Postlar filtri


Поздравление Руководителя Судебной администрации Н.Ахметзакирова с Новым годом

Уважаемые коллеги!


Сердечно поздравляю вас с наступающим Новым годом!

Пусть 2025-й откроет нам всем горизонты новых возможностей, преумножит профессионализм и кругозор, укрепит веру в незыблемость вечных ценностей – мира, добра и справедливости!

Своим ответственным отношением к делу, упорством, умением работать четко и мобильно мы, уверен, совместно внесем свой вклад в улучшение судебного менеджмента.  

Пусть 2025-й станет для всех нас годом больших свершений, процветания и побед, принесет в каждую семью счастье и успех во всех начинаниях!

Желаю всем здоровья, добра и благополучия.

С Новым годом!


Сот әкімшілігінің басшысы Н.Ахметзакировтің
Жаңа жылмен құттықтауы

Құрметті әріптестер!

 
Сіздерді алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

2025 жыл бәрімізге жаңа мүмкіндіктер көкжиегін ашып, кәсібилік пен ой-санамызды арттырып, мәңгілік құндылықтардың – бейбітшілік, ізгілік және әділдіктің мызғымастығына деген сенімімізді нығайта берсін!

Өз ісімізге жауапкершілікпен қарап, табанды, нақты және іскер жұмысымызбен сот менеджментін жақсартуға бірлесе отырып, лайықты үлес қосамыз деп сенемін.

2025 жыл баршамыз үшін жаңа жетістіктер, жемісті де жеңісті жыл болсын, әр отбасына бақыт, игі бастамаларға сәттілік әкелсін!

Баршаңызға зор денсаулық, жақсылық, амандық тілеймін.

Жаңа жыл құтты болсын!


Поздравление Председателя Верховного Суда А.Мергалиева
с Новым годом

Уважаемые коллеги!


Примите самые наилучшие пожелания накануне наступающего Нового года.

Пусть 2025-й принесет нам всем перспективных проектов, невероятных открытий и ярких достижений.

Мы нацелены продолжить системные реформы по обеспечению верховенства права, укрепление независимости судебной системы, как гарантии формирования правового государства и, соответственно, повышения доверия к суду. Свой значимый вклад для этого предстоит внести и судейскому корпусу.

Сердечно желаю вам постоянно преумножать свои знания и опыт, активно участвовать в общественной жизни.

Пусть Новый год принесет вам только радость и счастье! Пусть будут здоровы наши родные и близкие!

С Новым 2025-м годом!


Жоғарғы Сот Төрағасы А.Мерғалиевтің Жаңа жылмен құттықтауы

Құрметті әріптестер!

Жаңа жыл қарсаңындағы ізгі тілектерімді қабыл алыңыздар.

2025 жыл бізге болашағы бар жобалар, жағымды жаңалықтар және жарқын жетістіктер әкелсін.

Құқықтық мемлекет қалыптастырудың кепілі ретінде заң үстемдігін қамтамасыз ету, сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту және тиісінше, сотқа деген сенімді арттыру үшін жүйелі реформаларды жалғастыруды мақсат етіп отырмыз. Бұған судьялар корпусы зор үлес қосатын болады.

Білімдеріңіз бен тәжірибелеріңізді үнемі арттыра отырып, қоғамдық өмірге белсене араласуларыңызға шын жүректен тілектеспін.

Жаңа жыл тек қуаныш пен бақыт әкелсін! Отбасымыз бен туған-туыстарымыз аман болсын!

Жаңа 2025 жыл құтты болсын!


◾️ Судебной коллегией по уголовным делам Верховного Суда рассмотрено административное дело в отношении АО.

◾️ Постановлением суда первой инстанции АО привлечено к административной ответственности по части 1 статьи 265 КоАП с наложением штрафа в размере 16 422 000 тенге.

◾️ По итогам изучения материалов дела установлено, что Общество при осуществлении инвестиционного управления активами интервального паевого инвестиционного фонда нарушило порядок опубликования информации о своей деятельности, установленный Законом Республики Казахстан «Об инвестиционных и венчурных фондах».

◾️ По данному факту уполномоченным органом в отношении Общества составлены 17 протоколов об административных правонарушениях по части 1 статьи 265 КоАП.

◾️ Объединив дела по 17 административным протоколам в одно производство, суд первой инстанции наложил на Общество штраф в размере 16 422 000 тенге.

◾️ Однако такой размер наложенного  взыскания  не отвечает требованиям закона.

◾️ В соответствии с требованиями статьи 58 КоАП, при совершении одним лицом двух и более административных правонарушений административное взыскание налагается за каждое правонарушение в отдельности.

◾️ Если лицо совершило несколько административных правонарушений, которые рассматриваются одним и тем же судьей, органом (должностным лицом), то в случае наложения взысканий одного и того же вида окончательный размер взыскания не может превышать трехкратный максимальный предел, установленный для данного вида взыскания.

◾️ На момент возбуждения дела размер месячного расчетного показателя (далее-МРП) составлял 3 450 тенге.

◾️ Соответственно, в силу положений статей 44, 58 КоАП окончательный размер взыскания в отношении АО как субъекта среднего предпринимательства не может превышать 3000 МРП или сумму 10 350 000 тенге.

◾️ С учетом сокращения судом размера налагаемого штрафа на 30%, общая сумма штрафа составляет 7 245 000 тенге.

◾️ В этой связи кассационной инстанцией судебные акты  изменены, размер штрафа  снижен до 7 245  000  тенге.




◾️ Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы акционерлік қоғамға (АҚ) қатысты әкімшілік істі қарады.

◾️ Бірінші сатыдағы соттың қаулысымен АҚ ӘҚБтК-нің 265-бабының 1-бөлігімен 16 422 000 теңге көлемінде айыппұл салумен әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

◾️ Іс материалдарын зерделеу нәтижелері бойынша Қоғам интервалдық инвестициялық пай қорының активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыру кезінде «Инвестициялық және венчурлық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген, оның қызметі туралы ақпаратты жариялау тәртібін бұзғаны анықталды.

◾️ Осы факті бойынша уәкілетті органмен Қоғамға қатысты ӘҚБтК-нің 265-бабының 1-бөлігімен 17 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалған.

◾️ Бірінші сатыдағы сот 17 әкімшілік хаттама бойынша істі бір өндіріске біріктіріп, Қоғамға 16 422 000 теңге көлемінде айыппұл салған.

◾️ Алайда, тағайындалған айыппұлдың бұл мөлшері заң талаптарына сәйкес келмейді.

◾️ ӘҚБтК-нің 58-бабының талаптарына сәйкес, бір адам екі және одан да көп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әрбір құқық бұзушылықүшін жеке әкімшілік жаза қолданылады.

◾️ Егер адам бiр судья, орган (лауазымды адам) қарайтын бiрнеше әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған болса, онда бiр түрлi жазалар қолданылған жағдайда, жазаның түпкiлiктi мөлшерi осы түр үшiн белгiленген айыппұл туралы ең жоғары шектiң үш еселенген мөлшерiнен аспауы керек.

◾️ Іс қозғалған кезде айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) көлемі 3450 теңге болған.

◾️ Тиісінше, ӘҚБтК-нің 44, 58-баптарының ережелеріне сәйкес, орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде АҚ-ға салынатын айыппұлдың түпкілікті сомасы 3 000 АЕК-тен немесе 10 350 000 теңгеден аспауы керек.

◾️ Соттың салынған айыппұл сомасын 30%-ға қысқартқанын ескере отырып, жалпы айыппұл сомасы 7 245 000 теңгені құрайды.

◾️ Осыған байланысты кассациялық саты сот актілерін өзгертіп, айыппұл көлемін 7 245 000 теңгеге дейін азайтты.




◾️ Обобщение судебной практики рассмотрения ходатайств об условно-досрочном освобождении и замене неотбытой части наказания более мягким видом наказания за 2023 год проведено в соответствии с Планом работы.

◾️ Отмечено, что при соблюдении условий, установленных ст.72, 73, 86 и 87 УК, осужденные могут быть освобождены условно-досрочно (УДО) либо наказание может быть заменено на более мягкое (ЗМН).

◾️ Этот акт гуманизма и доверия государства к осужденному, который примерным поведением и усилиями доказал, что не нуждается в дальнейшем отбывании наказания.

◾️ Закон обязывает суды при рассмотрении вопроса об УДО и ЗМН тщательно проверять соответствие ходатайства осужденного установленным требованиям, полноту представленных материалов, наступление сроков, дающих право на УДО и ЗМН, комплексно оценивать позитивные изменения в поведении осужденного.

◾️ Удовлетворяется 62% ходатайств об УДО и 40,5% о ЗМН.

◾️ Основными условиями УДО и ЗМН, названы возмещение ущерба, положительная степень поведения и наличие поощрений.

◾️ Анализ судебной практики показал, что в целом судами правильно разрешаются ходатайства осужденных об УДО и ЗМН.

◾️ Вместе с тем, на местах допускаются отдельные нарушения и ошибки.

◾️ В целях единообразного применения законодательства выработаны конкретные предложения по совершенствованию законодательства.

◾️Обобщение размещено здесь:

https://sud.kz/sites/default/files/pagefiles/obobshchenie_sudebnoy_praktiki_uslovno-dosrochnogo_osvobozhdeniya_ot_nakazaniya_i_zameny_neotbytogo_nakazaniya_bolee_myagkim_vidom_nakazaniya.pdf




◾️ Жоғарғы Сот Жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылға арналған жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы өтінішхаттарды қараудың сот практикасы бойынша Қорытуларын жариялады.

◾️ Қылмыстық кодекстің 72, 73, 86 және 87-баптарында белгіленген шарттар сақталған жағдайда сотталғандар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы (ШТБ) немесе жаза неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырылуы (ЖЖА) мүмкін екені атап өтілген.

◾️ Бұл үлгілі мінез-құлқы мен күш-жігерімен жазасын одан әрі өтеудің қажеті жоқ екенін дәлелдеген сотталушыға мемлекеттің гуманизмі мен сенімінің белгісі.

◾️ Заң соттарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жаза неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырылуы туралы мәселені қараған кезде сотталған адамның өтінішхатының белгіленген талаптарға сәйкестігін, ұсынылған материалдардың толықтығын, сотталған адамның мінез-құлқындағы оң өзгерістерді кешенді бағалау ШТБ-ға және ЖЖА-ға тағайындау құқығын беретін мерзімдердің өтуін мұқият тексеруге міндеттейді.

◾️ Шартты түрде босату туралы өтінішхаттардың 62% және неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырылуы 40,5% қанағаттандырылады.

◾️ Шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың және неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырылуының негізгі шарттары зиянды өтеу, мінез-құлықтың оң дәрежесі және ынталандырудың болуы болып табылады.

◾️ Сот практикасын талдау, жалпы алғанда, соттардың сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату және неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырылуы туралы өтінішхаттарын дұрыс шешетінін көрсетті.

◾️ Сонымен қатар, жергілікті жерлерде кейбір заң бұзушылықтар мен қателіктерге жол берілуде.

◾️ Заңнамаларды біркелкі қолдану мақсатында заңнаманы жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.

Қорытулар осында орналастырылған:

https://sud.kz/sites/default/files/pagefiles/zhazany_oteuden_shartty_turde_merziminen_buryn_bosatudyn_zhne_otelmegen_zhazany_negurlym_zhenil_zhaza_turine_auystyrudyn_sot_praktikasyn_korytu.pdf




◾️ Завершая работу совещания, Асламбек Мергалиев в качестве приоритетных задач на предстоящий 2025 год определил реализацию поручений Главы государства на IX съезде судей.

◾️ В их числе:

- повышение уровня доверия общества к судам через обеспечение беспрепятственного доступа к правосудию;

- защита прав, свобод и законных интересов социально уязвимых категорий населения;

- дальнейшее развитие института медиации и других альтернативных способов разрешения споров;

- унификация судебной практики;

- повышение качества апелляционного пересмотра;

- обеспечение единого подхода к определению критериев грубого нарушения законности при отмене или изменении судебного акта;

- неукоснительного соблюдение конституционных прав и свобод человека в уголовном процессе;

- широкое применение альтернативных лишению свободы мер пресечения и наказания.


◾️ Кеңес жұмысын қорытындылай келе, Асламбек Мерғалиев Мемлекет басшысының судьялардың IX съезіндегі тапсырмаларын жүзеге асыруды алдағы 2025 жылға арналған басым міндеттер ретінде белгіледі.

◾️ Олардың ішінде:

- сот төрелігіне кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы қоғамның сотқа деген сенім деңгейін арттыру;

- халықтың әлеуметтік әлсіз санаттарының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

- медиация институтын және дауларды шешудің басқа да баламалы әдістерін одан әрі дамыту;

- сот практикасын біріздендіру;

- апелляцияны қарау сапасын арттыру;

- сот актiсiнiң күшiн жою немесе өзгерту кезiнде заңның өрескел бұзылуының өлшемшарттарын анықтауға бiрыңғай көзқарасты қамтамасыз ету;

- қылмыстық пооцесте адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының мүлтіксіз сақталуы;

- бас бостандығынан айыруға баламалы бұлтартпау және жазалау шараларын кеңінен қолдану.




◾️ Руководитель Судебной администрации РК Наиль Ахметзакиров, освещая итоги деятельности, отметил, что внедренная в 2023 году по поручению Президента страны новая система финансирования судов фактически заложила прочный фундамент успешной реализации судебных реформ.  

◾️ Это позволило в текущем году увеличить масштабы инфраструктурных улучшений: введены в эксплуатацию 8 новых зданий, произведен ремонт 100 зданий (четвертая часть). Реализация этих проектов почти вдвое сократила расходы на аренду.

◾️ Активно разрабатываются и внедряются уникальные IT-продукты: ИС «Төрелік 2.0», аналитический модуль «Судебная практика», сервисы на основе ИИ для прогнозирования исхода гражданского дела, для деперсонификации судебных актов, автоматического преобразования речи в текст, модуль для визуализации текста в ходе заседаний. Тестируется портал для проведения судебных заседаний в онлайн-режиме.

◾️ В 2025 году Судебная администрация продолжит реализацию системных проектов по созданию условий для беспрепятственного доступа населения к правосудию.


◾️ ҚР Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров атқарылған қызмет нәтижелеріне тоқтала келе, ел Президентінің тапсырмасы бойынша 2023 жылы енгізілген соттарды қаржыландырудың жаңа жүйесі іс жүзінде сот реформасын табысты жүзеге асыруға берік негіз қалағанын атап өтті.

◾️ Бұл ағымдағы жылы инфрақұрылымды жақсарту ауқымын арттыруға мүмкіндік берді: 8 жаңа ғимарат пайдалануға берілді, 100 ғимарат жөндеуден өтті (төртінші бөлігі). Бұл жобаларды жүзеге асыру жалға алу құнын екі есеге жуық қысқартты.

◾️ Бірегей IT-өнімдері белсенді түрде әзірленуде және енгізілуде: «Төрелік 2.0» АЖ, «Сот практикасы» аналитикалық модулі, азаматтық істің нәтижесін болжауға арналған ЖИ негізіндегі сервистер, сот актілерін дербестендіру, сөзді мәтінге автоматты түрде түрлендіру, отырыстар барысында мәтінді визуализациялау үшін модуль.
Сот отырыстарын онлайн режимде өткізуге арналған портал тестілеуден өтуде.

◾️ 2025 жылы Сот әкімшілігі халықтың сот төрелігіне кедергісіз қол жеткізуі үшін жағдай жасау бойынша жүйелі жобаларды іске асыруды жалғастырады.




◾️ Председатель административной коллегии ВС Аслан Тукиев отметил рост исков в 2024-м на 5% по сравнению с 2023-м.

◾️ В условиях возросшей нагрузки административные суды обеспечили высокий уровень защиты прав граждан и организаций в спорах с госструктурами. 58% исков против госорганов удовлетворены, разрешены в пользу бизнеса 52% споров.

◾️ В апелляции скорректированы 13% судебных актов, в кассации – 19%. Чаще всего споры касались жилья, налогов и земли.

◾️ Принято первое нормативное решение ВС по линии АППК «О судебном решении по административным делам».

◾️ А.Тукиев подчеркнул важность законодательного закрепления задачи по формированию единообразной административной практики, а также принципа единообразия административных процедур и актов. Эти поправки направлены на обеспечение соблюдения госорганами адмпроцедур и повышение качества выносимых ими актов.


◾️ ЖС әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев 2023 жылмен салыстырғанда, 2024 жылы талап қоюлар 5 пайызға артқанын атап өтті.

◾️ Жұмыс көлемінің артуы жағдайында әкімшілік соттар мемлекеттік органдармен даулар бойынша азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етті. Мемлекеттік органдарға қойылған талап қоюлардың 58 пайызы қанағаттандырылды, даулардың 52 пайызы бизнес пайдасына шешілді.

◾️ Сот актілерінің 13 пайызы апелляцияда, 19 пайызы кассацияда түзетілген. Көбінесе даулар тұрғын үй, салық және жерге қатысты болды.

◾️ ӘРПК бойынша «Әкімшілік істер бойынша сот шешімдері туралы» Жоғарғы Соттың бірінші нормативтік қаулысы қабылданды.

◾️ А.Түкиев біртұтас әкімшілік практиканы қалыптастыру міндетін, сондай-ақ әкімшілік рәсімдер мен актілердің біркелкілігі қағидасын заңнамалық тұрғыдан бекітудің маңыздылығын атап өтті. Бұл түзетулер мемлекеттік органдардың әкімшілік рәсімдерді сақтауын қамтамасыз етуге және олар шығаратын актілердің сапасын арттыруға бағытталған.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.