ТӘН ҒҰМЫРЫ
Атам қазақ мынау физикалық дүниені «жалған» деген. Будистердің мақсаты да туу-өлу айналымын бұзып өтіп, енді қайтып бұл дүниеге келмейтін деңгейге жету еді. Қазақ болса буддистер секілді дүние қызығынан безіп аскет болып азаптанбай-ақ, жай ғана дүниеге байланып қалмауды мақсат тұтқан.
«Барында оралыңның ойна да күл
Бұл дүние көзді ашып-жұмғандай-ақ» деген шумақтар кез-келген қара өлеңде кездеседі.
Ендеше біз мынау тұрпайы физикалық дүниеге не іздеп келдік?
Рух үшін физикалық дүниенің пайдасы қандай?
Топырақ дүние біздің рухымызға не береді?
Топырақ дүниенің де пайдасы бар екен. (Ол біздің жер мен суды иеленіп, ақша жинап, сарай тұрғызғанымыз емес әрине)
Физикалық дүние рухты ауырлықпен шыңдау үшін керек. Мұны аяғына қорғасын пластинкалар байлап алып жүгіріп жаттыққан спортшының әрекетімен салыстыруға болады. Осындай ауыр жаттығу мен төккен тердің есесі қайтып, әлгі спортшы аяғындағы қорғасынды алып тастап жүгіргенде құстай ұшпайтын ба еді?!
Сол секілді мынау топырақ дүниенің зілдей ауыр денесін барлық ауыр міндетімен қоса көтеріп жүру біздің рухымызды әбден шыңдайды. Рухымыз салмақ, сабыр, қанағат; үміт, сенім, махаббат; ізгілік, мейірім, шапағат қасиеттеріне қанықпайынша біз бұл дүниеге оралып келе береміз. Оралып келуімізге шешілмей қалған карма жібі де себепші болады.
Ал, енді 1992 жылдың 16 сәуірінде Жердің Астрал дүниесінен Жерұйықтың астрал дүниесіне аттанған көшке келейік.
Ол көштің ішінде физикалық дүниеге түсіп дамуы тиіс, қасиет-қабылеттері әлі толық меңгерілмеген рухтар көп болатын. (Ең төменгісі – екі кемпір) Олардың рухы толық кемелдікке келуі үшін біздің дүниеден соңғы көш барып Жерұйықтың физикалық дүниесіне қонуы керек. Сонда ғана Жерұйықтың астрал дүниесіндегі аруақтарға мынау топырақ дүниеге келіп жетілуін жалғастыруға мүмкіндік туады.
– Сіз 1987 жылғы 16 сәуір күнгі Ғарыш Сотында: «Планета барлық тұрғындарымен бірге жойылсын» деген үзілді-кесілді талап қойдыңыз ғой. Егер осы талап орындалып біздің физикалық дүниеміз жойылып кетсе не болар еді? – деп сұрадым Ұстаздан.
– Онда Жердегі адамзат Физикалық дүниеге келу мүмкіндігінен айырылып, шала туған, кем жаратылыс секілді боп қалар еді. Ол кемістік сосын алдағы әрбір қадамда байқалып тұрар еді – деп жауап берді Ұстаз.
Қобыланды батыр жырындағы Тайбурылдың қамаудан кең дүниеге шыққан кезінде Құртқа қызды көтеріп аспанға екі мәрте қарғып ұшқаны есіңізде ме?
Сонда Құртқа:
«Үш мәрте ұшар едің, әттең 43 күндік кемдігің жібермеді!» деп өкінеді ғой.
Сол секілді біздің мынау фәни дүниедегі тән(и) ғұмырымыз дүниеге байланып қалмай, басты рух байлығы – бағалы қасиеттерді шыңдау үшін ғана берілгенін ұмытпайық!