AQ$HANEWS


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Қаржы жайлы, қысқа да нұсқа. Басқа да тақырыптар табу емес. Жазамыз. Оқыңыз.

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Астанадан Делиге тікелей рейс ашылады

Осы жылдың 14 мамырынан бастап "Indigo" әуе компаниясы Астана – Дели бағыты бойынша жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 3 рет жиілікпен орындалады.Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.

Осыған дейін хабарланғандай, "Эйр Астана" компаниясы биылғы 20 сәуірден бастап аптасына 3 рет жиілікпен Алматы – Мумбай бағытындағы рейстер ашады.

Қазір тұрақты әуе қатынасы Алматы – Дели, Алматы – Гоа, Астана – Гоа бағыттары бойынша орындалады.


Әзербайжан USAID-тің елдегі қызметін тоқтатуды талап етті

Әзербайжан АҚШ-қа Халықаралық даму агенттігінің (USAID) елдегі қызметін тоқтату туралы хабарлама жіберді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі басшысының орынбасары Айхан Гаджизаде айтты.

Хабарламада USAID-тің Әзербайжанда жұмыс істеуіне «құқықтық негізі жоқ», сол себептен ол «қызметін тоқтатуы тиіс» екендігі жазылған.


Бүгінгі «Кезекші бөлім» бағдарламада:
1) Үш жасырын есірткі өндірісі жойылды және оны ұйымдастырғандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Зертханалар қай өңірлерде жұмыс істеген?
2) Ақша да жоқ, пәтер де жоқ. Шымкентте пәтер жалдап тұрамыз деген тұрғындар сан соғып қалды.
3) Кафеге барып, түрмеден бірақ шықты. Алматыда полицияға бағынбаған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

https://youtu.be/gq1XZU1ZeP0


QazIndustry 63 миллион теңгеге кәсіпорындардың өтінімдерін мақұлдады

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы кәсіпорындардың шығындарының бір бөлігін өтеу шараларын жалғастыруда. Жыл басынан бері орталыққа еңбек өнімділігін арттыру және өнімді ілгерілетуге бағытталған шығындарды өтеу бойынша 58 өтінім түсті.

QazIndustry бизнесті ынталандыру дирекциясының мәліметінше, ағымдағы жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша кәсіпорындардың шығындарын өтеуге мақұлданған сома 63 млн 184 мың теңгені құрады. Өтінімдердің басым бөлігі еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларымен байланысты.


Банктік картадан ақша ұрланса не істеу керек?

Кейде банктік картадан ақша алынатын кездер болады. Оның себебі әр түрлі болуы мүмкін. Егер бәзбіреулер сіздің картаңыздан ақша шешіп алса, онда не істеуге керек? Қаражатты қайтарып алуға бола ма? Мұны – «Білген абзал».

https://youtu.be/zS3SzC4gsr0


Ұлттық қордағы қаржы бір айда 402 млрд теңгеге азайған

2024 жыл соңында Ұлттық қорда 33,06 трлн теңге болған. Биыл қаңтарда 32,65 трлн теңге қалды.

Өткен айда қорға 147 млрд теңге түсті. Бұл – мұнай секторы ұйымдарынан алынатын тікелей салықтар.

Сондай-ақ қордан 550,5 млрд теңге алынған. Оның 400 млрд теңгесі – кепілдендірілген трансферт болса, 150 млрд теңгесі – нысаналы трансферт.

Қорды басқару және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға 595 млн теңге жұмсалған.


Қостанай облысында санавиация ұшағы апатты жағдайда қонды

Бүгін қатты боран кезінде Арқалықтағы әуежай маңында Қостанай – Арқалық бағытындағы АН-2 санитарлық авиация ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Абырой болғанда әуе кемесінде болған екі ұшқыш пен екі дәрігер зардап шеккен жоқ. Құтқарушылар оларды Арқалыққа жеткізді.

Оқиғаның себептері анықталып жатыр.


Бүгінгі «Кезекші бөлім» бағдарламада:
1) 25 жыл бұрынғы іс ашылды! ІІМ Оралдағы кісі өлтіру қылмысына қатысы барларды қолға түсі.
2) Пирамидадан кісі өлтіруге дейін. «QI-Trade Kazakhstan» қаржылық пирамидасының жетекшісі Қырғызстанда жасырынып жүріп, кісі өлтірген. Енді ол жазасын қайда және қалай өтейді?
3) Өзгенің ақшасына сауда жасады. 47 жастағы астаналық әйел ауладан тауып алған банк картамен дүкен аралап кеткен.

https://youtu.be/KDpmqc03jVY


Қыз алып қашқандарды 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру ұсынылды

Депутат Мұрат Әбенов Қылмыстық кодекске осындай норма енгізу бастамасын көтерді. Қазір тиісті түзету жұмыс тобында қаралып жатыр.

«Әр түрлі жауапкершілік шаралары қарастырылып отыр. Олардың ішінде қылмыстық жауапкершілік те бар, атап айтқанда, 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру, айыппұл салу, қоғамдық жұмысқа тарту. Мұның бәрі де нақты жағдайға байланысты болады. Мәселен, қылмыс бір топ адаммен жасалса немесе кәмелетке толмаған адамға қатысты болса дегендей. Заң жәбірленушінің жағында болуы тиіс», - деді депутат Мәжіліс кулуарында.




Балаға күнделікті қажеттіліктеріне ақша беру керек пе?

Балаға ақшаны қай жастан бастап беру керек? Көпшілікті осы сауал алаңдатары анық. Бірі – бала ертен жастан қаражатты басқаруды үйрену керек дейді. Енді бірі – балаға ақша беру – ысырап қылумен тең дегенді айтады. Бұған қатысы қаржы саласының мамандары не дейді? Мұны – «Білген абзал».

https://youtu.be/GfF_F0zZKik


Трамп Қазақстандағы Ұлттық қорға ұқсас қор құрмақшы

АҚШ президенті тиісті жарлыққа қол қойды. Тәуелсіз әл-ауқат қорын еліміздегі Ұлттық қордың аналогы деуге келеді. Ақ үй басшысының сөзінше, бұл қор келешекте TikTok-ты сатып алу үшін пайдаланылуы мүмкін.

«Біз бұл қорды алдағы 12 айдың ішінде құруды жоспарлап отырмыз. Бұл америкалық баланстың активтерін ел халқының игілігі үшін монетизациялау мақсатында жасалғалы отыр», - деді Трамп.

АҚШ президенті осындай мемлекеттік инвестициялық қор құру туралы ұсынысты осыған дейін де айтқан. Әзірге қордың қалай жұмыс істейтіндігі және қаражат қалай тартылатыны белгісіз. Сарапшылар оның тарифтер есебінен қаржыландыруы мүмкін екендігін де айтады.


Мемлекеттік қарыз 31 трлн теңгеден асты

Қаржы министрлігінің мәліметінше, 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік борыш көлемі 31,8 трлн теңгеден асты. Негізгі бөлігі үкіметтік борыш болып есептеледі (30 трлн теңге). Оның ішінде 21,7 трлн теңге ішкі міндеттемелер, сыртқы – 8,3 трлн теңге. 

Еліміз Халықаралық қайта құру және даму банкіне 1,99 трлн теңге қарыз. Ал Азия даму банкінен 864,6 млрд теңге алған.

Тізімде Еуропа қайта құру және даму банкі (43 млрд теңге), Ислам даму банкі (31,3 млрд теңге), Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (459,2 млрд теңге), Қытайдың экспорттық-импорттық банкі (105,6 млрд теңге), шетелдік коммерциялық банктер (104,7 млрд теңге), Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігі (82,1 млрд теңге) де бар.


Бүгінгі «Кезекші бөлім» бағдарламада:
• Бау-бақша орнына есірткі фермасы. Түркістан облысының тұрғыны үйінде қарасора өсірген. 60 келіден астам есірткі мен атыс қаруы тәркіленді
• Петропавл тұрғыны полиция төсбелгісінің арқасында аман қалды. Ер адамның жүрек талмасы ұстап, жаяу жүргіншілер жолында құлап қалды
• Қызыл кітапқа енген маймылды сатпақ болған. Жойылып бара жатқан маймылдың бұл түрі Қарағандыдағы зоодүкенге қалай келгені тексеріліп жатыр

https://youtu.be/jTW3SXBDKX4


Ұлттық Банк жиналып қалған ескі үлгідегі доллардың мәселесін қалай шешіп жатыр?

- 2024 жылы Ұлттық Банк екінші деңгейлі банктерден сұранысқа ие емес ескі үлгідегі қолма-қол АҚШ долларларын шетелге шығару үшін сатып ала бастады.

- Ұлттық Банк АҚШ-тың Федералды резерв жүйесімен келісімге келді, бұл тасымалдау, сақтандыру шығындарын азайтуға мүмкіндік берді.

- Нәтижесінде, осындай операциялардың комиссиясы 0,3%-ке дейін төмендеді.

- Ұлттық Банк бұл жұмысты банктердің сұранысы бойынша жалғастыра береді.


Жалпы белгіленген салық режимі кімдерге тиімді?

Заңды бұзбау үшін кәсіпкерлер міндетті төлемдерді уақытылы төлеуі қажет. Ол – салықтар, жарналар, әлеуметтік аударымдар. Кәсіпкерлер өзі үшін ғана емес, қол астында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін де салық төлейді. Бүгін салық режимі, оңайлатылған салық салу жүйесі жайында айтамыз. Мұны «Білген абзал».

https://youtu.be/TO_zwjK1tZE


Қытай Қазақстанға адамға ұқсас роботтар шығаруға көмектеседі

AgiBot компаниясы елімізде роботтар шығаруға және жасанды интеллект шешімдерін енгізуге септігін тигізбек. Осы мақсатта бірлескен кәсіпорын құру жоспарланып отыр.

Цифрлық даму министрлігінің хабарлауынша, AgiBot компаниясы 2023 жылдан бері адам тәрізді роботтарды өндірумен айналысады. 2024 жылдың желтоқсанында оның Шанхайдағы кәсіпорнында 1000 робот шығарылған.


Тазы иттерінің өз мерекесі пайда болады

Экология министрлігі мерекелік даталар тізіміне «Қазақы ит тұқымдарының күні» атауын енгізуді жоспарлап отыр.

2024 жылы 3 қыркүйекте Халықаралық кинологтар федерациясы Қазақстанды тазы ит тұқымының стандартын бекітуші ел ретінде тану туралы шешім қабылдаған.

Осыған орай, дәл осы күн «Қазақы ит тұқымдарының күні» болып белгіленеді.


Бүгінгі «Кезекші бөлім» бағдарламада:
• Бопсалау және тонау. Орал қаласының екі тұрғынына қылмыстық іс қозғалды

• Алаяқтарға жұмыс істеген. Алматыда екі мыңнан аса SIM-картасы бар шетел азаматы ұсталды

• Темір торға ақша мен телефон аксессуарларын кіргізбек болған Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны жауапқа тартылды

https://youtu.be/E395VGcML_k


Қаңтарда KASE-дегі бір тәуліктегі орташа сауда көлемі 227 млн АҚШ доллары болды. Жалпы сауда көлемі – 4,5 млрд АҚШ доллары.

Қаңтар айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 518,2 теңгеге дейін 1,3%-ға нығайды, деп хабарлайды реттеушінің баспасөз қызметі.

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 254 млн АҚШ долларынан 227 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 4,5 млрд АҚШ долларын құрады.

"Қаңтар айында Ұлттық қордан 850 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Бұл республикалық бюджетке трансферттер бөлуге, сондай-ақ «Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбырын салуға бағытталған инфрақұрылымдық жобаны қаржыландыруға мүмкіндік берді", - делінген хабарламада.

Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 19%-ын немесе күніне шамамен 43 млн АҚШ долларын құрады. Ұлттық Банк Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде нарықтық бейтарап қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын ұдайы және біркелкі сатуды білдіреді.

Ұлттық Банк Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бойынша республикалық бюджетке трансферт бөлуге ақпанда Ұлттық қордан 550 млн АҚШ долларынан 650 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылады деп күтеді.

Ұлттық Банк қаңтарда зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне АҚШ долларын сатып алған жоқ. Ақпанда БЖЗҚ-ға валюта сатып алу жоспарланбайды.

"Қаңтар айында Ұлттық Банк отандық алтын өндіруші кәсіпорындардан бұрын сатып алынған алтынды сатудан түскен АҚШ долларын ішкі валюта нарығында сату көзделетін теңестіру тетігін ендіруге шешім қабылдады. Осы шешім аясында қаңтарда 244 млрд теңге азайтылды. Ақпанда осы мақсатта баламасында шамамен 250 млрд теңге көлемінде валюта сату күтіледі", - деп хабарлады Ұлттық банк.


Ұлттық Банк транспаренттілік қағидаты аясында валюта нарығында жүргізілетін операциялар туралы толық ақпаратты ашып көрсетуді жалғастырады. Қысқамерзімді перспективада теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстана береді.


Несиені мерзімінен бұрын өтеу тәсілдері

Несие рәсімдеген кейбір азаматтар артық ақша болса, қарыздан тезірек құтылып тастауға тырысады. Бар қаражатын төлеп, несиенің белгілі бір бөлігін өтедім деп есептейді. Бірақ несиені ерте жабудың да бірнеше жолы барын ескеру керек. Оларды ескермесе, несиені ерте жабу тиімсіз болуы әбен мүмкін. Мұны – «Білген абзал».

https://youtu.be/vjDwnAsetgo

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.