AD’DİRAYAH


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Din


🔍 Хадис шәкіртінің жазбалары
خذْ ما صَفا دعْ ما كَدر

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Din
Statistika
Postlar filtri


💬 قال الإمام سفيان الثوري (رحمه الله):

‏«لو أن اليقين وقع في القلب كما ينبغي، لطارت القلوب اشتياقا إلى الجنة وخوفا من النار».

‏📕 فتح الباري لابن رجب: ١/١٥

💬 Имам Суфиян әс-Сәури (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Егер жүректе яқин (шынайы сенім) өзіне лайық түрде орнықса, жүректер жәннатқа деген сағыныштан және тозаққа деген қорқыныштан ұшып кетер еді».

📕 Ибн Рәжәб әл-Хәнбәлидің «Фәтх әл-Бәри» еңбегінен, 1/15


💬 Ақиқатында, көзге білімді болып көрінетін наданбыз


💬 «ولذلك فعلى طالب العلم أن يتحلى بالبذل والسخاء في اقتناء الكتب ، وأن يُقدِّمَ شراء الكتاب على طعامه وملبسه وملذاته ، وأن يحرص كل الحرص على أن لا يُفَوِّتَ كتابًا صَغُرَ أو كَبُرَ في علم الحديث ، وفي أي فن من فنونه .
و وقد قال الجاحظ : « فالإنسان لا يعلم حتى يكثر سماعه، و لا بد ّ من أن تكون كتبه أكثر من سماعه».

💬 Шейх Хатим әл-Ғәуни (Алла оны сақтасын) айтты:

«Сондықтан, ілім ізденуші кітап сатып алуда жомарт болып, бұл жолда мал-мүлкін аямай жұмсауы керек. Ол кітап сатып алуды өз тамағынан, киімінен және басқа да ләззаттарынан жоғары қоюы тиіс. Сондай-ақ, хадис ғылымы мен оның кез келген саласына қатысты, мейлі кіші болсын, мейлі үлкен болсын, ешбір кітапты жіберіп алмай сатып алуға барынша тырысуы қажет. Имам Жахиз (Алла оны рахымына алсын) былай деген: «Адам көп естіп-білмейінше, нағыз ілімге жете алмайды. Оның кітаптары тыңдаған нәрселерінен де көп болуы керек».

📕 Нәсаиху Мәнһәжииәһ, 128


💬 Ибн Аббас жолымен кейбір сахабалардан (Алла баршасына разы болсын) мынадай риуаят жетеді:

«Қадір түнін тірілтуге, құптан намазын және таң намазын жамағатпен оқу арқылы қол жеткізуге болады».

📕 Ләтаиф әл-Мәғәриф, 427-428


💬 قال الإمام الشافعي (رحمه الله):

«مَنْ إذَا أَرْضَيْتَهُ قَالَ فِيكَ مَا لَيْسَ فِيكَ،
وَإِذَا أَغْضَبته قَالَ فِيكَ مَا لَيْسَ فِيكَ».

📕 تهذيب الأسماء للنووي

💬 Имам Шәфиғи (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Кімді разы етсең, ол сені бойыңда жоқ нәрселермен мақтайды. Ал егер оны ашуландырсаң, ол сені бойыңда жоқ нәрселермен даттайды».

📕 Тәһзиб әл-Әсма


💬 قال إسحاق بن أحمد بن خلف:

«كنا عند محمد بن إسماعيل البخاري، فورد عليه كتاب فيه نعي عبدالله بن عبدالرحمن الدارمي، فنكس رأسه، ثم رفع، واسترجع، وجعل تسيل دموعه على خديه، ثم أنشأ يقول:
‏إن تبق تفجع بالأحبة كلهم،
‏ وفناء نفسك - لا أبا لك - أفجع».

‏📕 سير أعلام النبلاء: ٢٢٩/١٢

💬 Исхақ ибн Ахмад ибн Халәф (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Біз Мухаммад ибн Исмағил әл-Бухаридің жанында едік. Сол кезде оған Абдуллаһ ибн Абдуррахман әд-Дәримидің (Алла ол екеуін рахымына алсын) қайтыс болғаны жайында хат келді. Ол басын төмен түсіріп біраз үнсіз отырды, кейін басын көтеріп: «Иннә лилләһи уә иннә иләйһи ражиғун» деді. Көз жасы бетінен сорғалап, қатты тебіренді. Сосын мына өлең шумақтарын оқыды:

«Егер ұзақ өмір сүрсең, барша сүйікті жандарыңнан айырылып, қайғыға батасың,
Алайда – әттеген-ай! – өз өлімің бәрінен де ауыр».

📕 Сияру Әғләм ән-Нубәлә, 12/229


🎉 Жаңа

📕 Тәбсират әс-Сәрихин фии Китаби Рияд әс-Салихин

👤 Мухаммад ибн Ибраһим әд-Дибәжи (һ.775)

📖 Муәссәсәт әр-Раййән және Дәәр әл-Имам Муслим баспалары бірлесіп шығарған бұл еңбек Мәнфәлути деген атпен танымал мәмлүк ғалымы Дибәжидің «Рияд әс-Салихин» еңбегіне жазған шархы болып табылады. Сонымен қатар, кітапқа «Рияд әс-Салихин» мәтіні де қосымша енгізілген.


💬 قال الإمام ابن رجب (رحمه الله):

«أعظم ما تحصل به محبة الله من النوافل:
تلاوة القرآن وخصوصا مع التدبر ».

📕 مجموع الرسائل ٨٧ / ٤

💬 Имам ибн Рәжәб әл-Хәнбәли (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Алланың махаббатына жеткізетін нәпіл істердің ең абзалы – Құран оқу, әсіресе оны терең ой жүгіртіп оқу».

📕 Мәжмуғ әр-Расаил 4/87


💬 قال أبو حازم العبدوي(رحمه الله):

«سمعت الحاكم أبا عبدالله إمامَ أهل الحديث في عصره يقول: "شربت ماء زمزم وسألت الله تعالى أن يرزقني حسن التصنيف».

‏📕 تاريخ الإسلام:٩/٨٩

💬 Әбу Хазим әл-Абдәуи (Алла оны рахымына алсын) айтты:

Мен өз заманының хадис имамы болған Хаким Әбу Абдилләһ ән-Нәйсәбуридің (Алла оны рахымына алсын):

«Зәмзәм суын ішіп, Аллаһ Тағаладан маған көркем түрде кітап жазу қабілетін нәсіп етуін сұрадым» – деп айтқандығын естідім».

📕 Тарих әл-Исләм, 9/89


💬 «Имам Әбу Ханифаның ұстазы Хаммад ибн Әбу Суләйман (Алла ол екеуін рахымына алсын), әр Рамазан айында 500 адамға ауызашар беретін еді.

«Айт мейрамынан кейін ауызашар берген әрбір адамға сыйлық ретінде жүз дирһамнан беретін».

📕 Сияру Әғләм ән-Нубәлә 5/234


🎉 Рамазан айының қарсаңына орай 70% жеңілдікпен 3000 теңгеге беремін. 10 кісіге ғана❗️

📎 Дәрістерге қолжетімділік - шектеусіз❗️


🎉 Нах’у (грамматика) ілімі бойынша бастауыш деңгейдегі «әт-Тухфәт әс-Сәнииә» еңбегінен дәрістерімді сатылымға шығарамын. Дәріс құны - 10 мың теңге.

📎 Бұл дәрістер белсенді түрде жазылу үстінде. Әзірге 34-інші дәрістеміз. Кітапта түсініксіз болып қалған тақырыптарды басқа кітаптардан пайдалана отырып, сол тақырыпты толықтай ашып түсіндіруге тырысып жазып жатырмыз. «ән-Нах’у» алаңында бастауыш деңгейде жазылған ең жақсы, ең сапалы дәрістердің қатарында болуын үміт етемін.

📌 Дәрістерді сатып алғысы келетін жандар болса
+77086567307 номеріне төлем, чекті ватсаптан жіберіңіздер!


💬 Келіп жеткен берекелі Рамазан айымен баршаңызды құттықтаймын. Бұл айда салихалы амалдарыңыз әлде қайда көп болсын 😊🌷


💬 قال الإمام ابن عدي (رحمه الله):

‏«رأيت مجلس الفريابي يحرز فيه خمسة عشر ألف محبرة، وكنا نحتاج أن نبيت في موضع المجلس لنتخذ من الغد موضع المجلس».

‏📕 الكامل: ٢٤٨/٨

💬 Имам ибн Ади (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Мен әл-Фириябидің мәжілісінде он бес мың сия сауыт бар екендігін көрдім. Ертеңгі күні мәжілісте орын табу үшін түнді сол жерде өткізуіміз керек болды».

📕 әл-Кәмил, 8/248

📎 Сия сауыттың көптігі, мәжіліске қатынасатын адамның көптігін білдіреді.


💬 قال الحافظ الذهبي (رحمه الله):

‏«كان البرزالي هو الذي حبَّب إليّ طلب الحديث، فإنه رأى خطّي فقال: خطُّك يشبه خطّ المحدثين، فأثّر قولُه فيّ، وسمعتُ وتخرّجتُ به في أشياء».

‏📕 ثلاث تراجم نفيسة: ٤٠

💬 Имам Зәһәби (һ.748)(Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Бирзәли (һ.739), мені хадис іліміне ғашық қылған жан еді. Ол жазуымды көріп: «Жазуың мұхаддистердің жазуына ұқсайды», – деді. Оның осы сөзі маған қатты әсер етті. Осылайша одан хадис тыңдап, көптеген нәрселер үйрендім».

📕 Сәләсу Тәражим Нәфисә, 40


💬 «في تصفيد الشياطين في رمضان إشارة إلى رفع عذر المكلَّف، كأنه يقال له: قد كُفَّت الشياطين عنك، فلا تعتل بهم في ترك الطاعة ولا فعل المعصية».

‏📕 فتح الباري، ٨/٢٧٥

«Рамазан айында шайтандардың кісенделуі – пенденің сылтау айту мүмкіндігінің жойылғанына ишара етеді. Яғни, оған: «Шайтандар сенен аластатылды, енді құлшылықтан қалыс қалуыңа да, күнә жасауыңа да оларды сылтау ете алмайсың!» – деп айтылғандай».

📕 Фәтх әл-Бәри, 8/275


📌 1000 оқырманым бар, бірақ 10 реакцияға зорға жетеміз. Өкінішті-ақ…


💬 قال الإمام ابن حزم (رحمه الله):

‏«إذا حضرتَ مجلس علم فلا يكن حضورك إلا حضورَ مستزيد علما وأجرا، لا حضور مستغن بما عندك، طالب عثرة تشيعها، أو غريبة تشنعها، فهذه أفعال الأرذال الذين لا يفلحون في العلم أبدا».

‏📕 الأخلاق والسير: ١٩٣

💬 Имам ибн Хазм (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Егер ілім мәжілісіне қатыссаң, ол жерге тек іліміңді және сауапты арттыру ниетімен бар. Өзіңдегі білімді жеткілікті санап, өзгелердің қателіктерін іздеу үшін немесе ерекше бір мәселе тауып, соны жамандау үшін барған адамдардан болма. Себебі бұлар – ешқашан ілімде жетістікке жете алмайтын төмен адамдардың әрекеттері».

📕 әл-Әхлақ уә әс-Сияр, 193


💬 قال بشر بن الحارث (رحمه الله):

‏«لا أعلم على وجه الأرض عملا أفضل من طلب الحديث لمن اتقى الله وحسنت نيته فيه».

‏📕 الغاية في شرح الهداية: ٦٣

💬 Бишр ибн Харис (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Алладан шынайы қорқып, ниетін таза ұстаған жан үшін, жер бетінде хадис ілімін ізденуден асқан абзал амал барын білмеймін».

📕 әл-Ғаяһ фии Шарх әл-Һидая, 63


💬 قال الخطيب البغدادي (رحمه الله):

‏«طلبُ الحديثِ في هذا الزمان أفضل من سائر أنواع التطوع لأجل دروس السنن وخمولها، وظهور البدع واستعلاء أهلها».

‏📕 شرف أصحاب الحديث: ١٥٦

💬 Хатиб әл-Бәғдади (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Бұл заманда хадис ілімін үйрену – сүннеттің жоғалып артта қалуы, бидғаттардың пайда болып жақтаушыларының үстемдік етуі себепті, барлық нәпіл ғибадаттардан абзал».

📕 Шәрафу Әсхаб әл-Хадис, 156

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.