Шылғау


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Блоги


Далбайоптандырылмағандықтарыңызбен!

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Блоги
Статистика
Фильтр публикаций


Кеше келіншегім "саған Құдайға жақындау керек. Че то не то боп жүрсің. Сен қызықсың біресе тақуа боп кетесің, енді бірде танымай қаламын" дейді.

#хаха


Аға, осы жасқа дейін көрген білгеніңіз бар ғой, сабақ болатын бір ақыл айтыңызшы деді.

Шынымды айтсам тосылып қалдым. Әзілге айналдырып жіберейін десем, сөз айысы ұқсамайды. Шындап сұрап тұрғанын көріп, іштей ұялдым.

Не деп ақыл айтайын. Жетіп те жетісіп те жүргенім шамалы.

Содан ойланып "егер шын көңілден сұрап отырсаң, маған сабақ болғанды айтайын. Қазір жассың, менде сендей болдым. Достарың да жас. Тек жаспыз ғой, бәрін көрейік дегенді дұрыс жағынан ұқ.

Жаспыз ғой бәрін көрейік деген ішіп, шегіп, жамандық істеу ғана емес. Жаспыз ғой бәрін көрейіктің ішінде оқу да бар. Ел көруде, өзіңді іздеу де бар дедім.

Баяғыда үлкендердің бүйтпе сүйтпесіне, өз ақылы өзіне, мықты болса өзі неге солай істемеді екен деп кіжінетін едім.

Сөйтсем ол бауырмалдықтан айтылар әңгіме екен ғой. Өзің өткен жолдағы сен сүрінген жерден артыңнан ергендер сүрінбесінші деген ниеттен шығады екен.


Мен үшін ішкі мәдениет естіген әңгімеңді бұрын естімегендей қайтадан тыңдай алу.


Тақырбас аққұлақ келіп қасықтап жиған ұлттық құраманың абыройын шелектеп төгіп кетіп еді.

Жаңадан келген президенті бар бапкері бар имиджді көтеруге барын салып жатыр екен.

Уэльске спорт журналистері тайлы тұяғымен барыпты. Тіпті кезінде газетте істейтін Бек деген братан бар еді, сол да жүр.

#хаха


Наурызда бәрі күшті. Киім де, көже де, ән мен би де. Тек анау кішкентайларға қозы көтертуді "қыртымбайлық" деп ойлаймын.

Бұғанасы қатпаған баланың белінен, омыртқа дискілерінен не қалды?!


Кешкісін ағамның үйінде кезіндегі сынып жетекшім және бірнеше мұғаліммен дастархандас болдық.

Адамның ұстазға деген құрметі уақыт өткен сайын арта түседі екен. Сол бір бала кезіңнің куәсін көру, дастархандас болу ерекше екен.

Қанша жыл өтсе де дәл баяғыдай имеу, жолын кеспей ілтипат қылу. Бәрі жарасымды.

Әрі, мен мектепте қатты бұзық едім. Сыныптас, қатарлас ұлдарды жиып қырылыстырып, шу шығарып жүретін бала болдым. Сынып жетекшім әйел адам болды да, жылап жүретін. Директорға да талай сүйреді, "негізі оқитын баласың ғой" деп те талай алдады. Болмады ғой бәрібір. Сөйтіп жүріп мектептен де кеттік.

Кеше келіншегімді таныстырдым. Бегімді көрсеттім. "Балаң маған немере боп келеді екен ғой. Әкел, маңдайынан сүйейін" деп қолына алды. Ерекше сезім.


Ал қазақтар, жандарым әшин.

Мереке құтты болсын. Шаңырақтарыңа құт қонсын, қыдыр дарысын.

Бастысы бастарың аман, бауырларың бүтін болсын.


Ойш бүгін қызық болды.

Негізі біздің ауылда жыл сайын Наурыз мерекесі өте жоғары деңгейде тойланады. Алыс-жақын қала, ауданнан арнайы көруге келетіндер болады. Кішкене ғана ауыл өз ішінен үшке бөлініп өнер, дәстүр, көрмеден жарыс өткізетін.

Бәріміз де наурыз жақындағанда шапан, шалбарымызды түгендеп дайындала бастаймыз.

Жылдағы әдетпен биыл да киімдерімізді жинап дайын отыр едік. Сөйтіп бүгін түсте ағам үйі наурыз көшеге шақырды. Жолай орталықта жүрген адамдарды көріп, па мыналар биыл тіптен қатты дайындалып жатыр екен ғой дедік те қойдық.

Қонаққа барсақ жеңгем "Наурызға неге келмедіңіздер?" дейді.

Біз қайдан білейік, жылдағыша наурызды 22сі тойлайды деп жүрміз ғой.

Сөйтсек, әкімшілік өзара келісіп ауыл чатына жазып, наурызды бүгін тойлап тастапты.

О, тоба! Әкең аулары қайдағыны шығарады екен ғой. Ағамнан, бұлары несі енді, жылдағы сияқты ертең неге өткізбеді, бас аяқтан қонақтар келетін еді ғой десем.

Ой сол мыналар алдында бізді жинап алып 21і өткіземіз деп қоймай қойды. Анау сырттан келетін адамдардан қызғанып. Елден бұрын жасап тастады дейді.

О, сорлыыыы. Әкесіне ас беріп жатқан неме. Сырттан адам көп келеді, істеген көжеміз жетпейді деп әкімдіктің істеген тірлігі ғой.

Жүре берсең қайдағыны көреді екенсің

#хаха


Қанды ізбен қумадың ба дедің ғой. Жол қысқарсын тағы бір әңгіме айтып берейін.

Бірде төрт жігіт болып қасқыр атуға шықтық. Үшеуміз туысқан аталас кісінің баласымыз, тағы бірі құда боп келеді.

Қасқыр деген өзі қызық хайуан ғой. Адам сияқты. Ел етекке түскесін ол өзіне бір жерді үй қылып алады. Қайда барса да түнделетіп, кейде таң ата дәл сол жерге келіп ұйықтайды. Тағы бір ізбен ғана жүреді.

Ойдағы жылқыға тиіп, қарнын тойдырып алады да қайтарда дәл барған ізімен қайтады. Ел жоқ, жайлау бос. Өздері қожа. Сонда да бір жерде ұйықтап, бір ізбен жүреді.

Сөйтіп, төртеуміз түн ортасында атты ерттеп, қалың киініп алдық та жайлауға тарттық. Үшеуміздің мылтығымыз мықты, біреуінің мылтығы ғана қоян, түлкі ататын нашарлау мылтық.

Таң ағармай межелі жерге жетіп алдық. Ойға түскен қасқырдың жобалап қайтар жолын аңдып жатырмыз.

Әгі құдамыз сәл бөспелеу жігіт еді. Барғанша атын, отырғасын дүрбісі мен мылтығын мақтап әлек. Құлағы көрінсе болды тырп еткізбеймін деп қояды.

Қайыпхан деген туысқан ағамыз алғаш рет қасқырға шығып тұр екен. Сол кісі "Жә, жігіттер, қасқыр атып көрген емеспін. Рұқсат болса бірінші мен атайын. Құламаса өздерің атарсыңдар" деп рұқсат сұрады. Мақұлдастық.

Таң ағарып келе жатқан кез еді. Бәріміз жер бауырлап жатып қасқыр шығады ау деген маңға дүрбі сап жатырмыз. Бір кезде ағараңдаған бірдеңе көрінгендей болды.

Алдында үйден шығарда, Қожа дегеннің иті қалмай, қуалап жүріп әрең тастап кеткеміз. Сол ма деп күбірлесіп жатыи едік.

Бөспе Қайрат қазір менің дүрбім анық көрсетеді деді де, ойбай анауың қасқыр екен, бір емес екеу деп саңқ ете қалды.

Төртеуміз қатар жатырмыз. Қасқырдың жолымен жүрсе дәл алдымызды кесіп өту керек. Таяп келеді. Бір кезде бірдеңеден секемденді ме мұрнын көтеріп иіс іздеп желіп келе жатты. Сөйтті де жалт беріп сайға қарай тұра қашты. Кетті дегенше болған жоқ, екеуі жарыла қашыпты. Тіреуі тұп тура бізге қарай қашып келеді.

Бәріміз көздеп жатырмыз. Қайыпхан атсын, сосын атайық деп күтіп жатырмыз. Бір дөңге шықты, атуға енді оңтайлы ақ жер. Атпады. Таяп кеп қалған. Тура келе жатыр. Атпағасын мен шүріпті басып қалдым. Аунап түсіп өзін бір қарты да, қиғаштап өрге қарай қашты. Дөңге шығып тұра қалып еді, Қайрат та атты. Сөйткенше болған жоқ, тұрған қасқырдың іші әгі жерде ақтарылып түсті. Құлаған жоқ, белді асып жоқ болды. Біз де жүгірдік. Орнына барсақ қарны түсіп қалған, ішегін сүйретіп кетіпті. Аттарды міне сап шаптық. Таяп кеп тағы аттық. Жеткізбейді. Ізі деген қан жоса, ішегін аяғымен басып бара ма, үзіліп үзіліп ішектер жатыр.

Бір кезде қансырады ау деймін. Бұтанын арасына барып жата қалды. Жанына барып әгі түлкі ататын мылтықпен атып алдық.

Қызық енді басталды. Бәрі менің оғым тиді, мен аттым деген талас басталып кетті.

Қайыпхан мен аттым дейді, бөспе Қайрат көрдіңдер ғой мен атқанда іші ақтарылып қалды деді.

Сосын менде " жә, жігіттер менің оғым тисе дәл алдынан тиді. Ол тимесе менің таласым жоқ" дедім.


Ол кезде қанжығаға байлау деген болады. Атқаныңды өзің алмайсың, жаныңдағыға байлайсың. Мына жерде енді үш рулас жігіт жүрміз, қайссымыздың оғымыз тисе де қасқыр бөспе Қайраттың қанжығасында кетейін деп тұр. Қайраттың оғы тисе жасы үлкен Қайыпхан алады.

Бәріміздікі менің оғым тиді мен қанжығаңа байладым деген абырой үшін ғана дау боп жатыр.

Жүні қан. Қайдан оқ тигені белгісіз. Сөз көбейіп дау шығатын бастағанғасын, сол жерде соятын боп шештік.

Терсін сыпырып ап қарасақ дәл төсінен менің оғым тиіпті. Төстен тиіп, ішін жарып кеткен де менің жалғыз оғым екен. Басқа тіпті оқтың да ізі жоқ.

Сонда да үлкендігін салып Қайыпхан оқ менікі, ренжімеңдер ешкімге байламаймын деді де, қасқырды өзі алып кетті...

Аңшының әңгімесі.

Ауданнан қайтарда жол қысқарсын деген әңгімесі еді


Ауылдамын. Дала жаңбыр. Көктемнің лебі еседі.


2019 жылы 19 наурызда Назарбаев биліктен кетті, жаңа президент сайлайтын болдық деп қуанып едік.

Сүйтсек ол "Диктатор" деген комедияның екінші бөлімі басталған күн екен ғой.

#хаха


Жарығым, біздің бақыт бақшасын келестетіп отырмын.

Сенің шыт көйлегің. Қолыңдағы гаухар сақинаң күнмен шағылысып ерекше жылтырайды. Бетіңе түскен күн сәулесінен көзіңді оқып отырған кітабыңмен көлегейлеп сығырая қарайсың. Жымиасың. Сондай жылы. Сенің күлкіңе менде жымидым. Бақыт бақшасы.

Өмір сағаттары да осы сәтімізді қимайтындай баяу қозғалады. Шырақтарым молынан сезініңдерші дейді күн күлімдеп.

Анам еккен алма ағашында құстардың дыбысы. Бақытымызға үн қосады. Кербезденіп шырқайды. Жапырақтар да сыбырлап үн қосады.

Сенің тарғыл мысығыңа ғана бәрібір. Күннің көзіне маужырай керіледі.

Әне біздің әткеншек. Құшақтасып ай сәулесіне ілесіп армандайтын орынымыз. Ол түнді күтеді. Арманшыл бізді күтеді....

-Сүйіктім, кір үйге шәй ішейік...

( пысылдағыма жазған хаттан)


Бірнеше жыл бұрын Алматыдағы үлкен консалтинг компаниялардың біріне брендинг жасадым. Енді ғана ауқымды жобалар алып жүрген кезім еді.

Ал олар мені құдайдан келген Исадай аяғымды жерге тигізбей жүгіріп жүр. Өһдерінің бизнес центрлары бар екен. Бес этаж. Полный брендинг болғасын әр бұрышына дейін таныстырып жүр. Директор жанына отырғызып алып әр бөлімнің басшысын алдыма шақырып беріп, не білгің келеді соларды сұра дейді.

Менде ондай опыт жоқ. Ойыма келгенді, бір жерден оқығанды сұрап шәйіп отырдым. Еще жаныма аудармашы да берді.

Өз деңгейімнің жетпейтінін іштей біліп отырмын. Сонда да түр бермеймін. Директор да бір кезде сезді ау деймін "сенен жақсы дизайнер таба алатыныма күмәнің болмасын, бірақ мен саған сеніп отырмын. Қорықпа. Қолыңнан келеді" деді.

Сомен бір ай көлемінде ол жұмысты сәтті аяқтадым. Риза болды. "Барселонада қонақ үй салып жатырмын, келер ай сонда алып кетемін. Соның брендингімен айналысасың" деді.

Мәссаған. Қалай қуанарымды да ұмытып қалдым ау деймін сол кезде. Әйтеуір шок болғаным есімде. Ойша Барселонадан бірақ шықтым.

Тек, бір аптадан кейін ең ыңғайсыз оқиға болды. Толық брендинг алғасын сайтында жасауымыз керек еді. Оны бір таныс жігітке жасатып жатқанмын. Жизайнын бәрін бекітіп қойған едік. Өзімсініп ақшасын да толық беріп қойып едім. Бірнеше күн хабарсыз кетті, бір күні басқа жігіт хабарласып сайтты мен аяқтайтын болдым, өзара келістік деді.

Сомен ол жігіттің қолына сайттағы бүкіл данныйды бердім. Компанияның өкілімен өзім сөйлесіп отырайын сізді мазалай бермей дегесін оның да номерін бердім.

Бір апта өткесін компаниядан хабарласады. Ана жігітің бізді бопсалап жатыр, тағы ақша бермесеңдер сайтты жойып жіберемін деп айтты. Оның ішінде 50-60 млнның документі мен база бар. Тез проблеманы шешіңіз деді.


О сорлы басым. Кәсіби жұмысты қалай істеу керегін білмейтін боп тұрмын ғой. Қолымда келісім шарт туралы бір жапырақ қағаз жоқ. Ортада мен тайраңдап қалдым.

Жігітке хабарлассам мынаның жұмысы көп екен тағы төлесін деп қоймайды. Олармен келіскен мен, сомен өз қалтамнан оған төледім. Ол ақшаны алды да жоқ болды.

Компаниядағылар да менің ортадан күйіп кеткенімді түсініп сайтты сұрамады.

Өзім директорға звондап кешірім сұрадым. Кәсіби маман бұлай жұмыс жасамайды деп ренішін білдірді.

Осылай Барселона көзімнен бұлбұл ұшты.

Сенім жақсы, бірақ жұмыста қағаз маңызды екен.


Мыналарың пездес емес, пездеееееес екен ғой. Таргетте осылай жүр.

#хаха


Жалпы, сөздің үш түрі болады. Біріншісі – айтуға болғанмен, естуге болмайтын сөз, екіншісі – естуге болғанмен, айтуға болмайтын сөз,үшіншісі – естуге де, айтуға да болатын сөз. Айтуға болғанмен, естуге болмайтын сөз дегеніміз – пенделік ашу, ақылсыздықпен біреуді боқтап, не ғайбаттап қоярсыз-ау, бірақ оны өзіңіз естігіңіз келмейдіғой. Енді естуге болғанмен, айтуға болмайтын сөз дегеніміз – біреудіңқызы байсыз бала көтеріпті, ұлы әкесін сабапты дегендей арсыз дүниелер. Үйбай-ау, оны қалай айтасың? Ұлың мен қызың естісе неболмақ? Құлағына сөзін ала келген жамандық сүзгісі болмаса кісінің кеудесіне өзін ала кірмек. Жамандықтың жайылуы оны айтудан екен.Елге тарап, жаманшылықтың дәнін көбейтеді ғой. Айтуға болмайтынсөз дегеніміз осы. Ал естуге де, айтуға да болатын сөз – ол қасиеттіқұран Кәрімнен бастау алатын ғұламалар сөзі екен-ау. Міне, осы сөзді айтсаң да, естісең де сауап. Біз тыңдаған ақсақалдардың әңгімесісонымен асыл, сонымен құнды еді ғой.

Алмас Алматов (жырау)

"Дайағашшы" кітабынан


Бұл мен айтқасын аузын ашты деген сөз емес. Просто, іштей жаман сезім болды.

Ауыз бекітуді керемет дүние деп есептеймін. Қай жағынан болсын. Организмнің тазаруы, бір ай өзіңмен күрес.

Еш ұтылмайтын бәс тігу ғой.


Екі күн бұрын қаладағы бауырларым мен бөлелерімді шақырып ауызашар беріп едік қой. Дастархан басында ислам және діндердің шығу тарихы, саясилануы туралы сәл әңгіме айтқан едім.

Бүгін солардың біреуі аузымды ашып жібердім дейді.

Енді менде түсініксіз сезім ауызашар беріп игі іс жасадым ба, әлде күмәндандырып* күнәсіна қалдым ба?!

#хаха


Бір аптадай бұрын инстаграмға Қайрат Жолдыбайұлы жазылып еді. Қателесті ау, отписка жасар деп ойлағам, әлі тұр, не жазбайды.

Түсіне аян беріп, мынаны тура жолға сал деген болса.

#хаха


Кеше киноға барайық, "Жеті гүл" деген кино шығыпты бәрі мақтап жатыр деді.

Осыған дейін қазақша киноға мен сүйреп апаратын едім. Бұл жолы керісінше бармауға көндірдім.

Кинотеатрдан қазақша кино көрмеймін деп шешіп едім. Соңғы екі үш жылда келесі жақсы боп қалар деп алдап барып жүрдім. Бірақ "Қазақ әлемі" дегенді көргесін әзірге бармау дұрыс шешім деп ойлаймын.

Бізде кино сценарист жоқ. Сценарий жазатынның бәрі квнчик, олар әзілді де квндегіде қысқа әрі тырқ етпе етіп жазады.

Ал басқа жанрда кино көру сәл арман күйінде бала беретін сияқты.


Негізі күнде бір кітап оқуға болады.

Әдеби шығарма бастасам үзбей оқып тастауға тырысамын. Бөліп-жарып оқысам оқиғаның дәмінен, автордың ойынан адасып қалатындай сезіледі.

«Ұлпанды» алғаш өткен жазда оқып едім. Кеше қайталап оқып шықтым.

Қазақ әдебиетінен ана, әйел образын іздеген адам Мүсіреповті соқпай кетуі мүмкін емес. Соның ішінде шоқтығы биігі, әрі көлемдісі осы «Ұлпан» екені анық.

Менің ойымша "Ұлпан" жалпыға ұсынатын кітаптап қатарына жатпайды. Жалпы оқу керек пе деген сұрақ бар.

Себебі, кеңестік әдебиет екі топқа бөлінеді. Бірі әдеби цензураға түсіп жал-құйрығы күзелгендер. Екіншісі «қызыл әдебиет» болмаса «заказной» шығармалар.

Бірде Тұрсын Жұртбай «автордың ойын білгің келсе жағымсыз кейіпкерлерге мән бер. Көбіне автор ойын жағымсыз кейіпкерлер арқылы жеткізеді» деп еді. Егер осы тезге салсақ «Ұлпан» қып-қызыл әдебиет болып шыға келеді.

Қысқаша, бірнеше кейіпкерге тоқталсақ.

Біріншіден роман басындағы Кенесары образы тарихи қалыптасқан Есенберлин, Әуезов, Бекмахановтар сипаттаған Кенесарыға қарама-қайшы келеді. Мүсіреповтің «Кенесарысы сідік-масы» ақылсыз, шын ақымақ адам» (11б)
Кенесары қарақшылық жасап елін еңіреткен, малын барымталаған баукеспе.

Сонымен қоса осы тарауда Кенесарының қарындасы Бопайдың образы да қайшылыққа толы. Тарихи сипатталған Бопай өжет, ақылына көркі сай, батыр қыз еді. Бірақ Мүсірепов «Кенесарының Бопай деген қарындасы көптермен көңілдес бола беретін, батыр бағыланды құр ауыз өткізбейтін тойымсыз адам» деп суреттейді.

Екінші жағымсыз кейіпкер Есенейдің інісі Еменалы мен бәйбішесі Айтолқын.

Айтолқын хан тұқымы. Сондықтан ол қараны сөзге ілмейтін табақтай бетінен сорғалаған тер жаулығының алқымын қап-қара қылып жіберетін майсалтақ бәйбіше.(85б)
Автор хан тұқымын туралы көзқарасын «Есен-бей Естемович аға сұлтанды күзетуге қойған қазақ орыстарды алып қайтамын. Қатындары мазалап болды» деп жылт еткізеді.

Менің ойымша шығармадағы басты кейіпкердің бірі Еменалы.

Еменалы көнені аңсаған қазақтың протатипі.

Еменалы шоқпармен дәл Кенесары оғы тиген жерге ұруы, қыстау салмайм, кигіз үйде отырамын деуі, соңында бәрібір айналып келіп Ұлпанның айтқанына жығылуы, тіптен шала молдалығы арқылы да автор негізгі ойға жетелеген сияқты.

Автор ойына сүйенсек киіз үйде қыстаған баланың екіден бірі ғана тірі қалған екен. Орыстан көріп қыстау салмасақ санымыз өспегендей екен-міс.

Егер осы жерге жетсеңіз кітаптың «қызыл әдебиет» екенінен иланған боларсыз.

Онда мынандай ой айтқым келеді.

Ұлпан образының астарында Кеңес үкіметі жатыр.

Сибанға бар жақсы Ұлпанмен келді. Ұлпанның Есенейді малын кедей-кепшікке таратып беруі бәрі тең болсын деген идеология ғана. Отызыншы жылдарғы "бай мен кедей тең" деп бай малын кәмпескелеуді ақтап алғандай көрініс. Бай малын бөліп бергесін кедейдің көзі ашылды дейді.

Ұлпан қазақтың таяғы мен құрығына орақты дос етті.(147б)

Бірақ бұл Мүсіреповті «заказной» жазушы деп бағалауға әкелмеуі керек.

Мен үшін роман бір төбе де соңғы түйін сөз бір төбе.

Бұл Мүсіреповтің ішкі ойы. Негізгі сөзі. Ұлпан-Кеңес үкіметі. Қанша дүркіреп тұрса да көзі кеткесін ешкімге керексіз болып қалды. Оны автор Ұлпанның басына қойған ақ мәрмардың моншадағы сынығымен жеткізгендей.

Показано 20 последних публикаций.