Qzq Purism 𐰴𐰕𐰴:𐰯𐰆𐰺𐰃𐰕𐰢


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Другое


Навигация: t.me/qzqpurism/2
Жинақ: t.me/qzqpurism/6; t.me/qzqpurism/486
Social: youtube.com/@qzqpurism
Бірлестік: t.me/duwan_batyr
⚠️ Арна материалын алып жариялағанда қайнаркөз көрсеткен жөн

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Другое
Статистика
Фильтр публикаций


Example, for example, Sample (Пример, например, образец) – ❓

⚠️ кірме сөз

Мысалы ❌
Мәселен (мәселенки) ❌
Нұсқа ❌

⚠️ Төл Сөз

Үлгі / Үлгісі ✅
Өрнек / Өрнегі ✅
Өнеге ✅
Айталық (модаль сөз) ✅

⚖️ Басқа тілдерде:
Түрік: ülgü, örnek (мысал); örneğin (мысалы)
Әзірбайжан: ülgü
Қырымлы: örnek (example, pattern)
Қырғыз: үлгү, өрнөк
Ұйғыр: ئۈلگە (ülge, “model, example”)
Өзбек: o'rnak
Шор: ӱлге (ülge, “footwear pattern”)
Алтай: ÿлгÿ
Башқұр: өлгө (ölgö, “model, example”), үрнәк (пример), үрнәгенә (например)
Tatar: өлгө (ölgö), үрнәк (ürnäk)
Саха: холобур
Chuvash: ӗлкӗ (ĕlk‌ĕ)
Болгар: юрнек (jurnek)

📑 Толығырақ: telegra.ph/Example-for-example-Primer-naprimer-02-13

🔍 Қайнаркөз: комментте ⤵️

#Төл_Сөз #балама_сөз #Қазақ_тілі@qzqpurism

963 4 14 18 28

Татарша мысалдар:

1. Г ө р г ө р и: Арумы, Җаграп, арумы? (из пьесы «Гөргөри кияүләре» (Зятья Гэргэри)) (алғашқы спектакль 1995-те болды)

Миңнуллин, Т. А. Пьесалар / Туфан Миңнуллин. – Казан : Татар. кит. нәшр., 2021

2. Кәнҗебикә: Нихәл, җизни, арумы?
Таһир: Ару, ару, бик ару. Бу арада күренмәдең, кай тирәләрдә йөрдең? (из пьесы “ТАЙМАСОВЛАР (Патриотлар)»)

Тази Гиззат (Гиззатов Тази Калимович) ПЬЕСЫ. КАЗАН, ТАТАРСТАН КИТАП НӘШРИЯТЫ, 2006

3. – Арулармысыз барыгыз да? Егет белән кызны үстереп бетергәнсең ич син, күршекәй

Лилия Фәттахова. “Карурман миләүшәсе: хикәяләр” – Казан: Рухият, 2019

4. БАЙ БУЛСАҢ – АРЫУМЫСЫЗ, ҖАРЛЫ БУЛСАҢ – САУ БЫЛЫҒЫЗ
(Богаты – так здравствуйте, убоги – так прощайте)

Барышникова О.И., Осипова А.А., Шулежкова С.Г. Əйтем тиктəн əйтелмей // Пословица недаром молвится: толковый словарь пословиц и поговорок нагайбакского народа. ЗАО «Магнитогорский Дом печати». Магнитогорск, 2019

"Арумы=Арулармысыз=Арумысыз" бәрі бір мағына

💡 Татарша мысалдар жасауға көмектескен Vadim Mustaev-қа Алғыс 🤝🏆

#Төл_Сөз #балама_сөз #Қазақ_тілі@qzqpurism

873 3 5 18 24

Арумысың/Армысың

Мысал:

Өскен ел, туған жерім, армысың, жауға оқ атып, тойтарып жүрмін, - дейді солдат Омар (Ж. Аяшев).
С.Бизақов, Ә.Болғанбаев, Ш.Дәулетқұлов. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 720 б.;

«Жасық пышақ өтпейді жаныса да, жаман «ар ма?» демейді таныса да.» (Тәмсіл). Журналист Тоқан Бодаухан жинақтап ұсынған сөздер;

Айтамын, айт дегеннен арма, Жібек,
Ботасы өлген түйедей зарла, Жібек.
Кеткелі жаман жарың көп жыл болды,
Хабары сол жездемнің бар ма, Жібек!
«Қыз Жібек»;

– Армысың, бекзадалар? – деп хан есік алдында сәл кідірді.
– Барсыз ба, хан иеміз? – деп үйдегілер басын бұрынғыдан да ие түсті».
Ілияс Есенберлин «Қаһар»;

Үлкен едің ар ма!
Алдында кісі бар ма?
«Қобыланды» жыры;

Армысыз, Ақан аға!
Сәкен Жүніс "Ақан Сері";

— Арсыз ба, Бұқареке!
— Барсыңдар ма, өрендерім!
"Жанталас” романы;

— Армысыз, елімнің арысы? Амансыздар ма, арысымның арулары
«Жаралы сұңқар» Әлжаппар Әбіш;

– Армысыз, апай! Көкем үйде ме? – дедім.
– Үйде! Кіріңдер! – деді апай.
ШЕРХАН АУЫЛЫНЫҢ ШЕЖІРЕСІ (Хикая);

Арысым, нағашым, Армысыз!
Ағайын-туған, мал-жан аман ба?
«Кек» Елжас Бейсенбек, Арыс, 2008;

– Армысыз, тәтей! — Манадан бepi қара торы ене қызыл жалқын қуаныш қаны ойнап, күлімдеп тұрған тал шыбықтай әйелге үлкен ықыласпен амандасты.
Еркінбай Әкімқұл, Арқас, Алматы 2004;

«Армысың, атақоныс, жасыл мекен!
Ұлыңмын, мен сенің қасыңда өтем
Басқаның жерұйығын неғылайын
Жерұйығы өзімнің қасымда екен!»
Мұқа­ғали Мақа­таев­тың сөзіне жазылған Нұр­ғиса Тілендиевтің «Саржайлау» әні;

Тәтіқара: Армысыз, Абылай? Абылай: Армысың, ақыным?!
Ерік Асқар, «Арманымның ақ құсы», Астана, 2008;

‼️ Айтпақшы Татар, Басқұр тілінде "ару" сөзін бұрыннан & әлі күнге шейін күнделікті сөз арасына "жақсымысыз?; жақсы ма?" (сын есім) деп қолданады. Осы көрші Түркінің сөзінен-ақ жағдайды, саулықты білуге арналған сөз екенін & арабтың "ар" (ұят, намыс) сөзіне қатысы жоқ екенін аңғаруға болады. ℹ️ Сосын бір қызығы "Арумысыз" деген есендесу түрін тек христиан дініндегі Татарлар ғана қолданады екен. Ал жалпы Татарлар "Исәнмесез" деп есендеседі

#Төл_Сөз #балама_сөз #Қазақ_тілі@qzqpurism


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Төл Қазақы Есендесу 👋

⚖️ Басқа тілдер:
Ноғай: Әрусің ме?
Қырғыз: Арыбаңыз!

‼️ Р. Сыздық еңбегінде бұл сөз "амансыз ба; жағдайыңыз қалай, жақсы ма?" деген мағына беретінін көрсетіп тұр

ℹ️ "Арлысың ба?", "арың сақталған ба?", "ешкімнің ала жібін аттамадың ба?", "ұятың сақталған ба?" деген мағынаға еш қатысы жоқ. Көбі оны арабтың "ар" ("ұждан, ұят, намыс" мағыналы) сөзімен шатастырады

🔍 Қайнаркөз: 'https://t.me/qzqpurism/1757?comment=136634' rel='nofollow'>комментте ⤵️

Монтаж: Cryptan 𐰖𐱅𐰃𐰏𐰤‎

#Төл_Сөз #балама_сөз #Қазақ_тілі@qzqpurism




Мысал:

Телегей беті теңселді, тербелген бейне бесіктей. Толқынды толқын оятты, Қалмасын деп есітпей (Ә.Тәжібаев, Перне.).

Теңіз жайдың оғын қағып алып, тулаған телегейінде сөндірді (I.Жансүгіров, Әңгім.).

Өте көп, мол.

Өткен бесжылдықтары телегей табыстың тағы да бір көрнектісі – халықтың тұрмысы мен мәдениетін көтеру жолында жасалған жұмыстар (Р.Бердібаев, Достық.).

Ақ жарылсам телегей тасытып сыр, Суық хабар бой билеп, жасытып тұр. Семейдегі Олжабай жүдеу күйі Ыза кернеп, жанымды ашытып тұр (К.Салықов, Жезкиік).

Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 14-том. / Құраст.: М.Малмақов, Қ.Есенова, Б.Хинаят және т.б. – Алматы, 2011. 800 б.;

Сен менің телегейленген теңізімсің, мен – саған байланысқан балықпын, – дейді жігіт хатында (Қ.Тайшықов, Октябрь.).

Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 14-том. / Құраст.: М.Малмақов, Қ.Есенова, Б.Хинаят және т.б. – Алматы, 2011. 800 б.;

с ы н. 1. Ұшы-қиыры жоқ, көз жеткісіз.

көшенің орта тұсындағы шұңқырлау жерге өткен түнде жауған қалың жаңбырдан кейін телегей-теңіз су жиылып, кішігірім көл пайда болыпты да, жақын үйлердің қаз, үйректері кеш болса да мекендеріне қайтпай, сол суды бауырларына басып, кәні боп жатыр екен (Ә.Нұршайықов, Жер туралы.).

Тамшыдан тасып дария – Көп түкіріп көл болды. Таудан аққан бұлағым – Телегей-теңіз сел болды (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

2. Орасан көп, есепсіз.

Баубек Мұқаннан артық білсе, ал біздер Иманжановтың өзінің телегей-теңіз білімділігінің куәгері болып едік (М.Әлімбаев, Қалам қайраты).

Төңірегі тұтасқан егін. Биылғы жылы егін телегей-теңіз болып бітік шығыпты. Тіпті теміржолдың бойы тұтасқан егін (С.Мәуленов, Жер нәрі).

Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 14-том. / Құраст.: М.Малмақов, Қ.Есенова, Б.Хинаят және т.б. – Алматы, 2011. 800 б.;

Зарлаған аш-арықтың қырғынын көрерім қалды ма? Жетім-жесір, қарып-қасердің телегей теңіз жасын көрерім қалды ма? (М. Әуезов).
Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2007. - 800 б.;


Мұхит пен Шыңғыстар бар ма?
Дариялар ше? 😏


Ocean; Sea – ?

⚠️ кірме сөз

Мұхит ❌
Дария ❌

⚠️ Төл Сөз

Теңіз / Шыңғыс ✅
Талай ✅
Телегей ✅
Сұндыры ✅

📑 Толығырақ: https://telegra.ph/Ocean-Sea-01-22

🔍 Қайнаркөз: коментте ⤵️

#Төл_Сөз #балама_сөз #Қазақ_тілі@qzqpurism


Телеграм мен тиктоктың конкуренциясынан қорқып Ютуб біраз жаңарту енгізіп жатыр. Соның бірі "Қоғамдықдастық" (communities) деп аталатын функциясын алгоритмге қосып жатыр екен (бір блогерден көріп едім). Сол үшін жақында ғана ютуб арна аштым.
Енді барлық телеграм посттарды сонда дубликат пост жасаймын. Қосылып қойсаңыздар болады. Посттар рекомендацияға шыға ма екен тексеріп көрейік 🚀

http://youtube.com/@qzqpurism


Репост из: Қазақша қолдан
📢 Қазақ тілін дамытуға бірге үлес қосайық!

Құрметті еріктілер және тіл жанашырлары!
Біз қазір тек сөздерді емес, тұтас болашақты аударып жатырмыз. Қазақ тілін жаңа биіктерге шығарып, оны технология, ойындар мен қосымшаларда қолжетімді етеміз!

Жалпы мақсат:
🌟 Ана тілімізді кеңінен тарату.
🌟 Заманауи әлемдегі қазақ тілінің орнын нығайту.
🌟 Жаңа буынға қазақ тілінде сапалы контент ұсыну.

Қазір бізге қажет:
✅ Құжаттарды аудару.
✅ Мәтіндерді теріп жазу.

“Технология мен ойындар қазақ тілінде болғанда қандай артықшылықтар болады?”
Өз ойыңызды пікірге жазыңыз – бірге талқылайық!

Сіз де қосыла аласыз!

Бізге қосылу – бұл тек жұмыс емес, өз үлесіңді қосып, тіліңді дамыту мүмкіндігі. Біздің қатарымызға қосылып, қазақ тілін бірге дамытайық!

778 0 0 11 25

Turkismliq söylek:
қарындас сіз сондай сайқалсыз

Дәуірбек Сапи:
Шапалақ пен үстіңнен арыз дайын тұрады ғой

#комменттерден


Мысал:

Айдан ару нәрсе жоқ, түнде бар да күндіз жоқ.
Қайыржан К., Сөз - сандық: Қазақтың көне сөздері. - Алматы: "Өнер" баспасы, 2013. - 480 бет.

Шілденің дәл осындай бір к ө з е л таңы әлі есімде (Х.Әбішев, Аспан сыры); Түз кезіп, үйден безіп күш құраған Өр елдің өжет туған к ө з е лд ер і (Ғ.Орманов, Таңд.);

Ол да бір матор жігіт еді (Сем., Абай).
– Қандай матор , қандай сұлусыз сіз, Мағыш! - деді (М. Әу, Абай жолы, II, 450).;

Пайда жоқ иіскесе де, жаласа да, Қойып-ақ әр жеріне қараса да. Маймылға көзілдірік ем болады, Адамның көздеріне жарасса да (А.Байтұрсынов, Шығ.);

К ө р к і ң е тоймай, көгілдір қудай құлпырған, Қолымнан жүген, шылымым түсіп ұртымнан, Қара алмас көзден «қарағым» дегенді оқып қап, Алтайы көрген шөгелдей төте ұмтылғам (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә);

Бір жүрген қасымдағы сайқалым -ай, Дүние өте шықты шайқалып-ай (Гур., Маңғ.);

Ел ішінде тілді бозбалалардың көзі түсе бастап, шетелдерге де « Сәрсенбайда бек к ө р к е м бір ақын қыз бар» деген лақап жайыла бастады (М.Дулатов, Шығ.). Тіліне қу түлкінің тез алдандың, Ойламай таңдағыны, тез құп алдың. Тап-таза ат, к ө р к е м көрік бәрі кетіп, Өміріңше құтыла алмас отта қалдың (М.Жұмабаев, Шығ.). Көздің жауын алар к ө р к е м астананың әр таңы, Сонда әсем өміріңді алдыңа әкеп тартады (Ғ.Қайырбеков, Құрдас.);

Үйленіп жатыр, үй салып жатыр жас жандар,
Иленіп жатыр, иленіп жатыр лайлар.
Қашалып жатқан, жасалып жатқан тастар бар,
Жасанып жатқан, жасарып жатқан шырай бар (1,134).

Апыр-ай, тату жұбайлар!
Ақтармай сезген сыр, ой бар.
Айтқызбай білген сыңай бар,
Ашқызбай көрген шырай бар (2,312). Б.Қалиев, Ж.Түймебаев, Ш. Құрманбайұлы, С.Исакова. "Мұқағали тілі" сөздігі. – Алматы, 2017;

Назын – (Қост., 06.) сұлу.
Мына әйел бала өте назын екен (Қост., Об.).
Қазақ тілінің аймақтық сөздігі /Құраст. Ғ.Қалиев, О.Нақысбеков, Ш.Сарыбаев, А.Үдербаев және т.б. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 824 бет;


Beauty, Beautiful (красота, красиво) – ❓

⚠️ кірме сөз

Әдемі ❌
Әсем ❌
Ажар ❌
Дидар ❌
Сымбат ❌
Жамал ❌
Келбет ❌
Зиба/Зипа/Зифа ❌

📑 Толығырақ: telegra.ph/Beauty-Beautiful-krasota-krasivo-01-12

🔍 Қайнаркөз: коментте ⤵️

#Төл_Сөз #балама_сөз #Қазақ_тілі




Flower, Blossom – ?

Гүл ❌

⚠️ кірме сөз

Шешек ✅

⚠️ Төл Сөз

telegra.ph/Flower-Blossom-01-06

Қайнаркөз: 'https://t.me/qzqpurism/1743?comment=118258' rel='nofollow'>комментте ⤵️

#Қазақ_тілі #балама_сөз #Төл_Сөз@qzqpurism


Әр түрлі, соның ішінде политикалық терминдерді түсінбей жүргендер болса, осы арнадан оқуға болады. Қарапайым тілмен жақсы түсіндіреді екен. Менің арнамның белсенді оқырманы, тіркеліп қолдап жіберейік 🤝🏆

t.me/uljan_00


Репост из: Политика
Софистика – бұл пікірталас кезінде логикалық қателіктер мен қулықтарды пайдалану арқылы дұрыс емес немесе жалған пікірді шындық ретінде көрсетуге бағытталған әдіс. Софистика көбінесе адамдарды жаңылыстыру немесе өз ойын дұрыс деп дәлелдеу үшін қолданылады, бірақ оның негізінде шындыққа жанаспайтын тұжырымдар жатады.

Софистика ерекшеліктері:
1. Жалған дәлелдер: Әдейі бұрмаланған логика немесе дәлелдеу әдістері.
2. Манипуляция: Адамдарды жаңылыстырып, шындықты түсінуге кедергі жасау.
3. Парадокстар: Түсінуге қиын, бірақ шындыққа жанаспайтын қисынды қателіктер.
4. Риторикалық тәсілдер: Сөздің әдемілігін немесе күрделілігін пайдаланып, қарсыластың назарын негізгі қателіктен басқа жаққа аудару.

Софистика тарихы

Софистика термині алғаш рет Ежелгі Грецияда пайда болды. Софистер – өз дәуірінде білімді, ақылды деп танылған адамдар, олар риторика мен диалектикаға баса назар аударған. Олар әсіресе ақылы білім беру және пікірталас өнері арқылы танымал болды. Алайда, уақыт өте келе олардың әдістері шындықты бұрмалауға негізделген деген сынға ұшырады, әсіресе Сократ, Платон және Аристотельдің философиясында.

Қазіргі қолданыстағы мағынасы

Бүгінде софистика термині көбінесе жалған дәлелдерге сүйеніп, бір нәрсені дұрыс етіп көрсетуге тырысатын риторикалық әдіс ретінде қолданылады. Бұл ғылыми емес, логикаға қайшы дәлелдерді сипаттау үшін жиі айтылады.

Мысалы:
• Егер жаңбыр жаумаса, онда аспан ашық.
• Қазір жаңбыр жаумай тұр.
• Демек, аспан әрдайым ашық.
(Бұл софистикалық қате қорытынды, себебі жаңбыр жаумаса да аспан бұлтты болуы мүмкін.)


Репост из: Tilderim
7 ата түсінігін қарапайым есепке негіздесек:

баланың әкесінен алатын қаны — 50%
немересі - 25%
шөбересі - 12,5%
шөпшегі - 6,25%
неменесі - 3,125%
туажаты - 1,56%
жүрежаты - 0,78%

сөйтіп сегізінші ұрпаққа келгенде ата-бабаның қаны 0%-ға жуықтайды.


Бүгін интернет күні емес екен 🤓

Дұрыс ұстамай тұрғасын жауып тыстадым. Ренжімеңіздер 🤝

Егер Сіздерде интернет жақсы ұстап тұрса, чатта дауысчат ашық. Кіріп емін-еркін сөйлесе бере аласыздар 🤝👌


500+ оқырман жиналуына орай дауысчат? 🎄🍓

Бір тақырып өздеріңізден.

P/s: Кішкене ұзақ созылып жеттім ғо 🤓😅

Показано 20 последних публикаций.