Каңтар айында ай түйіндері Балықтар мен Бикеш осьына өтеді, ол жерде 1,5 жыл болады:Біздің қозғалысымызға жауап беретін ай түйіні Балықтар белгісіне кіреді, ал біздің тәжірибеміз бен жүгімізге(багаж) жауап беретін ай түйіні бикеш белгісіне кіреді.
Логикадан интуицияға өту этапы!
Физикалық және психо-эмоционалдық денсаулық
Енді астрологиялық натальный карталарыңызда бұл екеуі қай домда тұрғанын қараңыздар! (Нақты әркім өзінікін қараған жөн, градусы немесе домдардың ұзақтығы әр адамда әр түрлі болуы мүмкін)
Солтүстік ай түйіні Балықтарда - интуиция(түйсік), эмпатия, руханилыққа жол, жіберіп үйрену (не зацикливаться), өмірдің потогына сену, ғаламшарға сену, жоғарғы күшке сену! (Бұл бағыт біздің қозғалу керек бағытымыз, үйрену керек нәрселеріміз бен дамуыту керек қасиеттеріміз. Бұл жаңа және сізге белгісіз нәрселер, бірақ осы жерде сіздің даму эволюцияңыз екенін ұмытпаңыз!
Оңтүстік ай түйіні Бикеште - артық бақылауды доғару, майда шүйдеге жабысып қалуды, перфекционизмді бәсеңдету керек.
( әр адамның зона комфортасы, белгілі өмірлік жинаған тәжірибесі, әдетері т. б болады, көбінесе осы нәрселер адамды өткен шағынын шырмауында ұстайды, бұл жерден дереу кету немесе тастау керек, бәрінен арылу емес, керек жарамды дегенін қалдырып, болмайтын отживший біткен пайдасы жоқ нәрселерден арылу, ол кез келген нәрсе болуы мүмкін, зат, әдет, қылық, мінез, қарым қатынас, тб.
Балықтар-Бикеш осінің әр зодиак белгісіне әсері:♈️
Тоқты:Күнделікті ұсақ-түйек жұмыстардан, шамадан тыс денсаулыққа алаңдаудан бас тарту. Руханилықты дамыту, бақылауды босатып, белгісіздікті қабылдау.
♉️
Торпақ:
Жеке қызығушылықтарға және өзіне ұнайтын істерге тым байланып қалудан бас тарту. Қоғаммен қарым-қатынас жасап, әлеуметтік топтармен жұмыс істеу.
♊️
Егіздер:
Отбасылық міндеттерге және ішкі қорқыныштарға шамадан тыс байланудан бас тарту. Мансапты дамытуға, кәсіби жетістіктерге жетуге және қоғамдық мәртебені арттыруға баса назар аудару.
♋️
Шаян:
Күнделікті байланыстар мен ақпаратқа шамадан тыс көңіл бөлуді тоқтату. Әлемді кеңірек түсіну, саяхаттау және өзін-өзі жетілдіру жолына түсу.
♌️Арыстан:Ақша мен материалдық құндылықтарға шамадан тыс байланудан бас тарту. Дағдарыстық жағдайлардан сабақ алу және өзін трансформациялау.
♍️
Бикеш:
Өзін-өзі бақылау мен эгоизмнен бас тарту. Серіктестік қарым-қатынастарды дамыту, серіктестерге сенім арту.
♎️
Таразы:
Жалғыздық пен оқшауланудан бас тарту. Денсаулықты, жұмыс режимін және күнделікті міндеттерді ұтымды түрде басқару.
♏️
Сарышаян:
Қоғамдық шеңберден және әлеуметтік белсенділіктен бас тарту. Шығармашылықпен айналысуға, өзін-өзі көрсетуге және қуанышқа назар аудару.
♐️
Мерген:
Мансапқа және қоғам алдындағы жауапкершілікке шамадан тыс көңіл бөлуден бас тарту. Отбасымен уақыт өткізуге, ішкі тұрақтылықты дамытуға назар аудару.
♑️
Тауешкі:
Жоғары білімге шамадан тыс көңіл бөлуден бас тарту. Күнделікті қарым-қатынастар мен қысқа мерзімді сапарларға назар аудару.
♒️
Суқұйғыш:Дағдарыстар мен өзгерістерге тәуелділіктен бас тарту. Қаржылық тұрақтылықты және жеке құндылықтарды дамыту.
♓️
Балықтар:Серіктестерге деген тәуелділікті босату. Өзін-өзіңізді дамытуға және жеке потенциалыңызды ашуға көңіл бөлу.
Реакция қалдырамыз, үндемей оқып алып отыра бермей😀
Бұл бірінші қадамыңыз деп ойлаңыз!👍