Алматы облысы Іле ауданында қоқыс өңдейтін зауыт құрылысының болашағы белгілі болды. Зауыт қоқыс полигонында салынуы керек еді, алайда Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әкімді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет “полигонды үлестес компанияға сенімгерлік басқаруға беру арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды” деп күдіктеніп, күзде ұстаған.
2024 жылғы 25 шілдеде полигон аумағында зауыттың іргетасы қаланған. Облыс әкімдігі “ADC Taza Alem” ЖШС полигонды сенімгерлік басқаруда екенін және зауыт құрылысының жобалық құжаттамасы дайындалып жатқанын хабарлады.
Құрылыс жобаның сараптамадан оң қорытынды алған соң басталады. Полигон аумағы 34,3 гектарды құрап, күніне 100 тоннадан астам қоқыс қабылдайды.
t.me/tengri_kz