Спорт жаңалықтары | Руслан Бақытжан


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Спорт


Қазақ спортының жаңалықтары
Реклама: @alimjanasqar

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Спорт
Статистика
Фильтр публикаций


Дмитрий Попко мен Тимофей Скатов 1/4 финалға шықты

✅ Попко (245) Мексикада өтіп жатқан Morelia Open ATP Challenger 1/8 финалында француз Адриан Маннариноны (145) 2:0 (6:2, 6:3) есебімен жеңді.

🆚 Ширек финалда Тьяго Агустин Тирантемен (Аргентина) күш сынасады.

✅ Ал Скатов (175) Испаниядағы Eurofirms Girona ATP Challenger 1/8 финалында молдовалық Раду Алботтан (189) 2:1 (6:4, 3:6, 7:6 (7:3) есебімен басым түсті.

🆚 Ширек финалда Душан Лайовичпен (Сербия) кездеседі.

@sportqazaq


АЧ-2025: қолаға таласқан үш қызымыз да жеңіліп қалды

❌ 50 кг. 🇲🇳 Мунхнар Бямбасурэн – Светлана Акичева 🇰🇿

❌ 59 кг. 🇰🇿 Гүлдана Бекеш – Се Менью 🇨🇳

❌ 68 кг. 🇰🇿 Ирина Казюлина – Манси Латер 🇮🇳

😢 Осылайша бірінші күнді жүлдесіз аяқтадық.

@sportqazaq


Жастарымыз Францияға есе жіберді

🇰🇿 Футзалдан Қазақстан U19 құрамасы Еуро-2025 іріктеу кезеңінің 1-турында 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

📆 Енді Рикардо Кака шәкірттерін алда екі маңызды ойын күтіп тұр:

28.03. 🇰🇿 Қазақстан – Португалия 🇵🇹
30.03. 🇰🇿 Қазақстан – Беларусь 🇧🇾

✅ Топтан тек бірінші орындағы құрама Еуро-ға жолдама алады.

@sportqazaq


Үш қызымыз АЧ қоласына таласады

50 кг. 🇲🇳 Мунхнар Бямбасурэн – Светлана Акичева 🇰🇿

59 кг. 🇰🇿 Гүлдана Бекеш – Менью Се 🇨🇳

68 кг. 🇰🇿 Ирина Казюлина – Манси Латер 🇮🇳

⏰ Аммандағы доданың финалдық кезеңі 20:00-де басталады.

@sportqazaq


Федерациядағы былықтар ашылып жатыр

Бас прокуратура жүргізген тергеу нәтижесінде Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығы кезінде 3 млрд теңге далаға кеткен:

▪️Кейбір қызметкерлер мен спортшыларға негізсіз 300 млн теңге сыйақы төленген;
▪️Федерацияның әкімшілік ғимараты мен Талғардағы жаттығу базасын салу барысында іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға 350 млн теңгеден аса төлем жасалған;
▪️Іске асыруға жарамсыз «стратегияларға» 135 млн теңге жұмсалған;
▪️Сонымен қатар 2021 жылы басталған Алматы облысындағы база құрылысы тоқтап тұр, ал мердігердің шоттары бұғатталған.

💰 Сондай-ақ «Ордабасы», «Ақтөбе» және «Жетісу» футбол клубтарын тексеру кезінде келісімшарт сомаларын асыра жазу, ойыншылардың трансферіне байланысты қитұрқылықтар және қаражат жымқыру сияқты бірқатар елеулі заң бұзушылықтар анықталды.  

👨‍⚖️ Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. ҚФФ бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс Қаржылық мониторинг агенттігіне берілді.

@sportqazaq


ҚПЛ-2025 3-турының күнтізбесі

📆 Ойындар 29 және 30 наурыз күні өтеді.

✅ Әзірге төрт клуб жеңілмеді:

1️⃣ 🏆 Қайрат – 4 ұпай
2️⃣ 🏆 Астана – 4
3️⃣ 💚 Тобыл – 4
4️⃣ ❤️ Ақтөбе – 4.

@sportqazaq


Азия чемпионаты: грек-рим күресі бойынша нәтижеміз

❌ 55 кг. Ербол Камалиев
❌ 60 кг. Бақытжан Қабдыл
❌ 63 кг. Сұлтан Әсетұлы
❌ 67 кг. Мейіржан Шермаханбет
❌ 72 кг. Әділхан Сатаев
🥉 77 кг. Ибрагим Магомадов
🥈 82 кг. Омар Сатаев
🥉 87 кг. Шамиль Ожаев
❌ 97 кг. Ильяс Гучигов
🥈 130 кг. Әлімхан Сыздықов

Жалпы есеп:
1️⃣ 🇮🇷 Иран – 🥇5,🥈3
2️⃣ 🇺🇿 Өзбекстан – 3-2-1
3️⃣ 🇯🇵 Жапония – 1-1-4
4️⃣ 🇰🇵 Солтүстік Корея – 1-0-3
5️⃣ 🇰🇿 Қазақстан – 0-2-2.

🤼‍♀️ Бүгін әйелдер күресі бойынша жарыс басталады.

@sportqazaq


Омар Сатаев күміс жүлдегер атанды

🤼 Грек-рим күресінің шебері (82 кг) Амманда өтіп жатқар Азия чемпионатының финалында ирандық Мохаммад Нагусиге 1:3 есебімен есе жіберді.

@sportqazaq


Әліміз келетіні осылар болып тұр

🏀 «Астана« ВТБ Бірыңғай лигасының кезекті матчында «Самарадан» 74:72 есебімен басым түсті.

❌ Осылайша он матчқа жалғасқан жеңіссіз сериясына нүкте қойды.

✅ Сондай-ақ маусымдағы екі жеңісіміздің екеуі де осы «Самараға» қарсы ойында тіркелгенін айта кеткен жөн.

🏀 Енді елордалықтар келесі матчын 30 наурыз МБА клубына қарсы өткізеді.

@sportqazaq


Дидар Сыдықбек «Атырау» бас менеджері атанды

💚 Оған дейін бұл қызметті Манарбек Шайдуллаұлы атқарған еді.

❌ Сондай-ақ директор Жандос Сабырұлы және құрылтайшылар Жасын Хабибуллин мен Сержан Манасов орнын босатты.

@sportqazaq


Ресми: Александр Марочкин құрамадағы мансабын аяқтады

«Лихтенштейнге қарсы ойын құрама сапындағы соңғы матчым болды. Осындай шешім қабылдадым. Жастар ойнасын. Соларға жол беретін уақыт келді. Қазақстан құрамасының намысын қорғау мен үшін үлкен мәртебе болды», – деді 34 жастағы қорғаушы.


🇰🇿 Марочкин ұлттық құрамада 50 матч өткізіп, бір гол соқты.

@sportqazaq


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Омар Сатаев финалға шықты

🤼 Грек-рим күресінің шебері (82 кг) Аммандағы Азия чемпионатының 1/2 финалында жапониялық Тайзо Ёшидоны мерзімінен бұрын жеңді.

⏰ Финал 20:00-де басталады.

@sportqazaq


Әлем кубогына қатысатын құрам белгілі болды

🤺 27-30 наурыз аралығында Мароккода семсерлесуден Әлем кубогының кезеңі өтеді.

▪️Ерлер: Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Руслан Курбанов, Аңсар Қасен, Кирилл Павлов, Никита Жулинский, Александр Федотов, Михаил Кузьмин және Нариман Уәлихан

▪️Әйелдер: София Николайчук, Владислава Андреева, Ляззат Карипова, Каролина Фомина және Виктория Кайдарова.

@sportqazaq


Әли Әлиев: Азияда ойнасақ, Әлем чемпионатына шығар едік

«Азияда ойнасақ, Әлем чемпионатына шығарымыз анық. Азия футболының деңгейін әсірелеудің керегі жоқ. Өзбекстан құрамасының жапондармен не кореялықтармен бір топқа түскенін көрмеппін.

Сондай-ақ Қырғызстан – Катар матчын қарадым. Катардың ойнауға құлқы жоқ, жай жүр…», – деді Қазақстан бас бапкері.


@sportqazaq


Алғашқы үш ұпай!

🇰🇿 Қазақстан құрамасы ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінің 2-турында Лихтенштейнді 2:0 есебімен жеңді.

⚽️ Қарсылас қақпасын Максим Самородов (42’) пен Александр Марочкин (45’) тулатты.

❌ Ал бірінші турда Уэльс құрамасына есе жіберген (1:3) едік.

📆 Енді келесі матчты 9 маусым күні Солтүстік Македонияға қарсы өткіземіз.

@sportqazaq


Негізгі құрам қалай, ағайын?

🇱🇮🇰🇿 Ойын 00:45-те басталады.

@sportqazaq


Әлімхан Сыздықов күміс жүлдегер атанды

🇰🇿 Отандасымыз Аммандағы Азия біріншілігіндегі грек-рим күресі бойынша финалда ирандық Фардин Хедаятиге 0:7 есебімен есе жіберді.

🥉 Ал Шамиль Ожаев (87 кг) пен Ибрагим Магомадов (77) қола жүлдеге қол жеткізді.

Сұлтан Әсетұлы (63 кг) мен Ербол Қамалиев (55 кг) қолаға таласта жеңіліп, бесінші орынға тұрақтады.

@sportqazaq


Үш ұпай алатын маңызды ойын

🇰🇿 Қазақстан ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі аясында Лихтенштейнмен күш сынасады.

❤️ Ал FONBET-тегі достарымыз Playstation 5 ойнатып жатыр. Оған қосымша FC25 (FIFA) те беріледі.

✅ Қатысу үшін PS5 промокоды арқылы тіркелу керек немесе оны жеке кабинетіңізде енгізіп, барлық шартты орындаңыз: https://fnbt.link/a3695 ⬅️


Әлімхан Сыздықов Азия чемпионатының финалына шықты

🤼 Аммандағы (Иордания) Азия біріншілігінде грек-рим күресі бойынша белдесулер өтіп жатыр.

✅ Сыздықов (130 кг) жартылай финалда өзбекстандық Темурбек Насимовті жеңіп, финалға жолдама алды.

🥉Шамиль Ожаев (87 кг) пен Сұлтан Әсетұлы (63 кг) жартылай финалда жеңілді. Енді қолаға таласады.

⏰ Финал 20:00-де басталады.

@sportqazaq


Жастарымыз Литваны да сан соқтырды

🇰🇿 Қазақстан U17 құрамасы Алматыда өтіп жатқан Еуро іріктеу кезеңі В лигасының 7-тобында литвалық құрдастарын 5:2 есебімен жеңді.

⚽️ Бізден Дәулет Орынбасар мен Абылай Төлеухан бір-бір голдан соғып, Исмаил Бекболат хет-трик жасады.

🔥 Қазақстан түнеугүні Грузиядан 3:0 есебімен басым түскен еді.

✅ Осылайша Еуро 2026/27 жылғы маусымының іріктеу кезеңінде А лигасында ойнау мүмкіндігіне ие болдық.

@sportqazaq

Показано 20 последних публикаций.