Бір универге түсіп екі диплом алуға болады дегенге сенесіз бе? Екінші дипломды шет елдік универден алуға болатынын білесіз бе? Қос дипломлық бағдарлама туралы не білесіз❓
Сұрақтарды анықтап алсақ, жауабын іздейік❗️
Қос дипломды білім беру екі оқу бағдарламасын қатар өтуді көздейді. Яғни, бір мезгілде екі бағдарламаны меңгере отырып, сіз Білім туралы екі тең құнды диплом немесе негізгі білімін растайтын бір диплом және қосымша білім туралы екінші диплом алуға мүмкіндігіңіз бар.🔥
Мысалы, сіз UIB университетінің студентісіз.
Ал UIB Оңтүстік Кореядағы SolBridge университетімен, Польшадағы Wyższa Szkoła Biznesu – National Louis University университетімен, Қытайдағы Ningbo университетімен, Ресейдегі Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті, Англиядағы Bedfordshire университетімен серіктес.📚
Сіз UIB-дің студенті бола отырып, жоғарыда айтылған университтеттерде бір семестр оқуға өтініш білдіре аласыз. Кейін сізді өзіңіз таңдаған университететке оқуға жібереді.✈️
Осылайша сіз әрі UIB-ді, әрі шет елдік университетті оқығаныңыз үшін бірден ҚОС дипломға ие бола аласыз.👩🏼🎓
Алайда ❗️
🔴 Бұл бағдарлама барлық ЖОО-да жоқ. Бірақ көбінде бар. Өзіңіз түскіңіз келетін университет сайтынан қос диплом деп іздесеңіз болады.
🔴Бұл бағдарлама барлық мамандықты қамтымайды. Әдетте серіктес университеттердің мамандықтары, білім беру бағыты өзіңіз түскен универдікіне ұқсас келеді. Мысалы, жоғарыда айтқан UIB университеті бизнес, экономика, туризм сияқты салаларды оқытса, оның Кореялық серіктесі де сол салалар бойынша ғана студенттерді қабылдайды. Сондықтан, алдын-ала университет сайтын ақтарып, барлық мәліметті зерттеп алыңыз.
🔴Енді сіздің ЖОО-да бұл бағдарлама бар делік. Сіздің мамандығыңызды қамтиды делік. Бірақ мұнымен шаруа бітпейді. Сіздің үлгеріміңіз жақсы болу қажет. Яғни, сіздің GPA балыңыз жоғары болу қажет. Өзіңіз барғыңыз келетін елдің тілін немесе ағылшын тілін білуіңіз қажет. Және арнайы іріктеу емтиханынан, серіктес университеттен келген елшілермен болатын сұхбаттан өтуіңіз қажет.
Осының бәрінен өтсеңіз, ҚОС ДИПЛОМ сіздікі❗️
Жалпы кез-келген нәрсе оңайлықпен келмейтінін ұмытпаңыздар дегіміз келеді. Жастық шақтарыңызда берілген мүмкіндіктің бәрін пайдаланып, мықты маман, табысты адам болу үшін жас кезіңізде талмай оқып, еңбектеніңіздер!🔥