Zakon.qaz


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


Еліміздегі ең соңғы әрі сенімді жаңалықтарды бізден оқыңыз!

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар.

Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
😨Әуежайда пышақпен шабуыл жасаған адамды ұстау сәті

Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған ер адамды ұстаған сәт түсірілген видео тарады. 

Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
😱Пышақ ұстаған ер адам Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алды

Оқиға 7 наурыз күні сағат 11:45 шамасында ішкі терминалда болған.

Ер адам өзін жолаушы ретінде таныстырып, рейс алдындағы қауіпсіздік аймағына жақындаған. Қызметкер оның құжатын сұраған кезде, ер адам оны ұстап алып, пышақпен қорқытқан.

Полиция мен авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері оны ұстап, қаруын тартып алды. Қазір ол қамауға алынды. Құқық қорғау органдары мән-жайды анықтап жатыр.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz


❗️Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді

🏦Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 16,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

📌Мұндай шешім қабылдауға жаңартылған болжамдар мен инфляциялық тәуекелдердің балансы себеп болған.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz


⚜️Президент түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген бір топ қыз-келіншекке жоғары мемлекеттік наградалар тапсырды.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz


⚜️«Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы», «Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері» құрметті атақтары алғаш рет табысталды

«Әлемдік додаларда топ жарып, еліміздің абыройын асқақтатып жүрген аруларымыз да бар.

Біз қажырлы еңбегімен, ерен ерлігімен танылған қыз-келіншектерді мақтан тұтамыз. Тәуелсіздік жылдары өз саласының үздігі атанған 8 әйелге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.

Биыл елімізде – «Жұмысшы мамандықтары жылы». Қазір осы саладағы білікті мамандардың мәртебесін көтеру үшін белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Мысалы, мемлекеттік марапаттар жүйесіне жаңадан 9 құрметті атақ енгізілді. Бүгін осындай екі марапат алғаш рет тапсырылады.

«Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы» атағы еңбек ардагері Ольга Шелудькоға беріледі.

Ал өндіріс озаты Майра Ерманова «Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері» атанып отыр.

Осындай еңбек адамдарына ел болып құрмет көрсетіп, оларды жан-жақты дәріптеуіміз керек. Жұмысшы мамандықтары жылының түпкі мәні де – осы»
.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz


⚜️Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің лауазымды қызметтерді жауапкершілікпен атқарып жүргенін жеткізді

«Қазір әйелдер түрлі салада табысты еңбек етіп жүр.

Мемлекеттік қызметшілердің жартысынан көбі – әйелдер. Білім беру, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың 70 пайыздан астамы да – әйелдер қауымы. Сондай-ақ олар төтенше жағдайлар, қорғаныс және құқық қорғау органдарында табысты жұмыс істеп жүр.

Көптеген әйелдер лауазымды қызметтер атқарады, Сіздердің араларыңызда да табысты басшылар аз емес. Қыз-келіншектер бизнесте де жетістікке жетіп жүр.

Бойларыңыздағы мақсаткерлік пен жасампаздық қуаты ең батыл бастамаларыңызды жүзеге асыруға көмектесіп келеді. Берік азаматтық ұстанымдарыңызды танытып, қоғамдық жұмысқа да жан-жақты атсалысасыздар. Маңызды бастамалар мен халыққа қажетті әлеуметтік жобаларды іске асырып жүрсіздер. Қай іспен айналыссаңыздар да жауапкершілікпен қарап, ұдайы оң нәтижеге қол жеткізіп келесіздер»


👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz


⚜️Президент мемлекеттің әйелдерді барынша қорғауға және жан-жақты қолдауға баса мән беретінін атап өтті

«Мемлекетіміз әйелдерді барынша қорғауға және жан-жақты қолдауға баса мән береді. Осы бағытта нақты жұмыстар атқарылып жатыр.

Менің тапсырмаммен отбасы институтын нығайтуды көздейтін маңызды шаралар қабылданды. Барлық аймақта қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсететін орталықтар ашылып жатыр.

Көп балалы аналарды қолдаудың ұлттық моделі қалыптасты. Соның арқасында жыл өткен сайын көп балалы отбасылардың саны артып келеді»


👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz


⚜️Мемлекет басшысы: Аналары алаңсыз қоғамда балалар да бақытты өмір сүреді

«Қымбатты ханымдар, Сіздер, әлемге әдемілік пен үйлесім, шаңыраққа жылылық пен жайлылық сыйлап келесіздер. Сіздерге өскелең ұрпақты тәрбиелеу, отбасылық құндылықтарды ілгерілету секілді айрықша жауапкершілік жүктелген.

Барлық салада адал еңбек етіп, табанды да тиімді жұмыстарыңызбен мемлекетіміздің әлеуеті мен беделін нығайтып жүрсіздер.

Аналары алаңсыз қоғамда балалар да бақытты өмір сүреді. Ана мен баланың жағдайы дұрыс болса, әлеуметтің жағдайы да дұрыс болады. Сондықтан болашағын ойлаған ел, ең алдымен, әйелдердің жағдайын жақсартуды ойлайды»
.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz


⚜️Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сан түрлі салада жетістікке жетуіне қыз-келіншектер мол еңбек сіңіргенін айтты

«Халқымызда ерлік пен елдіктің туын биік ұстаған арулар аз емес. Олардың есімі ел шежіресіне алтын әріппен жазылған.

Тұмар мен Бопай ханымдардың, Домалақ ана, Зере және Ұлпан аналардың, Әлия, Мәншүк, Хиуаз секілді батыр қыздарымыздың аты ел жадында.

Сіздерді ақылы мен ажары, даналығы мен даралығы келіскен қазақ әйелінің ізбасары деуге болады. Әйелдер қауымы күрделі кезеңдерде аянбай еңбек етті, Отанымыздың өсіп-өркендеуіне белсене атсалысты.

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. Бүгінде Сіздер санасы сергек, ойы азат ұрпақ өсіріп, Отанымыздың өркен жаюына айрықша үлес қосып келесіздер.

Қазақстанның сан түрлі салада жетістікке жетуіне қыз-келіншектеріміз мол еңбек сіңіруде. Бүгін Ақордаға шақырылған әйелдер арасында Отанымызға әр салада еңбек сіңірген білікті мамандар бар. Мен баршаңызға зор алғыс айтамын!»


👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz


⚜️Президент аруларды көктем мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

«Бүгін мен баршаңызды көктем мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрамды шын мәнінде сұлулықтың көрінісі деуге болады. Себебі әйел жаны қашанда әдемілікке жақын.

Аруларымыз әлемге сүйіспеншілікпен қарап, жан-жағына жақсылық шарапатын сыйлап жүреді. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген сөз бекер айтылмаған.

Әйел – шаңырақтың шырағы, ұлттың ұйытқысы. Ана – тіршілік пен берекенің бастауы, адамзат бойындағы бар ізгіліктің қайнар көзі. Ананың аялы алақаны мен шексіз мейірімі әр үйге жылылық береді. Салт-дәстүріміз бен ана тіліміздің бүгінгі күнге жетуі де – ең алдымен, аналардың арқасы.

Өмірдің мәні де, тіршіліктің сәні де – сіздер! Сондықтан бүгінгі мейрамда барша ер-азаматтар өздеріңізге ақ тілегін арнап, ықылас-ілтипатын білдіріп жатыр. Солардың ішінде мен де Мемлекет басшысы ретінде әйелдерге тілегімді, лебізімді айтып тұрмын»


👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz


🔗Оңтүстік Кореяға жұмысқа орналастырамын деп елді алдаған алаяқ сотталды

Түркістан облысында Оңтүстік Кореяға жұмысқа орналастырамын деп 23 адамнан 92 млн теңге алған алаяққа сот үкімі шықты.

Сот оны 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды, сондай-ақ 23 жәбірленушілердің азаматтық талаптарын қанағаттандырды.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🔥Жаңаөзенде мешіт аумағындағы құрылыс өртенді

Қызыл жалын 40 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндірушілер шұғыл оқиға орнына жетіп, өртті сөндірді.

🏥Оқиғаның салдарынан 12 жастағы бала күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Денесінің 15-17%-ы зақымдалған. Дәрігерлер баланың жағдайы орташа деп бағалады.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🔥Кен орнында газ алауы әлі ауаға атқылап жатыр

Атырау облысы Жылыой ауданындағы Батыс Прорва кен орнында ауа газ алауы әлі атқылап жатыр.

Кеше кен орнындағы № 437 ұңғымада перфорация жүргізіліп, соның салдарынан сорапты-компрессорлық құбырды түсіру кезінде газ атқылаған.

«Ембімұнайгаз» АҚ-да жедел штабы құрылып, шұғыл шаралар қолға алынды.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz


⚜️Президент елімізге еңбегі сіңген бірқатар азаматтарды марапаттады

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Олардың қатарында:
     ○ 4 еңбек ардагері;
     ○ 19  жұмысшы маман мен кәсіпорын еңбеккерлері;
     ○ 14 денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері;
     ○ 6 кәсіпорын басшысы;
     ○ 3 қоғамдық ұйым өкілі;
     ○ 7 мемлекеттік қызметкер;
     ○ 6 құқық қорғау, арнаулы және бақылаушы органдарда, әскер қатарында еңбек ететін қызметкерлер бар.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
😳 Оңтүстік Корея абайсызда Солтүстік Кореямен шекарадағы ауылға 8 бомба тастап жіберген

Оқиға жаттығу кезінде болған. KF-16 жойғыш ұшағы алаңнан қателескен.

Тасталған бомбалардың тек біреуі жарылып, одан 15 адам жараланды. Зардап шеккендер саны әлі де артуы мүмкін.

Шіркеу мен тағы 7 ғимаратқа зақым келген.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz


🇫🇷 Франция Украинаға барлау деректерін беретін болды

Бұған дейін бұл көмектен АҚШ бас тартқан болатын.

Қорғаныс министрі Себастьен Лекорнюдің айтуынша, Украинаға көмектесуге Францияның әлеуеті жетеді.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz


😍 Аралды құтқаратын 3 жоспар ұсынылды

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрінің орынбасары Нұрлан Алдамжаров айтып берді.

– Біріншіден, Орталық Азияның су-энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану үшін барлық елдің мүддесін ескере отырып, өзара тиімді және тұрақты өңірлік ынтымақтастық механизмін құру керек деп санаймыз. Екіншіден, Арал теңізі бассейнінде су ресурстарын есепке алу мен мониторинг жүргізудің бірыңғай автоматтандырылған жүйесін енгізу жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеу маңызды. Бұл суды пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етіп, Орталық Азия елдері арасындағы өзара сенімді нығайтады. Үшіншіден, даму жөніндегі халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты тереңдету бойынша шаралар қабылдау қажет, соның ішінде Арал теңізі бассейні елдеріне көмек көрсету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын (ПБАМ-4) және Орталық Азияның тұрақты дамуы үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өңірлік бағдарламаны (РПООСУР) іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет, – деді ол.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz


🇰🇿🇷🇺 Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Президенттер сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелерін талқылады, соның ішінде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың табысты жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz


Қазақстанда педагогтердің 82,1 пайызы – әйелдер

Республика бойынша білім беру саласында 484 788 педагог-әйел жұмыс істейді. 

Олардың ішінде:
🔹️100 750 – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында;
🔹️334 641 – орта білім беру ұйымдарында;
🔹️2 444 – түзету-білім беру ұйымдарында;
🔹️13 113 – қосымша білім беру ұйымдарында;
🔹️29 025 – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында;
🔹️3 815 – арнайы білім беру ұйымдарында.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz

Показано 20 последних публикаций.