«Даму бала» бағдарламасы бойынша ваучерлер мерзімсіз болмайды
Алматыда жыл соңына дейін «Даму бала» бағдарламасымен айналысатын балаларға арналған Face ID енгізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.
Әкімнің айтуынша, қаланың қоғамдық кеңесімен бірлесіп, секциялар мен үйірмелерге мониторинг жүргізілген. Оның барысында «Даму бала» бағдарламасы бойынша қызмет көрсететін кейбір жауапсыз жеткізушілер анықталған.

«Міндетіне салғырт қарайтын жеткізушілер біздің балаларымызды, ата-аналарымызды алдап отыр, ал ата-аналардың көбісі бұған келісе береді. Біз Алматы қаласының Қоғамдық кеңесімен бірлесіп ауқымды жұмыс жүргіздік, көптеген мекемені аралап, осындай қызметтің бүгінгі жағдайын көрдік. Шығармашылық үйірмелер, спорт секцияларын, барлығының жағдайын қарап шықтық», – деді қала басшысы журналистердің сұрағына жауап бере отырып.