Пайғамбарымыздың ﷺ Айшаға деген махаббаты соншалықты, айтуды қажет етпейтіндей белгілі. Ол ешбір әйелді Айша анамыздай жақсы көрмеген және басқа ешбір әйелдерін Айша анамыз секілді қыздай некеге алмаған. Пайғамбарымыз ﷺ өзінің жақсы көретінін жасырмай, ашық айтқан. Тіпті Амр ибн әл-Ас (Алла оған разы болсын) пайғамбарымыздан: «Сізге адамдардың ішінде ең сүйіктісі кім?» – деп сұрағанда, Пайғамбар: «Айша», – деп жауап берген. Амр: «Ал ер адамдардан ше?» – деп сұрағанда, Пайғамбар: «Оның әкесі (Әбу Бәкір)», – деп айтқан.
Ал қазір кейбір ер адамдар әйелдерімен жылдар бойы бірге өмір сүрсе де, оларға деген махаббатын білдірмейді. Кейбіреулер мұны еркектікке жат емес деп санайды, ал енді біреулері бұдан ұялады.
Көптеген адамдар әйеліне деген махаббатын ашық білдіру – отбасы берекесін сақтаудың, қарым-қатынасты нығайтудың және өзара сенімділікті арттырудың маңызды жолы екенін түсінбейді.
Әйел ерінің өзін жақсы көретінін сезінгісі келеді, соны естіп, жиі еске салып тұрғанын қалайды. Қаншама әйелдер күйеулерінен естімеген жылы сөзді бөтен адамдардан естіп, қателікке бой алдырған.
📚"Кәйфә амәләһум"