◾️ Талап қоюшы әскери колледжде дәрігер-хирург болып қызмет еткен.
◾️ 2021 жылдың қазан айында ол колледждегі спорттық іс-шара кезінде жарақат алған.
◾️ Қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша талап қоюшы қауіпсіздік шараларын сақтамай, өз абайсыздығынан зардап шеккен.
◾️ 2023 жылдың наурыз айында ол әскери қызметке ішінара жарамды деп танылған комиссияның қорытындысы бойынша әскери қызметтен запасқа шығарылған.
◾️ Кейіннен талап қоюшы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамтамасыз ету орталығына қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаты салдарынан денсаулығына байланысты жұмыстан босатылуына байланысты ақшалай төлем тағайындау үшін құжаттарды жіберген.
◾️ Талап қоюшы Орталықтың ақшалай төлемдерді тағайындаудан бас тартуына өзінің абайсыздығы және қауіпсіздік шараларын сақтамауы салдарынан келтірілген жарақат туралы қызметтік тергеу қорытындысына сілтеме жасауымен келіспей, сотқа жүгінген.
◾️ Елорданың әкімшілік соты талап қоюды қанағаттандыра отырып, алған жарақаты мен әскери қызметтен босату арасында себеп-салдарлық байланыс бар деген қорытындыға келді: ол қызметтік борышын орындау кезінде алынған.
◾️ Дәл осы жарақат оның әскери қызметтен босатылуына себеп болды, сондықтан ақшалай төлемдерді тағайындауға негіз бар.
◾️ Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатының қорытындысымен келісіп, шешімді өзгеріссіз қалдырды.
◾️ Сот актілері заңды күшіне енді.
https://t.me/astanasottary