Фильтр публикаций




Айналадағы қыздар көріктерін паш етіп жүргенде ол қыз бар бойындағы сұлулығын Раббысының бұйрығы деп көмкерді,мойынсұнды.
Нәпсісі кейде шыдамағанда,неше түрлі ойлар басына келгенде әркез өзін қайтарып отырды.Әр хиджаб киген қыз,әйел өзін минут сайын тәрбиелеу үстінде.Әр әйел өзінше нәпсісімен келісімге келіп әлек.Ойлап көрші.Сенің иманың қаншалықты мықты болу керек,бар сұлулығыңды көмкеретіндей?
Сен оның жүрген жолын,қандай құрбандыққа барғанын,ішкі дауысын білмейсің.Білмей келіп «ананы ки,мынаны киме,орамалды олай тақ,бұлай тақ» деп айтуға еш құқың жоқ.Ол әркез тырысатын да шығар.Ол онсыз да қоғам қыспағында қысылып жүргенде,келіп қолдаудың орнына түзетіп әлекпіз,қателігін бетіне басып әлекпіз.Мейірімдірек болайықшы.Әр хиджабтағы қызды құшақтадым.Мен сені өте жақсы түсінем.Және қандай жолдан өтіп жатқаның тек Раббыңа мәлім🫂❤️.


📌Соңғы 10 күнде міндетті түрде:

1)Күнде 100 тг садақа беріңіз, егер бір күні Қадір түніне тура келсе, 84 жыл садақа бергендей сауабыңыз болады.

2)Күнде 2 ракағат тахаджуд намазын оқыңыз, бір намазыңыз Қадір түніне тура келсе, 84 жыл тахаджуд намазын оқығандай сауабыңыз болады.

3)Күнде 3 Ықылас сүресін оқыңыз, егер бір оқығаныңыз Қадір түніне тура келсе, 84 жыл күнде Хатым еткендей сауабыңыз болады.

4)Күнде 100 салауат айтыңыз, егер бір күні айтқаныңыз Қадір түніне тура келсе, 84 жыл салауат айтқандай сауабыңыз болады.

“Жақсылыққа себепші болған, жақсылықты жасағандай.”(Тирмизи)


Әйел үнемі бақытты іздейді бірақ таппайды. Іздейді бірақ таппайды.

Ол көзі жылтырап айналасына қарайды, құрбыларына қарайды, жұмысындағы басшыларға қарайды. Елпеңдеп тағы күйеуіне қарайды.

Бірақ Раббысы жаққа көп қарамайды. Оның хикметтерін сезінуден, Онымен кездесуден қашады. Раббысы Өзіне 5 мәрте шақырса, ол 5 мәрте жер бетіндегі жаратылғандармен кездесуді жөн көреді. Кейде сол адамдар дарақыланып, ерекшеленіп тұратындай, ол әйелге үнемі қол ұшын созатындай, оны жақсы көретіндей…

Әйел солай алданады. Раббысының нығметін көңіл қалауына ауыстырып алданады…






اللَّهُمَّ إِنِّي ضَعِيفٌ فَقَوِّنِي، وَإِنِّي ذَلِيلٌ فَأَعِزَّنِي، وَإِنِّي فَقِيرٌ فَأَغْنِنِي

Уа, Аллаһым! Мен әлсізбін, мені қуаттандыр! Мен дәрменсізбін, мені үстем қыл! Мен мұқтажбын, мені Өз кеңшілігіңмен байыт!

©️ Ізгілердің таңғы дұғасы


Репост из: Записи Аеки 📝
сабыр – бұл басыңды салбыратып, үнсіз бәріне төзе беру емес. сабыр – басыңа түскен сынақтың хикметі мен хайыры барын жүрекпен түсіну.

адам науқастанып, ауруханаға барады. ақшасын төлейді, кезегін күтеді. медбикелер ине салып, қан алады. дәрігерлер ота жасап, тәнін тіліп, жарасын ашады. ауыртады. жанына батады. бірақ ол: «тоқта, неге ауырттың, жасама!» деп жанжал шығармайды. өйткені, бұл ауырсынудың артында сауығу бар екенін біледі. сол үшін шыдайды.

өмірдің сынақтары да дәл солай. олар жаныңды сыздатады, жүрегіңді тіліп өтеді. бірақ адам оның хайырына сенбесе, оның артында бір жақсылық жасырынғанын білмесе, ондай сабыр сабыр бола ма?

шынайы сабыр – үнсіз жылау емес. шынайы сабыр – өзегіңді өртеген қиындықтың да бір хикметі барын түсіну, оның саған үйретерін үйрену, жүрекпен қабылдау. хайырына сенбеген сабыр – сабыр емес.

хайырлысы деген осы, достар.


кеше жаназада болдым.
и білесіздер ма?не байқадым…
Адамдар бір қабырғада отырып,екінші қабырғада бір адамның денесінің жансыз күйде жуылып жатқанын сезінбейді,сол адамның басына келген өлім өзіне келмейтіндей тамақ ішіп өсек айтып күліп отырады.Адамдар өлімнен ғибрат алмайды,ойланбайды екен.
жансыз ғана дене,тіршілік белгісі жоқ сұп-сұр дене.сол дененің жаны енді тек Алламен ғана қалды.ол қайтқан адамның өлімнен кейін жағдайы,қабірдегі жалғыздығы ешкімді алаңдатпайды,не то что өлген адам,өз қара басының өлімнен кейінгі жағдайын ойламайды адамдар…өте қорқынышты,қайғылы жағдай.
Жаназа намазын көрдім,бәрі жылайды,еңіреп аза тұтқан жоқтау айтады,бірақ…енді көре алмаймын,арамызда жоқ деп жылайтын сияқты,ал мен қабірдегі жағдайы қалай болар екен я Аллахым,күнәлары кешірілген күйде кеттіме екен? деп жыладым.Шынымен,өте жаным ашыды,енді ол кісіде мүмкіндік жоқ…сауап есіктері жабылды,амал қыла алмайды енді ақырет үшін.Амал дәптерінің сыясы таусылды💔


Туылғанда айтылған азанның намазы, өлгенде оқылады.

Азан мен қаматтың арасындай ғана өмірде, сауапты амалдарды көбірек істеуді нәсіп етсін Алла.


Жас кезіңде тәубе ет,бәлкім қарттық саған келмейтін шығар!


one day in shaa Allah💘


aesthetic дня🦦




солай менде ақылдым
іштей тілеп жүрмін жақындық саған💌


🥹🥹






Ақылымның жетіп тұрған жеріне,батылымның жетпей тұрғанын қарашы…


1 айда 1 ауызашармен 1 ауыз бекітердегі дұғаны жаттай алмай жүрсің,кириллица ғой құрсын жаттай алсайш🥲😅

#посебесужу

Показано 20 последних публикаций.