AD’DİRAYAH


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Din


🔍 Хадис шәкіртінің жазбалары
خذْ ما صَفا دعْ ما كَدر

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Din
Statistika
Postlar filtri


💬 Имам Ясин ибн Юсуф әл-Мәрракуши (һ.687) (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Мен Шейхты (Имам Нәуәуиді) 10 жасында көрдім. Балалар оны бірге ойнауға мәжбүрлейтін, ал ол болса олардан қашып, мәжбүрлегендері үшін жылап, сол күйінде Құран оқумен шұғылданатын еді. Бұл көрініс менің жүрегімде оған деген ерекше сүйіспеншілік ұялатты. Әкесі оны дүкенге қойған еді, бірақ ол саудамен айналыспай, үнемі Құран оқумен болатын.
Содан мен оның ұстазына барып, оны жақсылап қорғап-қадағалауын сұрап, былай дедім:

– Үміт бар, бұл бала өз заманының ең білімдісі әрі ең тақуасы болып өседі және адамдар одан пайда көреді.

Ұстазы маған:

– Сен көріпкелсің бе? – деді.

Мен болсам:

– Жоқ, Аллаһ Тағала менің тілімді осы сөзге бағыттады – деп жауап бердім.

Содан кейін ұстазы бұл жағдайды оның әкесіне айтып жеткізді. Әкесі ұлының тәрбиесіне ерекше көңіл бөлді. Ақыры, ол балиғат жасына таяғанда Құранды толық жаттап шықты».

📕 әл-Мәнһәл әл-Азб әр-Рауи, 37


📌 «Муттәфәқун Алейһи» және «Рауаһу әш-Шейхан» арасындағы айырмашылық:

1) Егер бір хадисті Имам Бухари және Имам Муслим бірдей сахабадан риуаят етсе оған - «Муттәфәқун Алейһи» дейміз. Бұл жерде сахабаның бірдей болуы шарт етіледі.

2) Ал егер бір хадисті Имам Бухари және Имам Муслим бірдей сахабадан немесе бөлек сахабадан риуаят етсе оған - «Рауаһу әш-Шейхан» дейміз. Бұл жерде сахабаның бірдей болуы шарт етілмейді.


💬 قال الحافظ ابن حجر (رحمه الله):

‏«التفقّه في الدين إنما يُحمَد إذا كان للعمل لا للمِراء والجِدال».

‏📕 فتح الباري: ٤٣/٢٤

💬 Хафиз Ибн Хажар әл-Асқаләни (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Дінде терең білім алуға ұмтылу - егер ол амал ету үшін болса, мақтауға лайықты. Ал егер ол тек дауласып, керісу үшін болса, онда мұндай ұмтылыстан қайыр жоқ».

📕 Фәтх әл-Бәри, 43/24


📎 Қатты сатып алғым келіп жүрген кітап. Құлақ қағыс болсын 🫠


📕 Жәмиғ әл-Усул фии Әхәдис әр-Расул

👤 ибн әл-Әсир әл-Жәзәри (һ.606)

📖 Кутуб әс-Ситтә еңбектерін алғаш рет бір жерде жинақтаған Андалустық мухаддис – Разин ибн Муғәуииәһ әс-Сәрақусти (һ. 535). Ол ибн Мәжәнің «Сунән» еңбегінің орнына Имам Мәликтің «әл-Муатта» еңбегін қосып, Кутуб әс-Ситтәдағы хадистерді ешқандай түсіндірмесіз бір жерге жинаған. Бұл еңбегін «әл-Жәмғу бәйнә әл-усул әс-ситтә» деп атаған, сондай-ақ «әт-Тәжрид ли әс-сихах уә әс-сунән» деген атаумен белгілі. ибн әл-Әсир бұл еңбекте көптеген хадистердің тиісті жерлерінде келтірілмегенін, қайталанған риуаяттардың көптігін, кейбір хадистердің мүлде қамтылмағанын анықтаған. Ол осы кемшіліктерді толықтырып, сонымен қатар хадистердегі ғариб (түсініксіз) сөздерді ашықтау арқылы еңбекті қайтадан әліпби тәртібімен реттеп шыққан. Мысалы, «иман уә ислам», «иғтисам», «ихья әл-мәуәт», «әмәл уә әжәл» секілді мазмұны әртүрлі тақырыптардың бәрі «һәмзә» әрпінен басталғандықтан, әлиф әрпінде топтастырған. Еңбек 9523 хадисті қамтиды.


📎 Кітап ашып оқуға зауқыңыз болмай жүрсе, онда осы 4 бөлімнен тұратын Шейх Сәғид әл-Кәмәлидің (Алла оны сақтасын) дәрістерін ұсынамын. Күнделікті 10-15 минуттан тыңдап отырсаңыз құлшынысыңыздың артатынына сенімдімін.

https://youtube.com/playlist?list=PLFkuO76ICjPk5Gr_x8SXQ692YCwA7zEur&si=QOZkc8GJdPuaqCWT
شرح منظومة الألبيري في الأدب
Share your videos with friends, family, and the world


💬 Ұстаз болу шарапаты бұйырып, шәкірт болу шарапаты бұйырмаған қаншама жан бар…


💬 Шейх Абдуллаһ әл-Жудәйғтің (Алла оны сақтасын) жақын арада «ғиләл іліміне» қатысты екі еңбегі шығады. Шыққан кезде ақпарат беретін боламын.


🎉 Жаңа басылым

👤 ибн әл-Муләққин (һ.804)

📕 «әл-Муқниғ фии Улум әл-Хадис»

📖 Ибн әс-Салахтың хадис іліміне байланысты жазған «Мағрифәту Әнуағи Илм әл-Хадис» атты еңбегі тарих бойы көптеген зерттеулерге негізгі қайнар болған. Ал Имам ибн әл-Муләққин болса осы еңбекті жүйелеп, ықшамдаған.

📎 1992 жылы Шейх Абдуллаһ Жудәйғ бұл еңбекті тахқиқ еткен болатын. Бұл жаңа басылымда автордың өзі айтқандай маңызды толықтырулар жасалған. Мәтіннің нақтылығына қатысты түзетулер мен жаңа сілтемелер, әрі түсінікті болу үшін жаңа ескертпелер осы басылымда қосылған.


💬 Кейде кейбір кітаптардан «бір ғалымның кітабын толық бітіре алмай дүниеден өткендігін» оқып қалған кезде, өзімнің босқа өтіп жатқан уақытымды бергім келіп кетеді…


💬 Шейх Мухаммад Тақи Усмәни (Алла оны сақтасын) сол қолмен тамақ жеудің үкімін ханафи фиқһ кітаптарынан таба алмағанын айтып өткеннен кейін, анығы — бұл харамға жақын (тахриман мәкруһ) іс екендігін мәлімдейді.

📕 Фәтх әл-Мулһим, 4/7


📎 Хафиз ибн әс-Салахтың (Алла оны рахымына алсын) атақты хадис усулі еңбегінің атын көпшілік «Муқаддимату ибн әс-Салах» деп біледі. Алайда, бұл еңбектің шынайы атауы бұлай аталмайды. Кітаптың нағыз шынайы атауы төменде көрсетілгендей:

معرفة انواع علم الحديث وبيان أصوله وقواعده وإيضاح فروعه وأحكامه وكشف أسراره وشرح مشكلاته وإبراز نكته وفرائده وإبانة مصطلحات أهل الحديث ورسومهم ومعالمهم ومقاصدهم


💬 قال الحافظ الذهبي (رحمه الله):

‏«إن "للموطأ" لوقعا في النفوس، ومهابة في القلوب لا يوازنها شيء».

‏📕 سير أعلام النبلاء: ٢٠٣/٢٨

💬 Имам Зәһәби (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«әл-Муатта» кітабының жүректерге әсері, көңілдердегі мәртебесі – оны ешнәрсемен салыстыруға келмейді».

📕 Сияру Әғләм ән-Нубәлә, 28/203


💬 قال القاضي قطب الدين الخيضري (رحمه الله):

‏«الحافظ ابن حجر -رحمه الله- هو البحر الذي لو رآه ابنُ معين، لصار فيه يعوم،
‏أو البخاري، لكان للشرب منه يروم،
‏ولو أدركه الدارقطني لحام حول حماه واستقطنه، أو الطبراني، لم يحلل من رحلته إلا عنده وكان استوطنه؛ لأنه حامل راية أهل الحديث بكَلّها، وفارس ميادين علومه كُلّها، لو اجتمع به ابن عساكر، لكان بعسكره من بعض جنده، أو ابن ماكولا الأمير، لصار من أنصاره وذوي رِفده، ولو سمع به ابن السمعاني، لاستمع إلى كلامه، ولو لحقه ابن عبد البر، لأقسم بارّا أنه لا يتمهّد في أحواله إلا بِدُرّ نظامه».

‏📕 الجواهر والدرر: ١/٣٣١

💬 әл-Қади Қутбуддин әл-Хайдари (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Хафиз ибн Хажар әл-Асқаләни – ілім теңізінің нақ өзі. Егер оны ибн Мағин көргенде, сол теңізге сүңгіп жүзе жөнелер еді. Ал егер оны Имам Бухари кездестірсе, сол ілімнен шөлі қанғанша ішуді аңсар еді. Егер Дарәқутни оны замандасы ретінде тапқанда, оның маңайын айналшықтап, ақырында сол жерде тұрақтар еді. Егер Табарәни оған жолықса, сапарын аяқтап, дәл оның жанына қоныс аударып сол жерде тұрақтар еді. Өйткені ол – хадис иелерінің барлық туын көтеріп жүрген алып тұлға, хадис ілімінің бүкіл майданында дара жауынгер. Егер оған ибн Асакир жолықса, оның әскерінің жай ғана бір сарбазы болар еді. ибн Макулә әл-Әмир оны көргенде оның көмекшісі мен жанашырына айналар еді. Егер ибн Сәмғәни оны естісе, оның сөзін ықыласпен тыңдар еді. Ал егер ибн Абдулбәрр оны көргенде, шынайы ант етіп:
«Оның болмысы тізілген маржандардан құралған» – дер еді».

📕 әл-Жәуәһир уә әд-Дурар, 1/331


📎 Отбасыңыздан аяған уақытыңызды, әлеуметтік желіге жұмсау недеген сараңдық…


📌 Кітаптармен бірге - тіпті жәннәтта да…

💬 ибн Рәжәб әл-Хәнбәли «Зәйл әт-Табақат» еңбегінде Имам ибн әл-Жәузидің, Имам Әбул Ғәләә әл-Һәмәдани (һ.569) жөнінде былай деп айтқандығын жеткізеді:

«Бірісі оны (Имам Әбул Ғәләәні) түсінде көреді. Ол бір қалада жүр екен, қаланың барлық қабырғалары кітаптарға толы болатын. Оның айналасын да есепсіз кітаптар қоршаған, ал ол болса оларды оқумен айналысып отыр екен. Сонда одан: «Мына кітаптар не?» — деп сұралды.
Ол болса: «Мені бос нәрселермен емес, іліммен шұғылдандыруды дүние де Алладан сұрадым, ол да маған берді» — деп жауап берген екен».

📕 әл-Мушәууиқ, 63


📌 Әрбір сағатын іліммен өткізген ғалым.

💬 ибн Ражәб әл-Ханбәли «Зәйл әт-Табақат» атты еңбегінде ұлы ғалым ӘбулБақо Абдуллаһ ибн Хусәйн әл-Ғуқбәридің (һ.616) өмірінен ибн ән-Нәжжәр арқылы мынадай риуаят жеткізеді:

«Оның көптеген еңбектерін оқыдым, ұзақ уақыт жанында болдым. Ол іліммен шұғылданғанды шын жүрегімен сүйетін. Күндіз-түні ілімнен басқа еш нәрсемен айналыспайтын. Уақытының әр сағаты бір кітапты оқуға не біреуге оқыттыруға арналатын. Тіпті түн ортасында әйелі оған әдебиеттен немесе басқа кітаптардан оқып беретін еді».

📕 әл-Мушәууиқ илә әл-Қира’әти уә Таләб әл-Илм, 66


💬 قال الحافظ ابن حجر (رحمه الله):

‏«إن الاشتغال بالعلم خير عاجل، وثواب حاصل، لا سيما علم الحديث النبوي صلى الله عليه وسلم، ومعرفة صحيحه من معلله، وموصوله من مرسله».

📕 تغليق التعليق: ٢/٥

💬 Хафиз ибн Хәжәр әл-Асқаләни (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Іліммен шұғылдану - бұл тез келетін жақсылық әрі дереу табылатын сауап. Әсіресе Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) хадистерін үйрену, оның дұрысын әлсізінен, толық үзіксіз жеткенін үзікпен жеткенінен ажырата білу - бәрінен де жақсы».

📕 Тәғлииқ әт-Тәғлииқ, 2/5


💬 قال معاوية بن قرة المزني (رحمه الله):

‏«من لم يكتب العلمَ لا تَعُدَّ علمَه علما».

‏📕 تقييد العلم: ١٠٩

💬 Муғәуииә ибн Қурра әл-Музәни (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Ілімді жазып сақтамаған адамның білімін – білім деп есептеме».

📕 Тәқиид әл-Илм, 109

📌 Яғни ілімді жазып алмаған адамның білгені — ұмытылуға лайық сөз ғана. Ондай ілім – шынайы ілім болып саналмайды.


Ислам ілімдерін оқып жатырған қанша оқырманым бар екен?
So‘rovnoma
  •   🙋🏻‍♂️
  •   🙋🏻‍♀️
16 ta ovoz

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.