеуде жүрген 311 адамды ұстады

Ішкі істер министрлігі еліміздің құқық қорғау органдары іздестіріп жатқан 311 күдіктіні ұстады. Оның ішінде 7 адам кісі өлтіргені үшін, 1 адам қарақшылық шабуыл жасағаны үшін, жетеуі адам тонағаны үшін, 75 адам ұрлық жасағаны үшін қашып жүрген. Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен 145 адамның жүрген жері анықталды.

Полицейлері ТМД және алыс шет елдерде халықаралық іздеу жарияланған 85 қылмыскерді ұстады.

«Түркістан облысында мемлекеттік шекарадан өтпек болған кезде екі жыл бұрын Мәскеу тұрғынын өлтіргені үшін іздеуде жүрген 42 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды. Сондай-ақ Жамбыл облысында шетел азаматы ұсталды. 2014 жылы Тәжікстан полицейлері одан 72 келіден астам гашиш тәркілеген», - деді Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.


Оның айтуынша, шетелдерде іздеуде болған 21 қазақстандық ұсталған.

📺@qazaqstantv


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
📚Ұлттың жаңа келбетін қалыптастыратын білім бағдарламасы

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» еліміздің жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген саясаты көрініс тапқан бағдарлама. Мұғалім баланың бойына біліммен қатар ұлттық тәрбиені қоса береді.

📺Бүгін «Qazaqstan» телеарнасында ⏰ 14:10-да «Ұлттың жаңа келбеті» арнайы жобасы көрсетіледі.

📹Instagram 📹TikTok 💬WhatsApp 📒Facebook


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
📣Бүгін Ұлттық құрылтай отырысы өтеді

Бурабайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтеді.

Пленарлық отырыс түстен кейін басталмақ. Бұл ретте экологиялық мәселелер де қамтылуы мүмкін.

📺@qazaqstantv


🚛Қостанай облысында 174 жүк көлігі жолда тұрып қалды

Қостанай облысында боран мен көктайғаққа байланысты төрт облыстық, екі республикалық маңызы бар жолда қозғалыс шектелді. Соның салдарынан 174 ауыр жүк көлігі жолда тұрып қалды.

Ұзын-сонар көлік тізбегі Әулиекөл ауданы мен Октябрь кентінің арасында жол жиегінде тізіліп тұр. Олардың ішінде Қырғызстан-Ресей бағытындағы автобус та бар. Жолда қалғандардың арасында 4 бала бар.

Полиция қызметкерлері жолаушыларды жылы жерге – жергілікті мектептің спорт залына орналастырды. Ал өңір құтқарушылары түнде 27 жолаушыны қар құрсауынан алып шықты.

📺@qazaqstantv


☀️Биыл Наурыз жаңаша форматта тойланады

📌14 наурыздан бастап елімізде Наурызнама онкүндігі өтеді. Онкүндік аясында 1,5 мыңнан астам мәдени, спорттық және қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырылады.

📍Наурызнаманың әр күні қоғамның түрлі саласына арналып, ұлттық дәстүр мен құндылықтарды дәріптеуге бағытталады. Бұл көпкүндік тойлау дәстүрі халқымыздың мәдени мұрасымен үндеседі.

Мерекелік бағдарламалар елдің түкпір-түкпірінде өтеді. Астанада – «Қамажай» флешмобы, Көкшетауда – «Кимешектер шеруі», Ақтөбеде – ұлттық киімдер шеруі және басқа да шаралар жоспарланған.

📺@qazaqstantv


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
⚜️Англияда Амал мерекесі тойланды

Көрісу күнінде, әсіресе, батысқазақстандық және атыраулық студенттер белсенді болды. Отандастарымыз өзара тойлап қана қоймай, шетелдіктер арасында да ұлттық құндылықтарымызды насихаттады.

Тұманды Альбионда жылқы етін сатуға тыйым салынған. Қазы-қарта болса да жоқ. Бірақ соған қарамастан дастарханына бауырсағын, елден алдырған құрт-ірімшігін қойып, наурыз көжесін пісіретін қазақ көп.

📺@qazaqstantv


⚜️Аралда «Амал мерекесі» тойланып жатыр

🇬🇧Ұлыбританияда «Көрісу мерекесі» тойланды

📣Бүгін түстен кейін Көкшетауда Ұлттық құрылтайдың отырысы өтеді

💦Оралда үлкен канал суға толып кетті

🌷Экология министрлігі ескертеді: Қызғалдақ жұлсаңыз айыппұл салынады

📺Толығырақ 10:00-де «Ақпаратта»

📺@qazaqstantv


🎶Елімізде оқушылар Наурыз мерекесінде бір мезгілде күй тартады

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, 20 наурыз күні сағат 11:00-де Наурыз мейрамына орай барлық мектепте республикалық челлендж өтеді.

Шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылығын қалыптастыру, ұлттық мәдени мұраны сақтау және балалар арасында домбыра өнерін насихаттау.

«Оған барлық оқушы қатыса алады. 2023 жылдан бастап челлендж барлық білім беру ұйымдарында ұйымдастырылып келеді және ол маңызды мәдени оқиғаға айналды. Челлендж «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы мен «Наурызнама» іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылады», - дейді министрліктің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Ерлан Қалмақов.


📌Айта кетейік, Наурыз мейрамын мерекелеу 14-23 наурыз аралығында еліміздің барлық мектебінде өтеді.

📺@qazaqstantv


💉Коронавирустың зардабымен күрес әлі жалғасып жатыр

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирусты пандемия деп жариялағанына 5 жыл болды. Қауіпті ауру әлем халқын әбігерге салғанын әлі ешкім ұмыта қойған жоқ. Ковидпен 650 млн-дай адам ауырып, 6 жарым млн-ға жуық науқас қайтыс болды. Қазір жағдай тұрақты. Дегенмен жұқпалы дерттің зардабымен күрес әлі жалғасып жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің дерегінше, елімізде 4 жыл ішінде 1,5 млн адам коронавируспен ауырған. Жұқпалы дерттің салдарынан 20 мыңдай науқас көз жұмған. Қайтыс болғандардың көбі - қарттар мен созылмалы ауруы бар адамдар. Пандемия аяқталды дегенімізбен, індет жоқ болып кеткен жоқ. Мәселен, жыл басталғалы 138 адамнан коронавирус анықталған.

«Қазір ауырған адамдар амбулаториялық деңгейде ем алады да, тез жазылып кетеді. Коронавирустан стационарлық ем алып жатқандар жоқ. Кәдімгі ЖРВИ-мен ауырған сияқты жөтелі болады, тамағы ауырады, температурасы көтеріледі. Басты ерекшелігі - дәм, иіс сезу аздап жоғалуы мүмкін», - дейді ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Жасұлан Алпысбаев.


Коронавирус пандемиясы кезінде елімізде жаппай егу науқаны жүргізілгені белгілі. Үкімет инфекцияға қарсы 27 млн доза вакцина сатып алды.

📺@qazaqstantv


⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады

Құрметті отандастар!

Сіздерді әз-Наурыздың бастауы – Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз.

Қыстан шығып, шуақты көктемге аман жеткен ағайын осы күні бір-бірімен көріседі. Жастар үлкендерге сәлем беріп, қариялардың батасын алады. Халқымыз ежелден осындай ғұрыптар арқылы бауырмалдық пен жанашырлықты, татулық пен мейірімділікті дәріптеп, ұрпақтың бойына асыл қасиеттерді сіңіре білген. Мұның бәрі қазіргі Қазақстанның Адал азамат тұжырымдамасымен толық үндеседі.

Бүгінде Наурыз мейрамы алдындағы көрісу ғұрпы қайта жаңғырып, жалпыұлттық сипат ала бастады. Осы бірегей дәстүріміз еліміздің ырысты ынтымағы мен берекелі бірлігін нығайта түседі деп сенемін.

Әр шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін!
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!
Айдан аман, жылдан есен болайық!

📺@qazaqstantv


🤝Бүгін - Көрісу күні

14 наурызда Қазақстанның батыс өңірінде Көрісу күні (Амал мерекесі) аталып өтеді. Бұл күні тұрғындар туған-туыс, көрші-көлеммен көрісіп, бір-бірін жаңа жылдың басталуымен құттықтайды. Бұрынғы өкпе-реніш, араздықты ұмытып, жақсы тілектер тілейді.

🌷Жыл басы құтты болсын!

📺@qazaqstantv


📶Тұман, жел, жаяу бұрқасын: 14 наурызға арналған ауа райы болжамы

Бүгін антициклон Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына ықпал етеді, негізінен жауын-шашынсыз болуы мүмкін. Тек елдің солтүстігі, солтүстік батысы мен орталығында жаңбыр мен қар жауады.

📍Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте жаяу бұрқасын соғады.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 30 м/с-ге жетеді, кей уақытта одан да асып кетуі мүмкін деп болжануда.

🌨Астанада күн ала бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 0°C шамасында болады, желдің жылдамдығы 9-14 м/с.

🌤Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +11+13°C, желдің жылдамдығы 2-7 м/с.

🌤Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +17+19°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

📺@qazaqstantv


💬Лаура Қарабасова: Қазақ тілі– ғылым тіліне айналуы керек

Ұлттық құрылтайда Қ.Жұбанов атындағы университет ректоры Лаура Қарабасова жоғары оқу орындарындағы білім сапасын арттыруға қатысты бірқатар мәселе көтерілгенін айтты.

«Қазақ тілі – ғылым тіліне айналуы керек. Ол үшін қоғам болып, инститтуттар, университеттермен бірігіп, әрекет етуіміз қажет. Оқулықтардың сапасы және алдағы уақытта әлемнің үздік оқулықтарын қолжетімді ету жайы сөз болды. Тек гуманитарлық саладағы емес, техникалық саладағы оқулықтардың сапалы әрі қазақ тілінде болуы туралы ұсыныс айтылды» -дейді Лаура Қарабасова.


Сондай-ақ құрылтай мүшесінің айтуынша, өңірлік ғылымды дамыту, өңірлік университеттерге қолдауды күшейту мәселесі талқыланды.

«Ақтөбе қаласында жетекші техникалық университет филиалдарының кампусын аштық. Кампуста сабақтар ағылшын тілінде жүргізіледі. Орта білім беретін оқу орындарына балалар дайындықпен келуге міндетті. Талапкерлердің сыни тұрғыдан ойлау қабілетінің болуы, функционалды сауатты болуы, сондай-ақ ағылшын тілін жақсы деңгейде білуі маңызды. Қазір біз Қазақстандағы жоғары білімді дамытуды көздесек, орта білім беру саласы осы үрдістен қалмауы тиіс. Бізде жеке мектептегі оқушыларының ағылшын тілін білу деңгейі жоғарырақ, әлеуметтік әділдік мәселесіне келетін болсақ, тек жеке мектептер емес, орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде де ағылшын тілін үйрету сапасын арттыру қажет»,- дейді ол.

📺@qazaqstantv


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
⚡️«Әйелдер колониясын зерттедім»

Заңгер, Ұлттық құрылтай мүшесі, Айман Омарова «Qazaqstan» телеарнасының көшпелі студиясында сұхбат берді.

⏺«Әйелдер мен балалар түрмесін зерттедім. Әйелдер отыратын 6 мекеме бар екен. Соның ішінде екеуі 1937 жылы ашылған. Сол жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Тіпті ана мен бала бірге отыратын жалғыз Жауғашты мекемесі де бар», - дейді заңгер.

📺@qazaqstantv


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
«Қазіргі жастар нақты нәтижені көздейді»

«Qazaqstan» телеарнасының көшпелі студиясында сұхбат берген Ұлттық құрылтай мүшесі Олжас Сүлейменов қазіргі жастардың арманы қандай деген сұраққа жауап берді.

⚡️«Қазіргі жастар нақты нәтижені көздейді. Жастар бүгінде тренингке барады. Онда жетістікке жету жолын іздейді. Тіпті университет қажет пе деп ойланады. Ал біз мұндай сұрақ қоймайтынбыз. Осы тұрғыда қазіргі жастар мықты», - деді ол.

📺@qazaqstantv


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Амал мерекесі: Маңғыстаудағы Отпан тауда «Бірлік оты» жағылды

14 наурыз күні Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталады. Алғашқы күні Амал мерекесі (көрісу) тойланады. Бұл – Наурыз мейрамының бастауы.

Осыған орай Маңғыстаудағы Отпан тауда «Бірлік оты» жағылды.

Айта кетейік, елімізде Наурыз мейрамы 14-23 наурыз аралығында тойланады.

📺@qazaqstantv


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
💬«Құрылтайға әртүрлі көзқарастағы азаматтар жиналады»

Мәжіліс депутаты, Ұлттық құрылтай мүшесі Максим Рожин «Qazaqstan» телеарнасының көшпелі студиясында сұхбат берді.

«Құрылтайдың мақсаты – ойы мен көзқарасы әртүрлі азаматтарды жинап, мәселенің ортақ шешімін диалог арқылы табу. Құрылтайға 117 азамат мүшелік етеді. Ротация арқылы жаңа адамдар келеді, олар жаңа идея мен жаңа леп әкеледі. Қоғамда түрлі көзқарастағы адамдар өмір сүреді. Сол көзқарас өкілдері біздің арамызда жүргені – құрылтайдың маңызды алаң болатынына кепіл», - дейді Максим Рожин.


📺@qazaqstantv


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
«Жасанды интеллект тетіктерін қалай реттейміз?»

Мәжіліс депутаты, Ұлттық құрылтай мүшесі Жанарбек Әшімжан «Qazaqstan» телеарнасының көшпелі студиясында берген сұхбатында жасанды интеллектіні қолдану мәселесіне тоқталды.

⚡️«Жасанды интеллект қоғамдық өмірімізге енді, мен оған қарсы емеспін. Жаратылыстану, әлеуметтік, техникалық бағыттарда көмегі бар шығар. Ал гуманитарлық салада жасанды интеллект бүкіл көркем әдебиетімізге әсер етеді. Тіпті ақынның сөзін, сазгердің әніне дейін жазып береді. Сондықтан оның тетіктерін қалай реттейміз деген бағытты ойлануымыз керек», - дейді депутат.


📺@qazaqstantv


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🎬«Кино саясатын мемлекеттік деңгейде бақылау керек»

Бұл туралы Мәжіліс депутаты, Ұлттық құрылтай мүшесі Жанарбек Әшімжан «Qazaqstan» телеарнасының көшпелі студиясында берген сұхбатында айтты.
«Кино - идеология, кино - саясат. Қазір киномен кім көрінген айналысып жатыр. Бізде Мәдениет министрілігі, «Қазақфильм» бар. Осы құрылымдардың негізінде електен өтіп, көрерменге жол тартуы керек еді», - деді Ұлттық құрылтай мүшесі Жанарбек Әшімжан.


Оның айтуынша, қазіргі киноның деңгейі ұлттық ұстанымға, қазақ тіліне жасалып жатқан соққы іспетті.

«Оның сыртында қазақ тіліне, ұлттық ұстанымымызға жасалып жатқан соққы. Жартысы қазақша, жартысы орысша. Кино саясатын мемлекеттік деңгейде бақылау керек деп есептеймін », - дейді ол.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
💬Заңгер: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қылмыс екенін қоғам ұғынуы керек

Ұлттық құрылтай мүшесі, заңгер Айман Омарова «Qazaqstan» телеарнасының көшпелі студиясында сұхбат берді.

«Құрылтайды қоғамдық Парламент деп айтсақ болады. Құрылтай жұмысының нәтижесі – жаңа заңдардың шығуы, жаңа өзгерістердің болуы. Осыған дейін әйелдер мен балалар құқығын қорғау мәселелері көтерілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық Қылмыстық кодекске көшті. Ол да қоғамға өте пайдалы, мұның қылмыс екеніне қоғамды үйретуіміз керек. Кәмелет жасқа толмаған балаларды зорлағандарға 15-20 жыл емес, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Бұл да дұрыс деп санаймын», - дейді заңгер.


📺@qazaqstantv

Показано 20 последних публикаций.