Сенсіз сәттер
Жүрегімнен өкінішті аршып ап,
Түстеріме кіріп тұршы қал сұрап.
Оңашада ойлайсың ба сен де әлі,
Жанарыңнан менсіз күндер тамшылап?
Айтушы едім Гүлімсің деп Гүлсің деп.
Екеумізді екі бөлді ә бір сын кеп.
Оңашада орала ма есіңе,
Өткен шақтар жүрегіңде дүрсілдеп?
Бірге кездер бұл - бұл ұшып жоғалып,
Шын кеттік бе бөлек - бөлек жол алып,
Қарашада тұрған сәтті сағынам,
Қара шашың саусағыма оралып.
Күлуші едің Айым болып жұлдыз боп,
Жүруші едің Еркем болып бал қыз боп.
Айналаңнан кетпей жүр ме ал қазір,
Менсіздікпен, менсіздікпен жалғыздық?!
Жолсыздықта, жалғыз жүрген қалды із көп...
Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya
Жүрегімнен өкінішті аршып ап,
Түстеріме кіріп тұршы қал сұрап.
Оңашада ойлайсың ба сен де әлі,
Жанарыңнан менсіз күндер тамшылап?
Айтушы едім Гүлімсің деп Гүлсің деп.
Екеумізді екі бөлді ә бір сын кеп.
Оңашада орала ма есіңе,
Өткен шақтар жүрегіңде дүрсілдеп?
Бірге кездер бұл - бұл ұшып жоғалып,
Шын кеттік бе бөлек - бөлек жол алып,
Қарашада тұрған сәтті сағынам,
Қара шашың саусағыма оралып.
Күлуші едің Айым болып жұлдыз боп,
Жүруші едің Еркем болып бал қыз боп.
Айналаңнан кетпей жүр ме ал қазір,
Менсіздікпен, менсіздікпен жалғыздық?!
Жолсыздықта, жалғыз жүрген қалды із көп...
Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya