tagylym


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


"Раббым ілімімді арттыр"
НМУ студенті
Кері байланыс: @Tagylym_bot
Аудио-подкаст: @podcast_123

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


القرآن لا يحتاج إلى وقتك،
وقتك هو الذي يحتاج إلى القرآن.

Құран сіздің уақытыңызға мұқтаж емес,
Сіздің уақытыңыз Құранға мұқтаж.


Алла Тағала, адамды ерекше қабілеттермен жаратты және оған ерік-жігер, яғни таңдау еркіндігін берді. Сондай-ақ, адам сенуге және құлшылық етуге бейім етіп жаратылған.

Сонымен қатар, бүкіл ғалам мен адамның өзі – басынан аяғына дейін Алланы көрсететін айқын белгілерге толы. Әрбір адамның өмірінде де оған “Алла” дегізетін, ар-ұжданның үнін естіртетін сансыз оқиғалар орын алады.

Осының үстіне, Алла Тағала адамзат тарихында әрқайсысы Алланың хақтығының ең айқын куәгері болған көптеген пайғамбарларды жіберді. Олардың пайғамбарлығын дәлелдейтін айқын белгілердің үстіне, оларға мұғжизалар да берді. Қысқаша айтқанда, Алла адам ақылы үшін иманның барлық есіктерін ашады, бірақ адамнан ерік-жігері мен таңдау еркіндігін тартып алу мағынасында оны иманға мәжбүрлемейді.

Күпірлік – сену үшін дәлелдің жетіспеушілігінен туындамайды. Керісінше, адамның тәкаппарлығына, надандығына, зұлымдығына, қате көзқарасына, шектен шыққан шарттануына және нәпсіқұмарлығына бой алдырып, осы дәлелдерді әдейі жоққа шығаруынан туындайды. Өткенде жойылған қауымдардың тарихы мұны айқын көрсетеді. Олар қанша дәлел көрсетілгеніне қарамастан, өздері талап еткен мұғжизалар де көрсетілген соң да, күпірлікте, зұлымдықта және ауыр күнәларында табандап тұрып алған.
📌 (Мысалы, қараңыз: Ағраф сүресі, 7:73–79)






Құран өткен шақтағы оқиғаларды жай ғана тарихи ақпарат беру үшін жеткізбейді, солар арқылы кейбір ақиқаттарды ұғынамыз. Аяттарға үстірт қарағанда бұл ақиқаттар бірден ашыла қоймай, олардың бізбен байланысы анық көрінбеуі мүмкін. Алайда Құранды қайта-қайта оқып, әрбір аятқа «Құран мұнда маған бір нәрсе айтып тұрғаны анық» деп қаралса және мәселелер тұтастай қарастырылса, сонда ғана одан дұрыс пайдалану мүмкін болады. Осы тұрғыдан, бір мұсылманның әрбір аятқа өзіне арналғандай қарауы, сол аяттың өзімен байланысын ойластыруы керек.




Құран, тәжуидке байланысты пайдалы сілтемелер:

Мұғалім сәни:
https://youtube.com/playlist?list=PL7AEFfKAwqe5-rEkqEULQl-j2kg6MeJK9

https://youtube.com/playlist?list=PL0B45XFtdWB6DslA75VhmGq-SYZk0XquX&si=zI7jgrSPLxCUeAOv

Құран 114 сүре оқылуы (Alijon qori):
https://youtube.com/playlist?list=PL7AEFfKAwqe7TA68MWsIWvQjwdlccSBGQ

Құран 114 сүре оқылуы (Ayman Suwayd):
https://youtube.com/playlist?list=PL7BymzHy-waIWznYh_Vm6rCS7IZwGbJ29

Құран 114 сүре оқылуы (Әл-Хусари)
https://youtube.com/playlist?list=PLxpAkjlGauHfMFWX22VZWOKpzjr-vH_BM

Тәжуидке кіріспе
https://youtube.com/playlist?list=PLtRu4G3i7UwKv4UjNjQPU6DhEf0YXTJ3y

Махраж(Әріптердің шығатын орындары):
https://youtube.com/playlist?list=PLtRu4G3i7UwIinHzGeqBYGoscTmYCMsoz

Әріптердің сипаттары:
https://youtube.com/playlist?list=PLtRu4G3i7UwJ3jwt3bFXuPI6UdxNHrNr7

Ро(ر) әрібі
https://youtube.com/playlist?list=PLtRu4G3i7UwI36XVVmOCDtP3AUM563OfV

Нунға қатысты ережелер:
https://youtube.com/playlist?list=PLtRu4G3i7UwJLNtD-1M44gP3vB35LvrOS

Идғам:
https://youtube.com/playlist?list=PLtRu4G3i7UwKErYbsdFwEdq6x4z15KSMe

Мәд түрлері
https://youtube.com/playlist?list=PLtRu4G3i7UwJPjf4qU8S6gpuN2HbCQ6Oz

Уасл һамза:
https://youtube.com/playlist?list=PLtRu4G3i7UwKj8WS_FTWtJ34Tt0ZOpceR

Имәлә, набр, тасһилул-һамза
https://youtube.com/playlist?list=PLtRu4G3i7UwINjnK9ypbQHRQ4xHQHr7K6&si=OquKS0XAR2ina2X1

Ишмам және раум
https://youtu.be/MyKvnTysh1o?si=GFB83LCLs83zo8Zo

https://youtu.be/p6FqTbQUTN8

Әріпті дыбыстаудағы қателіктер:
https://youtube.com/playlist?list=PLtRu4G3i7UwLq7-1XoXpOo5Gw0ss6f0iW

Махраж жаттығулары
@suweid_tajwed

https://youtube.com/playlist?list=PLQ46L6qiMWyM4yaoBitDERMIwlXoYaAqB&si=VjjwrJsXii77kEWc

https://t.me/AymanSuwaydLetters_bot


Имансыздық туралы ой әр жерде, әр уақытта бірдей. Әбу Жәһил: «Алла қайда?» деп сұраған еді. Сол күпірлікті бүгінгі заманда да көре аласыз: зертханада отырған біреу: «Қараңдар, Алланы бұл жерден көріп тұрған жоқпыз, ол қайда?», - дейді.

Оған былай деу керек: «Ақымақ! Алла сенің зертханаңа кіретін нәрсе ме? Атом ядросының ішінде бөлшектер айналуда, оны айналдырып тұрған Қолды көрмейсің бе? Әлде, Гагарин сияқты сен де Алланы жер шарының айналасынан іздеп жүрсің бе?»

Ғарышқа шығып, «Алланы көрмедім» деген Гагаринге қатысты Нәжіп Фазыл:
«Әй, ақымақ! Алланың ғарыш кеңістігінде қалықтаған бір шар екенін саған кім айтты?»

Дұрыс көзқарас қалыптаспаса, шындықты табу мүмкін емес. Перғауын да өз адамдарына:
«Маған биік бір мұнара салыңдар, мен шығып қарап көрейін, Мұсаның Раббы сол жерде ме?» – деп айтқан еді. Сорлы бейбақ білмейді, оның «мұнара» деп салған құрылысы теңіздегі бір тамшыдай, шөлдегі кішкентай төбешік қана екенін…

Демек, егер көзқарас осындай болса, күпірлік – сол баяғы күпірлік. Уақыт пен мекен өзгерсе де, ол өзгермейді.


Ғибадат уақыттарының ай қозғалысына негізделу хикметі

Мұсылмандар ретінде біз ғибадат уақыттарын анықтауда айдың қозғалысын негізге аламыз. Рамазан айының оразасын бастағанда, Рамазан және Құрбан айт мейрамдарын тойлағанда, Арафат тауында тұрған кезде, Мұздалифада болғанда, шайтанға тас лақтырғанда… қысқасы, көптеген ғибадаттарымызды орындау барысында айды бақылауға мәжбүрміз. Бұл жағдай тікелей Алла Тағала тарапынан бекітілгені сияқты, Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) да өз іс-әрекеттерімен бұл мәселеде бізге жол көрсеткен.

Ғибадаттарымызда осылайша ай күнтізбесін (қамари) негізге алудың бірқатар хикметтері бар:
1. Қамари жыл күнтізбесі күн жылымен салыстырғанда шамамен 11 күнге қысқа. Осыған байланысты әр жыл сайын ғибадаттар 11 күн ерте орындалады. Алла Тағала осылайша адамдарға ғибадаттарын әртүрлі мезгілдерде орындау мүмкіндігін берген. Егер күн күнтізбесі негізге алынса және Рамазан айы қаңтар айына бекітілген болса, онда ораза әрдайым қысқы қысқа күндерде жеңіл өтетін еді. Осылайша жаздың ыстық және ұзақ күндерінде ораза ұстап, оның негізгі мақсаты саналатын тақуа деңгейіне жету мүмкіндігінен айырылар едік. Сонымен қатар, медицина тұрғысынан, егер жыл сайын тек белгілі бір маусымда ораза ұстасақ, онда ағзамызға әртүрлі мезгілдерде қажетті тазарту жасалмас еді. Алла Тағала мұсылмандардың жазда, қыста, көктемде, күзде, яғни әртүрлі уақытта және әртүрлі жағдайларда ораза ұстауын қалаған.
2. Ораза мен қажылық секілді ғибадаттар орындалған уақыт аралығына ерекше құндылық береді. Алла Тағала дәл осы уақыттарда Өзінің мейірімін молынан төгеді. Қамари айларына тән бұл береке мен жақсылықты күн күнтізбесіндегі маусымдар мен климаттардың да сезінуі үшін Алла Тағала ғибадаттардың уақытын ай күнтізбесіне бекіткен, бірақ олардың күн күнтізбесіндегі әртүрлі маусымдарда жалғасуын қалаған. Осындай айналымның болуы арқылы өмірдің әрбір күні Рамазанға, Құрбан айтқа немесе Қадір түніне сәйкес келуі мүмкін.
3. Бұл жағдай кедей адамдар үшін де үлкен пайда әкеледі. Өйткені зекет, садақа, пітір секілді материалдық көмектер әр 36 жылда бір жылға артық беріледі. Осылайша, күн күнтізбесіне сәйкес 36 жыл өмір сүрген бір кедей адам қамари күнтізбесі бойынша 37 рет зекет ала алады.
Осындай сансыз даналықтарға байланысты біздің ғибадаттарымыздың уақытын анықтауда қамари күнтізбе негізге алынған.




Хақ достары оразаны үш түрге бөлген:

    Ауамның оразасы: Бұл – тек асқазанына ғана ораза ұстатып, сырттай оразаны бұзатын әрекеттерден тыйылатын қарапайым адамдардың ұстанған оразасы. Мұнда тек жеу, ішу және жыныстық қатынастан алшақ болу жеткілікті деп есептеледі.

    Хауастың оразасы: Бұл – тек асқазанына ғана емес, сонымен қатар қол, тіл, көз және құлақ сияқты мүшелерін де жаман істерден сақтап, оразаның берекеті мен рухани ләззатын сезінуге тырысатын таңдаулы құлдардың оразасы. Мұндай адамдар өзін ұрғанға қол жұмсамайды, тіл тигізгенге сөз қайтармайды. Олардың сөздері әрдайым Алланың разылығы шеңберінде жүреді. Құлақтары жаман сөздерді естуге жабық, көздері де харам нәрселерге назар салмайды.

    Хауасул-хауастың оразасы: Бұл – хас адамдардың оразасына қоса, жүрек, ой-қиял және саналарын да Аллаға ұнамсыз бөтен нәрселерден толық тазартып, Алланың ерекше сүйген құлдары қатарына кіретін тақуа жандардың оразасы. Мұндай оразада жүректі Алладан өзге нәрселерден толық тазарту негіз етіледі. Алла разылығына сай келмейтін кез келген дүнияуи ойлар бұл оразаны рухани тұрғыдан бұзады.

имам Ғазали, Ихия улумид-дин


Ораза – дененің зекеті

Хазреті Әбу Һурәйрадан (радияллаһу анһ) риуаят етілген бір хадисте Алла елшісі (ﷺ) былай дейді:

"ُلِكُلِّ شَيْءٍ زَكَاةٌ، وَزَكَاةُ الْجَسَدِ الصَّوْمُ، الصَّوْمُ نِصْفُ الصَّبْرِ"

“Әр нәрсенің өз зекеті бар. Дененің зекеті – ораза. Ораза – сабырдың жартысы.”
(Бухари, саум 22; Муслим, сиям 160)

Зекет сөзі “тазару, арту, берекелі болу” деген мағыналарға келеді. Мүмін зекетін беру арқылы дүние-мүлкін күнә кірлерінен тазартады. Басқа қырынан алғанда, адам бойындағы сараңдық сияқты жағымсыз қасиеттер немесе қоғамдағы бай мен кедей арасындағы әлеуметтік теңсіздіктер зекет арқылы жойылады.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) әр нәрсенің өзін кір-қоқыстан тазартатын бір “зекеті” бар екенін айтады. Ал денені тазартатын нәрсе – ораза. Ораза, бір жағынан, денені физикалық тұрғыдан зиянды нәрселерден тазартып сауықтырса, екінші жағынан, рухани тұрғыдан, күнәлардан арылту арқылы адамды тозақ азабынан құтқарады. Яғни, мал үшін зекет қандай маңызға ие болса, дене үшін ораза да дәл сондай мәнге ие.

Хадистің келесі бөлігінде:
“Ораза – сабырдың жартысы” делінген. Алланың жүктеген құлшылық міндеттерін мойындап, оларды орындауға сабыр ету, Оның қалауымен келген нәрселерге мойынсұну, қиындықтарға төтеп беру, Оның есігінен алыстамау, күнәлардан сақтанып, нәпсіге қарсы тұру – осылардың барлығы діннің жартысын құрайды.

«Ораза – сабырдың жартысы». Өйткені сабырдың қалған жартысы басқа жағдайларда көрініс табады. Оразада бір жағынан нәпсінің қалауларын тежеу бар болғандықтан, бұл күнәлардан сақтану сабырына жатады. Ал екінші жағынан, әсіресе ыстық күндерде аштық пен шөлге төтеп беру арқылы құлшылықта табандылық көрсету сабыры да бар. Осылайша ораза діннің төрттен бір бөлігін құрайды. Сонымен қатар, оразада жоғарыда айтқанымыздай, әрі ғибадатқа беріктік, әрі адамға тән сезімдер мен нәпсілік қалауларды ауыздықтау бар.


Оразаның жеке тұлғаға беретін пайдалары:

1. Сабырды үйретеді
2. Нәпсіні тәрбиелейді
3. Күнәлардан қорғайтын қалқан
4. Рухты кемелдендіреді
5. Адамды періштелік дәрежесіне көтереді
6. Нығметтердің құндылығын үйретеді
7. Алламен байланысты күшейтеді
8. Аллаға қауышуды еске салады
9. Денсаулыққа пайдалы
10. Үнемшілдікке үйретеді
11. Мәңгілік нығметтерге лайық етеді
12. Аманатқа адалдықты үйретеді
13. Садақат (Адалдық) пен Опаны үйретеді
14. Қанағатшылдыққа (Алладан басқаға мұқтаж болмауға) үйретеді
15. Самадият сырын үйретеді
16. Тәртіпке үйретеді

Оразаның қоғамға беретін пайдалары:

1. Бірлік пен ынтымақты күшейтеді
2. Кедейдің хәлін еске салады
3. Қайыршылықтың алдын алады






Тарауих дұғасы:

"Уа, Алла! Бізді иманның әшекейімен көркемде, бізді һидаят пен ирфанның шарапатына бөле, бізді Рамазан оразасының құрметіне бөле, бізге жәннат пен кешірімді нәсіп ет. Тарауих намазымызды қабыл ет, уа Субхан! Дұғаларымызды қабыл ет уа Хәннән! Өз кеңшілігіңмен және жомарттығыңмен уа Мәннән! Рақымыңмен қабыл ет уа рақымдылардың ең рақымдысы!"


Репост из: От Пророка до тебя 32, будь 33
В суре Аль Имран, 191-194 аяты, Аллах описывает обладателей разума. И говорит, что они взывают к своему создателю обращаясь к нему словами, о наш создатель 5 раз. И их создатель тотчас же отвечает на их мольбы. Т.е. если человек не перестает взывать к своему Господу, тот непременно ответит.


Байқасақ айтылған төрт нәрсе де тарауих тасбихының соңғы жағында бар.


Пайғамбарымыз ﷺ бір сөзінде былай деген:

"Бұл айда төрт нәрсені көп істеңдер. Оның алғаш екеуі – Раббыларыңның ризашылығын алуға себеп, ал қалған екеуіне сендер өздерің мұқтажсыңдар. Раббыларыңның ризашылығын алатын екі амал – “Лә иләһә илләллаһ” деп көп айту және истиғфар (Алладан кешірім тілеу). Ал мұқтаж болатын екі амал – Алладан Жәннатты сұрау және Тозақтан сақтауды тілеу".


0:07 Атауы көп ай

0:25 Бұл ғибадат басқа айларда кездеспейді...

1:28 Тарауихты кімдер оқиды?

2:28 Бұл шаршататын намаз ба?

5:19 Сахабалар тарауихты қалай оқыған?

6:15 Күнәнің жойылуына ең үлкен себепкер

7:38 Омыртқа vs намаз

9:35 Тарауих неге күндіз оқылмайды?

12:51 Бұл нәрсе бүкіл қарызыңды өтеп береді!

14:48 Қонақ артық па, тарауих па?

19:11 Үйден шықпай отыр деген сөз емес

20:34 "Теріге оралған Құран"

21:27 Садақа бере алмасаң, былай жаса...

22:17 Алланың мейірімі

23:13 Тарауихта хатым жасау міндетті ме?

26:20 20 рәкағат оқудың хикметі

Сілтеме

@podcast_123

Показано 20 последних публикаций.