Сен жайлы жыр жазбаймын кешір енді.
Кешір енді, сезімге кесір енді.
Тағдырым - таратып бер тарыққанға,
Бақыттан бөлінбеген несібемді.
Кешір қалқам мен енді басқа болам.
Гүлден кешіп еркіммен тасқа қонам.
Уақытымның обалы - махаббатқа,
Бақытыңның есігін ашпа маған.
Мен енді жыр жазбаймын кешір Айым,
Тасымайын қалайша басылайын.
Жазылмаған маңдайға жалғызым ау,
Бақтан басқа басыңа не сұрайын?
Не сұраймын басқа енді жаратқаннан,
Сан сұрағым жауапсыз жылап қалған.
Мүмкін Мені - іздейсің бір күндері,
Жыртылған, жыр жазылған парақтардан.
Жеткізбей жылт еткенде жырақта арман...
Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya
Кешір енді, сезімге кесір енді.
Тағдырым - таратып бер тарыққанға,
Бақыттан бөлінбеген несібемді.
Кешір қалқам мен енді басқа болам.
Гүлден кешіп еркіммен тасқа қонам.
Уақытымның обалы - махаббатқа,
Бақытыңның есігін ашпа маған.
Мен енді жыр жазбаймын кешір Айым,
Тасымайын қалайша басылайын.
Жазылмаған маңдайға жалғызым ау,
Бақтан басқа басыңа не сұрайын?
Не сұраймын басқа енді жаратқаннан,
Сан сұрағым жауапсыз жылап қалған.
Мүмкін Мені - іздейсің бір күндері,
Жыртылған, жыр жазылған парақтардан.
Жеткізбей жылт еткенде жырақта арман...
Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya