⚡️ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ СҚО-ДАҒЫ ӨНДІРІСТІК АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Ғалымжан Жанқуатов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Ғылым қорының портфеліндегі жобалардың өндірістік алаңдарына барды.
Сонымен қатар, Kozybayev University ғалымдары жоғары протеинді азықтық қоспа өндірудің бірегей технологиясын жасап шығарды. Бұл бастама жергілікті университет пен «СК Протеин» ЖШС-нің бірлескен еңбегінің нәтижесі. Әдістің басты ерекшелігі – ірі қара малдың терісін қайта өңдеу және пайдалану арқылы мал шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік беретін заманауи технологияның қолданылуында.
🗣️ Ақан Жунусов, жоба авторы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидатының айтуынша: «Бізде ақуыз тапшылығы байқалады. Бұл мәселе тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде бар. Ақуыз тапшылығы шамамен 20%-ды құрайды. Сондықтан біз ешкім пайдаланбайтын былғары қалдықтарын қайта өңдеуді қолға алдық».
🌾 Өндіруші өнімнің экологиялық тазалығын және оның 80%-дан жоғары сіңімділігін атап өтті. Оған қоса, құрама жемнің өзіндік құнын 40%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік бар. Жоспар бойынша жылына 7 мың тонна азықтық қоспа өндіру көзделіп отыр. Мамандардың есептеуінше, бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін шамамен 5 жыл қажет.
🔹 Жоғары протеинді қоспа ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың азықтандыру рационында маңызды рөл атқарады. Өндірушілердің мәліметінше, бұл өнімге сұраныс қазірдің өзінде жоғары. Тапсырыстар жергілікті шаруашылықтардан ғана емес, көршілес Ресейден де түсіп жатыр.
🗣️ Ғалымжан Жанқуатов «Инноватор» ғылыми-өндірістік кәсіпорны мен «Evraz Development Group» ЖШС-нің азық-түлік өнімдерін өндіруге арналған технологиялар жобасымен танысты. Жоба аясында қарақұмық, тары, жасымық және ноқаттан экструдирленген негіздер жасалып, оларды кондитерлік және қышқыл сүт өнімдерінде, сондай-ақ тез дайындалатын ботқалар ретінде қолдану қарастырылған.
⚡️ Ғылым қоры отандық ғылыми әзірлемелерді нақты секторға енгізуді қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
🔹Бұл ғалымдарға өз әзірлемелерінен коммерциялық табыс табуға және экономиканың нақты мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.