📕Қызыл диплом алғым келеді…
Универге барған соң бәріміз де жақсы оқып, үздік болғымыз келеді. Бірінші курс “оқим, қызыл диплом алам, ата-анамның үмітін ақтаймын, мықты маман” боламын деген настроймен баратын уақыт қой.
Мектепте қызыл аттестат, үздік аттестат, алтын белгі алудың критерийін бәріміз білеміз, қарапайым нәрсе. Бәрін беске оқысаң болғаны.
Алайда университетте мүлдем басқа. Сондықтан, қызыл диплом алуға ниеттеніп отырған студенттерге арналған пост🔥
📍Ол үшін алдымен университеттегі бағалау жүйесін қарастырайық.
“А” = “95-100” = “5+”
“А-“ = “90-94” = “5”
“В+” = “85-89” = “4+”
“В” = “80-84” = “4”
“В-“ = “70-79” = “4-“
“С” = “60-69” = “3”
“С-” = “50-59” = “3-“
(соңғы С бағасы кейбір университеттерде С+, С, С- болып та бөлінеді)
Енді GPA балл деген дүние болады. Ол әр универде әртүрлі. Көпшілігінде 4 баллдық GPA балл жүйесімен өлшенетін болғандықтан, сіздерге солмен есептеп көрсетейік.
📍GPA 4 - ең жоғарғы балл, ол тек “А” бағасын алғандарға беріледі, яғни жалпы семестрдегі бағаңыз 95-тен кем болмаса ғана беріледі.
📍GPA 3,76 - “А-“ немесе 90-94 балл алғандарға берілетін балл.
📍GPA 3,33 - “B+” немесе 85-89 балл
және дәл солай кете береді. Біз сіздерге барлық баллды тізбектеп жазу қажет емес деп ойладық, себебі қалған баллдар қызыл диплом алу мүмкіндігінен айырады.
❗️Университетте жоғарыда қанша балл алсаңыз да бәрібір. Бастысы барлығын қосып, орташа балл шығарғанда жалпы GPA баллыңыз 3,5-тен кем болмауы қажет.
❗️Сонымен қатар, дипломдық жұмыс бағасы “А-“, яғни 90-нан кем болмауы қажет. Және мемлекеттік емтихандар мен практика бағасы 90-нан кем болмауы тиіс.
Сонда ғана сіздер қызыл диплом иесі атана аласыздар. Иә, мектептікінен әлдеқайда қиынырақ. Бірақ барған соң үйреніп кетесіздер. Сіздерге оны көрсету себебіміз, көп жерде бұл айтылмайды, кейбір мұғалімдер де бұл туралы білмейді. Ал сіз бейқам оқуыңызды оқып жүрген кезде өзіңіз байқамай қалып, қызыл диплом мүмкіндігіңізден айырылып қалмаңыз деген ниетпен жазып отырмыз.