‼️
Алаяқтардан сақтаныңыз: агенттік атын жамылған жаңа тәсіл
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды алаяқтардың жаңа айла-тәсілдері туралы ескертті.
“Белгісіз тұлғалар жұмыс орындарында белгілі бір адамдарға қатысты тексеру жүріп жатқанын хабарлап, ынтымақтастық орнатуға және құжаттар ұсынуға шақырады. Сенімге кіру үшін олар агенттіктің логотипі бар жалған бланкілерді дайындап, тіпті ҰҚК-нің жалған мөрімен бекітеді.
Одан кейін алаяқтар агенттік қызметкері ретінде хабарласып, банктік шоттар туралы ақпарат алуға тырысады - деп мәлімдеді Қаржылық мониторинг агентігі.
📣Қаржылық мониторинг агенттігі мұндай тексерулер жүргізбейтінін, жеке тұлғаларға сұраныс жібермейтінін және қоңырау шалмайтынын ресми түрде мәлімдеді.