Q CODE: Программалау мектебі


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Лингвистика


Armanyñnan bas tartpa!

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Лингвистика
Статистика
Фильтр публикаций






💼 Бұл Мастер класста мен сіздермен менің оқушы/ұстаз/студент ретінде өз практикамда кез келген емтиханда жоғары нәтижеге жеткізген әдіс тәсілдермен бөлісетін боламын!
🎯Мастер класс үлкен рефлексиялық жұмыс, емтиханға дайындық практикасында көптеп қателіктерді анализ жасау нәтижесі!

🙌 Сондықтан баршаңызға Мастер класс ақпараты пайдалы болады деп сенемін!

Күндеріңіз сәтті өтсін
Ізгі ниетпен,
Әкім Аңсар
Мастер класс қызықты болса
👉 https://t.me/+PhBkE7dGugI5ZmUy




*Информатика Ауыл мектептерiнiң олимпиадасы облыстық кезеңi II тур*
Арғы жылғы келген есептерді талдауын ұсынамын, осы жылы қатысатын оқушыларға пайдалы болар:
Талдау: https://youtu.be/fa7Bkz2Md3M

II тур Оқушы не білуі керек:
қарапайым abs(), int(), split() функциялары
құрылымдар: тізім, сөздік, жиын және олардың функциялары

Әрине бұл жарысқа оқушы барынша программалау негіздерін білуі қажет!
Сонымен қатар бұл арғы жыл тапсырмалары екенін ескеріңіз!
Іске сәт,
Сұрақтар болса жекеге жаза беріңіздер
Ізгі ниетпен,


*Информатика Ауыл мектептерiнiң олимпиадасы облыстық кезеңi I тур*
Арғы жылғы келген есептерді талдауын ұсынамын, осы жылы қатысатын оқушыларға пайдалы болар:
Талдау: https://youtu.be/2GYw7a5PGOw?si=3Fl-zmNXo69JCIwZ

I тур Оқушы не білуі керек:
Python Шарт, For, while, тізімдер, оларға пайдаланатын қарапайым функциялар sort(), len()
мәліметті дұрыс қабылдау split(), типтермен жұмыс
Негізі біздің Stepik Python курспен дайындалса оңай болады екен облыс деңгейі✊🏻






👨‍🏫 Алгоритмдер тақырыбына арналған видеолар жинағын жалғайық.

✍️ Бүгінгі тақырып
: Енгізу арқылы сұрыптау Insertion sort : //youtu.be/o-ZMryb7IpM

🤝 Келесі тақырып: Іздеу алгоритмдері

Сәлеметсіз бе! Алгоритмдер әлемінің қызығы мен шыжығын бірге үйренейік.
Алгоритмдер тақырыбына арналған видеолар жинағын түсіріп бастадық.
Бұл видео жинақта келесі тақырыптарды қамтимыз:
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритмді өлшеу. Үлкен О белгісі.
3. Сұрыптау алгоритмдері
Көпіршіктік сұрыптау
* Енгізу арқылы сұрыптау
4. Іздеу алгоритмдері
5. Граф алгоритмдері
Бұл жасалып жатқан видеолар БАРЛЫҒЫ ТЕГІН!
Қазақ тіліндегі контентті дамытуға бағытталған!
Сондықтан, еңбекті бағалау үшін не істеу керек екенін білетін шығарсыз!


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram




🎉 Әкім Аңсар Ресми Түрде Назарбаев Университеті Магистрі

Осыған дейін НУ кітапханасында отырып та біраз посттар жазушы едім.
Міне, 2 – жыл көзді ашып-жұмғанша өте шықты! Күні кеше оқуға түстім деп қуанышпен бөлісіп отырғандай сезіледі!
Бүгінгі күн НУ дипломды алып магистр атанып жатырмыз!

📌 НУ мен үшін?
Оқу орнынан үйренген дүние көп! Назарбаев Университеті мен үшін “Жоғары сапа”, “Зерттеу дағдысы”, “Рефлексия дағдысы” және “Networking” деп қорытындылауға болады.
📌 Қайта түсер ма едің?
Оқу орнында өткізген әрбір уақыт мен үшін таптырмас тәжірибе болды! Сондықтан бұл саяхатты қайта жүріп шығудан жалықпас ем!
📌 Қиын болды ма?
Әрине! Қиын болмаса қадірі қайдан болсын! Ол қиын болу керекті де! Ең бастысы қиындыққа қарамастан арманына ұмтылған адам жетеді!
📌 Ендігі жоспар?
Ал енді қол босағанның көкесі менде! Ойда бірнеше проект бар! Ол зерттеу, программалау, ұстаздар үшін ағылшын тілі және тағы да басқа!

Ең бастысы
Арманыңнан бас тартпа!
Ізгі ниетпен Әкім Аңсар


📣 Екі ай нәтижесі:

🎉 Міне екі жылдық Назарбаев Университеті Магистратурасын аяқтадым!
Соңғы екі айда интенсивті курстар өтіп, дипломдық зерттеу жұмысымды аяқтап, оны қорғап тексеру жүйесіне салып, бағасын да алып үлгердім!) (Бағасы А+). Өз ойым Университет халықаралық деңгейде, оқу сапасы да, профессорлар құрамы да керекті деңгейде. Кейде осындай сапалы оқуды тегін оқып жатырмын ба деген де ойлар келді, ал ол оқығаным үшін стипендия да төленді ғой). Әрине, судың да сұрауы бар, сондықтан менде өз артымнан ерген жастарға білімді таратуға дайынмын! Қазақстан үшін мұндай Университеттер саны көп бола берсін шіркін! Келесі қадам PhD?) (шет елдік университеттен шақыру да алып үлгердік, оны да көре жатармын қазірше Аңсар Магистр ойлануда)

🏆 Оқушылармен проектілік жұмыс Enactus Kazakhstan 2024 конкурсына полуфиналисті атандық:
Бұл конкурс мен үшін басқа конкурстардан ерекше әсер берді. Мұнда оқушылар өз дайындаған бизнес өнімдерін (ол IT болсын не басқа) нарыққа әзірлеп шығару процесінен өтіп, инвесторлар алдында қорғап шығу керек болатын. Жалындаған жастар барлығы осында! Ең қызығы мұндай процесті ешкімді мектепте не универде үйретіп жатқан жоқ оқушылар осы проект арқылы бизнесті іске асыру қадамдарын өздері біліп үйреніп жатыр. Бұл әрбір оқушы/студент үшін үлкен практика болып отырған Enactus Kazakhstan мектебі екен! Кез келген мектептің сапасын түлектеріне қарап біл дейді. Ал бұл жылы Enactus түлектері бірнеше жылдан кейін оралып қатысушы оқушыларға спонсор/инвестор болып та келіп отыр екен ол да бірталай затты айқындап берер! Қатысуға кеңес беремін!

🏆 Информатика олимпиададан Ақниет мырзаның екі жылдық нәтижесі:
Ақниет мырзаның 7 сыныптан бастап 0-ден үйретіп келген оқушылары қазір тоғызыншы сыныпты бітіріп жатыр. Екі жыл ішінде Юниор олимпиадасын жеңімпаздары атанды, Республика олимпиаданың жеңімпаздары атанды! Міне жақында өткен Жамбыл облысындағы ең үздіктер арасында топты жарған да солар! Олимпиададан жоғары нәтиже көрсеткен бұрынғы түлектерге қарасаң біреуі Лондонда Google-да, біреуі Голландияда Amazon-да, біреуі Ресейде Yandex-тегі керемет мамандар. Осының барлығы Ақниет мырза сияқты бір ұстаздың арқасы десе артық айтқан емес! Ал тоғызды бітіруші оқушылар болашақта Халықаралық жарыста да жеңістің тұғырынан көріне берсін!

📌 Q-CODE.KZ келесі қадам:
Міне оқу жылы аяқталды! Ал біз үшін жаңа талпыныс уақыты! Жоғарыдағыны оқып отырсыңыз біз босап қалғанымызды да байқып отырған шығарсыз!)
Youtube Ansar Akim каналында 700 ден аса адам жиналыпты! Олардың көбі информатика пәні мұғалімдері, ал Stepik сайтындағы курсымызда 1500-ге жуық адам тіркеліпті! Кәдімгідей кішігірім мектеп болып та қалыппыз!
Тізілген тақырыптар бойынша видео сабақтар түсірілімі жалғасады, сіздерден сұраныс активті болыңыздар коммент жазыңыздар, басқамен бөлісіңіздер, барлық затты тегін беріп отырған кейін пайдалы не пайдасыз ақпарат жасап жатқанымды да біліп отырғың келеді екен) Кейбіреулер тегін алғанның пайдасы шамалы дегенді де айтып жүр оны да естідік. Бірақ, мұғалімдер сабағымда мына видеоңды қолдандым дегеннің өзі мен үшін жақсы мотивация болып диплом жазумен қатар видео түсіру қатарлай ала жүрдім!
Айтарлықтай жайт Brand online мектебімен мемарандумға келіп курстардың сапасын ары қарай көтермелеу қадамында бастап та кеттік.
Ал Іске сәт!

📌Сұраныстар, ұсыныстар болса міндетті түрде комментке!
Ізгі ниетпен,
Әкім Аңсар




Репост из: Kazakhstan CP Federation
#KazCodeYouTubeChallenge #news

📣 Құрметті #KazCodeYouTubeChallenge байқауының қатысушылары, көптен күткен нәтижелерді жариялайтын сәт келді!

🏆 Жалпы жүлде қоры 1 000 000 теңге! Жүлделерді тапсыру үшін бір апта ішінде жеңімпаздармен байланысамыз.

📌 Қатысушылар YouTube-тегі арналарына қазақ тілінде екі номинация бойынша бейнежазбаны жүктеп салу керек болды: спорттық бағдарламалау бойынша «Тапсырма талдау» және алгоритмдер мен бағдарламалау тілдеріндегі «Тақырыптарды талдау».

📌 Қатысушылардың бейнебаяндарын тәжірибелі қазылар алқасы (50%) және көрермендердің пікірі (50%) бағалады.

🎉 Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және әрқашан биіктерден көрінулерін тілейміз! Федерацияның бас серіктесі – Freedom Broker-ке жарысты қолдап, бізбен бірге спорттық бағдарламаны дамытқаны үшін алғысымызды білдіреміз!




👨‍🏫 Алгоритмдер тақырыбына арналған видеолар жинағын жалғайық.

✍️ Бүгінгі тақырып Алгоритмді өлшеу. Үлкен О белгісі.
https://www.youtube.com/watch?v=Wuu_-E-iQY4

🤝 Келесі тақырып: Сұрыптау алгоритмдері

Бізбен бірге болыңыз!

Бұл жасалып жатқан видеолар БАРЛЫҒЫ ТЕГІН!
Қазақ тіліндегі контентті дамытуға бағытталған!
Сондықтан, еңбекті бағалау үшін не істеу керек екенін білетін шығарсыз!




🙌 Жаңа жылдың бірінші 20 күні біз үшін нәтижелі басталды!

🏆 Бірінші апта Олимпиада!
Информатика Олимпиадалық бағыттан облыстық кезеңнен республикалық этапқа Ақниет мырзаның дайындаған оқушылары бәрі 100% өтті! Олар Келесі кезеңге дайындықты бастап та кетті! Сәттілік!

🏆 Екінші апта Мұғалімдер жарысы IMPACT 2024 VI:
Q-code.kz мүшесі Әкім Аңсар Бүркітбекұлы мұғалімдер арасындағы Халықаралық жарыста қола жүлдемен оралды!

🏆 Тегін Python интерактивті курс 20 күндегі нәтиже:
150+ жаңа оқушы тіркелді, 4000 нан астам есеп шығарылып 30+ сертификат берілді
Python тегін курс: https://stepik.org/course/125421/syllabus

Ал сізде 20 күн қалай өтті?
Қаңтар ҰБТ – ға дайындық қалай?


👀 ҚАҢТАР АЙЫНДА ӨТЕТІН ҰБТ-ҒА ДАЙЫНСЫҢ БА?

😉 Біздің ресурстар саған көмектесе алады міне нәтиже:
🎯 Q-code.kz 3 - айда информатика практиканы толықтай бізбен қамтып шыққан оқушылар нәтижелері 45+ болып отыр.

🎯Тегін Python курсы нәтижелері

• Біздің тегін python курсымызды өтіп шыққан оқушы үшін ұбт да келетін сұрақтар тіпті оңай болып жатыр дейді ).
• Python тегін курс: https://stepik.org/course/125421/syllabus
Біз мыңбыз: Бұл курста да оқушылар саны 1000 нан астық!
• Оқушылар осы курс арқылы ақ қалалық олимпиадалардан орын алып жатқанын да естіп отырмыз!
🤝 Кері байланыс үшін алғысымыз шексіз! Бұл курстың ары қарай дамуына әсер ететіні сөзсіз.

Показано 20 последних публикаций.