Фильтр публикаций


Маңызды іс алдында ұйықтай алмау - жауапкершіліктің көптігі емес, мазасыздық!(уайым)

деген бар еді. Сондай боп жатырмын.


Наурыз құтты болсын🌸

Мерекені толығымен сезіну бақыты бұйырсын☀️🤍


өлең оқушы едім бұрын
тыңдап “ойпырмооой” деп отырмын😅🙌🤍




деп ойлаймын

- жазушы болу үшін филологияда оқудың керегі жоқ деп ойлаймын.
- жазушы болу үшін 3-5 мың кітап оқып тастамасаң да болады деп ойлаймын.
- жазушы болу үшін том-том кітап жазып, соңынан кетіп, өміріңді арнамасаң да болады деп ойлаймын.
- жазушы болу үшін балалық шағыңда бақытсыз болмасаң да болады деп ойлаймын

осылардың барлығына ие жазушыларды, әрине, құрметтеймін.

бірақ жазушы болуға ұмтылатын жастарға бұл қатып қалған таптаурындар кедергі болмаса екен деген ой.

біраз таныстарымның ойлары сондай күшті.

пы-сы: мысалы, мен Мерей кітап жазса оқитын едім


***

Сезімнің адамдарына бір ауыз сөз, бір түйір қабақ шыту, бір тәкаппар дем дегеннің өзі жылдап ауырлық сыйлайды.

Ондай сезімді оған Құдай сыйлаған.
Жүрекке жүк артады деп, әуелде,оны жаза көресің. Бірақ Құдай сыйлаған бұл сезімнің талдың бүршік атқанына сүйсіну, Күн шапағына еркелеу, самал желдің сипағанынан рахаттану деген тұсын сезінгенде жарылқау екенін ұғынасың.

өмір…;)


кім парақшаға 1000-шы адам боп тіркеледі екен?

1000 теңгең болғанша, 1000 досың болсын депше😁


пікірлерің маңызды🫂
алдын-ала рақмет🙌☀️


Қазір көп ойланып жүрмін, достар.

Предназначение деген дүние жайлы. Құдайдың мені жаратқандағы мақсаты не болды? Мен болмасам не болмас еді өмірде ? деген секілді т.б

«Қайда жүрсем де кітап.
Мен, бәлкім, кітап үшін, кітапты жарнамалау үшін, адамдарға кітаптың құндылығын жеткізу үшін жаратылған шығармын» деп те ойлап жүрмін.

Сондықтан мына видео мен үшін мәнге ие. Яғни сол ойдан кейін түсіріп тұрған алғашқы видео.




Сені мазалаған сұрақтардың бәрінің жауабы - өз ішіңде.

- және олар тым қарапайым.


Жүректері бір-біріне жақын адамдар айғайламайды.

«Айғайламайтын аналар» кітабынан


балалардың көбіне тән бір қасиетті сондай жақсы көрем

- балалар ересектер секілді көп нәрсе білмейтіні рас қой. Сонысын өздерінің білетіні, мойындайтыны бір сүйкімді.

біліп/мойындауы ауызша емес. Іштей.

- алдарында қандай жайт болса да, адамдар қандай әрекет жасаса да аса қапаланбайды. Кінә іздемейді.

міне осы КІНӘ ІЗДЕМЕУІ ұнайды🤝

Себебі, жайтта ол білмейтін бірдеңенің бар екенін сезініп тұрады. Ал біз ересектерде ондай жоқ.

«Біз бәрін білеміз. Жайт өзгерсе демек ол қателескен»

дегендей пікірге тез берілеміз. Сондай нашармыз)😕


Сүю - әркімнің қолынан келеді, әдемі сүю - парасаты биік адамға тән арда қасиет.

Әдемі сүю - сені және сенің әрекетіңді құнсыздандырмау, сені өзіңе және бәріне сыйлы ету, сені сындырмау, сені құлатпау, сені жылатпау, арманыңа қанат бітіріп, қуатыңа қуат қосу🤍


Қазір кең таралып кеткен сөздерді қолданғанды мен де дұрыс санамаймын. Мәселен:

Ифтар 🥲
Ауызашар деуге болмай ма?
сухур 🫠
Сәресі дейік

Мен жанына қойған смайлик сол тілге һәм сөзге жиіркенішімді білдірмейді. Тек бірыңғай бір тілде сөйлесек деген ой.

Ифтар деп арабша айтқыңыз келе ме?
Онда айтар ойыңызды толығымен араб тілінде айтыңыз. Онда біз оны көптілділік деп ұғамыз. Соған сай құрметпен қараймыз. Ал бір тілге бір тілді араластыру екі тілден де жеткілікті түрде сауатсыз дегенді білдіреді.

кринж
краш
соска деген сөздерді тіпті айтпай-ақ қояйын)


Егер адам өзін зор санаса, демек, ол - жансыз мүсін.

"Үш жолдас"
Ремарк


Стандарт дегенді ұнатпаймын. Неге?
себебі кез келген стандарт заттың, ойдың дым ерекшелігі жоқ. Ал мен ерекшеленіп тұратын нәрселерді жақсы көрем. Бірақ жасанды ерекшелік емес, шынайы ерекшелік.

Жасанды ерекшелік - мен ерекше болуым кк деп тырысу( оның түбінде шын ерекше болу емес, өзгелердің пікірінше ерекше болу жасырынған)

Ал, шынайы ерекшелік - өз болмысыңды сақтау. Ол онсыз да ерекше. Ештеңені жасырып қалу да, жайып салу да қажет емес. Тек өзіңді, қызығушылығыңды, ұстанымдарыңды, таңдауыңды сақтау.


Жүрегіңнің үнімен бір толқында бол...🍃


Мұндай салмаушы едім. Сала салайыншы;) Ризамын жалпы. Шүкір. Езуімнен күлкі кетпеді. Кетпесін де✨🙌



Показано 20 последних публикаций.