🚆 Енді жолаушылар пойыз қозғалысын онлайн көре аладыҚазақстандық жолаушылар үшін пойыздардың қозғалыс кестесін бақылауға арналған жаңа онлайн қызмет іске қосылды.
⌛️Енді жолаушылар нақты уақыт режимінде пойыздардың келуі мен кету уақытын көріп, кестедегі өзгерістер туралы жедел ақпарат ала алады.
Қызметке қол жеткізу үшін
bilet.railways.kz ресми сайтына кірсе жеткілікті. Бұл жаңашылдық пойыз қозғалысын қадағалауды жеңілдетіп, жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасауды көздейді.