Жалпы биыл сәл біртүрлі болды. Мен үшін біртүрлі өтіп қана қоймай, мен де сәл біртүрлі болып қуып кеттім. Дегенмен, есте қалар сәттер көп.
Осы жылы біздің арна әдеттегідей белсенді болмады. Алайда аз дүние аудардық дей алмаймын. Қаншама рет арнаны өшіргім келгенде мені тоқтатқан тобымнан айналдым.
Біздің ұжым ең керемет. Бәлкім баяу аударатын шығармыз, бәлкім дұрыс аудара алмайтын шығармыз. Сонда да бұндай жандарды кездестіру өте қиын. Әсіресе біз соңғы бірнеше айда іріктеу ашқан жоқпыз. Көбісі уақыты жетпей шығып жатты. Кәдімгідей азғантай болып қалдық. Соған қарамастан әлі жұмыс істеп жатыр. Барлығы делік тобымызда 1 жылдан астам уақыт жұмыс істеп жүр. Ал мен дымға жарымай не уақытылы аударып жүргенім жоқ, не іріктеу жасағаным жоқ, я болмаса арнаны дамыта алмай жүрмін. 2025 жыл сәтті болып, арнамыз қайта көркейер деп үміттенемін. Ең алғаш келгенде мектепті бітіруге таяған жандар универге, колледжге түсіп, қазір ҰБТ-ға дайындалып жүр. 2022 жылы ашқан тобыммен 2025 жылды қарсы аламын деп ойламаппын. Тобым жайлы айта берсем, тоқтамай бір-неше күн сөйлеймін.
Сонымен қатар бізге қолдау көрсетіп жүрген оқырмандарға мың алғыс! Сендерсіз мотивация алу өте қиын.
Барлығыңды жақсы көремін!