Қазақ ғылымының қайсар қызы Алаштануға, қазақ ұлттық баспасөзін тануға зор еңбегі сіңген адамдардың бірі–
Үшкөлтай Хасенқызы Субханбердина (1927-2008) еді.
Ол үш жасында анасынан айырылып 10 жасында «халық жауының қызы» атанған, қатпарлы қиын тағдырды басынан кешкен-ді. Бірақ сан ауыртпашылықты басынан өткеріп, ұлттық библиографияның негізін қалап, атақты мәтінтанушы, библограф ғалымға айналды.
Ү. Субханбердина «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты», «Қазақстан», «Алаш», «Сарыарқа», «Қазақ», «Айқап» сияқты алғашқы қазақ газеттері мен журналдарының әр санын жинақтап, қайта бастырып, библиографиясын түзеді. Алғаш алаш қайраткерлерінің бүркеншек есімдерінің сырын ашып, ғылыми айналымға енгізген ғалымдардың бірі – осы апайымыз еді. Ол бар саналы ғұмырында 25-ке жуық кітап жариялап, артында өшпес із қалдырып кеткен-ді.
https://t.me/sadaq_zh