ULAĞAT


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Психология


Психология. Ислам. Gallup. Саморазвитие.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Психология
Статистика
Фильтр публикаций


Очень часто «наши» убеждения принадлежат вовсе не нам.

Осыған көзім жетті. Әжесі, әкесі, анасы бір нәрсені “ляпнет”, ал сол убеждения ойыңның түбіне барып орнығады…. және улайды


Адам өзін қарапайыммын деп ойлайтын болса, онда ол нағыз тәкаппарлықтың белгісі.

Өйткені ол ойдың өзі “мен басқадан жоғарымын” дегеннен туындаған ой.

📚 Рамадан аль Бути (Алла рақымына алсын)


Адам үлкен жүк алмағанша, өзінің қара басынан аспайтын проблемаларға байланып, өзінің нәпсісі сүйетін күнәларда батып жүреді


👁️Харамға көз тастаған адамның жүрегіне құрт түседі.

Бір құдси хадисте Хақ тағала былай дейді: “
Харамға қарау – шайтанның улы оқтарының бірі. Кім мені құрметтегендіктен харамға қарамаса, жүрегіне бір иман саламын. Сонда оның ләззатын іштей терең сезінетін болады”


Пайғамбарымыз (с.а.с):
“Сендер маған алты мәселеде уәде беріңдер, мен де сендерге жәннатқа кепілдік берейін!

1. Тек қана шындықты айтыңдар.
2. Уәделеріңде тұрыңдар.
3. Аманатқа сенімді болыңдар.
4. Ар - ұятты болыңдар.
5. Көздеріңді харамнан сақтаңдар.
6. Өзгелерге зиян тигізуден қолдарыңды аулақ ұстаідар! Ешкімге де, еш нәрсеге де жамандық жасамаңдар!


Шайтан мен надан, жауапкершілігі жоқ адамның ұқсастығы:

1. Өзінің қатесін көрмейді, қатені басқадан көреді
2. Өзінің қатесін мүлдем мойындамайды
3. Тәкаппар


Жүректегі рия, дүние, әйел, мансап, т.б дерттерді Алла белгілі бір сынақтар арқылы шығарады. Қиын жағдайлар, сынақтар - ол фильтр тәрізді, кімнің кім екенін анықтайды.

Мысалы, Ухуд соғысындағы екіжүзділердің соғыс алдында кетіп қалуы да - фильтр; екіжүзділердің кім екені белгілі болды.


وَلَقَدْ فَتَنَّا ٱلَّذِينَ مِن قَبْلِهِمْ ۖ فَلَيَعْلَمَنَّ ٱللَّهُ ٱلَّذِينَ صَدَقُوا۟ وَلَيَعْلَمَنَّ ٱلْكَٰذِبِينَ

Шүбәсіз, Біз олардан бұрын өмір сүрген, иман келтіргеннің бәрін сынап бақтық. Әлбетте, Алла (иман еттім дегенде) сөздері мен ниеттерінде шынайы болғандарды анықтап біледі, ал өтірікшілерді, сөз жоқ, әшкерелейді.

(«Анкәбут» сүресі 29:3)


Сіз бір нәрсеге ниет етсеңіз, сол ниеттің тазалығына қатысты да, соны тексеретін ситуациялар орын алатын болады, солай ниетіңіздің шынайылығы белгілі болады.

“Маска слетела” дегеннен Құдай сақтасын😁


أَحَسِبَ ٱلنَّاسُ أَن يُتْرَكُوٓا۟ أَن يَقُولُوٓا۟ ءَامَنَّا وَهُمْ لَا يُفْتَنُونَ

Сонда адамдар «иман келтірдік» десе болды, (бұл өмірде) сынақтан сырт қаламыз, жайымызбен жүре береміз деп ойлай ма?

(«Анкәбут» сүресі 29:2)


Жамандықты (күнәні) жарату - жамандық емес, жамандықты жасау - жамандық. Ал күнәні/жамандықты қалайтын адамның нәпсісі.


Репост из: Nurbol Rakhmatilla
«Уа, Алла, мені ауруға шалдыққанда өкінетін, байығанда сынаққа түсетін, кедейленгенде қайғыға түсетіндердің қатарынан етпе».

©️Хасан әл-Басри
(Рахимаһулла)


Қандай әдемі мағыналас параллель


Счастье - оно наступает, когда у вас нет насущного желания чувствовать себя иначе. Счастье - это состояние, в которое вы входите, когда больше не хотите что - то менять.

📚Атомные привычки.
———————————————-
Успешен тот, кто принял Ислам, получил достаточный удел, и Аллах сделал его довольным тем, что даровал ему».

📚[Муслим 1054, Тирмизи 2349, ан-Насаи 11033].


Сен іздеп жүрген нәрсе де, сені іздеп жүр.

©️Руми


Құранды оқып отырсаң, адамның басына түскен әр қиыншылықтың даналығын да, Алла өз кітабында әдемі жеткізген.

Мысалы, бұл қисса балалы бола алмай жүрген адамдарға керемет жұбаныш емес пе?!

Бұл сынақтың артында үлкен даналық пен мейірім бар деп сенсе, сөзсіз, бұл адам ұтады.


Ибн Касирден:

Баланың аты Хайсур болған. Пайғамбарымыз (с.а.с): Хызыр өлтірген бала, жаратылған күні күпірлік мөрімен белгіленген (ибн Аббас).

Бұл баланың ата - анасы мүмин болған, ал бұл бала ата - анасын күпірлікке мәжбүрлейтін болады (балаға деген махаббат дінінен шығарады) деген қорқынышпен Алла бұл нәрсені алдын алған. Қатада айтады: бала туылғанда ата - анасы қуанып, өлгенде қайғырды; бірақ бала тірі қалса, ата - анасы тірі қалмас еді.

Алла, мүмин үшін,оған қайырлы болған шешім қабылдайды” н/е “Сендер ұнатпаған нәрседе қайыр бар шығар…


وَأَمَّا ٱلْغُلَٰمُ فَكَانَ أَبَوَاهُ مُؤْمِنَيْنِ فَخَشِينَآ أَن يُرْهِقَهُمَا طُغْيَٰنًا وَكُفْرًا

«Ал өлген балаға келсек, ата-анасы шынайы мүмін еді. Біз ол баланың келешекте ата-анасын азғырып, азғындық пен күпірлікке душар етуінен қорықтық».

(сура «Кахф» 18:80)


“Мекке мен Мединадағы мешіт осындай болады деп ойладым” - дейді бір бауырым🥲💔

Өкінішті…


Сәтсіздікке ұшырауға қатысты қорқыныш болса….

Емі:
1. Амал жасау
2. Аллаға тәуекел ету, яғни нәтижені жасаған амалыңнан күтпеу, еңбегіңнен, маңдай теріңнен дәмеленбеу.

Мықты локация, өте атақты блогер, көп ақшасы бар инвестор, жақсы орындағы көке, т.б себептерге арқа сүйемеу, “страх проваланың” емі.

Біз өзімізді себептерге табыстай аламыз да, Аллаға табыстай алмағанда қорқыныш, стресс басталады.

Показано 20 последних публикаций.