𝐃𝐈𝐃𝐀𝐑-дан жаңа хат…✉️


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Өзіңе емес الله - ға сен!
Instagram:
https://www.instagram.com/yes.didar/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ==

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Күнəлары көп, білімі - аз, өмірі таусылған жəне ақыреті үшін ештеңе дайындамаған кісі жайлы не айта аласың...

Сен де солардың қатарында болып қалудан сақтан...


Көптеген бойжеткен қыздарымыздың сәнді суреттердегі образдарды қарап, өзін-өзі бағалау дәрежесінің түсіп кетуі өкінішті... CHANEL,GUCCI т.б журнал беттерін қарап отырып оларға ұқсауым керек дегені өкінішті...

Өздеріңнің қандай бағалы екендеріңді білгендеріңде еді, тек қана Исламдағы кемел әйелдердің тариxын оқып көріңізші. Мысалы: Фатима Аль Фиһри (алғаш университет ашқан), Руфайида Аль Әслямия (алғашқы медбике ота жасаған), Айша бинт Әбу Бәкір (тариxтағы ең білімді әйелдердің бірі) Өздеріміздің бойымыздағы Алла жаратқан нығметті білгенімізде еді, әлемдегі ең кемел әйелдерге ұқсаған болар едік. Мәриям Иса (алейһиссалам) анасындай, Асия Перғауын әйеліндей, Мұсылмандардың анасы Хадишадай, Жәннәт әйелдерінің xаншайымы Фатимадай... Біз олардың бейнесінің қандай болғанына қарамай-ақ өмірде қандай әрекеттер жасағанын көре отырып-ақ олар сияқты болуды қалаймыз. Ал бұл қандай да бір дүниенің аруына қызығып жүргеннен де ұлы сезім... Анығында дүниедегі сен қызыққан ару кім? Ол әдемі? Бірақ ол оның сондай Алла жаратқан бейнесіне такәппарланса, ерлерді қызықтырса, орамалсыз болса, Алланың разылығын ойламаса оның Жаһаннам отына жанатын бейнесі неге керек? Өмірі әдемі ме? Егер ол өмірде Алланың атын атамаған болса...

Кімге еліктейсіз? Алла жаратқан зеректік, сыпайылық, нәзіктік, ибалылық сезімдерімізді өзімізде қалдыра білейік. Бәлкім Алла нәсіп етсе, Жәннәт xаншайымдарының қатарында тұрармыз.


Кей адамдар сондай кедей,
Ақшаларынан басқа ештеңесі жоқ...


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
– БисмиЛлях, Алла қаласа жаңа уағыздар шығатын болады, күтіңіздер.😍

видео аманат🫀


«Сені тасымалдап жатқан таксисттің кім екенін білмесең де, оған сенесің. Сені құрлықтың мына басынан, ана басына ұшырып алып бара жатқан пилотты танымасаң да, оған барынша сенуге тырысасың. Ал енді, сенің өміріңді толыққанды өзінің панасына алған Аллаға қалайша толыққанды сене алмайсың?!»☺️


Өмір соыңына дейін жаттап алу керек Маңызды 5 ЕРЕЖЕ:⤵️

1. Ешқашан адамдарға байланба Ол кім болса да, адамдарға қатты байлануға болмайды. Себебі, күндердің бір күні кез келген адаммен қоштасу сәті келеді. Жақын адамдарыңды жақсы көр, оларға қамқор бол, бар махаббатыңды бер, оларды бағала, жақсылығыңды Аллаһ разылығы үшін жаса. Бірақ, жүрекпен оларға байланба. Бұның тек өзіңе зияны тиетін болады. Мүмкін болар жағдайлардың барлығына дайын бол.

2. Сенің өміріңнің жақсы жақа қарай өзгеруі - өз өміріңе толықтай жауапкершілікті алумен тікелей байланысты Сенің алға қарай жылжуың, дамуың, ақша табуың, білім алуың, өміріңді жақсы жақа қарай өзгертуің өз өміріңе ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ алған кезде ғана іске асады. Саған ӨЗІҢНЕН басқа ЕШКІМ көмектеспейтінін біл. Адамдардан сұрама! Аллаһтан сұра! Қызық нәрсе: Сен адамдардан бірнәрсе сұрасаң, адамдар ашуланады. Ал егер Аллаһ Тағаладан дұға етіп сұрасаң, Аллаһ сені жақсы көреді.

3. Достарды дұрыс таңда! Сенің көтерілуің мен түсуіңе араласып жүрген достарың қатты әсер етеді. Досың қандай болса, сен сондайсың! Досың көлеңке сияқты болмасын! Күн шыққан секілді, өміріңде барлығы жақсы болған кезде ғана қасыңда болып, ал, күн батқан соң, басыңа қайғы түскенде, сені тастап кететін көлеңке сияқты достардан аулақ бол!

4. Уәде бердің бе, уәдеңде соңына дейін тұр! Пайғамбарымыздың ﷺ хадисі бар:

«Мұнафық (екіжүзді адам) үш белгімен ерекшеленеді: айтса, өтірік айтады, уәде берсе, уәдесін бұзады. Ал оған сенім артса, сатқындық жасайды»
Бухари (33), Муслим (59), Тирмизи (2631)

5. Өмірлік ісіңді таппаған болсаң, өмірде не нәрсемен айналысатыныңды әлі білмесең, мына ереже бойынша іздеп көр:

1 жылда 12 ай бар. 12 айды 3 айдан бөліп тастап, әрбір 3 айда жаңа нәрселерді істеп көр. Жаңа жұмыстар, жаңа кәсіптер бастап көр. Осы қағиданы ұстансаң, сен 12 айда 4 істі істеп көрген боласың. Ал бұл дегеніміз өте жақсы нәтиже. Егер іс ұнамаса, таста да, екіншісін бастап кет. Егер ол да ұнамаса, таста да, басқасын істеп көр. Осылай жүріп Аллаһ қаласа өз ісіңді таба аласың.


сезініңізші мына атмосфераны)🥹


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram




Адам тірі тұрғанда ештеңе кеш емес. Кез-келген жағдайдан шығаратын амал бар. Әрі бір емес, бірнеше амалы табылады. Жер бетіндегі амалы жоқ жағдайға тап болатындай сен кім едің?

Бәрі шешіледі уайымдама.💚


– Жол ұзақ. Кіммен әңгімелессем екен?
– Өзіңмен сөйлес. Араласпай жүргендеріңе біраз боп қалды-ау.

#қысқаәңгіме


– Мені ешкім туған күніммен құттықтамады. Мен нағыз бақытсыз адаммын…
– Ал мені кім туғанын білмеймін. Сен әлі де бақытсызсың ба?

#үнсіздік


– Жерге түкірме, досым.
– Неге?
– Ертең жамыласың ғой.


– Мен оны сүймеймін. Жәй пайдаланып жүрмін.
– Е-ей, мықтысың сен, досым!
– Үйренсей, досым, үйренсей.
- Осы қарындасың қай жылғы сенің?

👂🏻


Кеше мешіттен қайтар жолда сұмдық сұлу қызды көріп, таныса алмай кеттім.
– Әлсізсің, досым.
– Қызға ма?
– Иманыңа.




✉️

Бүгін сен "пәленше дүниеден өтті" деген сөзді естідің, біл, бір күні сен жайлы да өзгелер сондай хабарды естиді.

ұстаз Ерсін Әміре


Көркем мінезге қалай қол жеткіземіз? 🍁


Айша анамыз (رضي الله عنها):
Ардақты Пайғамбарымыз (ﷺ) былай дегенін айтты:

اللَّهُمَّ كَمَا حَسَّنْتَ خَلْقِي فَحَسِّنْ خُلُقِي

«Я, Алла Тағалам! Жаратылысымды көркем еткенің сияқты, мінезімді де көркем етші!» - деп дұға ететін деді.

📙 (Ибн Ханбал, І, 403)


Бір қарт қойшы қойларын өрістетіп, жайылымға жайған сайын дөңге жақын өскен бір алма ағашының түбіне барып дем алатын, егер жеміс піскен мезгіл болса, алма ағашымен тілдесіп:-

Қане балам,қарттың алмасын береғой дейтін. Сөйткенше болмай дәмі тіл үйіретін алма жерге топ етіп түсетін. Қарт қойшы бұл алма ағашын осыдан жиырма жыл бұрын отырғызған кезде жиі жиі суарып, намаз алдында беті қолын шайған дәрет суының қалғанын соның түбіне төгетін.

Қойшы ол кезде жас болғандыктан қай алманы қаласа қол созса жетіп жатар еді. Алайда одан берлі қанша жыл өтіп қарттың бойы аласырып белі бүгілді. Ал алма ағашы болса керісінше барынша биіктеп өсіп жайқалып кеткенді.

Алма ағашы қанша биіктеп өскенімен мәпелеген өсірген баланың аты бала емеспе? Қарт қане балам несибемді түсіре ғой десе көп пәлсінбестен бір алма түсуші еді. Ауылдың адамдары бұл құбылысты сырттай бірнеше байқап қартты әулие деп ойлайтын.

Бір күн қарт әдеттегідей намазын оқып болып сол күнгі алмасын сұрады. Ағаш бұтақтары жеміске толып тұрсада алма түспеді. Күткені орындалмай кірпігімен сақалы жасқа шыланған қарт үнсіз ғана алыстап қойларына кетіп бара жатты.

Мапелеп өсірген баласына осы жолы қатты көңілі қалды. Арадан көп уакыт өтпей мешіттен әуелеп шыққан азан даусы естілді. Азан өте ерекше әуезді үнмен шақырылып жатқандай. Өйткені сол күн Рамазан айының бірінші күні болатын.

Балаша мәз болған қарт әлгіндегі алма ағашына оралып кең құшагына алған қарт :
-Күнім,әншейін айналайын балам, жарығым! Ұмытшақ мен байғұсты ренжітпей білдірсең болмас па еді бүгін Ораза айының алғашқы күні екенғой деді.☺️


қандай керемет иә🥹

Показано 20 последних публикаций.