Үйде жатпа!


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский


Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Статистика
Фильтр публикаций


💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

📱Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5%-ға дейін көтерді

Сүлейменов базалық мөлшерлеме әлі де көтерілуі мүмкін екенін айтты📌

🤝Әуежайда кепілге алынған адамды құтқарған Мұса Әбдірайым “Ерлігі үшін” медалімен наградталды

Бүгін аталған оқиға дүйім жұртты дүрліктірген еді😨 Кепілге алынған адамды құтқарған ағамыз марапат алыпты👍

😍Қазақстандағы әйелдер саны 10 млн адамға жетеді

Тамаша!😍

🥹1 қыркүйектен бастап мектеп асханаларында кейбір тағам түрлерін сатуға тыйым салынады

Ережемен таныстыңыз ба?🤔

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-45/

#Қазақстан #жаңалықтар #Ұлттықбанк #базалықмөлшерлеме #МұсаӘбдірайым #әуежай #әйелдерсаны #асхана #мектеп


💡🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎞

🎬"Жеті гүл" лирикалық комедиясы. Жұлдыз – алты қыздың анасы, қазір жетінші сәбиіне аяғы ауыр. Күйеуі көптен бері ұл аңсап жүргендіктен, оның көңілін құлазытқысы келмейді. Сөйтіп ол тағы да қыз босанған соң, күтпеген қадамға барады — өз нәрестесін көршісінің жаңа туған ұлына жасырын ауыстырып жібереді.

Басты рөлдерде: Олжас Абай, Ұлбосын Шалқарова, Мадина Оспан, Нұрсұлтан Үсенов.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=MeOH2rRPo6E

🎬"Онда біреуден туып ал" мелодрамасы. Салтанат – білімді, табысты, тәуелсіз әйел, бірақ… жалғыз. 38 жасқа толған кезде ол жалғыздықты жеңуге бел буады. Жан жарын табу – ұзақ әрі белгісіз жол, ал бала сүю – әлдеқайда нақты шешім болып көрінеді. Оның үстіне, жақын құрбысы заманға сай ұрықтандыру әдістерін ұсынса, анасы мен әжесі “өзі үшін” бала сүюдің еш әбестігі жоқ екенін ашық айтады. Басты рөлдерде: Тәуекел Мүсілім, Жұлдыз Әбдукаримова, Мағауия Хамзин, Күннұр Қалмырза. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=7ioMRKCewO8

🎬"В потерянных землях" фантастикасы. Адамзат өркениеті жойылғаннан кейін жер бетіне қайтадан сиқыр мен жын-перілер оралады. Құдіретті сиқыршы Сұр Элис патшайымның құпия тапсырмасымен Жердің соңғы қаласынан шығып, қатерге толы Жоғалған өлкелерге аттанады. Оған жұмбақ жолсерік Бойс серік болады. Екеуінің мақсаты – толған айға дейін адамды айуанға айналдыра алатын тылсым күштің көзін табу. Алайда олардың ізіне қатігез кресшілер әскері түседі, ал әрбір бұрылысында қараңғылық тудырған жаратылыстар тосып тұр. Бірақ кері шегінуге жол жоқ. Өйткені Сұр Элис бір ғана нәрсені біледі: оның орындаған әрбір тілегінің салдары сұмдық болады. Басты рөлдерде: Милла Йовович, Дэйв Батиста. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=CBhKztVy1HQ

🎬"Мики 17" фантастикасы. “Бір рет қолданылатын қызметкер” Микки мұзды әлемді отарлауға қатысады. Ол қайтыс болған сайын санасы жаңа денеге жүктеледі.
Басты рөлдерде: Роберт Паттинсон, Марк Руффало. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=A9qLQ7zCJTc

🎬"Особо опасный пассажир" триллері. Авиамаршал қылмыскерді шағын ұшақпен алып бара жатып, тұзаққа түседі. Ол ұшқыштың өзін басқа адам ретінде көрсетіп жүргеніне күмәндана бастайды. Басты рөлдерде: Марк Уолберг, Мишель Докери. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Tvh5QqM9jrM

🎬"Чокнутые" қылмыстық комедиясы. Бұрынғы қылмыскер Винсент тыныш өмір сүруді армандайды. Ол Жаңа жылды отбасымен атап өтуді жоспарлайды, алайда есігін қаққандар тек туыстары ғана емес, сондай-ақ бұрынғы “әріптестері” де болып шығады. Басты рөлдерде: Эд Харрис, Билл Мюррей. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=18-LFxMlu58

🎬"Бабушка на миллион" драмасы. М атты жігіттің өміріндегі жалғыз қызығушылығы – видеойындар, бірақ стрим арқылы ақша табу оңай шаруа емес. Әкесі жағынан қайтыс болған атасы үйін оған күтім жасаған немересіне мирас еткенін білгенде, М шешесі жағынан әжесіне қамқор болуға бел буады. Себебі жақында оның қатерлі ісіктің төртінші сатысына шалдыққаны анықталған еді.
Жігіт әжесінің жанына көшіп барып, оның сүйікті мұрагері атанып, үйді иеленуге мықтап бекінеді. Басты рөлдерде: Путтипонг Ассаратанакул, Уша Сеамхум. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=F9HlNQffFVY

🎬"Королевские приключения" мультфильмі. Ертегі әлеміндегі бір патшалықта жас, бірақ өте қыңыр ханшайым Злата өмір сүреді. Оның дүниедегі ең қатты сүйетін нәрсесі – өзі еді, ал айлакер сарай шонжарлары мұны өз пайдасына асыратын. Алайда бір күні оның бағында бағбан Мирослав пайда болады. Ол ханшайымға көмектесуді ұйғарып, оны сарайдан ұрлап әкетеді. Олар бірге қызық, бірақ қауіпті сапарға аттанады. Бұл жолда Злата тек айналасындағы әлемді сүюді үйреніп қана қоймай, бағбанның сұмдық құпиясын да ашуы керек.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=7fl6krbT0aA


💡📆📆📆📆📆 7 наурыз

🤝1994 жылы 7 наурызда Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш парламентіне сайлау өтті. Нәтижесінде 176 депутат сайланды: олардың 42-сі президенттік тізім бойынша, 75-і қоғамдық бірлестіктерден, 59-ы өзін-өзі ұсынған депутаттар болды. 1994 жылдың сәуірінде жаңа парламент өз жұмысын бастады. Қазір Қазақстан Парламенті 50 сенатор және 98 мәжіліс депутатынан тұрады. Өткен жылдың наурызында мәжіліске соңғы сайлау өтіп, оған 7 партия мен өзін-өзі ұсынған үміткерлер қатысты.



🌿Бүгін вегетариандар өсімдіктер қуаты күнін атап өтеді. Бұл күн жануарлардан алынатын өнімнен толық бас тартуға шақырмайды. Алайда күнделікті ас мәзіріне көкөністерден, шөптерден және жемістерден дайындалатын тағамдарды қосуды еске салады. Шөп-шалаңнан дайындалған тағамдар қоректік заттарға бай. Сондықтан ол балаларға да, ересектерге де пайдалы. Біздің заманымыздың вегетариан жұлдыздарының арасында Брэд Питт, Леонардо Ди Каприо және Джулия Робертс бар.

Сіз еттен бас тарта алар ма едіңіз?


📱Бүгін телефон құралының пайда болған күні. 1876 ​​жылы 7 наурызда америкалық Александр Белл телеграфтың жетілдірілген үлгісін патенттеп, араға үш күн салып, сынақтан сәтті өтті. Қазіргі смартфондар алғашқы телефон құрылғыларына мүлде ұқсамайды. Дегенмен, спираль сымы бар ескі дискілі телефонның өзіне тән ерекше тартымдылығы бар.

Сіздің телефоныңыз қай брендтікі?



👥7 наурыз — танымал қос қазақтың туған күні. 77 жыл бұрын жазушы, ақын, журналист Жарасқан Әбдірашев (1948-2001) дүниеге келді. Оның “Әзілің жарасса” кітабы қазақ әдебиетіндегі эпиграмма жанрын қалыптастырды. Сондай-ақ көптеген шығармасы шет тілдеріне аударылып, жарық көрді. Ол мансап жолында “Тамаша” театрының бас редакторы қызметін атқарған. Өнер иесі белгілі кинорежиссер — Рүстем Әбдірашевтың әкесі. Бүгін Қазақстан Республикасының тұңғыш Олимпиада чемпионы Владимир Смирнов 61 жасқа толды. Шаңғы әлеміндегі ең құрметті спортшылардың бірі – төрт дүркін әлем чемпионы, Олимпиадада төрт мәрте күміс және екі мәрте қола жүлдеге ие болды. Сонымен қатар спортшы — Көкшетау қаласының Құрметті азаматы.

Қысқы Олимпиадада медаль жеңіп алған тағы қандай спортшыларды білесің?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #ҚазақстанныңбіріншіПарламенті #вегетариандармерекесі #алғашқытелефон #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ЖарасқанӘбдірашев #ВладимирСмирнов


💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

🫣“Алматы жастары” бағдарламасы бойынша өтініш 14-26 наурыз аралығында қабылданады

Бағыңызды сынап көріңіз!😍

🤫Ипотеканың жылдық мөлшерлемесі 25%-дан 20% төмендетілуі мүмкін

Тамаша мүмкіндік болар еді👍

🔥17 мыңнан астам әскери қызметшіге "кредиттік демалыс" берілді

Оның жалпы сомасы 7 млрдқа жуық екен📍

🧐Қостанайда бесінші сынып оқушысының әзілінен кейін ата-анасы жауапқа тартылды

Ол "мектепті террористер басып алды" деп, полицияға хабар берген екен😨

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-44/

#Қазақстан #Жаңалықтар #Алматыжастары #пәтер #ипотека #әскериқызметші #кредиттікдемалыс #оқушы #әзіл #террорист

897 0 1 13 11

💡😎😎😎😎😎

Оскар тарихындағы ең жас лауреат: Эдриен Броудидің жетістік жолы

Эдриен Броуди – Голливудтың ең талантты актерлерінің бірі. Ол 2003 жылы 29 жасында “Оскар” сыйлығын жеңіп, кино тарихындағы ең жас лауреат атанды. Араға 22 жыл салып ол режиссер Брэйди Корбенің “Бруталист” фильміндегі рөлі үшін “Оскарға” қайта ие болды. Оның өмір мен өнер жолы оңай болмады, бірақ ол өз мақсатына жету үшін ешқашан шегінген емес.

Сәтсіздіктерден басталған жол

Броуди жас кезінен актер болуды армандады. Ол 1973 жылы Нью-Йоркте дүниеге келді. Оның анасы – атақты фотожурналист, ал әкесі – тарих пәнінің мұғалімі. Бала күнінде ол сиқыршы болуды армандап, кішігірім қойылымдар ұйымдастыратын. Бірақ тағдыр оны үлкен сахнаға дайындап жатқанынан актер хабарсыз еді.

Актерлікке қызығушылығы ерте басталғанымен, оның мансабы бірден өрлей қоймады. Ол көптеген кастингтен өтпей, бір емес, бірнеше рет сәтсіздікке ұшырады. Бірақ ол мұны жеңіліс деп қабылдаған жоқ – керісінше, әрбір бас тарту оның ішкі жігерін арттыра түсті.

“Пианист” және өмірін өзгерткен рөл

Эдриен Броуди Голливудта көп жылдар бойы елеусіз рөлдерді сомдап жүрді. Бірақ 2002 жылы режиссер Роман Поланскидің «Пианист» фильміне түсу мүмкіндігі пайда болды. Бұл рөл үшін ол бар күшін салды – 14 келіге арықтап, өмірінің бір бөлігін жалғыздықта өткізді. Актер өз кейіпкерінің азабын жүрегімен сезіну үшін жеке өмірін құрбан етті.

Оның осы рөлі үшін алған «Оскар» сыйлығы тарихта қалды. Броуди бұл марапатты 29 жасында иеленіп, жүлдені алған ең жас актер атанды. Бұл оның табандылығы мен еңбегінің жемісі еді.

Голливудтағы сынақтар мен жаңа мүмкіндіктер

Оскардан кейін оның мансабы өрлеуі тиіс еді, бірақ бәрі ойдағыдай болмады. Бірнеше фильмдері сәтсіздікке ұшырады, Голливуд оны ұмыта бастағандай болды. Бірақ Броуди мойыған жоқ. Ол әрдайым жаңа мүмкіндіктер іздеп, әртүрлі жанрларда өз бағын сынады.

“Мен әрбір қиындықты жаңа мүмкіндік ретінде қабылдаймын”, – дейді Броуди.

Мақсатқа жету құпиясы

Эдриен Броудидің өмір жолы көпшілікке маңызды сабақ береді:

✅ Сәтсіздік – соңғы нүкте емес, үлкен жеңістердің бастауы. Әрбір сәтсіздік – келесі үлкен жетістікке жасалған қадам.
✅ Мақсатқа жету үшін күресу керек. Броуди рөлге ену үшін өз өмір салтын өзгертуге де дайын болды.
✅ Еңбек — бәрін жеңбек. Жай ғана талант жеткіліксіз. Оны еңбектің күшімен ұштау керек.
✅ Егер сен өзіңе сенсең, бүкіл әлем сені мойындайды.

Қорытынды

Эдриен Броуди – қиындықтардан қорықпайтын, мақсатына берік адам. Ол бізге армандардан бас тартпау керегін дәлелдеді. Ал сіз мақсатыңызға жету үшін қаншалықты күресуге дайынсыз?

#қазынакеңес #лайфхак #мотивация

946 0 2 10 13

💡📆📆📆📆📆 6 наурыз

💪108 жыл бұрын 1916 жылғы Орталық Азия көтерілісіне қатысушылардың барлығына рақымшылық жарияланды. Патша әскеріне қарсы күрескен бұл көтерілістің жетекшілерінің бірі – Амангелді Иманов еді. Монархияны құлатуға әкелген 1917 жылғы Ресейдегі ақпан төңкерісі Қазақстанға да әсер етті. Уақытша үкімет бұрынғы билік құрылымдарының орнына облыстық және уездік комиссариаттар құруға кірісті. Торғай облысының комиссары болып Әлихан Бөкейхан, Жетісу облысының комиссары Мұхамеджан Тынышпаев, Орал облысының комиссары Халел Досмұхамедұлы, Қостанай уезінің комиссары Ахмет Бірімжанұлы тағайындалды.

🦷Бүгін — Халықаралық тіс дәрігерлері күні. 1790 жылы 6 наурызда америкалық Джон Гринвуд стоматологиялық борды ойлап тапты. Осы тұста өнертапқыштың құрметіне орай аталған күн тіс дәрігерлерінің кәсіби мерекесі болып бекітілді. Ал электр құрылғысы пайда болғанға дейін бір ғасырдан астам уақыт оны аяқпен қозғалтуға тура келді. Қазіргі таңда Қазақстанда 1500-ден астам мемлекеттік және жекеменшік стоматологиялық клиника жұмыс істейді. Ал елдегі тіс дәрігерлерінің жалпы саны – шамамен 6000 адам.

Егер таныстарыңыздың арасында тіс дәрігерлері болса, кәсіби мерекесімен құттықтап қойыңыз!


⚽️Бүгін футбол жанкүйерлері ХХ ғасырдың ең үздік кәсіпқой клубы “Реал Мадридтің” туған күнін атап өтеді. 1902 жылы 6 наурызда құрылған команда өз тарихында 68 жүлдені жеңіп алды. Рекордтық көрсеткіштерін атап өтетін болсақ, 36 мәрте Ла Лига титулына, 20 мәрте Король кубогына, 13 мәрте Испания Суперкубогына және 1 мәрте Лига кубогына ие болды. Ал корольдік клуб турнирінде 15 рет топ жарды.

Сіз қай футбол клубының жанкүйерісіз: Реал әлде Барселона?


👥Бүгін — танымал екі адамның туған күні. 550 жыл бұрын итальяндық мүсінші, суретші, сәулетші, ақын және ойшыл Микеланджело (1475-1564) дүниеге келді. Ол адамзат тарихындағы ең ұлы шеберлердің бірі. Оның мүсіндері, туындылары және сәулет өнерінің танымалдығы бүкіл әлемде кең етек жайды. 226 жыл бұрын ағылшын саяхатшысы және суретшісі Томас Уитлам Аткинсон (1799-1861) өмірге келді. Қазақ даласына саяхат жасағаннан кейін ол 1858 жылы Лондонда қазақтардың өмірі мен тұрмысы, салт-дәстүрі және шаруашылығы туралы екі томдық кітап шығарды. Ол — “Штурм ночного аула”, “Бой кыргызских всадников” картиналарының авторы. Сондай-ақ қазақ аңыздары мен әңгімелерін де жарыққа шығарды.

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #1916жылғыкөтеріліс #Тісдәрігерікүні #РеалМадрид #Туғанкүндер #Танымаладамдар #Микеланджело #ТомасУитламАткинсон

955 0 0 20 18

💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

🦷Қазақстанда тіс дәрігерлерінің табысы соңғы бес жылда 210 млрд теңгеге жетті

Табыстары 1,5 есеге өсіпті😍👍

📝Қазақстандықтар қосымша құн салығын 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап төлейді

Ескере жүріңіздер!✔️

📌Депутат зейнеткерлердің қарызын кешіруді ұсынды

Бұған не дейсіз?🤔

💡Пәтеріне шектен тыс адам тіркеген пәтер иелеріне жаза күшейтіледі — Жұманғарин

Жаңа заң енгізілмек📌

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-43/

#Қазақстан #Жаңалықтар #тісдәрігерлері #құнсалығы #зейнеткер #қарыз #СерікЖұманғарин

1k 0 1 17 14

💡💡💡💡💡💡💡

Қаржы сауаты: Қарыздан құтылудың тиімді 7 жолы

📝 Қарызға кіру оңай, ал одан шығу қиын. Бірақ дұрыс стратегия мен қаржылай тәртіп болса, кез келген қарыздан құтылуға болады. Төменде қарызды өтеудің ең тиімді 7 жолын ұсынамыз.

1️⃣ Қарыздарыңызды нақты тізімдеп, басымдық белгілеңіз

Алдымен, барлық қарызыңызды қағазға немесе Excel кестесіне жазып шығыңыз.

Оларға:

✅ Қарыз сомасы
✅ Пайыздық мөлшерлеме
✅ Ай сайынғы төлем
✅ Қарыз мерзімі

Егер бірнеше несиеңіз болса, ең жоғары пайыздық мөлшерлемесі барын бірінші өтеуге тырысыңыз. Бұл сізді артық төлемдерден құтқарады.

2️⃣ “Қар жинау” әдісін қолданыңыз

Бұл әдіс бойынша ең кішкентай қарызды бірінші жауып, одан кейін үлкеніне көшу керек. Бірінші қарызды жапқанда, өзіңізді жеңіл сезініп, мотивация аласыз.

✅ Мысал:
• 50 000 теңге – шағын қарыз
• 250 000 теңге – тұтынушылық несие
• 1 000 000 теңге – ипотека

Алдымен, 50 000 теңгені жауып, сосын қалғандарын кезең-кезеңімен төлеу керек.

3️⃣ Қосымша табыс көздерін іздеңіз

Қарызды жылдамырақ жабу үшін табысты көбейту маңызды. Ол үшін:

✅ Фриланспен айналысыңыз (жазу, дизайн, аударма)
✅ Қосымша жұмыс табыңыз
✅ Қажетсіз заттарды сатыңыз
✅ Бизнес бастауға немесе инвестицияға талпыныңыз

Мысалы, егер ай сайын 20 000 теңгеден артық тапсаңыз, бұл қарызыңыздың тезірек жабылуына көмектеседі.

4️⃣ Шығындарды азайтып, бюджетіңізді реттеңіз

Көп адам өз қаражатын дұрыс басқармағандықтан қарызға кіреді. Сондықтан қажетсіз шығындарды қысқартыңыз:

❌ Кофеханалар мен қымбат мейрамханалар
❌ Қымбат бренд заттар
❌ Артық жазылымдар (Netflix, фитнес-клуб және т.б.)

✅ Мысалы: Егер ай сайын 50 000 теңге үнемдесеңіз, бұл қарызды өтеуге үлкен көмек болады.

5️⃣ Қарызды қайта қаржыландырыңыз

Егер несиеңіздің пайыздық мөлшерлемесі жоғары болса, оны басқа банкке төмен пайызбен ауыстыруға болады. Бұл сіздің ай сайынғы төлеміңізді азайтады және қарызды жеңілдетеді.

✅ Мысал: Егер қазіргі несиеңіздің жылдық мөлшерлемесі 25% болса, ал басқа банк 15%-бен берсе, сіз айына 10 000-20 000 теңге үнемдей аласыз.

6️⃣ “Несие картасын” пайдалануды шектеңіз

Несие картасы – қаржылай қиындықтың басты себептерінің бірі. Себебі:
❌ Жоғары пайыздық мөлшерлеме
❌ “Оп-оңай” ақша болып көрінуі
❌ Адам психологиясы оны жиі пайдалануға бейім

Картаны мүлде қолданбаңыз немесе ай сайын толық жауып отырыңыз.

7️⃣ Өзіңізге қаржы тәртібін орнатыңыз

Қарыздан құтылу үшін ең бастысы – дұрыс қаржы әдеттерін қалыптастыру:
✅ Табыс пен шығынды жазып отыру
✅ Қаржы жинауға дағдылану
✅ Тек қажетті заттарды сатып алу
✅ Қаржы сауатын арттыру

📍Қорытынды

Қарыздан құтылу — жүйелі процесс. Сондықтан оған уақыт пен тәртіп керек. Бастысы – нақты жоспар жасап, үздіксіз әрекет ету.

📌 Есіңізде болсын: Қаржыңызды өзіңіз басқармасаңыз, қарыз сізді басқарады!

#Қаржысауаты #Қазақстандықтар #несие #қарыз #лайфхак #кіріс #шығыс


💡📆📆📆📆📆 5 наурыз

👏5 наурызда кешірім күні тойланады. Біреуге ренжу әрі өкпелеу ауыр жүкті арқалап жүрумен бірдей. Мұндай жағдайда ішкі жай-күйіңіз тыныштық таппай, жағымсыз сезімді бастан өткересіз. Бұл күні ұзақ уақыт бойы байланысыңызды үзген ескі таныстарыңызға хат жазып, татуласуыңызға мүмкіндік бар. Кез келген адамның ішкі жан дүниесін түсіне отырып, әңгіме айту — татуласу мен түсіністіктің алғашқы қадамы екенін есіңізден шығармаңыз.



📱Бүгін — Халықаралық гаджеттерді өшіру күні. Қазіргі таңда смартфондар, планшеттер мен ноутбуктар адам өмірінен ойып тұрып орын алады. Көпшілік бұл пікірмен келіспейді. Себебі олардың айтуынша, кез келген сәтте цифрлық технологиядан бас тартуға мүкіндік жасалған. Алайда шынайы өмірге көз жүгіртсек, адамдар телефонсыз бір сағат та шыдай алмайды. Сондықтан белсенділер бір күнге құрылғылардан бас тартып, шынайы әлемнің тамаша сәттеріне көз жүгіртуді ұсынады.

Ал сіз интернетсіз қанша уақыт жүре аласыз?


👏Бүгін степлердің пайда болған күні. 1866 жылы 5 наурызда ағылшындық Джордж МакГилл осы бірегей кеңсе құрылғысын ойлап табуға патент алды. Алғашқы құрылғы үлкен әрі өте ыңғайсыз еді. Себебі бұл кезде пайдаланушы алдымен тесіктерді жасап, құрылғыға тойтармалар салып, кейін қағазды қойып, оларды бекіту үшін тұтқасын өзі басатын болған. Ал қазіргі таңда заманауи степлер шағын әрі пайдалануға өте тиімді. Онсыз кеңсе қызметкерінің, жиһаз жасаушының, орнатушының немесе құрылысшының жұмысын елестету мүмкін емес.

👥5 наурыз — танымал қос тұлғаның туған күні. 159 жыл бұрын қазақ саяси және қоғам қайраткері, оқытушы, журналист және этнограф Әлихан Бөкейханов (1866-1937) дүниеге келді. Ол "Алаш" партиясының негізін қалаушы әрі көшбасшыларының бірі. Өзін қазақ зиялыларының қоғамдық қозғалысының "батыстық бағытына" жатқызып, қазақ Даласын орыс отарлауына қарсы белсенді күрес жүргізді. 1937 жылы Кеңес өкіметі оны "террористік ұйымға" қатысы бар деп айыптап, ату жазасына кесті. Ал 1989 жылы бұл үкім негізсіз деп танылды.
Сонымен қатар бүгін Louis Vuitton moët Hennessy компаниясының президенті, француз кәсіпкері Бернард Арно 76 жасқа толды. 2025 жылдың басында оның байлығы 189,9 миллиард долларға бағаланып, әлемдегі ең бай адамдардың тізіміне енді.

Сіздің қалаңызда Әлихан Бөкейхановтың есімімен аталған қандай орындар бар?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Кешірімкүні #гаджеттердіөшірукүні #алғашқыстеплер #Туғанкүндер #Танымаладамдар #ӘлиханБөкейхан #БернарАрно

1k 0 2 17 17

💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

💡Мұғалімдердің жалақысы соңғы 5 жылда 2 есе өскен

Тамаша! Ұстаздардың еңбегі зор!👍

👨‍🏫Түркістандық оқушы әлемнің үздік 30 университетінен шақырту алды

Құтты болсын! 😍

👏Қазақстанда бизнеске несие кепілдігін беретін екі қор құрылады

Жақсы мүмкіндік екен!🔥

🫣Мерзімі өткен жеке куәлік пен төлқұжатты енді онлайн ауыстыруға болады

Бір жұмыс жеңілдемек✔️

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-42/

#Қазақстан #Жаңалықтар #Мұғалімдер #Жалақы #Түркістандықоқушы #бизнес #несие #жекекуәлік #төлқұжат #онлайн


💡🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴

Көшпелі қазақтың саудада қымбатқа бағаланған киім-кешегі туралы не білеміз?

💭 Мал өнімдерінен киім-кешек,үй заттары, тері, жүн, сүйек алынған. Қазақтар тері мен киіз өндеуді, оларды әр алуан түске бояуды жақсы меңгерді. Сонымен бірге, киіз бен былғарыға оюлар салу, құрақ құрау, өрнек салу техникасын шебер орындай білді.

◻️ Сол кездегі жазба деректер бойынша «Олардың шекпендері қойдың жүнінен тоқылып, әр түрлі түске боялды, олар тіпті атластан тоқылған шапандарға ұқсайды. Бұл шапандар Бұқараға да жіберілетін, олардың әдемі де жұқа болатындығы соншалықты, ол жерде бұларды атлас шапандардың құнындай бағаға сатып алады. Олардың жаңбырдан қорғанатын жамылғылары да дәл сондай жүн матадан жасалады, олардан мүлдем су өтпейді».

◻️ Қазақтар көктем, жаз айларында көбінесе көйлек, оның сыртынан бешпент, қамзол немесе шапан киді. Қыс айларында қойдың немесе түйенің жабағысынан қальщ матамен тыстап, кең тігілген күпі немесе тон, құлын терісінен тігілген жарғақ шекпен, қой терісінен түгін ішіне қаратып тіккен жарғақ шалбар пайдаланды. Аң терілерінен тігілген шекпендер, тондар, шалбарлар да болды.

◻️Қыста ұзын және жалпақ мандайшасы бар, мойынды түгел жауып тұратын желкелігі салынған шошақ тебелі тымақ киді. Бұндай бас киім елтеріден, түлкі және басқа да аң терілерінен тігілді. Жазғы ыстықга жұқа ақ киізден тігілген биік шошақ төбелі қалпақ киді. Айыр қалпақ деп аталатын қайырмасы бар және қайырмасы жоқ тілік қалпақ кең тарады. Қазақтарда аяқ киім түрлері де, оның ішінде ерлердің аяқ киімдері алуан түрлі болды. Көбінесе олар қонышы тізеден асып тұратын өкшесі биік етіктер, жылқының немесе өгіздің терісінен тігілетін, аң аулағанда киетін тұмсығы қайқы жұмсақ етіктер, атқа мініп жүруге ыңғайлы жеңіл етіктер, сондай-ақ ешкінің терісінен тігілген мәсі және қатқыл теріден кебіс киді.

◻️Әйелдердің киімі түрлі түсті матадан, жібектен, мақпал мен барқыттан тігілді. Киім үлгілері жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болды. Ұзатылмаған бойжеткен қыздар жас келіншектерден өзгеше жиегіне аң терісі тігілген әсем, шошақ үкілі бөрік киді. Жас келіндер алғашқы жылы тойға киген сәукелесін киіп жүрді. Бір жылдан кейін сәукелесін тастап, оның орнына желек тартты. Желекті тұңғыш баласын немесе екінші баласын туғанға дейін тақты. Отыз-қырық жастағы әйелдер кестелеп тігілген кимешек киді. Бірнеше баланың анасы.болған, орта жастағы әйелдер бастарына жаулық салды. Әйелдердің негізгі аяқ киімі былғарыдан тігілді.
Әйелдердің көпшілігі кебіс пен мәсі кисе, дәулетті адамдардың әйелдері мен қыз-келіншектерінің сән-салтанатқа арналған кестелі етігі, көксауыр былғарыдан күміс тағылып, әшекейлеп тігілген кебісі болды.

#көшпенділер #сауда #киім #экономика


💡📆📆📆📆📆 4 наурыз

👨‍🏫2015 жылдың 4 наурызында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да “Алматы – Ислам мәдениетінің астанасы-2015” бағдарламасы аясында “ТҮРКСОЙ” кафедрасы ашылды. Шараға Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы – “ТҮРКСОЙ” 1993 жылы Алматыда түркітілдес елдердің бастамасымен құрылды. Ұйымның негізгі мақсаты – туыстас түркі халықтарының мәдени-гуманитарлық байланысын нығайту, ғылыми-техникалық және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты дамыту.

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?


👍Бүгін – Дүниежүзілік инженерлер күні. Олар жер бетіндегі техникалық өркениеттің дамуына үлес қосып жүрген маман иелері. Олар ғасырлар бойы адамзат жинаған білімді жүйелеп, соның негізінде жаңа технологияларды, ғимараттарды және техникалық құрылғыларды жасап шығарды.
Инженерлік қызметтің басты мақсаты – жаңалықтар ашу, жобалау, құрастыру, ендіру және технологиялық үдерістерді жетілдіру.

Егер таныстарыңыздың арасында инженерлер болса, мерекесімен құттықтап қойыңыз!


👏4 наурыз — Дүниежүзілік семіздікке қарсы күрес күні. Бұл — ХХІ ғасырда ересектер мен балалар арасында жиі кездесетін жаһандық проблемаға айналды. Әлемде жасөспірімдердің 25% -ы артық салмақтан зардап шегеді. Ал олардың 15% -ына семіздік диагнозы қойылған. Аталған күннің басты мақсаты – семіздіктің себептері мен оның денсаулыққа тигізер ауыр зардаптары туралы ақпараттандыру, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын еске салу.


🎙Бүгін ән сүйер қауым микрофон күнін атап өтеді. 1877 жылы 4 наурызда америкалық өнертапқыш Эмиль Берлинер алғашқы микрофонға патент алып, кейін оны Александр Белл 50 мың долларға сатып алған. Бүгінгі таңда микрофон көп жылдық тарихына қарамастан, сұранысқа ие техникалық өнертабыс қатарында көш бастап тұр. Микрофонсыз өркениет жетістіктерін елестету қиын-ақ. Бұл күні музыканттар жанды музыкада ойнап, әншілер фонограммасыз ән айтады. Ал кейбір өнер адамдары бұл күнді өздерінің кәсіби мерекесі деп санайды.

Сіз караокеде ән айтқанды ұнатасыз ба?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #ТҮРКСОЙкафедрасы #Инженерлеркүні #Семіздікпенкүрес #Туғанкүндер #микрофон


💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

🙀2025 жылдың “Оскар” жеңімпаздары анықталды: Юра Борисов марапатсыз қалды

Жеңімпаздардың тізімін көрдіңіз бе?😍

https://youtube.com/shorts/6jMAGm-9pUw?si=DwY1JsuCZwsoAAG1

🤗Депутат Дәулет Мұқаев жасанды интеллект туралы заңды талқылау барысындан оқушыларға ChatGPT қолдануға тыйым салу керегін айтты

Бұған не дейсіз? Қолдайсыз ба?🤔

🤩Қазақстан халқы Семейде аяусыз соққыға жығылған балаға пәтер алып берді

Керемет! Әлинұрдың болашағы жарқын болсын!🥹🔥

🖇️Отбасы банк қазақстандықтарға миллиондаған сыйақы таратты

Сізге түсті ме?😍

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-41/

#Қазақстан #Жаңалықтар #Оскар2025 #ЮраБорисов #ДәулетМұқаев #жасандыинтеллект #ChatGPT #оқушылар #Семей #әлімжеттік #Отбасыбанк #сыйақы


💡💡💡💡💡💡💡

Помодоро әдісі: Уақытты тиімді басқарудың заманауи тәсілі туралы не білеміз?

📍Помодоро әдісі – өнімділікті арттырып, тапсырманы уақытында орындауға көмектесетін танымал уақыт басқару техникасы. 1980 жылдары Франческо Чирилло ойлап тапқан бұл әдістің негізгі мәні – назарды бір бағытқа қойып, үзілістер арқылы жұмыс өнімділігін сақтау.

Әдістің негізгі қағидалары:

1️⃣ Тапсырманы анықтау: Алдымен қандай тапсырманы орындау керегін нақтылап алыңыз. Мысалы, есеп беру, оқуға арналған материалды талдау немесе жобаны жоспарлау.
2️⃣ Таймерді орнату: Таймерді 25 минутқа қойыңыз. Бұл уақыт кезеңі бір “помодоро” деп аталады. Осы уақытта тек тапсырмаға шоғырлану маңызды. Барлық алаңдататын құралдарды (телефон, әлеуметтік желі және т.б.) өшіріңіз.
3️⃣ Үзіліс жасау: 25 минуттық жұмыс аяқталған соң, 5 минуттық үзіліс жасаңыз. Бұл үзіліс мидың тынығуына мүмкіндік береді және келесі кезеңге дайындықты жеңілдетеді.
4️⃣ Төрт “помодородан” кейін ұзақ үзіліс жасау: Төрт жұмыс кезеңін аяқтаған соң, 15-30 минутқа дейін ұзақ үзіліс жасаңыз. Бұл күннің қалған бөлігінде назарды бір бағытта ұстауға көмектеседі.

🖇️ Помодоро әдісінің артықшылықтары

▪️Назарыңызды бір бағытта ұстауға көмектеседі: Қысқа уақыт аралығында тапсырманы орындауға толығымен ден қойылады.
▪️Шаршауды азайтады: Үзілістердің арқасында ми тынығып, ұзақ уақыт бойы жұмысқа деген қабілет сақталады.
▪️Тапсырмаларды бөлу: Ауқымды тапсырмаларды бірнеше кезеңге бөліп, жеңіл әрі жүйелі орындауға мүмкіндік береді.
▪️Уақытты тиімді пайдалану: Әдіс жұмысты сағаттап емес, нақты нәтижеге бағытталған кезеңдер арқылы басқаруға көмектеседі.

✔️ Помодоро әдісін қалай қолдануға болады?

1️⃣ Мақсаттарды нақтылау: Әр күнге арналған негізгі тапсырмалар тізімін жасаңыз.
2️⃣ Таймер қосымшаларын пайдаланыңыз: Таймерді қолдану үшін арнайы қосымшалар (Toggl, Focus Keeper, Tomato Timer) немесе қарапайым телефон таймерін қолдануға болады.
3️⃣ Үзілістерді тиімді пайдаланыңыз: 5 минуттық үзілісте серуендеу, жаттығу жасау немесе жай ғана терең дем алу арқылы өзіңізді сергітіңіз.
4️⃣ Талдау жүргізу: Күннің соңында қанша “помодоро” аяқтағаныңызды есептеп, жұмысыңыздың тиімділігін бағалаңыз.

🟢 Помодоро әдісі кімдерге пайдалы?

• Студенттерге — оқу материалдарын тиімді игеру үшін;
• Кеңсе қызметкерлеріне —тапсырмаларды уақтылы орындап, өнімділікті арттыру үшін;
• Жазушылар мен шығармашылық адамдарға — жобалармен жұмыс істеу барысында;
• Фрилансерлер мен өз уақытын басқарғысы келетін кез келген адамға.

#қазынакеңес #помодоро #әдіс #уақыт


💡📆📆📆📆📆 3 наурыз

🌧1993 жылы 3 наурызда Халықаралық Арал теңізін құтқару қоры құрылды. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан басшылары Арал аймағының экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша бірлескен әрекеттер туралы келісімге келіп, Аралды құтқару халықаралық қоры туралы ережеге қол қойды. Соңғы жарты ғасырда Арал теңізінің көлемі 10 есеге азайған. Сонымен қатар әлемдегі төртінші теңіз көлемі жағынан бірнеше тәуелсіз су қоймаларына бөлінді.


🌳Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен дүниежүзілік жабайы табиғат күні аталып өтеді. Бұл күн — жабайы флора мен фаунаның жойылу қаупімен күресуге арналған. Адамзат жабайы табиғатпен үйлесімді өмір сүрудің маңызын түсінуі тиіс, өйткені жануарлар әлемінің жойылуына ең алдымен олардың мекендеу ортасының қысқаруы себеп болып отыр. Зерттеулерге сүйенсек, алдағы 30 жылда Жер бетіндегі жануарлар мен өсімдіктердің шамамен 20%-ы мүлде жойылып кетуі мүмкін.

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?

✍️Бүгін — Дүниежүзілік жазушылар күні. Бұл күнді “мереке күнтізбесіне” енгізу туралы шешім 1986 жылы өткен Халықаралық ПЕН-клубтың 48-ші конгресінде қабылданды. PEN-клубтың атауы ағылшын тіліндегі “pen” (қалам) сөзін еске түсіргенімен, шын мәнінде бұл – Poet (ақын), Essayist (очеркист), Novelist (романист) сөздерінің бас әріптерінен құралған аббревиатура. Клуб ХХ ғасырдың басында Лондонда құрылып, бүгінде 101 елде 144 орталығы бар. Қазақстандағы PEN-клубтың негізін қалаушы – белгілі жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов.

Жазушыларды білсеңіз, мерекесімен құттықтап қойыңыз!


👂3 наурызда ДДҰ бастамасымен дүниежүзілік есту қабілеті күні аталып өтеді. Мамандар есту қабілетінің жоғалуына негізінен генетикалық бұзылыстар, құлақтың созылмалы инфекциялары, түрлі ауру, кейбір дәрі-дәрмектердің жанама әсері және қоршаған ортаның зиянды факторлары, әсіресе қатты шу әсер ететінін айтады. Бүгінде әлемде 1 миллиардтан астам адам музыка тыңдау арқылы есту қабілетінен айырылып жатыр. Сондықтан дәрігерлер жастар мен олардың отбасыларына қатты дыбыстардан аулақ болуға әрі құлақапты жиі қолданбауға шақырады.

Өзіңізге және денсаулығыңызға қамқор болыңыз!

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Аралтеңізінқұтқару #Жабайытабиғаткүні #Жазушыларкүні #Естуқабілетікүні #ҚазақстандағыPEN-клуб


💡💫💫💫💫💫💫💫

3-9 наурызға арналған қаржылай жұлдыз жорамал

♈️Әмияныңыз тесік емес пе? Өйткені ақша оған түскен бойда ізім-ғайым жоғалады. Жұлдыздар шамадан тыс шығынды азайтып, табысты арттыруға кеңес береді. Ең болмағанда, кір жуар алдында қалтаңызды тексеріп алыңыз.

♉️Қаржылай тұрақтылықтың хас шеберісіз, бірақ осы аптада қажетсіз затқа ақша шашуға деген құмарлық артуы мүмкін (иә, AliExpress-тегі анау дүние сізге аса қажет емес). Терең тыныстап, банк картаңызды қайтадан әмияныңызға салыңыз.

♊️Апта ұраны: “Осы да жарайды”. Сіз күтпеген жерден ақша табудың тың жолын ойлап табасыз. Бірақ қандай да бір келісімшартқа қол қоймас бұрын, ұсақ жазуларын мұқият оқыңыз. Әсіресе, оңай ақша ұсынып жатса, артында үлкен қаржылай тұзақ жасырынуы мүмкін.

♋️Бюджетті жоспарлау — сіз үшін жат ұғым секілді. Осы аптада ақша судай ағады, бірақ тек бір бағытта – қалтаңыздан шығып, жоқ болады. Ең болмағанда, шығындарыңызды түртіп жүріңіз, әйтпесе жалақыңыздың жартысы қайда кеткенін өзіңіз де білмей қаласыз.

♌️Қаржыңызды керемет басқарғаныңыз соншалық, Forbes сізден сұхбат алуға асығып келе жатқандай әсер сыйлайды. Бірақ ұмытпаңыз: патшалар да кейде үнемдеуге мәжбүр болады. Әйтпесе, апта соңында макаронмен тамақтанудан басқа амалыңыз қалмауы мүмкін.

♍️Бұл апта сіз үшін есеп-қисапқа толы болмақ. Әрбір теңгені санап, артынан тағы бір мәрте есептеп шығуыңыз да ғажап емес. Бірақ жұлдыздар сәл босаңсуға кеңес береді: кейде өзіңізге ұнайтын дүниеге ақша жұмсау да артық емес (жоқ, шығындарыңызды есепке алатын жаңа дәптер ол тізімге кірмейді).

♎️Аптаның басты сұрағы: “Егер несие алып, оны жұмсамасам, қарыз болып есептеле ме?”.
Жұлдыздар бұл теорияны тексеріп көруден үзілді-кесілді бас тартуға кеңес береді. Ең дұрысы – армандар мен мүмкіндіктердің арасын емес, табыс пен шығын арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тырысыңыз.

♏️Сіз – нағыз қаржылай айлакерсіз. Өзіңіз де байқатпай көзден ғайып бола аласыз, әмияныңыздағы ақша да сол күйі жоғалып кетіп жатады. Осы аптада ойланбай жұмсалатын қаражаттан сақ болыңыз – болмашы шығын үлкен қаржылай қиындықтарға алып келуі мүмкін. Лотерея билетін сатып алу – ақшаны көбейтудің сенімді жолы емес екенін есте ұстаңыз.

♐️Қаржылай табыс тым алыс емес. Бірақ сіз оны қуалап жүріп, ұстай алмай жүрген мысық тәріздісіз. Бәлкім, тоқтап, тұрақтылық туралы ойланатын уақыт келген шығар? Ең болмағанда, тәжірибе үшін.

♑️Сіздің ұраныңыз: “Үнемдеу – бұл сараңдық емес, өмір салты”. Жұлдыздар бұл көзқарасыңызды қолдайды! Бірақ тым шектен шығып кетпеңіз – кейде жеңілдіксіз де бір нәрсе сатып алуға болады. Мысалы, жай ғана бір шоколад.

♒️Сіз табыс табудың ерекше жолдарын жақсы білесіз. Бірақ жұлдыздар ескертеді: барлық идея бірдей пайдалы бола бермейді. Кезекті “керемет” табыс көзін іске қоспас бұрын, оның заңдылығына және салық органдары сізді іздемейтініне көз жеткізіп алыңыз.

♓️Қаржы мәселелері сіздің әлеміңізге жат секілді. Сіз қиял мен шабыттың жетегінде өмір сүресіз. Өкінішке қарай, дүкенде шабытпен есеп айырысу мүмкін емес. Ең болмағанда, интернетке ақы төлеуді ұмытпаңыз – онсыз армандау да қиынға соғады.

Қорытынды:

Бұл апта көңілді өтпек, бірақ қаржы тұрғысынан айтарлықтай сақ болуды талап етеді! Ең бастысы – қажетсіз заттарды сатып алу мен міндетті төлемдер арасындағы тепе-теңдікті сақтаңыз.

Есіңізде болсын, жұлдыз жорамал ойын-сауық және кеңес беру мақсатында жасалады. Қаржылай шешімдерді ақылға салып, нақты жағдайларға байланысты қабылдаңыз.


#Жұлдызжорамал #Апталықжұлдызжорамал #Қаржы #Болжамдар


💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Fake-овый арман” атты фильміне арналады.

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/gSdm4Qlzhp0

#Fakeовыйарман #драма #социальный #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #деревня #ауыл


💡📆📆📆📆📆 2 наурыз

👋1992 жылы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 46-сессиясының пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның мүшелігіне қабылданды. Ұйымға кіргеннен кейін Қазақстан автоматты түрде Азия және Тынық мұхиты аймағының Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) мүшелігіне өтті. Бүгінде Қазақстанда аталған ұйымның 15 өкілдігі жұмыс істейді. Оның ішінде БҰҰДБ, ЮНИСЕФ, ЮНИФОП, ЮНЕСКО және т.б.



👀2 наурыз – Дүниежүзілік жасөспірімдердің психикалық денсаулығы күні. Қазіргі әлемнің ақпараттық ағынында жасөспірімдер үшін бағдар табу оңай емес, сондықтан олар сыртқы ықпалға және қалыптасқан стереотиптерге бейім келеді. Сонымен қатар әлеуметтік сауалнамаға сәйкес, 64%-ы жеткілікті көңіл мен қамқорлықтың жетіспейтінін айтады. Баланың психологиялық денсаулығы үй ішіндегі аурамен тығыз байланысты. Себебі мұнда баланың болашаққа деген сенімі қалыптасады. Сондай-ақ өзінің құнды және маңызды екенін түсінуге мүмкіндік алады.

💪Бүгін – Халықаралық сіріңке күні. Ең алғашқы сіріңкені 1805 жылы Францияда химик Чапсель ойлап тапты. Содан бері аталған шикізаттан жасалған таяқшалар ұзақ жылдар бойы адам өмірінде таптырмас дүниеге айналды. Заманауи технологиялардың дамуына қарамастан, сіріңке әлі күнге дейін үлкен маңыздылыққа ие. Бұл - уақыт пен энергияны үнемдейді.


👥2 наурыз — атақты екі актердің туған күні. 87 жыл бұрын актер әрі режиссер, Қазақстанның халық әртісі Райымбек Сейітмет (1938-2007) дүниеге келді. Ол кино және театрдағы рөлдерімен көпшілікке танымал болды. Өнер иесі Түркістан қаласындағы тұңғыш театрдың негізін қалаушы. Қазіргі таңда театр осы кісінің есімімен аталады. Сонымен бірге бүгін британдық актер және продюсер Дэниел Крейг 57 жасқа толды. Мансап жолында ол 50-ден астам фильмде ойнап, туындыларының көпшілігі блокбастерге айналды. Өнер иесі әлемге Джеймс Бонд, агент 007 рольдері арқылы танымал.

Сізге Дэниел Крейгтің қай фильмі ұнайды?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #ҚазақстанжәнеБҰҰ #жасөспірімдердіңденсаулығы #сіріңкекүні #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #РайымбекСейтмет #ДэниелКрейг

Показано 18 последних публикаций.