Жаңалықтар - Stan.kz


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз.
Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


Алматы әуежайында күдіктіні ұстаған азамат жайлы не белгілі

Ер адамның есімі – Мұса Әбдірайым. 52 жастағы ер адам әуежайға танысын шығарып салуға барған екен.

Бес баланың әкесі спортшы болғанын, тай боксымен және басқа да жекпе-жек түрлерімен айналысқанын айтты. Сол үшін де бойында қорқыныш болмаған.

"Мен жаңа ғана досымды шығарып салдым. Сол сәтте бір ер адамның қызға шабуыл жасағанын көрдім. Өзім үшін емес, тек сол үшін қорықтым", – дейді ол.

Әбдірайым еш ойланбастан өзін кепілге ұсынып, кейін жанжалға кіріседі. Ол шабуылдаушының пышағын тартып алып, оны жерге құлатып, ұстауға көмектесті.

t.me/stankznews


Әуежай қызметкерін кепілге алған ер адам бұған дейін автобуста жолаушыны ұрғаны үшін сотталған

Журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында күдіктіге қатысты кей деректерді жариялады. Сөзінше, ер адам 67 жаста.

“Алматыда әйелді кепілде ұстаған ер адамның есімі Машрапбек Баратов, 67 жаста. Былтыр күзде автобуста әйелді ұрған да осы адам. Ол кезде полиция оның әрекетін бұзақылық ретінде қарап, сот алдында жауап берген. 2024 жылдың желтоқсанында 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған”, – деп жазды журналист.

Алматы қалалық полиция департаменті ер адамның екі іске де қатысы бар екенін растады.

t.me/stankznews


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Илон Масктың тағы бір зымыраны жарылды

Осылайша Starship сапары екінші рет сәтсіз аяқталды.

SpaceX әзірлеген зымыран Техастағы базадан көтерілген соң жарылып кеткен. Осыдан кейін АҚШ авиация билігі Флоридадағы бірнеше әуежайдың жұмысын уақытша тоқтатты.

SpaceX компаниясының мәліметінше, кеме басқаруды жоғалтып, бірнеше қозғалтқыштары өшіп қалған. Содан кейін байланыс үзілген.

t.me/stankznews


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
⚡ Тоқаев күдіктіні ұстаған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынды

Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайынан хабардар екен.

Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығына алғыс ретінде мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.

Күдіктіні ұстаған ер адамның есімі Мұса Әбдірайым, 1973 жылы туған. Ол әуежайға туыстарын шығарып салу үшін барған екен. Сосын аталған жағдайдың куәсі болған. Кейіннен қызметкердің орнына өзін кепілге алуды ұсынған. Осылайша күліктіні қолға түсірген.

t.me/stankznews


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Күдіктінің қолға түскен сәтінен...

Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған ер адамды ұстаған сәт түсірілген видео тарады. Кадрлардан қоңыр жеңсіз жейде киген кісінің ер адамды әңгімеге айналдырып, пышағын жұлып алғанын көруге болады.

Аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалды.

t.me/stankznews


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Алматы әуежайында ер адам қызметкерді кепілге алды

Желіде әуежайда түсірілген видео тарады. Кадрлардан қолында пышағы бар ер адамның қыздың шашынан ұстап алғанын байқауға болады. Оқиға 7 наурыз күні сағат 11:45 шамасында ішкі терминалда болған.

Әуежай мәліметінше, ер адам өзін жолаушы ретінде көрсетіп, рейс алдындағы қауіпсіздік аймағына жақындаған. Қызметкер одан құжатын сұраған. Сол кезде қызды ұстап алып, пышақпен қорқытқан.

7 минуттан кейін ер адамды полиция мен авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері ұстады. Қазір ол қамауда.

t.me/stankznews


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Ғалымдар мамонтты қайта тірілтпек

Америкалық зерттеушілер мамонт жүні қапталған тышқандарды өсіріп шығарды. Осылайша 4 мың жыл бұрын жойылып кеткен мамонт қайта қалпына келтірілмек.

Ғалымдар зертханалық тышқандарға мамонт генін енгізген. Сосын олардың жүнінің суыққа төзімділігін бақылаған.

t.me/stankznews


Ұлттық банк базалық ставканы 16,5%-ға дейін көтерді

Бұған дейін базалық ставка 15,25% деңгейінде болған.

Айта кетейік, базалық мөлшерлеме – елдегі орталық банктің ақша құнын басқару тетігі. Ұлттық банк базалық ставканы екінші деңгейлі банктерге кредит берерде және олардың ақшасын депозитке қабылдарда қолданады. Яғни Ұлттық банк коммерциялық банктерге несиені дәл осы базалық ставкамен береді, депозитке де осы мөлшерлемемен қабылдайды.

t.me/stankznews


Ақтөбеде 39 жастағы әйел 11-баласын дүниеге әкелді

Мінәура Мұқтарова мен жолдасы 7 ұл, 4 қыз тәрбиелеп отыр. Алты баласы мектеп жасында. Екеуі балабақшаға барса, қалған екі егіз екі жасқа толыпты. Ал кеше ғана дүние есігін ашқан сәбиге Хантөре есімі берілген. Оның салмағы 3,7 келі. Бойы 57 сантиметр.

Көпбалалы ананың өзі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі екен.

t.me/stankznews


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
‼️ Жаңаөзенде мешіт аумағында жарылыс болды

Желіде жарылыс болған жерден видео тарады. Кадрлардан адамдардың оқиға орнына жүгіріп бара жатқанын көруге болады.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт мешітті емес, оның аумағын шарпыған. Салынып жатқан ғимараттың дәлізінде 40 шаршы метр аумақта кілем өртенген.

Өрт кезінде 12 жасар бала зардап шеккен. Құлағын, бетін, мойнын, аяқ-қолын, бел аймағын және жоғарғы тыныс жолдарын термиялық күйік шалған. Дәрігерлер оның жағдайын орташа деп бағалап отыр.

t.me/stankznews




Қазақстанда пәтерін жалға беретіндер табысынан 10% салық төлеуге міндетті

Мәселен, азамат баспанасын 200 мың теңгеге жалға берсе, оның жылдық табысы 2 400 000 мың деп есептеледі. Осылайша, дәл осы соманың 10%-ы салық ретінде мемлекетке төленуі тиіс.

Алайда жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес.

t.me/stankznews


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Астанада ер адам жанармай құю бекетінде оттық жағып, өрт шығара жаздады

Минивэн жүргізушісі жанармай құю кезінде бакқа оттық жағып, оны ашпақ болған.

Станция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында өрт сөндірілген. 

t.me/stankznews


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
💬 "Аузыңды әдейі ашып жіберсең, 60 күн үзбей ораза ұстау керек"

Мұсылман жұртшылығының үшінші парызы – Ораза ұстау. Ауыз бекіткен адам тамақтан ғана емес, бар жамандықтан тыйылып, рухани кемелдене түседі.

“Арафат” мешітінің бас имамы Бауыржан Есмахан дұрыс ораза ұстау жолдарымен бөлісті.

Толығырақ
Stan.kz YouTube-арнаcынан көре аласыз!

t.me/stankznews


Депутат Шаталов өзін сынағандарға назын айтты...

Никита Шаталов желіге жазған жазбасын, "бәріміз қазақпыз ғой" деген сөз тіркесінен бастады.

"Мен туралы жазып жатқанның бәріне айтарым: менің болмысым – қазақ. Осы уақыт ішінде мені "ватник", "шетел агенті", "прокремльшіл" деп атады. Бірақ бұлардың ешбірі шындыққа жанаспайды. Біреулер туған жерім ретінде Қазақ КСР-ін әдейі көрсетті дейді. Ал ресейлік БАҚ менің сөздерімді контекстен жұлып алып, бұрмалап, мүлде басқа мағынада жеткізіп жатыр", - дейді депутат.


Депутат тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келгенін, ол кезде Кеңес Одағы болмағанына шүкір айтты. Енді мен үшін Қазақстаннан басқа Отан жоқ, болмайды да, дейді депутат.

t.me/stankznews


Астаналықтардың телефонына "президенттен ескерту" келді

Дабыл тұрғындарды ғана емес, Сенат отырысында отырған шенеуніктерді де шошытты.

Цифрлық даму министрлігі Cell Broadcast технологиясын пайдаланатын ескерту жүйесі тексеріліп жатқанын мәлімдеді. Министрлік Астананы төтенше жағдайларды ескертетін жүйеге қосып жатқанын айтты. Сондай-ақ тұрғындарды алаңдамауға және ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

t.me/stankznews


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
‼ Оңтүстік Кореяда жойғыш ұшақтар байқаусызда ауылға бомба тастаған

Оқиға 6 наурызда болған. Әскери-әуе күштерінің екі KF-16 жойғыш ұшағы жауынгерлік жаттығу кезінде жаттығу алаңының сыртына сегіз бомба тастап жіберген.

Жергілікті билік мәліметінше, снаряд Почхон қаласындағы үйдің маңындағы жолға түскен. Сегіз ғимарат, шіркеу мен жүк көлігі зақымданған. Сондай-ақ 15 адам зардап шеккен. Оның екеуі әскери адам, екеуі шетелдік турист. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген.

t.me/stankznews


Қазақстандықтар қандай скринингтерден тегін өте алады

Медициналық сақтандыруына қарамастан, қолжетімді скринингтер:

🔶 Артериялық гипертензия;

🔶 Жүректің ишемиялық ауру;

🔶 Глаукома;

🔶 Қант диабеті;

🔶 Сүт безінің қатерлі ісігі;

🔶 Жатыр мойны обыры;

🔶 Колоректальды обыр.

Артериялық гипертензия мен жүректің ишемиялық ауруы, глаукома бойынша скринингтен 30-дан 70 жасқа дейін 2 жылда 1 рет.

Қант диабеті бойынша скринингтен 30-70 жас аралығында өте алады.

Тоқ ішек және тік ішектің қатерлі ісігі бойынша 50-70 жастағы қарт адамдар 2 жылда 1 рет өтеді.

t.me/stankznews


Алматыда колонияның экс-бастығы ұсталды

Ақпаратқа сәйкес, әділет полковнигі Бекзат Балтабайұлы жемқорлық үшін ұсталды.

Ол ұстау кезінде ішкі істер органдарының қызметінде болмапты. Бірақ қызметтік кабинетте қолға түсіпті.

Құзыретті органдар сотқа дейінгі тергеу жүргізеді.

t.me/stankznews


Қытайлық маркетплейстерді қаншалықты жиі қолданасыз?
Опрос
  •   Иә, үнемі соны ғана қолданамын
  •   Жоқ, мүлде қолданбаймын
  •   Жауабымды пікірге жазамын
74 голосов

Показано 20 последних публикаций.