Shuakh


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский


🔹 SMM-мен басталып, жайлап жеке күнделігіме айналып келе жатқан канал❤️
🔹Біздің парақшалар:
https://instagram.com/shuakh?igshid=1tm1j3a7oipyc ;
https://instagram.com/shuaq_smm_sc

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Статистика
Фильтр публикаций


Контент түсіруге ерінетіп болыппын осы күні. Бұл уақытша ма десем, созылғанына бірнеше ай бодды уже. Өте ме бұл кезең? Әлде уақытша емес пе?)


Өмірдің мәні гүл емес.
Гүлді өзіңе өзің де әпере аласың.
Көңіл күйді түсірмейміз, тек сабақ аламыз🔥❤️🫶

Барша әйел затын ерекше күнімен, төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Сіз бар жақсыға лайықтысыз! Ең бастысы деніңіз сау, басыңыз аман болсын! Алла береке, бақыт, мәнді ғұмыр сыйласын❤️


Гүл алмай қалғандарыңыз бар ма, қыздар?


Негізі өзің елдің алдында өміріңді көрсетіп алып, сосын оған қатысты айтылған әңгімеге бұлқан-талқаның шығу мен үшін біртүрлі) (стрем))) Жалпы деймін, неше түрлі болады ғой, түрлі жағдайды көреміз блог әлемінде.

Өмірің талқыланғанын қаламайсың ба, онда көрсетпе. Көрсеттің бе, талқыланатынына көн. Тіпті жаның шыдамай бара жатса, сыпайы ескертуге, талқыланбағанын қалайтыныңды айтуға болады. Бірақ сүйікті блогерім дөрекі түрде аудиторияға ұрсып жатса, өзім жаман боп қалам.

Аудиторияға ақыл айту, білім беру мақсатында емес, “шекарамды неге бұзасыңдар, неге сөз ұқпайсыңдар, оңбағандар!(😅)” деген сияқты ұрсатын блогерлерге қалай қарайсыз? Норм қабылдайсыз ба?

Ал жалпы, сұрап, қызығушылық танытып жатқандарыңызға рақмет.


😁


Ал бастаңыздар біреудің шекарасына өттің деппа или не шаруаң бар деп па😅😅😍😘


Әңгіме тауып беріп, көмектесіп жатқандарыңызға рақмет))

Бұл өзі қызық әңгіме деп қыздырмай-ақ қояйын, себебі аса бір қызық жоқ)
Жай ғана адам өз ортасын таңдайды ғой. Құндылықтарыңа, қызығушылықтарыңа қарай сұрыпталады дегендей. Әңгімең әркіммен жараса беруі мүмкін, бірақ жас қосқан сайын ба, әлде тәжірибең толысқаннан ба, әйтеуір тұрақты энергия алмасатын адамды, ортаны таңдап қалады екенсің. Шын айтам, бұл қартайып қайғы ойлап қалдым дегенім емес, бірақ жас кездегідей алды-артыма қарамай желпілдей беруім азайды. Көп нәрседен бас тартып жүрмін.

Әрі биылға қойған маңызды мақсаттарым бар. Көп уақытымды, фокусымды талап етіп жатыр ол да, көп жұмыс істеуім керек боп тұр.

Бибідегі қыздардың әрқайсын жақсы көріп, жүрегімнен орын бердім. Аман-сәлемім түзу, ешқайсына өкпем жоқ) Бәрі жан-жақты дамып келе жатыр, тек тілектеспін бибілеріме❤️


Онда тағы бір өсек па или тема ма тауып берейін ба ?
Ақерке Әбілханның уйіне құтты болсынға барған қыздардың арасынан сізді и Бұлбұл ханымды көрмедік деппа


Бір клиентіме қажет материалдар. Тән біз ойлағаннан пәле, бүкіл травманы, мінезді, тіпті ататегіңнен келе жатқан қорды жиып, еще сыртқа білдіріп қояды. Тәннің тілін ұғатын мамандар адамның бүкіл өмір-тарихын бір қарап-ақ біле алады. Сондай мамандар жазған білімді зерттеп, клиентімнің “кеңістіктегі қалыбына” әсер етіп көрмекшіміз.






Жіберем онда аттың басын😂


Қайда, не істеп жүрсіз, не жаңалық, не өсек сала берсеңізші😁


Жұрт каналына қырт-шыртың бәрін салады осы. Мен аз ғана аудиториямның назарын артық алудан тартынады екем. Әлде бұл комплекс пе?




Міне, 2024 те аяқталды. Біреуге , біреуге қазалы, енді біреуге қазыналы жыл болды. Қанша әрекет етсек, сонша берекетін көрдік. Тағдырдың таяғы қуып жетіп, уақыты біткендер, ұлы өзгеріске бастау үшін құрбан брлғандар да бар осы жылда... Артқа кеткендер тек құдайға қарап алақан жаюдан артыққа бармағандар болар. Ал кәсібі
бардың бәрі нәсіпті болғанын көріп отырмыз.

2025 те ғаламның зағдылығына бағынған көп жылдың бірі болады. Табысқа жеткің келсе - жұмыс істе, танымалдыққа жеткің келсе - талпын, тұрақтылыққа шыққың келсе - тырбан. Бәріміз армандайтын жақсы, жайлы өмірдің басқа формуласы жоқ екен.

Онда, 2025 тің басынан қимылдаймын, жаңп дүние үйренем, білгенімді тереңдетем, жаңа табыс көзін, жаңа мүмкіндіктерді іздеймін деушілерге менен бір кеңес болсын: күнделік қылсаңыз да, БЛОГ ЖҮРГІЗІҢІЗ. Түбі сол блог құр күнделік емес, жемісі мол мәуелі активке айналады.

Ал көмегім - қаңтардың алғашқы апталарына дайын контент жоспар. Идея беріп, түртіп қана қоймай, жыл басынан марафонға да шақырам. Ол енді еті тірі оқырманыма ұсынысым. Ал әзірге теп-тегін көмектің қызығын көріңіз:




2024-те онлайн сатылым түрлі нишаларда айтырлықтай төмендеді. Нарықтың жаңа заңдылық арына бейімделіп үлгергендер 2025-те алғашқы болып жақсы сауда жасай алады. Ал нарыққа бейімделе алмағандар әлі де шығар жол іздеуі мүмкін.
Геткурстың сатылым бойынша аналитикасынан да мұны байқауға болады👇


КОНСПЕКТ



Показано 20 последних публикаций.