🎙 Карло Анчелоттидің матч алдындағы баспасөз конференциясы:
🗣️ Бізде көп ойын бар, келесі халықаралық үзіліске дейін 13 матч өткіземіз.
Сауд Арабиясы Родригоға қызығушылық танытуда ма? Менің ойыншыларым мұнда бақытты. Олар осында қалып, тарих жазғысы келеді.
Родригоның сол қапталдағы ойыны? Бұл жақсы сұрақ, өйткені бұл тақырыпты талқылауға болады. Ол ол жерде өзін жайлы сезінеді, бірақ оң қанатта да үлкен үлес қосады. Родриго үшін команда әрдайым бірінші орында. Ол – сол немесе оң қанатта ойнаса да, әрқашан команда үшін жанын салатын әмбебап ойыншы.
Мен Винисиустың ойынын асыға күтіп жүрмін. Оның оралғанына қуаныштымыз. Ол өте жақсы дайындалды, тың, ертең командаға үлкен үлес қоса алады деп үміттенемін.
Көптеген ойыншылар осында келіп, ойнағысы келеді, ал көптеген бапкерлер «Мадридке» келіп, мен тұрған жерде болуды армандайды.
Дайындыққа уақыт жоқ. Егер матчтар арасында үш-ақ күн болса, дайындық деген болмайды. Қайта қалпына келу, бейне шолу, ойын. Сосын тағы. Тағы. Осылайша 40 күн өтеді. Біздің міндетіміз – аз ойнайтын ойыншылардың бабында болуын және мотивациясын сақтау, өйткені олар біз үшін өте маңызды болады.
Чемпиондар лигасының плей-оффында қосымша матчтар бола ма? Бізде бұл ойындарға қатысуға дайын жақсы команда бар. Бұл бәрі үшін маңызды кезең, өйткені шешуші сәт жақындап келеді. Ұпайлар барған сайын маңызды бола бастайды. Қазір бізде аздаған артықшылық бар, оны сақтап қалғымыз келеді.
Қыста ешқандай трансфер болмайтыны расталды ма? Жоқ, мен ештеңені растамаймын да, жоққа да шығармаймын. Бұл трансферлік терезеге қатысты көп сұрақ қоймағандарыңыз үшін ризамын. Алдағы күндері көреміз.
Мен ойыншыларды командаға ең тиімді болатындай етіп орналастырамын. Әзірге бәрі жақсы жүріп жатыр деп ойлаймын.
Үлкен ойыншылар Сауд Арабиясына кетіп жатқанда, Еуропа футболдың орталығы болып қала ма? Футбол – тек Еуропаға ғана тән нәрсе емес... Ол – жаһандық ойын, бүкіл әлемде бар.