Ержан Бақытжанов


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Нұр-Мубарак түлегі
Исламтанушы
Оқып түйген ойларым, кітаптан үзінділер мен аудармаларым.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Басымызға не келсе де ол Алладан, бірақ келуі біздің Алладан алыстауымыздан.

Нәжіп Фазыл (Алла рахым етсін)


Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет.

Бөлтірік шешен


Біз жыл басында аяз атадан сыйлық күтетін емес, миғраждан бізге намаз әкелген Мұхаммедтің
үмбетіміз.

Нәжіп Фазыл (Алла рахым етсін)


Үш күндік дүние үшін жанталасып, бірақ мәңгілік дүние үшін еш әрекет қылмайды.

Нәжіп Фазыл (Алла рахым етсін)


Құранды толық жаттаған ижәза иесі. Маңғыстаудың ең мықты қариы Жарас ұстаз дәріс бастағалы жатыр екен.
Орын саны шектеулі.


Кімде-кім Ибраһим сүресінің, 19-20-шы аяттарын бес уақыт парыз намазынан кейін үш рет оқыса, шайтанның салатын жаман ойларынан амандықта болады.

Имам Ән-Нәбһәни (Алла рахым етсін)


Нұх пайғамбар қауымына қарғыс жасады ма?

Имам Нәбһәнидің (Алла рахым етсін) сөзін оқып қалдым бір кітаптан. Әл-Иғтибәр мин сиәрил Әброр.

"Хазіреті Нұх (оған Алланың сәлемі болсын) өзіне ешкім иман келтірмейтіні білдірілгеннен кейін, кәпірлерді жер бетінен жой деп, Алладан олардың өлімін тіледі. Себебі олар көбірек өмір сүрген сайын, күнәлары да көбейеді. Бұл оларға қарғыс дұғасы емес, қайта олар үшін дұға болып саналады".

Кәпір күпірлікте өлсе, оған сол өлген хәлі күнә ретінде жетеді ғой негізі. Иә, аяттың жалғасында олар кейінгілерді адастырады, сол үшін оларды қалдырмау жайлы айтады. Бірақ имам Нәбһәнидің осы айтқан сөзі ойландырды.

Пайғамбарлардың қиссалары тұнып тұрған ғибрат бізге. Үміті үзілгендер үшін де дұға жасап жатыр. Біз, өлмей жатып біреуді көміп, тозаққа кіргізіп қоямыз.

Біз нәтижеміз үшін емес, әрекет пен ниетіміз үшін сұраламыз.

Жұма қабыл болсын! Күндеріңіз сәтті өтсін!


Табиғатында бар қылығы үшін адам айыпталмайды. Табиғатына қайшы келетін нәрсе істесе, айыпталады.

Жунейд әл-Бағдади (Алла рахым етсін)

Сифату Сафуа. 2/420.


Бір ғалым әдепті әдепсіздерден үйрендім деген екен.


Бір сәттік ашу үстінде бір сәт сабыр қылу, мың сәттен тұратын өкініштен сақтайды.

Хикмет иелері


Репост из: Ержан Бақытжанов
«Уа, адам баласы! Расында, сен күндерден тұрасың. Әрбір күн өтумен сенің бір бөлігің кетіп жатыр.

Хасан әл-Басри (Алла рахым етсін)


Салахуддин әл-Аюби (Алла рахым етсін) дүние салғанда, адамдар пайғамбарлар өлгеннен кейін болатын белгілерді байқаған. Оны ізгілер де, жамандар да, мұсылман да, кәпір де жақсы көретін.

Тарих әл-Ислам. 41/359


Барлық нәрсені Алла үшін жаса. Сол кезде өкініш болмайды.

Али Тантауи (Алла рахым етсін)


Арсен бауырымның қанша жылдан бері жасап жүрген онлайн-курстары бар, осы жылдың қорытындысы ретінде өте қолжетімді етіп жеңілдік ұсынған екен.

4 тіл бойынша 12 курсты (араб тілі, ағылшын тілі, түрік тілі, орыс тілі) 3 жылдық доступпен кері байланыссыз = 10.000тг-ге беріп жатыр. Бұл, шынында, таптырмас мүмкіндік. Курс платформасында қосымша pdf файлдар беріледі, кейбір дәрістерге қатысты тесттері бар. Тіл үйренуді қолға алғысы келіп жүрген адамдар мүмкіндікті пайдаланып алып қалса болады. Толық ақпарат үшін төмендегі сілтемені басып, менеджерге байланысқа шыға аласыздар:

Менеджер

Курсты сатып алып жатқан жағдайда "Ержан ұстаздың арнасынан келдім" деп жаза кетуді ұмытпаңыз, сіз үшін арнайы "Араб тіліндегі танымал тіркестер" атты электронды кітабын (pdf) сыйға жібереді.


Уа, балам! Алладан қорық! Себебі тақуалық барлық нәрсені жеңеді.

Сүлеймен (Алланың сәлемі болсын) пайғамбардың өсиеті.


Маған екі нәрсе дүниенің ләззатын ұмыттырды. Ол – өлімді еске алу және Алланың құзырында тұру. (Намаз)

Имам Абдул Ағлә әт-Тәйми (Алла рахым етсін)


Алла басыңа бақ берсе, қиындығын қоса беретінін ұмытпа.

Қазақ даналығы


Телеарнадан бір министр өз саласының жетістіктерін тізбелеп айтып жатты. Сонда Бәкең (Момышұлы):
– Мынау министр емес, кондитер ғой, – деді.
– Неге олай дейсің? – деп таңырқадым.
– Сөздері тым тәтті екен, – деді.

Зейнеп Ахметова. "Әзіліңді сағындық" естелігінен.


Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім.

Мұхтар Әуезов


Репост из: Дастан Құрманбаев
Бір үзім нанды нығмет (Құдайдың сыйы) санамайтын адам, үстіне тамақ үйілген дастарханды да нығмет деп білмейді.

Қарапайым баспананы нығмет деп білмейтін адам, зәулім сарайды да нығмет көрмейді.

Екі аяғын нығмет көрмейтін адам, қымбат көлікті де нығметке баламайды.

Нығметті сезіну үшін оның құнына емес, құндылығына қарау керек!

Қолыңда бар нығметтер көзіңе жоқтай немесе аздай көрініп жатса, мына нәрсені бір ойлап қой:

Сен күнде ұйқыдан тұрғанда беті-қолыңды жуасың, ал біреу тұра сала бүйрегін шаяды…

📚 Шарқауи, Расәйіл мин ән-Нәби

Показано 20 последних публикаций.