ШЫМЫР


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Спорт


⚽️ Спорт жаңалықтары

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Спорт
Статистика
Фильтр публикаций


Испания Еуро-дағы Италияның нәтижесін қайталады

🇪🇸 «Қызыл фурия» Еуро тарихында топтық кезеңнің үш матчында да гол жібермей жеңіске жеткен екінші құрама атанды.

🇮🇹 Осыған дейін Италия Еуро-2020 додасында осындай нәтижеге қол жеткізіп, түбі чемпион болған еді.


🏅 Қос матчтың үздіктері анықталды

🇭🇷 Лука Модрич Хорватия — Италия матчының үздік ойыншысы атанды. 38 жастағы жартылай қорғаушы пенальтиді пайдалана алмағанымен, ойыннан гол соқты.

🇪🇸 Ал Ферран Торрес Албания — Испания матчының үздік ойыншысы деп танылды. «Барселона» шабуылшысы бұл кездесуде жеңісті голды соқты.


🇪🇸 Испания ірі турнирлердегі рекордын орнатты

❌ Луис де ла Фуэнтенің командасы Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде қақпасына бірде-бір гол өткізбеді. «Қызыл фурия» бұған дейін әлем және Еуропа біріншілігінде мұндай нәтиже тіркеген емес.

✅ Испания құрамасы өз тарихында екінші рет Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде 9 ұпай жинады. Алғаш рет дәл осындай 100 пайыздық нәтижені Еуро-2008 додасында көрсетті.

🏆 Испания осы Еуропа біріншілігіндегі барлық үш ойында жеңіске жеткен алғашқы команда атанды. Бұл нәтижені тек Португалия құрамасы қайталай алады.


🏆 Бүгін B тобындағы мәселе шешіледі

🇦🇱 Албания – Испания 🇪🇸
🇭🇷 Хорватия –
Италия 🇮🇹

📺 Қай матчты тамашалайсыз?


🇪🇸«Реалдың» екі ойыншысы ат басын Таяу Шығысқа бұрады

🇸🇦 Начо
Саудияның «Әл-Кадисия» клубмен екі жылға жарамды келісімшартқа қол қойыпты. Бұл туралы жақында ресми түрде хабарланады.

🇶🇦 Ал «Эспаньолға» тиесілі Хоселу «Реалдың» қатарында қалдыруға дайын болғанына қарамастан, Қатардың «Әл-Гарафа» клубына ауысуға жақын.


🇭🇺 Венгрия Еуропа чемпионатының рекордын орнатты

⚽️ Ойынның 86-минутында алаңға шыққан Кевин Чобот турнир тарихындағы ең кеш соғылған голдың авторы атанды (99:32).

🏆 Венгрия құрамасы үш ұпаймен А тобында үшінші орын алып, плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен әлі айырылған жоқ.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🔥Еуро-2024 1-турының үздік голы белгілі

1️⃣ 🇹🇷 Мерт Мүлдүр vs Грузия
2️⃣ 🇷🇴 Николае Станчу vs Украина
3️⃣ 🇹🇷 Арда Гүлер vs Грузия
4️⃣ 🇮🇹 Николо Барелла vs Албания

🤔Ал 2-турдың үздік голына үміткерлер:

🇨🇭 Джердан Шакири vs Шотландия
🇩🇰 Мортен Юльман vs Англия
🇺🇦 Роман Яремчук vs Словакия
🇦🇹 Гернот Траунер vs Польша.

Кімнің голы лайық?


🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Руд ван Нистелрой «Манчестер Юнайтедке» келуі мүмкін

✅ Манкуниандық клубтың басшылығы 47 жастағы маманға Эрик тен Хагтың көмекшісі болу туралы ұсыныс тастады.

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Руд ван Нистелройға «Бернли» клубы да бас бапкер қызметін ұсынып отыр.

🇳🇱 «Манчестер Юнайтедтің» экс-футболшысы бұған дейін ПСВ клубын жаттықтырып, Нидерланд кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.


🏆 Бүгін үшінші тур ойындары басталады

🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿 Шотландия — Венгрия 🇭🇺
🇨🇭 Швейцария — Германия 🇩🇪

✅ А тобынан плей-офф кезеңіне шығатын екінші команда белгілі болады.


❌ Еуропа чемпионатының үшінші турындағы ойынға қатыспайтын футболшылар:

🇪🇸 Родри (🆚 Албания)
🇵🇹 Рафаэль Леау (🆚 Грузия)
🇧🇪 Доди Лукебакио (🆚 Украина)
🇹🇷 Абдулкерім Бардакчи (🆚 Чехия)
🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿 Райан Портеус (🆚 Венгрия)


💣 HERE WE GO

🇸🇦 Начо мансабын «Әл-Кадисияда» жалғастырады


✍️ 34 жастағы қорғаушы саудиялық клубпен екі жылдық келісімшартқа отырады.

💰 Испаниялық футболшының бір жылдық жалақысы 10 миллион еуроны құрайды.

🗞️ Фабрицио Романо


🏆 Бүгін D және Е тобының ойындары өтеді

🇸🇰 Словакия – Украина 🇺🇦
🇵🇱 Польша – Австрия 🇦🇹
🇳🇱 Нидерланд – Франция 🇫🇷

📺 Қай матчты тамашалайсыз?


🏆 Италия құрамасы Еуродағы антирекордын тіркеді

🇮🇹 Лучано Спалетти шәкірттері кешегі матчта Испания қақпасын небәрі төрт рет нысанаға алды. Бұл «Скуадра Адзурраның» Еуропа чемпионатындағы ең нашар нәтижесі ретінде тіркелді.

⚽️ Италия құрамасы бұған дейін Еуропа чемпионатында өз қақпасына гол соқпаған еді. Кеше Риккардо Калафьори автогол рәсімдеп, бұл серияға да нүкте қойды.


🏅 Нико Уильямс Испания — Италия матчының үздік ойыншысы атанды

🇪🇸 21 жастағы вингер ойын барысында қарсыласын 11 мәрте алдап өтуге тырысып, төрт рет сан соқтырды.

📊 8,6 км қашықтықты жүгіріп өтіп, 33,8 км/сағ жылдамдықты тіркеді.


🐐 Лионель Месси қос рекордтың мұртын бұзды

🇦🇷 Аргентина құрамасының шабуылшысы Америка кубогында ең көп матч (35) өткізген футболшы атанды. Рекорд Чили құрамасының экс-қақпашысы Серхио Ливингстонға тиесілі еді (34).

🏆 Сондай-ақ Месси Америка кубогына жеті рет қатысқан алғашқы аргентиналық футболшы ретінде тарихқа енді.


⚽️ Футбол. Еуро-2024

🇫🇷 Килиан Мбаппе Еуро-2024 жарысының қалған ойындарында арнайы бетпердемен ойнайды

Еске салайық, Франция құрамасының шабуылшысы алғашқы турда мұрнын сындырып алған еді.

t.me/kaznurkz


🇰🇿 Қазақстан FIFA жаңартылған рейтингісінде 109-шы орынға түсіп кетті

25 (25). Австрия – 1560.03
42 (40). Түркия – 1493.38
46 (47). Норвегия – 1466.48
57 (57). Словения – 1429.74
62 (64). Өзбекстан – 1397.41
101 (100). Қырғызстан – 1213.58
102 (99). Тәжікстан – 1212.41
108 (107). Кения – 1195.45
109 (103). ҚАЗАҚСТАН – 1193.62
110. (118). Солтүстік Корея – 1183.96
144 (143). Түрікменстан – 1065.42
210. (210). Сан-Марино – 739.64.

@sportqazaq


⚡️ Тони Кроос Хавидің рекордына жақындады

🇩🇪 Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Венгрияға қарсы ойында (2:0) әріптестеріне 1️⃣2️⃣4️⃣ дәл пас берді.

✅ Бұл Еуро тарихында Хавиден кейіргі жақсы нәтиже ретінде тіркелді. Испаниялық футболшы 2012 жылы Ирландиямен болған ойында 127 рет әріптестерін дәл паспен қамтамасыз еткен болатын.


🔥 Нойер Буффонның рекордын қайталады

🇩🇪 38 жастағы Нойер Венгрияға қарсы ойынға (2:0) шығып, Еуропа чемпионатында қақпашылар арасынан ең көп матч өткізген Буффонның нәтижесімен теңесті:

1️⃣ 🇮🇹 Джанлуиджи Буффон – 17
1️⃣ 🇩🇪 Мануэль Нойер – 17
3️⃣ 🇵🇹 Руи Патрисиу – 16
3️⃣ 🇳🇱 Эдвин ван дер Сар – 16
5️⃣ 🇫🇷 Уго Льорис – 15
6️⃣ 🇪🇸 Икер Касильяс – 14
6️⃣ 🇨🇿 Петр Чех – 14.


Еуро тарихында бір ойында ең көп пас берген жартылай қорғаушылар:

▪️2012. Хави – 136 (vs Ирландия);
▪️2012. Андреа Пирло – 131 (vs Англия);
▪️2024. Тони Кроос – 131 (vs Венгрия);
▪️2024. Жоржиньо – 131 (vs Албания);
▪️2016. Тони Кроос – 130 (vs Солтүстік Ирландия.

Показано 20 последних публикаций.